Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 22:52, реферат

Описание работы

Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу, әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері...........................5
2. Шетелдік-тәжірибені туризм саласындағы маркетингте қолдану..................9
3. Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы.....12
4. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетін талдау.......................................................................................................19
Қорытынды............................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23

Работа содержит 1 файл

туристік ұйымдағы маркетинг.docx

— 73.73 Кб (Скачать)

Мазмұны 

Кіріспе.......................................................................................................................3 

1. Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері...........................5 
2. Шетелдік-тәжірибені туризм саласындағы маркетингте қолдану..................9

3. Қазақстан Республикасында туризм саласындағы маркетингтің дамуы.....12 
4. Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетін талдау.......................................................................................................19
 

Қорытынды............................................................................................................22 

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................23 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

       Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу, әрі Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 
Туризм әлемдік экономикада басты рольдердің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 10 бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлемдік өндірістегі әр бір 9 шы жұмысшы орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дұниежүзілік туристік ұйымға нақты мүше болып кірді. 
       Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. 
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл-ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады. 
        Қазақстанның мәдени — тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми — әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға үлкен мән бөлінетін болады. 
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдык және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердін, аймақтык, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралык реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады. Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік — экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі бір пайда алып келе алады. Бұл дәрежеге жету үшін туристік саламен байланысты кәсіпорындар туризмдегі маркетингті теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеп, тәжірибеде қолдануы қажет. Ал бұл бағыттар біздің елімізде салыстырмалы түрде жаңадан пайда болып, дамып келе жатқан соң, теориялық дайындығы мықты, кәсіпқой мамандар жетіспейді, туризмдегі маркетинг Қазақстан мысалында тіпті жаңа 
бағыт болып табылады. Сондықтан, аталған сала бойынша маркетинг тұрғысынан теориялық зерттеу жүргізіп, тәжірибеге енгізу, еліміз үшін өте пайдалы да, «әдемі» де саланы дамытуға өз үлесімізді қосумен бірдей. 
       Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Туризм саласындағы маркетингтің мәні мен ерекшеліктері 

       Қызмет көрсету сферасының маркетингі қажетті жерде, қажетті уақытта және өткізуді ынталандыруда қажетті бағамен тұтынушыларды қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Қызметтер маркетингі клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен анықтауға арналған қызметтерді орналастыру, жылжыту және өңдеу кезеңдерінен тұрады. Ол екі мақсатқа жету үшін бағытталған: қызметтер өндірушілерді бағалау және таңдауда тұтынушыларға көмек көрсету және тұтынушыларды толық қанағаттандыру арқылы қызметтер рентабельдігін қамтамасыз ету. 
        Дәстүрлі маркетинг пен қызметтер саласындағы маркетингтің ортақ принциптеріне келесілер жатады: 
-Не өткізе аламыз, соны өндіру; 
-Жаңа тауар (қызмет) шығара отырып, тұтынушыларды ынталандыру; 
-Тиімділік пен пайдалылық принципі; 
-Маркетингтік үрдістің барлык кезеңдерінде әлеуметтік факторды ескеру. 
Бірақ қызметтер сферасында басты орынды әлеуметтік факторды ескеру қажеттілігі алады. Өйткені, біріншіден, қызметтер өндірушілер тікелей әлеуметтік ортаны құрайды. Екіншіден, қызметтер маркетингі әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде қарастырылады. 
        Қызметтер маркетингінің негізгі міндеті — рынокқа жаңа қызметтерді жылжыту мен ескірген қызметтерді есепке ала отырып, қызметтерді өткізу және өндіру бойынша кешенді қызметтi ұйымдастыру. Бүл міндеттің шешімі келесі маркетингтің арнайы қызметтерімен толықтырылады: 
-Қызметтер рыногын зерттеу және зерттеу нәтижелеріне талдау жасау; 
-Қызметтерге деген тұгынушылардың сұраныстарын және әлуетті сұраныстарын анықтау; 
-Қызметтерді өткізу және өндірісті жоспарлау; 
-Баға саясатын жасау; 
-Қызметтер саласындағы кәсiпорынның имиджiн қалыптастыру 
Әр түрлі қызметтер түрлерінiң көбіне қарамастан оларды тауардан ерекшелендіретін төрт сипаттамасы бар. Олар: қолға ұстап көруге болмайды (материалдық емес сипаты); біртұтастық, яғни өндіріс пен қызметті тұтынудың біртұтастығы; сапалық тұрақсыздығы (сапа бірқалыпты болмайды жэне өзгеріп тұрады); қызметтерді сақтауға, тасымалдауға болмайды. 
       Жалпы қызметтер маркетингінің маңызы қызметтер рыногының ерекшеліктері мен қызметтердің сипаттамаларына негізделеді. Қызметтер рыногының ерекшеліктері екі айрықша аспектіден тұрады:

