Қазақстандағы маркетингтің дамуының проблемалары мен даму болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 20:54, доклад

Описание работы

Маркетингтің эволюциялық даму кезеңі бір ғасырдан асты. Ол ірі ауқымды өндіріс қалыптасып, бәсекелестіктің күрт шиеленіскен жағдайларында өндірісті басқару және өнімді өткізу әдісі ретінде ең алғаш АҚШ-та, содан кейін Еуропа елдерінде пайдаланыла бастады. ХХ ғасырдың 60-жылдары маркетинг ғылыми тұрғыдан негізделді және толысқан нарық жағдайында өнімді сатудың тиімді әдісі ретінде кең қолданылды, 70-ші жылдары өнеркәсіпте белсенді пайдаланылды, ал 80-жылдары қызмет көрсету саласына және коммерциялық емес іс-әрекетке де енгізіле бастады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы маркетингтің дамуының проблемалары мен даму болашағы.doc

— 89.00 Кб (Скачать)

Маркетингтік  тұжырымдаманы жүзеге асырудың тиімділігі, кәсіпорын мақсаттары, ұйымдастыру  оңтайлылығы, ресурстарға, шығарылатын тауарлар мен нарықтың өзгешелігі, маркетингтік орта және басқару құрылымы сияқты факторлар әсер ететін, оңтайлы таңдалған маркетингтің ұйымдық нысанына байланысты болады.

       Өндірістің өсуіне және де  маркетингтің жүйелі тәсілдерін пайдалануға кедергі фактор - тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі деп белгіленді. Халық тұтынатын тауарлар негізінен орташа төлем қабілеті бар

сатып алушыларға бейімделеді. Сатып алушы  сұранысына тәуелділік өндіріс шығындарын азайтуға және соған орай бағаны түсіруге мәжбүрлейді. Маркетинг көптеген кәсіпорындардың қызметін басқару жүйесі ретінде қазір әлі қалыптасу кезеңінде. Маркетингтік тұжырымдаманы негізге алып қабылдаған компанияларда ол мақсатты іс-әрекет ретінде дамиды және жетіледі. Бұл негізінен шетелдік компаниялар, БК және нарыққа бейімделген кәсіпорындар.

Маркетинг сапасының аспектілері:

-Философиялық 

Сатып алушылардың сұранысын қанағаттандыру, үнемі жаңалыққа ұмтылу, келешекті  ойлау.

-Ақпараттық 

Нарықты зерттеуге бейімделу, нарықтың мәнділігіне сүйеніп, ол туралы шығармашылық ақпаратты қалыптастыру, нақты мәліметтер негізінде тұжырымдама әзірлеу.

-Мінез-құлықтық .Фирманың жағымды бейнесін жасау және сапалы өнім шығаруын қолдау, сезіммен қабылдауды ынталандыру.

-Ұйымдық.  Орталықтандыру мен әміршілдіктің орнына пайда орталықтарын құру және икемді басқаруды жүзеге асыру.

-Әлеуметтік. Фирма қызметінің тұтынушылар денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға, қауіпсіздікке бейімделуі.

-Әрекет ету қағидасы. Маркетингтің жеке функцияларын біржақты бөліп қараудың орнына кешенді, жүйелі тәсілдерді қолдану.

-Тұтынушыларды дифференциялау . Нарықтық тауаша саясатын қалыптастыру, тұтынушыларға ықпал еткен кезде басқарушы фактор ретінде клиенттердің мінез-құлықтық стереотипін пайдалану.

      Қорыта келгенде, маркетинг нарықтық экономикалық жүйеде орны бар ойлау стилі, іргетасты қалайтын қондырғы немесе басқару философиясы сияқты кәсіпкерліктің де ең негізгі тірегі. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты – сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының негізінде өсу мен мол пайда табуға жетуді көздейді 


Информация о работе Қазақстандағы маркетингтің дамуының проблемалары мен даму болашағы