Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 20:43, реферат
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың‚ бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді‚ тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
1 Маркетингінің мәні мен мақсаты
2 Маркетинг атқарымы
3 Маркетинг бағдарламасы
4 Маркетинг делдалдары
5 Маркетинг қағидаттары
6 Маркетинг стратегиясы
7 Маркетинг тактикасы
8 Маркетинг тұжырымдамасы
9 Маркетингілік ақпарат жүйесі
10 Маркетингілік бақылау
11 Маркетингілік зерттеу
12 Маркетингілік қызмет
13 Маркетингіні басқару
14 Маркетингіні жоспарлау
15 Пайдаланған әдебиет
Маркетинг- пәні туралы түсінік
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың‚ бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге
негізделеді‚ тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы
пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Мазмұны:
1 Маркетингінің мәні мен мақсаты
2 Маркетинг атқарымы
3 Маркетинг бағдарламасы
4 Маркетинг делдалдары
5 Маркетинг қағидаттары
6 Маркетинг стратегиясы
7 Маркетинг тактикасы
8 Маркетинг тұжырымдамасы
9 Маркетингілік ақпарат жүйесі
10 Маркетингілік бақылау
11 Маркетингілік зерттеу
12 Маркетингілік қызмет
13 Маркетингіні басқару
14 Маркетингіні жоспарлау
15 Пайдаланған әдебиет
Маркетингінің мәні мен мақсаты
Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік
істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды
оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚
тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы рыноктың (адамдардың‚ фирмалардың‚ кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.
Маркетинг атқарымы
Маркетинг атқарымы – іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Онда
кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, рыноктарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу;
жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік
зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау,
баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, маркетингілік
бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру, маркетингіні
ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні
басқару (қауіп-қатерді, пайданы, тиімділікті
бағалай отырып, маркетинг шараларын
жоспарлау, іске асыру және бақылау) қамтылады.
Маркетинг бағдарламасы
Өндіруші кәсіпорынның, сатушының және экспортшының межелі уақыт кезеңінде маркетингінің барлық салалары бойынша іс-қимылдарын айқындайтын өзара байланысты шаралар жүйесі.
Қысқа мерзімді бағдарламаларда кәсіпорынның іс-қимылдары бағдарламасы көбірек тәптіштеліп, нақтыланады.
Ұзақ мерзімді бағдарламаларда маркетинг стратегиясына
сәйкес уақыттың ұзақ кезеңі қамтылады.
Маркетинг делдалдары
Компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.
Маркетинг қағидаттары
Сауда-өндірістік қызметті басқару жүйелері ретіндегі маркетингінің негізгі белгілері.
Маркетингінің негізгі қағидаттары:
Сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;
сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді
түрде өткізу;
кәсіпорынның өндірістік-коммерц. қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету;
сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына
белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі.
Маркетинг стратегиясы
Кәсіпорынның (фирманың) тауар өндіру-өткізу қызметінің перспективалық мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг тұжырымдамасын таңдау. Бос рынокты, нақты тұтынушыны іздеп табуды, кәсіпорын қызметінің рынокта басталуы мен аяқталуы мерзімін анықтауды, өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) түрлері, оның сұрыпталуы, көлемі, сапасы, өзіндік құны ескерілетін бәсекелесу мен пайдалылық факторларын анықтайды, жарнаманы қамтиды. М. с-ның негізгі бағыттары: рынокты дамыту — сату
көлемін ұлғайтуға не өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу, жаңа тауар әзірлеу, “ескі рынокта” өткізілетін тауарлар номенклатурасын
кеңейту, рыноктың бос орындарын толтыру, тауарлар
рыногын ұлғайту, рыноктың географиясын кеңейту. С. Тоқсанбай
Маркетинг тұжырымдамасы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның‚ коммерциялық ұйымның тауар өндіру-өткізу және еңбек қызметін басқару туралы ғылыми негізделген қағидаттар жүйесі. ұылымның экон. теория‚ менеджмент‚ социология‚ эконометрия‚ психология‚ т.б. салаларындағы толып жатқан іргелі зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Ол нарықтық айырбас заңдылықтарын‚тауар өндірушінің ұдайы өзгеріп отыратын экон. жағдайларға бейімделу қағидаттары мен әдістерін зерделейтін ерекше ғыл. пән ретінде қалыптасқан. Маркетингті басқару түрлі тұжырымдамалар тұрғысынан жүзеге асырылады.
Маркетингілік бақылау
Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау — тиімділікті талдау‚ стратег. бақылау — маркетингіні тексеру.
Маркетингілік зерттеу
Қайсыбір жергілікті тауар рыногінің жай-күйін, даму беталысын, әдетте, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ таңдалған тобының пікірлерін қорытындылау негізінде зерделеу;
маркетингтің аса маңызды атқарымы. Маркетингілік зерттеу
рынокты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестіруден
бастап оны түпкілікті тұтынушының пайдалануына дейінгі бүкіл маркетинг үдерісін қамтиды.
Маркетингілік қызмет
Кәсіпорынның сұранымды‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға‚ өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің нақты түріне және оны тұтынушыларға орай М. қ-тің белгілі бір элементтеріне
баса назар аударады. Мыс.‚ тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор‚ ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.
Маркетингіні басқару