1) қызмет  көрсетілмей тұрып болмайды;

2) көптеген  жағдайларда қызметтерді көрсету  өндірушінің арнайы білімі мен  іскерлігін талап етеді. 
Қызмет маркетингінде басты орынды маркетинг кешенін құруға береді. Тауарлық саясатты құруда қызметтер — тауарының 4 деңгейін бөліп қарастырамыз: 
1. қызмет — негізгі өнім, яғни тұтынушылардың проблемаларын шешетін әр түрлі қызметтер жиынтығы; 
2. қызметтер — қосымша тауарлар, яғни тұтынушыларға негізгi өнімді 
қолдану үшін тұтынушыларға қажетті қызметтер; 
3. қызметтер — бірге жүретін тауарлар, яғни негізгі тауарларды қолдайды; 
4. жалпы айтқанда қызмет тауар ретінде негізгі, қосымша және бірге 
жүретін тауарлар. 
       Рынокқа шығарылған кез- келген қызмет біртіндеп өзінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, рыноктан шығады. Қызметтердің рынокта болу кезеңі қызметтердің өміршеңдік кезеңі деп аталады. Өміршеңдік кезеңінің сараланған деңгейіне және талдау толықтығына байланысты оны 4,5 немесе 6 фазаға бөледі. Қызметтің өміршеңдік циклы құрылу, ену, өсу, кемеліне жету, толықтыру және құлдырау фазаларынан тұрады. Құрылу фазасында өндіруші ізденеді, рынокта бұрыннан бар қызметтерден артықшылығы ерекше бір тұтынушыға құндылығы бар жаңа қызметті рынокқа енгізуге дайындалу. Ал енгiзу фазасында осы қызмет туралы тұтынушылардың хабардар болуын қамтамасыз ету керек. Ол үшін жарнамалық кампаниялар қолданылады. Өсу фазасында жарнама мен үгіттеу, өтімді ынталандыру акцияларын жүргізу маңызды. Кемелдену фазасында бәсеке күшейеді. Бұл күресте жеңу үшін тұтынушыларға жеңілдіктер жасау, оларды марапаттау және т.б. қолдану орынды. Толықтыру фазасында бәсеке күрделіленгенде маркетингтік шығындары көбейеді, біл өз кезегінде маркетингтік шығындар құрылымында жарнамалардың үлес салмағын көбейтеді. Жарнама көбейіп кеткенде, қызметтерді өткізу көлемі құлдырау фазасына тән пайда бірден төмендеп кетеді. Мұндайда өндіруші келесі шешімдердің біреуін қабылдауға тура келеді: 
•қызметті өндіруді доғарып, рынотан кету; 
•қызметіне жаңа сипат беріп, рынокқа қайта шығу; 
•қызметін басқа рынокта көрсету.

Кейбір  ғалымдар бір уақытта рынокта  келесі қызметтер тобы болуы керек  деген: негізгі — өсу кезеңіндегі  және кәсіпорынның негізгі пайда  табатын қызметтері, қолдаушы —  кемеліне жету кезеңінде сатудан  түскен пайданы тұрақтандыратын  қызметтер; стратегиялық — кәсіпорынның болашақ пайдасын қамтамасыз ететін қызметтер, тактикалық — өсу және кемеліне жету кезеңінде болатын  негізгі тауар топтарын сатуды ынталандыратын қызметтер, Маркетинг саласындағы  италияндык ғалым А. Фалио өнім ассортиментінің  тиімді қатынасы фирма шығаратын  барлық тауардың өсу кезеңінде — 15-25%, кемеліне жету — 50-60%, құлдырау — 30%, енгізу — 5 — 10%, болса, онда өнім сұрыптамасының қатынасы оңтайлы деп санайды. 
Фирмалардың сұрыптамалық саясатында рыноктан кететін, құрылып жатқан қызметтер мен өнімдер топтары ескерілуі қажет. 
Тәжірибе көрсеткендей, тауарлар мен қызметтердің негізгі тобын 73-85% рынокта айналыста бар тауарлар мен қызметтер құрайды. 
       Алғаш рет туризмде маркетинг терминологиясын, принципін, концепциясын қолдануды 1971 жылы Криппендорф ұсынған. Бұрынғы әдебиеттерде туризм қызметінің феномендері және анықтамалары сипатталады. Туризм 1950 жылдан бастап тез дамып келеді. Бұл кезеңде, сатушылар рыногын жасау үшін, туристік қызметтерге деген сұраныс көбінесе қолжетімділік мүмкіншіліктерінен асып кету беталысын алған, және бұл жағдай рынокқа бейімделген қатынастарға үйрену үшін және сату техникаларын жылжыту үшін қолайсыз болды. 
       Туризм индустриясы көптеген шағын және орташа кәсіпорындармен сипатталады. Олардың қазіргі кездегі маркетингтік құралдарды қолданатын не «ноу-хауы», не тәжірибесі жоқ және осы жұмыстарды атқаруға адам жалдайтын қаражаты жоқ. Олар тек қана жоспарсыз жарнама, өткізуді және рынокты зерттеу мен өнім жетілдіру әрекеттерін жасап жатады. Бәсекенің күшеюі және клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді. 
Бәсекелестіктің күшеюі және туристік қызметке деген клиенттердің талаптарының көбеюі туристік ұйымдардың көпшілігінің маркетингке бас ұруына алып келеді, яғни бәсекеклік күресте жетістікті қаматамасыз ету және сыртқы орта өзгерістеріне бейімделуі үшін стратегиялық маркетингтік жоспар құрды. 
       Туристік фирмалардың маркетингті қолданудың маңыздылығы оның пайда болуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасаумен жоғарылайды, рынокты қалыптастыру, экономикалық еркінділік, бәсекелестің дамуы. 
Туристік қызметтегі маркетинг концепциясы: 
•Рынокты зерттеу және болжау; 
•Рынокта туристік өнімді тарату әдістерін өңдеу; 
•Тиімді баға саясатын анықтау; 
•Ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін құру; 
•Маркетинг жоспарын өңдеу.

