Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2011 в 19:33, реферат
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.
Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:
1.Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады
2.Оларды мұраға қалдыруға болмайды.
3.Оларды
сақтауға немесе жинақтауға
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі нарық
жағдайында кәсіпорындардың табысты жұмыс
істеуі оларда маркетинг қызметін қалыптастыруға
байланысты. Сондықтан осы нарық жағдайына
бейімделіп табысты жұмыс істеу үшін осы
маркетингтік шаралары және осы іс-әрекетті
дұрыс басқару керек.
Нарықтық экономиканың эволюциялық жолына
түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы
нарық заңдары мен қағидаларынан туындайды.
Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы
басқару жүйесімен бірігуі нарықтық экономиканың
даму деңгейін көрсетеді. Тарихи тұңғыш
қалыптасқан маркетингтің өндірістік
концепциясы тұтынушылар арасында кең
тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын
көбейтуді көздейді деген пайымдаумен
негізделеді.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық
жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған
жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг
принциптері мен әдістерін қолдану арқылы
жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші
көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда
кезінде сұранысты табу, болжау және оны
қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға
негізделген тауар (қызмет) өндіру және
басқару жүйесі ретінде сипатталады. Отандық
кәсіпрындарда маркетинг әлде кең тарала
қойған жоқ, бірақ соңғы уақыттағы нарығы
дамыған ірі қалаларда орналасқан кейбір
кәсіпор�
�ндарда маркетингі
бөлімі ұйымдастырылуда. Басшылардың
маркетингке көп мән бермеуінің себебі,
шығаратын өнімдері адам үшін бірінші
қажеттілік нәрсе блмауымен қатар, кейбір
жекелей басшыларда маркетингі ролі және
мәні шамалы деген ой туындауы мен түсіндіріледі.
Мұндай ой кәсіпорындарда маркетингтік
және өндіріс -өткізу негізделуі кезінде
оны ұйымдастырылуы мен іскерлік белсенділігі
философиясы, мақсатты бағытталуы бойынша
айырмашылықтары болғандықтан дұрыс емес
Маркетингті кәсіпкерлік, коммерциялық
және тағы да басқа шаруашылық і�
�-әрекеттерде өте
жақсы жетістіктерге жетудегі тиімді
құрал ретінде қолдану үшін міндетті түрде
оның қазіргі таңдағы жаңа әдістемелерін
білу керек.
Қазақстан Республикасы экономикасының
дамуының қазіргі өтпелі кезеңінде түрлі
меншік формасындағы кәсіпорындар мен
шаруашылық іс-әрекеттің әртүрлі масштабтары
үшін маркетингтік іс-әрекетті қолдану
өте маңызды болып отыр.
Тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі таңда
көптеген кәсіпорындар өте жоғары тәуекелділікке
негізделген стратегиялық шаруашылық
аймақтарда жұмыс жасауға міндетті болып
отыр. Егер де терең біліміңіз болмаса,
онда кәсіпорынның өмір сүруіне төмендегідей
сыртқы орта факторлары әсер етуі мүмкін:
тұтынушылардың мінез-құлқы, бәсекелестердің
позициялары, серіктестерді дұрыс таңдау,
тұтынушыларды қызықтыратын тауар және
қызмет ассортименттерінің бәсеке қабілеттілігін
құру.
Қазақстан Республикасында өндірілетін
тауарлар мен қызметтердің көпшілігі
бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылу
деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс
құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы
әр түрлі қарқында жүруі салдарынан айтарлықтай
ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың
болуына әкелді. Сондықтан аймақтық және
ішкі салалық теңестігін қамтамасыз ету
мақсатында аймақтық аспектіде оның жекелей
ішкі салаларының даму деңгейін бағалау
қажет. Маркетингтік зерттеулер негізінде
жүретін мұндай бағалаудың өзі рын
ок жағдайының сипаттамасын берумен қатар
республиканың жекелей аймақтары бойынша
мұқтаждықты тауып, сонымен қатар оны
қанағаттандыру үшін талап етілетін инвестиция
көлемі мен оның көздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасы экономикасында
болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы
өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы,
сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан
қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен
дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар
туғызады. Сондықтан өндірушілерге банктік
несие немесе тыс инвесторлар қорын жұмыл�
�ыру түрінде қарыз
қор іздеуіне тура келеді. Осы тұрғыда
тіптен қор жетімділігі болуы кезінде
республикамызда уақыт талабына сай бәсеке
қабілеттілігі жоғары тауарлар мен қызметтер
өндіру үшін тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын
және олардың көңілдерінен шығатын өнім
ұсыну кәсіпорындардың күнделікті іскерлігінде
кездесетін өзекті мәселеге айналды. Стратегиялық
жоспарлаудың келесі кезеңінде стратегияларды,
сонымен қатар маркетинг кешенін және
әрбір стратегиялық шаруашылық бөлімше
бойынша нақты маркетингтік стратегияларды
ж
үзеге асыруда тікелей қатысатын бөлімшелердің
функционалдық жоспарларын жасалады.
Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде
маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты
уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің
қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың
іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік,
өткізу, қаржылық және тағы да басқа сол
сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден
құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар
құратын әмбебап жүйе болып барады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – маркетингті
басқарудың теориялық негіздерін зерттеу
және оның нақты кәсіпорында ұйымдастыру
ерекшеліктерін қарастыра отырып, келешекте
маркетингтік басқаруды жетілдіру жолдарын
анықтау.
Ал осы дипломдық жұмыстың міндеттері
келесідей:
маркетинтің мазмұны мен қажеттілігін
түсіну;
кәсіпорында маркетингтік іс–әрекетті
басқару негіздерімен танысу
нақты кәсіпорында маркетингтік іс–әрекетін
ұйымдастыру және басқару жағдайын қарастыру
кәсіпорында маркетингті басқаруды жетілдіру
бойынша ұсыныстарды білдіру
Зерттеу пәні болып кәсіпорындағы маркетингті
ұйымдастыру мен басқарудың теориялық
және тәжірибелік аспектілерінің жиынтығы
табылады.
Зерттеу объектісі – «Таймас Принтхаус»
АҚ-ның өндірістік және маркетингтік іс-әрекеті.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық
жұмыста кәсіпорында маркетингтік қызметті
басқаруға қатысты келесідей ұсыныстар
берілген:
кәсіпорындағы маркетингтің мәні мен
ролі терең зерттеліп ашылған;
«Таймас Принтхаус» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық,
маркетингтік қызметтері кешенді бағаланған;
осы кәсіпорында маркетингтік басқару
шаралары негізінде оны дамыту жолдары
көрсетілген.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік
негізіне Қазақстан Республикасының Заңдары,
Үкіметтің Қаулылары, Президент Жолдаулары,
ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің
мәліметтері мен «Таймас Принтхаус» АҚ
деректері құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы.
Кәсіпорынның мақсаты – маркетингтік
іс – әрекетті ұйымдастыру мен басқару
барысында нақты ұсыныстары полиграфиялық
фирмалардың қызметінде қолданылуы мүмкін.
Бұл дипломдық жұмыста маркетингті басқарудың
мазмұны, мәні мен мағынасы, оның кәсіпорындағы
ерекшеліктері баяндалады және «Таймас
Принтхаус» АҚ-ның маркетингтік қызметін
басқаруды жетілдіру жолдары айқындалған.
Сонымен қатар, «Таймас Принтхаус» полиграфиясы
басшылығына кадр дайындауды өз мекемесі
арқылы жүзеге асыруды ұсына отырып, бұл
арнаулы жұмыс өзге жақтан жұмысшы күшін
шақырудан өте пайдалы екенін ұсынуға
болады. Және де өз қызметкерлерінің жұмысқа
деген ынталары артып, ұжымдағы моральдық
жағдай жақсарып, қызметкерлердің фир
маға деген тұрақтылығы артады. «Таймас
Принтхаус» полиграфиясы басшылығы айтылған
ұсыныстарды құлаққа салуы қажет, себебі
қазіргі таңда мекеме жұмысшы күшіне зәру
болып отырғаны - бұл кадрлардың тұрақтамауы.
Ол фирма жұмысының жандануына әсерін
тигізеді. Солай бола тұра, мекемеге басқа
жақтан жаңа жүмысшы күшінің келгені,
олардың жаңа идеялар мен көзқарастарының
болғанына байланысты тиімді.