«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 12:39, реферат

Описание работы

1.«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісіне қысқаша сипаттама
2. «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін талдау
3. «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар
4. Қорытынды
5. Жобаны орындау барысында пайдаланылған негізгі әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Маркетинг жоба Каливеа.docx

— 21.20 Кб (Скачать)

АБЫЛАЙ ХАН  АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ

 

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

«Маркетинг» кафедрасы

 

 

«Қорғауға ұсынылды»

Маркетинг кафедрасының профессоры____________С.Н.Нысанбаев

 

 

Маркетинг пәні бойынша  жобалық жұмыс

Тақырыбы: .«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру

 

 

Орындаған: Экономика мамандығы

226 топ Х.Калиева

Оқытушы-кезекші: проф. С.Н.Нысанбаев

 

 

 

Алматы, 2013

 

Жоба паспорты

Жоба тақырыбы: «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру

 

Жетекші-кезекші: профессор С.Нысанбаев

 

Жобаны орындаушы: Ханымбиби Калиева

 

Жоба мақсаты: «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру жолдары

 

Жоба міндеті:

  • «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісіне қысқаша сипаттама беру
  • «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің қолданыстағы сату әдістерін талдау
  • «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру мүмкіндігін анықтау және ұсыныстар әзірлеу

 

Жоба орындалуының ұзақтығы: 19.03. – 12.04.2013.

 

Жоба нәтижесі: баяндама әзірлеу, онымен таныстыру

 

(Баяндама тезистері тіркелді)

 

 

 

 

Жоспар:

1.«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісіне  қысқаша сипаттама

2. «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің  сату әдістерін талдау

3. «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің  сату әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

4. Қорытынды

5. Жобаны орындау барысында  пайдаланылған негізгі әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісіне  қысқаша сипаттама

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісі ТОО «Француз Үйі BSB»-ң филиалы болып табылады. Бұл парфюмерлі-косметикалық дүкен желісі 2006 жылдың шілде айында ашылды. 2007-2009 жылдары «Выбор года» конкурсында үздік парфюмерлі-косметикалық дүкен желісі атағын иеленді . Бұл сауда үйі әйелдер мен ерлерге арналған парфюмерлер мен декоративтік косметикадан басқа сондай-ақ кең ауқымдағы шашқа, бетке, денеге арналған продукцияларды шығарады. Қазіргі таңда «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісі Қазақстан бойынша 12 қалада 28 дүкені бар. Ол Астана, Алматы,  
Семей, Шымкет, Атырау, Екібастұз, Ақтау, Тараз, Орал, Қарағанды, Петропавл, Актөбе қалаларында орналасқан.

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің ерекшелігі:            

- сатудың және open sells күтуінің  ең қазіргі жүйесі; 

 - тауардың кең ассортименті "люкс" деген сыныптың өнімінің 60% келетін, "мидл" және "масс-маркет" - 40%;         

  - косметологтар мен визажистердін кәсіби кеңесі;   

Сауда үйінің портфолиясына  енетін парфюмериялық және косметикалық маркалар келесідей дистрибьютерлермен: Carolina Hererra, Paco Rabanna, Dior, Nina Ricci, Kenzo, Gucci, Prada және тағы басқалармен жұмыс істейді. Байзаков көшесімен қиылысатын Төле би көшесінде орналасқан. Сауда үйінің орталық есігі Төле би көшесіне қарайды. Маңында автобус аялдамасы орналасқан. Дүкенің сатылым көлемі жоғары, оған себеп тұрақты сенімді алармандар. Дүкендегі жұмысшылардын жалақысы 45 000-120 000 тг аралығында. Сауда үйінде сатушылар жоқ, клиенттер өздеріне өздері қызмет көрсетеді. Бірақта әр бөлімде сатушы-консультанттар жұмыс істейді. Бұл дүкен ішінде сату әдістерін белгілеуде басты роль атқарады. Менің ойымша бұндай әдіс қолайлы, өйткені сатып алушы қалаған тауарларын таңдай алады.

 

 

 

 

 

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің  сату әдістерін  талдау

Сауда үйіне кірген кезде  оның оң жағында аксессуарлар, ал сол жағында парфюмериялық және косметикалық тауарлар орналасқан. Әр бөлімде сатушы консультанттар қызмет атқарады. Дүкенде тауар ассортименті көп және де мерчендайзинг өте жақсы жүргізілген.Әр  брендтің тауарлары әр түрлі сөрелерде орналасқан. Сондықтан сатып алушы іздеген тауарын тез арада таба алады. Ал алғын келетін тауар туралы мәлімет білгін келсе, сатушы консультанттар әр тауар жайлы толық мағлұмат беріп, аларманның сатуп алу шешіміне септігін тигізеді. Сатушы консультанттар әр тауардың тарихы мен бағасын жатқа білуі тиіс. Сол себепті олардың жалақысы жұмыс уақытымен қатар, сату көлеміне, сатушы әдісіне тікелей байланысты. Осы әдіс арқылы тауардын молынан сатуға ынталандырылады. Тауарларды өткізуде дүкен көптеген шаралар жүргізеді. Соның ішінде: акциялар өткізу, жеңілдіктер жүргізу, үздік клиенттерді ақшалай сертификатпен марапаттау. Жарнамасына келетін болсақ басшылық жарнамаға көп көніл бөледі. Қаланың көптеген жерлеріндегі банерлерде дүкеннің жарнамалары ілініп тұрады.Сөрелерде иісті жарнама да бар. Ол әр иіс судың иісін флаконды ашпай-ақ сезуге мүмкіндік береді. Әр тауар қорапшаларының өзінде жарнама қолданылған. Сонымен қатар тауарды сатып алғандағы сол тауарды салатын пакетінің өзі де жарнамаға жатады. Теледидардан, радио толқынынан да жиі-жиі жарнамалық роликтерді байқаймыз. Бұның барлығы сатылымға өте жайлы әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің  сату әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

«Beautymania» парфюмерлі-косметикалық орталық дүкенінде кей кемшіліктер де бар. Біріншіден, сыртқы мәселелерге тоқталайық. Оның дәл маңында базар орналасқандықтан дүкеннің сыртқы келбетін бұзады. Ол үшін дүкеннің маңын қоршау керек деп ойлаймын.  Екіншіден дәл жолдың бойында орналасқандықтан машина қоятын паркинг жасалынбаған. Бұл менің ойымша өте үлкен проблеманың бірі. Оны шешу үшін арнайы рұқсат алып жолдың шетіне кішігірім паркинг орналастыру керек. Үшіншіден, дүкеннің ішкі мәселесіне тоқталсақ, дүкенге кірген кезде тауардың молдығынан аларман не аларын білмейді. Ол үшін кіре берістегі холға ресепшн орналастыру керек.Төртіншіден үлкен дүкенде бір ғана кассаның болуы. Меніңше мейрамдар маусымында алармандардың саны кем дегенде үш есе өседі, сол уақытта кассаның жалғыз болғандығынан көптеген ыңғайсыздық әкеледі. Дүкенде аз дегенде төрт касса болғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал соңғысы жарнамасына тоқталсақ, өзіміз білгендей қазіргі таңда көптеген адамдар интернет желісінде отырады. Сондықтан сауда үйінің желідегі сайтіне көп көніл бөлу керек. Әр дайым жаналықтарды жаңдандырып, желідегі адамдарға ұсыну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта келгенде, зерттеу нәтижесінде келесідей қорытындылар мен ұсыныстар келтіруге болады. «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің  сату әдістері қазіргі нарықта дұрыс жолда тұр. Өйткені бұл дүкеннің тұрақты клиенттерінің болуы дүкеннің кірісінің мол болуына әсер етеді. Алайда келесі ұсыныстарды ескеру керек:

  • Сауда үйінің ауласын қоршау керек
  • Кішігірім болса да паркинг орналастыру керек
  • Холға ресепшн орналастыру мәселесін қарастыру керек
  • Кассалар санын көбейту керек
  • Интернет желісінде жарнаманы көбейту керек

Осы ұсыныстар нәтижесінде  алармандардын көнілінен шығып, олардын көбеюіне әкеп, сауда желісінің  табыс деңгейінің қарқынды өсуіне әкелетініне  мен сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиет 

  • Нысанбаев С.Н,Садыханова Г.А. 2009 Алматы
  • www.Bmania.kz
  • Есимжанова Экономика баспасы
  • Шандезон
  • www.gns.kz/BeautyMania
  • mivmeste.kz/tags/beautymania
  • beautymania.salon.kz

Информация о работе «Beautymania» парфюмерлі-косметикалық дүкен желісінің сату әдістерін жетілдіру