 
       Туристік маркетинг дегеніміз — ірі туристік ұйымның туристік экскурсиялық қызметтің жаңа, тиімдірек түрін жасауда және оны жасап, өткізу арқылы, ол туристік өнімнің сапасын жақсарту негізінде пайда табуға бағытталған қызметін үйымдастыру және басқару жүйесі. 
Туристік маркетингтің негізгі қызметтері – рекреациялық мұқтаждықты, сұранысты, монопольды және коммерциялық бағаны, рынокты сегменттеуді қалыптастыруға бағытталған әрекет. 
       Кейбір авторлар туристік маркетинг анықтамасына жаһанды мән береді. Мысалы, швейцариялық маман Е. Крипендорф: «Туристік маркетинг-туристік кәсіпорындардың қызметін, сонымен қатар, аумақтық, ұлттық және халақаралық жоспарлар бойынша, туризм аумағындағы жеке және мемлекеттік саясатты жүйелі түрде өзгерту және координациялау. Мұндай өзгертулердің мақсаты — тұтынушылардың белгілі бір топтарының қажеттіліктерін неғүрлым толығырақ қанағатандару». 
Туристік өнім ең алдымен жақсы сатып алынуы керек. Туристік маркетинг осы мақсатқа жетуге бағытталған бірінен кейін бірі жасалатын қызметтерден тұруы керек. Осыған орай туризмдегі маркетингтің ойға сиятын және негізделген анықтамасы келесі деп айтуға болады. 
        Туристік маркетинг дегеніміз — ұсынылатын қызметтерді, нарықтағы сұранысы бар және оны фирма осы қызметті өндіре отырып, өзіне пайда алатын және бәсекелестерден тиімдірек жасайтын қызметтермен үздіксіз ұқсату жүйесі. Туристік өнім деп, туристік саяхат кезінде туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет, қызметтер мен заттар жиынтығын айтамыз. Туристік өнім үш элементтен тұрады: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар. Тур деп, туристік өнімнің біріншілік (міндетті) бірлігі. Ол туроператордың еңбегінің өнімі, белгілі бағытқа, белгілі бір мерзімге клиентке біртұтас беріледі. Тауарлар туристік өнімнің материалды бөлігінен түрады. Олар: туристік карталар мен қала жоспары, буклеттер, кэдесыйлар, туристік құрал-жабдықтар және т.б. 
Қосымша туристік — экскурсиялық қызметтер жолдама немесе ваучердің құнына кірмейді. Оларға жататындар: телефон, пошта, заттарды сақтау, ақша айырбастыру, қосымша тамақтану, ойын-сауық және т.б. 
Туризм өзінің негізгі сипаттамалары бойынша шаруашылық қызметтердің басқа түрлерінен айырмашылығы жоқ. Сондықтан, туризмде қазіргі кездегі маркетингтің барлық бөлімдері қолданыла алады. 
Бірақ туризмнің бір ерекшелігі бар, онда тек қызметті ғана сатпайды, сонымен қатар, тауарларды сатады (мамандардың айтуынша, туризмдегі қызметтердің үлесі — 75%, тауарлардың — 25%). 
Еңбектің нақтырақ нәтижесі бар дәстүрлі өндірісте, маркетинг нақтырақ мән алады. Туризмде қызмет нәтижесі болып туристік өнім табылады. 
       Туристік өнімнің бірнеше ерекшеліктері бар: 
Біріншіден, туристік өнімге деген сүраныс бағаға және табысқа байланысты икемді. Бірақ саяси және әлеуметтік факторларға байланысты болып келеді. 
Екіншіден, сұраныстың маусымдық ауытқуына байланысты, толықсып кету феномені орын алады. Осының нәтижесінде нақты туристік аумақтар бөлініп шығады. 
Үшіншіден, туристік өнімді ұсыну икемсіз өндіріспен ерекшеленеді. Олар тек қызмет көрсету орнында тұтынылады. Қонақ үй, әуежай, демалыс базасы демалыс маусымының соңында басқа жерге ауыстырылуы мүмкін емес. 
Төртіншіден, туристік өнім көптеген кәсіпорындармен жасалады. Олардың әрқайсысының бөлек жұмыс жасау тәсілдері жэне әр түрлі коммерциялық мақсаттары болады. 
Туристік өнімнің ерекшеліктері туризмдегі маркетингке әсер етеді. Маркетингтің бір анықтамасы жоқ сияқты, туризмдегі маркетинг белгілі бір анықтамасы жоқ. Әлемдік туристік ұйымның (ӘТҰ) турист түсінігіне деген анықтамасына сүйене отырып, француз мамандары Р. Ланкар мен Р. Олльенің туристік маркетинг деп, «қойылған мәселелерді зерттеу, талдау, және шешу үшін жасалатын негізгі тәсілдер мен әдістер жиынтығы. Бұл тәсілдер мен әдістер психологиялық және әлеуметтік факторлар жағынан адамдардың қажеттіліктерін неғұрлым толық қанғаттандыру, туристік ұйымдардың (кәсіпорындар, бюролар мен агенттіктер) жұмыс жасауының қаржылық жағынан неғүрлым рационалды тәсілдерін анықтауға бағытталуы керек». 
        Маркетингтік қызметтің үрдісі рыноктық мүмкіншіліктерді талдаудан басталады. Бұл мәселе маркетингтік зерттеулер кешенін жасау арқылы шешіледі. Оның нәтижесі болып туристік фирма қызметінің перспективаларын анықтауға қажетті нақты ұсыныстар беру. 
Маркетингтік мүмкіншіліктерді анықтау туристік фирманың перспективалық рыноктарын таңдауға мүмкіншілік береді. Бұл маркетингтік іс-әрекеттерді, рыноктың барлығына істемей таңдаулы рынок тобына істеуге мүмкіншілік береді. Маркетингтік қызметтің үрдісі рыноктық мүмкіншіліктерді талдаудан басталады. Бүл мәселе маркетингтік зерттеулер кешенін жасау арқылы шешіледі. Оның нәтижесі болып туристік фирма қызметінің перспективаларын анықтауға қажетті нақты ұсыныстар беру. 
Маркетингтің негізгi мәселелерінің бірі болып туристік қызметті максималды жоспарға сәйкес жасау. Ол оңтайлы маркетингтік стратегияны таңдау арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, маркетинтік қызметтегі белгісіздік пен тәуекелділік деңгейі төмендейді және ресурстардың маңызды бағыттарда шоғырлануы орын алады. Стратегиялар бағдарламаларда нақтыланады. 
Маркетингтік стратегияны практикалық қолдану құралдарды таңдаумен байланысты. Сондықтан, маркетингтік қызметте маркетинг кешенін құру маңызды орын алады. Бұл мақсатты рынокқа әсер ету үшін қолданылатын құралдардың жиынтығы. Туристік фирмада сәтті қызмет ететін маркетинг кешенінің негізгі элементтері болып табылады. 
       Жаңа туристік қызмет түрлері, жаңа компаниялар пайда болуы, олардың өсуі осы аумақта бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. Осымен қазіргі сервис компанияларының корпоративтік стратегияларын құрушы және жүзеге асырушы құралы ретінде қызметтер маркетингіне жоғары ықылас түсіндіріледі. Салтты түрде кешенді жақындау маркетингтік іс-әрекетті құруды төрт негізгі бағыт бойынша («4Р») өнім, баға, тарату және жылжыту жөнінде шешімдер құрумен байланысты болады. Бірақ мұндай маркетинг құралдарының жинағы қызметтер рыногы ерекшеліктерімен сипатталатын қызмет көрсететін шаруашылық субъектілердің жемісті іскерлігі үшін жеткіліксіз. Алғаш рет мұндай жағдайды Бернард Бумс және Мери битнер батыс маркетологтары атап өтті. Мәселен, маркетингтің «4Р» салтты кешеніне туристік қызметтер үшін персонал, орта және үрдіс сияқты 3 элементті қосты. Оларды ескерусіз қызметтер көрсететін фирма ұзақ мерзімді жеміс бәсекелестік артықшылықтарға ие бола алмайды. 

