Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:57, реферат
Тәжірибеге сүйенетін болсақ, маркетингтік үдеріс тігінен де, көлденеңінен де жүзеге асырылады. Осының негізінде маркетинг түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге болады. Ғылыми-теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде, сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, біз жіктелу белгілерін қолдана отырып, маркетинг түрлерін жүйелендірдік .
Маркетингтің
бұл түрін Қазақстандағы
Жіктеу белгілерінің бірі – ол тауарлар мен қызметтерге сұраныс жағдайы. Оған сәйкес маркетингтің сегіз нарықтағы сұраныс жағдайын зерттеу және-түрі бар, олардың мақсаты оларды басқару шараларын әзірлеу.
Жағымсыз сұраныс егер тұтынушылардың бәрі немесе көбі бұл тауарды қабылдамаған жағдайда болады. Мысалы, кейбір тауарларға жағымсыз сұраныс вегетариандықтарда, шылым шекпейтіндерде болады. Бұл жағдайда конверсиондық маркетинг тауарға деген дұрыс сұранысты өзгерту үшін-туындайды, оның міндеті оның сапасын жоғарылатып, бағасын төмендетіп, жылжытудың неғұрлым тиімді түрін қолдану.
Ынталандырушы (креативный) маркетинг – тауарға сұраныс жоқ немесе сұраныс төмен болғанда пайдаланылады. Мұндай жағдай тұтынушы тауарды білмегенде немесе оның қасиеттерін қажетсіз деп санағанда туындайды. Ынталандырушы маркетингтің құралдары – бағаны күрт төмендету, жарнаманы және басқа жылжыту әдістерін күшейту.
Дамушы маркетинг – ол жасырын (болуы ықтимал) сұраныс, тұтынушылар нарықта бар тауарлармен қанағаттанбаған кезде пайдаланылады. Мұндағы маркетингтің міндеті – ықтимал сұранысты нақты сұранысқа айналдыратын жаңа өнімдерді жасау. Маркетингтік құралдары – тұтынушылардың қажеттілігі мен үмітіне сәйкес өнімдерді шығару, тиімді жарнама жүргізу және тауар имиджін жоғарылату.
Ремаркетинг сұраныс төмендегенде
қолданылады. Оның төмендеуі нарықтың
осы тауар түріне толығуы салдарынан болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда маркетингтің
міндеті
тауарға қосымша жаңа қасиеттер қосу және
жаңа өткізу нарықтарын табу арқылы сұранысты
тудыру. Мысал ретінде,
шылым шегуге қарсы белсенді күрес кезіндегі
американдық темекі компанияларының әрекетін
келтіруге болады. Бұл кезде темекі өнімдеріне
сұраныс күрт төмендеді, ол құрамында
зиянды заттары аз арнайы маркалардың
пайда болуына әкелді.
Синхромаркетинг – құбылмалы (жүйелі емес) сұраныс кезінде пайдаланылатын маркетинг түрі. Синхромаркетинг сұраныстың маусымдық және басқалай құбылуынан пайда болады. Мысалы, қызмет көрсету саласындағы маусымдық тауарларға сұраныс, нарық коньюнктурасындағы циклдік өзгерістер. Сұранысты тұрақтандыру үшін шығарылатын өнімнің қызметін саралап, икемді бағалар мен жылжытудың тиімді әдістерін пайдалану қажет.
Толық құнды немесе оңтайлы сұраныста қолдаушы маркетинг тұтынушылар талғамы жүйесінің өзгеруін ескере отырып, сұранысты қолдау.-қолданылады, оның міндеті
Шектен тыс сұраныс кезінде, оның деңгейі фирманың өндірістік мүмкіндіктері мен тауарлық ресурстарынан асып түссе, демаркетинг қолданылады. Мұндай жағдай фирмаға өте қолайлы, өйткені ол тауарды жоғары бағамен сатуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ тауар нарықта аз болғандықтан, тұтынушының компанияға деген көзқарасы теріс шектен тыс сұранысты-болуы мүмкін. Сондықтан демаркетингтің мақсаты уақытша төмендету. Мұндай жағдайда бағаны жоғарылату, жарнаманы қысқарту, басқа фирмалардың өндірістік қуаттарын пайдалану сияқты маркетингтің негізгі құралдарын қолдану қажет.