Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 18:23, реферат
Маркетингтік зерттеулердің рөлі Маркетингтік зерттеулер дегеніміз - компания басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтап, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез- құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау нарық әлуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың тауарға деген
Маркетингтік
зерттеулердің рөлі Маркетингтік зерттеулер
дегеніміз - компания басқару шешімдерін
дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына
қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес
Маркетингтік зерттеулердің міндеттеріне
мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік
позициясын анықтап, оның өткізу және
баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың
мәселелерін бағалау, тұтынушылардың
мінез- құлқын зерттеу, олардың талғамдарын
анықтау нарық әлуетті мүмкіндіктерін
зерттеу, сатып алушылардың тауарға деген
Маркетингтік зерттеулер - бұл тұтынушылардың
талғамдары мен талаптарын зерттеуге
бағытталған фирма маркетингтік әрекетінің
маңызды түрінің бірі зерттеулерді кәсіпорындар
маманданған және консалтивті фирмаларға
тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік
бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының
75 %-ында осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар,
статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар
психологтар жұмыс істейді.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді
көптеген маманданған компаниялар жүргізеді.
Оларға жататындар- БРИФ әлеуметтік және
маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup
Media Asia», ВІSАМ, Сиар, Cessi Каzакһstan , IGМ, Комкон-2
Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа
компаниялары . Бұл ұйымдар» қаржылық
мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар
тапсырыс жасайды. Мысалы, «Аmer- Nielsen» фирмасының
жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам
болса Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді
жүргізетін компаниялардың бір жылғы
айналымы - 700-800 мың.
Отандық кәсіпорындардың көпшілігі зерттеулерді
жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді.
Сондықтан Қазақстан нарығында осындай
тапсырыстардың 80%-ы шетелдік компаниялар
үлесіне тиіп отыр. Солай бола тұрса да
маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда
Ресейдегіден 2,0 есе, ал Еуропадағыдан
5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар
мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер
кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы,
Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын
пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға
40 минутта пікір сұрау жүргізу) 63 МЫҢ доллар,
АҚШ-та - 62,7 мың, Батыс Еуропада – 36 мың,
Орталық Еуропада - 14 мың доллар, Қазақстанда
— 10 мың доллар тұрады.
Ең қымбат маркетингтік зерттеулер бірнеше
жүз миллион долларға дейін жетеді, «Фордтың»
«Эдселл» автомобилін шығаруына байланысты
шығынға ұшырауы 250 млн доллар, жоспарлауы
мен зерттеулері дұрыс болмауына байланысты.
«Конкордтың» шығындары 3000 млн доллар
болды.
Маркетингтік зерттеулерде статистика,
эконометрия, математика, әлеуметтану,
психология сияқты әр түрлі ғылымдар әдістемелері
қолданылады.
Маркетингтік шешімді қабылдауда ақпарат
ауадай қажет.
Информация о работе Кәсіпорындағы маркетингтің мәні, міндеттері және дамыту жолдары