2. Шетелдiк тәжiрибенi туризм саласындағы маркетингте қолданылуы 

       Қазіргі заманғы туристік индустрия даму кезеңінін ерекшелігін білу үшін оның пайда болуы мен дамуын қарастыру қажет. 
Осы замаңғы туризм - бір жағынан жаңа құбылыс, себебі ол тек Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін ғана көпшілік сипат алды, бір жағына оның тарихи түп-тамыры терең, өйткені адамзатқа туризм ерте заманнан танымал. 
Халықаралық туризм күннен күнге өсуде. 1970-1998 жж бойы халықаралық туристер саны 165 млн.-нан 137 млн. адамға, 3,9 есе, ал туризмнен түскен табыс 17 млрд. АҚШ долларынан 441 млрд. АҚШ долларына дейін, немесе 26 есе өсті. 
       Төменде көрсетілген елдердің халықаралық туризмді дамытуда негізгі үлестері бар: Франция, Италия, АҚШ, Испания, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Германия, Польша, Австрия, Ресей, Венгрия, Португалия, Греция, Швейцария, Нидерланды, Турция, Тайланд, Украина, Бельгия, Ирландия. 
Осы елдер ішінен АҚШ пен Франциядағы туризмнің дамуын қарастырайық. 1999 жылы АҚШ-та туристердің келуі — 46,983 млн. адамды, ал табысы — 73 млрд. АҚШ долларын құрады. Осы жылы да АҚШ туристердің келу саны бойынша 3-ші орында, ал табысы бойынша — бірінші орында болды. 
АҚШ және Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді. 
Бірақ бұл елдердегі туризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді. 
АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді. 
Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз (2000 жыл мәліметі бойынша). 
АҚШ және Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзара байланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бұдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер АҚШ және Франция елдерінің тәжірибесіне сүйену керек. 
Ал туристік саланы дамыту үшін төмендегідей факторларға көңіл бөлу керек: 
• дамушы елдерге елдің туризмін дамытуға ықпал ететін министрліктермен және комитеттермен жұмыс істейтін ұйымды құру керек; 
• елдің және оның аймақтарының туристік ұйымдастыру ұйымдарының жұмысын күшейту 
• туризм өнімінің түрлерін көбейту, оның сапасын жақсарту, сонымен қатар жарнаманы күшейту, туристік өнімдер жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысу; 
• туристер көп келетін жерлерге ұйымның офисін құру. Бұл офистер елге келетін туристердің ағымын көбейту мақсатында шаралар, жоспарлар жасауы керек; 
• дамушы елдерге ішкі туризмді дамыту қажет; 
• туристік ұйымға маркетингтік зерттеу, жарнаманы ұйымдастыру, туризм туралы ақпаратты дайындау жауапкершілігін арттыру керек; 
• жеке секторда жұмыс істейтін кәсіпорындарға туризм ұйымы олардың дамуы үшін экономикалық қолдау көрсетуі керек. 
        2001 жылды Қырғызстан Республикасының Президенті А. Акаев Туризмді дамыту және қолдау жылы деп атауының нақты алғышарттары бар. Қырғызстан Республикасының Орта Азия елдеріндегі туристік тұрғыдан ең қызықты республика болып табылады. 
Бірақ елдің туризм потенциалы халықаралық стандарт тараптары республиканың туристік кешеніне сәйкес келмеуінен экономикалық ресурстарды қолдана алмай отыр. 
1998 жылы Қырғызстанға 16,3 мың шетел туристері келді, оның табысы 7,2 млн. АҚШ долларын құрады. Осы уақытта Бермуд аралына орташа 630 мың туристер келіп, оның табысы жыл сайын 470 млн. АҚШ долларын құраған. АҚШ-тың жалпы территориясының көлемі — 53 км.кв Сингапур (612 км. кв) 1 жыл ішінде 3 млн. шетел туристеріне қызмет көрсетіп үлгерді. 
Бүл жоғарыдағы цифрлар арқылы Қырғызстанның өз территориясы жағынан (198,5 млн. мың км.кв.) мүмкіндігі болса да өз туристік артықшылықтарын қолдана алмай тұрғанын көруге болады. 
Қырғызстанда туризм нақты инвестицияның болмауынан, қонақ-үй сервисінің төмен дамуынан, білікті мамандардың тапшылығынан онша дамымай отыр. 
Республикада үлкен рекреациондық ресурстар бар. Оның территориясында 14 курорттық рекреациондық зона, 10 таулы туристік және альпинистік зоналар бар. Тарихи-мәдени археологиялық музейлерге, тарихи ескерткіштерге бай ел. 
Сондықтан да Қырғызстан туризм индустриясын дамыту үшін өте қолайлы жер болып саналады. 
Бұл елде туризмнің дамымауының бірқатар себептері : 
• халықаралық стандарт талаптарына елдің туристік кешенінің сәйкес келмеуі; 
• жергілікті қонақ-үй базасының болмауы; 
• сервистің төменгі деңгейі; 
• маркетинг қызметінің жеткіліксіздігі; 
• туристік-рекреациондық объектілердің және тағы да басқа моральдық және 
физикалық ескіруі; 
• қаржы қаражатының жетіспеуі. 
       Қырғызстан экономикасына инвестицияны тарату үшін біріккен туристік фирмаларды құру арқылы Халықаралық станлартқа сай жоғарғы сапалы сервисті үйымдастыру арқылы қосымша жұмыс орнын құрып туристер санын көбейту керек. Ол үшін төмендегілер қажет: 
• туристік кешенді дамытуда шетел және отандық инвестицияны тарту үшін 
жеңілдік беру; 
• жоғарғы эффектілі жарнама жасау (географиялық карталар, жақсы 
орындардың фотосуреттері, видеофильмдер, буклеттер мен брошюралар 
және т.б.); 
• инвестиция ағымын көбейту үшін ақпараттық қамсыздандырудың кең 
бағдарламасын құру; 
• туризмнің МТБ және оның инфрақұрылымының қамтамасыз ету; 
• халықаралық станларт деңгейіне деійн қызмет көрсетусапасын жоғарылату, 
туристердің мүдделерін қорғау мақсатымен Халықаралық туристік қызметін 
лицензиялау және сертификаттау жүйесін жетілдіру; 
• телекоммуникация торын, байланыс қызметтерін дамыту; 
• виза жүйесін жақсарту және жетілдіру. 
Туристік секторды тікелей инвестицияны тарту, қаржылық салымдар мен өкімет қолдауы арқылы дамыту Қырғызстан үшін экономикалық дамуындағы маңызды факторы екенін білеміз. 2001 жылы Қырғызстан Республикасында «Туризм жылы» деп аталынды. Туризмді дамытудағы бұл бағдарламаның қонақ үй индустриясына қатысты стратегиялық бағыттары келесідей: 
• 10-50 орынды мотелдерді соғу; 
• әр түрлі класты жаңа қонақ үйлерді соғу және бар кұрылысты жөндеуден 
өткізу; 
• кемпинг, жанұялық және пансионаттар қүру; 
• қонақ үй персоналын дайындау және оқыту; 
• орынды бронерлеуде компьютерлік торға ену. 
Туризмді дамыту тек туристік ғана емес, сонымен қатар, бірнеше басқа да бизнес түрлерін дамытудың кепілі. 
       Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, біздің облыс үшін туризмнің болашағы зор, сол себептен туристік бизнесті дамыту мен шетелдік туристерді тартудың жоспарлары жасалуда.
 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы туристік кәсіпорынның маркетингтік іс- әрекетін талдау