Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:11, реферат
Тәжірибеге сүйенетін болсақ, маркетингтік үдеріс тігінен де, көлденеңінен де жүзеге асырылады. Осының негізінде маркетинг түрлерін жіктеу белгілері арқылы жүйелендіруге болады. Ғылыми-теориялық негіздерді талдау және синтездеу негізінде, сонымен қатар маркетинг тәжірибесіне сүйеніп, біз жіктелу белгілерін қолдана отырып, маркетинг түрлерін жүйелендірдік .
Қазіргі кездегі маркетингтің маңызды түрі – идеялар маркетингі. Маркетинг жүйесінде идея тауар ретінде қарастырылады және «әлеуметтік маркетинг» түсінігімен тығыз байланысты болады. Ғылыми әдебиетте әлеуметтік маркетингтің қарама-қайшы анықтамалары кездеседі. Кейбір мамандар оны әлеуметтік немесе коммерциялық емес салада маркетингтің құралдарын қолдану десе, ал басқалары – біртұтас әлеуметтік жүйедегі маркетингтік қызмет деп атайды. Біздің ойымызша, әлеуметтік маркетинг қоғам мүддесін ескере отырып, әлеуметтік қатынастар айналасындағы қажеттіліктерді зерттеуге, сонымен қоса оларды қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, Қытайдағы отбасыны жоспарлау, нақты әлеуметтік мұқтаждықтарға қаржылық көмек пен материалдық ынталандыру жасау. Әлеуметтік маркетинг негізінде жұмыс істейтін компания, егер оның мақсаттары қоғам мүддесіне қайшы болса, өз мақсаттарынан бас тартады. «Филип Моррис Қазақстан» ААҚ темекі компаниясының оқушылар арасындағы шылым шегуге қарсы жарнама науқаны және насихаттауы, әлеуметтік маркетинг логикасына сәйкес келеді.
Өндірушінің тұтынушымен байланысына қарай тікелей және желілік сияқты маркетингтің екі түрін айқындаймыз.
Соңғы жылдары
Қазақстанда тікелей
Тауарларды халықаралық
нарыққа жылжытудың ең бір тараған
түрі – көп деңгейлі (мультилевел
– МLМ) немесе желілік маркетинг,
ол негізінен дамыған елдерге, әсіресе
АҚШ-қа тән, өйткені ондағы тауарлар
өндірісі ішкі нарықтың нақты сыйымдылығынан
көп асып түседі және оларды өткізуде
мәселелер туындайды. Оның мәні компания
дистрибьютерлері болып табылатын
тұтынушыларды ең көп шамада қамту.
МLМ-ті қолданатын компанияның ерекшелігі
ол өз тауарларын жарнамаламайды және
арнайы сату орындарын құрмайды. Жарнаманы
сатып алушы болып табылатын
дистрибьютерлер жүзеге асырады. Олар
өз кірісін өткізу арнасының тұтынушылық
желісінде өнімдерді сатудан
алады. Жарнамадан үнемделген қаражат
желінің жоғары деңгейдегі мүшелеріне
төлем төлеуге жіберіледі. Желілі
маркетинг тауарларды жылжытудың ең
тиімді түрі болып табылады, өйткені
дәстүрлі өткізу арналарын бақылайтын
фирмалардың нарыққа енуге
Маркетингтің
бұл түрін Қазақстандағы
Жіктеу белгілерінің бірі – ол тауарлар мен қызметтерге сұраныс жағдайы. Оған сәйкес маркетингтің сегіз түрі бар, олардың мақсаты - нарықтағы сұраныс жағдайын зерттеу және оларды басқару шараларын әзірлеу.
Жағымсыз сұраныс
егер тұтынушылардың бәрі немесе көбі
бұл тауарды қабылдамаған жағдайда
болады. Мысалы, кейбір тауарларға жағымсыз
сұраныс вегетариандықтарда, шылым
шекпейтіндерде болады. Бұл жағдайда
конверсиондық маркетинг
Ынталандырушы (креативный) маркетинг – тауарға сұраныс жоқ немесе сұраныс төмен болғанда пайдаланылады. Мұндай жағдай тұтынушы тауарды білмегенде немесе оның қасиеттерін қажетсіз деп санағанда туындайды. Ынталандырушы маркетингтің құралдары – бағаны күрт төмендету, жарнаманы және басқа жылжыту әдістерін күшейту.
Дамушы маркетинг
– ол жасырын (болуы ықтимал) сұраныс,
тұтынушылар нарықта бар
Ремаркетинг сұраныс
төмендегенде қолданылады. Оның төмендеуі
нарықтың осы тауар түріне толығуы
салдарынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
маркетингтің міндеті
тауарға қосымша жаңа қасиеттер қосу және
жаңа өткізу нарықтарын табу арқылы сұранысты
тудыру. Мысал ретінде,
шылым шегуге қарсы белсенді күрес кезіндегі
американдық темекі компанияларының әрекетін
келтіруге болады. Бұл кезде темекі өнімдеріне
сұраныс күрт төмендеді, ол құрамында
зиянды заттары аз арнайы маркалардың
пайда болуына әкелді.
Синхромаркетинг – құбылмалы (жүйелі емес) сұраныс кезінде пайдаланылатын маркетинг түрі. Синхромаркетинг сұраныстың маусымдық және басқалай құбылуынан пайда болады. Мысалы, қызмет көрсету саласындағы маусымдық тауарларға сұраныс, нарық коньюнктурасындағы циклдік өзгерістер. Сұранысты тұрақтандыру үшін шығарылатын өнімнің қызметін саралап, икемді бағалар мен жылжытудың тиімді әдістерін пайдалану қажет.
Толық құнды немесе оңтайлы сұраныста қолдаушы маркетинг қолданылады, оның міндеті - тұтынушылар талғамы жүйесінің өзгеруін ескере отырып, сұранысты қолдау.
Шектен тыс сұраныс кезінде, оның деңгейі фирманың өндірістік мүмкіндіктері мен тауарлық ресурстарынан асып түссе, демаркетинг қолданылады. Мұндай жағдай фирмаға өте қолайлы, өйткені ол тауарды жоғары бағамен сатуға, өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ тауар нарықта аз болғандықтан, тұтынушының компанияға деген көзқарасы теріс болуы мүмкін. Сондықтан демаркетингтің мақсаты - шектен тыс сұранысты уақытша төмендету. Мұндай жағдайда бағаны жоғарылату, жарнаманы қысқарту, басқа фирмалардың өндірістік қуаттарын пайдалану сияқты маркетингтің негізгі құралдарын қолдану қажет.
Информация о работе Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары