Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 11:00, реферат
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі - мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады
Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол "басқару” моделінен "үйлестіру” моделіне және "технократикалық” ойлау стилінен жаңа "социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық дамиды. Бұның бәрін тривиалді әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады.Қазіргі еңбектегі және өндірістегі өзгеріс сапалық сипатта болып келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның жетілуі және дамуы, менеджерлер мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда.