«Абди» компанисы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 18:15, реферат

Описание работы

КСРО құлаған кезде, Қазақстан өнім жеткізушілермен барлық байланыстарды жоғалтып, біраз уақыттар бойы кеңсе тауарлары елге шалажеткізіліп тұрды, соған байланысты Қазақстан Республикасындағы кеңсе тауарлар нарығында белгілі ойыншылар болмады, міне сол кезде 1994 жылдың қыркүйек айында Қазақстандық АБДИ Компаниясы құрылды

Работа содержит 1 файл

Акнур маркетинг срс.docx

— 27.79 Кб (Скачать)

                                 «Абди» компанисы туралы

КСРО құлаған кезде, Қазақстан  өнім жеткізушілермен барлық байланыстарды  жоғалтып, біраз уақыттар бойы кеңсе  тауарлары елге шалажеткізіліп тұрды, соған байланысты Қазақстан Республикасындағы  кеңсе тауарлар нарығында белгілі  ойыншылар болмады, міне сол кезде 1994 жылдың қыркүйек айында Қазақстандық АБДИ Компаниясы құрылды. АБДИ Компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерлерін  көтерме топтамамен жеткізуден бастады, содан ассортимент кеңейе түсті. Жалпы республикада сұраныстың көп  болып, АБДИ-дің сауда орталықтарында ұзын кезектер бола бастауына байланысты, сауда жүйесін кеңейту қажеттілігі  туды. Жылдан жылға тауарлар ассортименттері  мен сервистік қызметтер кеңейе бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан  бойынша АБДИ-дің 30 фирмалық дүкендерінде 950-ден көп адамдар, оншақты филиалдар  және бүкіл Қазақстан бойынша  дилерлар қызмет атқарады және де бұл  шек емес, өйткені қазіргі кезде  тағы да бірнеше дүкендер мен филиалдар  ашуға дайындалуда.                   «АБДИ Компани» АҚ Қазақстанға әлемнің  түрлі қалаларынан кеңсе тауарларын жеткізуші болып саналады. АБДИ Компаниясы Германия, Италия, Чехия, Ресей және БАЭ елдеріндегі өндіріс барыстарына қатысады. АБДИ Компаниясының өндірген тауар ассортиментіне мыналар кіреді: кеңсе тауарлары, кеңсеге арналған қағаз, мектеп-жазу құралдары, мектепке арналған оқу-көрнекі құралдар, қазақ тіліндегі әдістемелік құралдар. Компания республикадағы кеңсе тауарларының нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізіп отырады, осыларға негізделіп, басқа елдердегі Қазақстан нарығының барлық талаптарын есепке ала отырып, өндірісі тағайындалған фабрикалар мен зауыттарда «АБДИ» және «АЙГӨЛЕК» сауда белгісімен мектеп және кеңсеге арналған кеңсе тауарларына арналған тапсырыстар береді.                                                                                     Ал енді маркетингтік талдаудың алғашқы факторы болып, демографиялық жағдайдың қалай әсер ететіндігін қарастырсақ. Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жанында бүкіл өмір бойы серік болады. Бала бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін қажет болып табылады. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін АБДИ үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. АБДИ-дің ең басты мақтанышы - бұл еліміздің тұрғындарының ауқымы бір жасар баланың қолына қалам алуынан басталып, шексіздікке созылады. Өйткені үйрену мен даму - кез-келген жас аралығындағы әр адамның негізгі сипаты. Компанияға халықтың әрбір тұрғыны қымбат. Сатып алушылар қатарында кіші сынып оқушылары, зейнеткерлер және атақты әрі республикамыздың көрнекті тұлғалары бар. Қазіргі таңда республика бойынша туылғаннан кәмелеттік жасқа дейінгі балалар саны   (0 ден 18 жасқа дейін).5 миллионға жуық Оның ішінде: мектеп жасына дейінгі балалар саны – 2 млн. 97 мың 996, мектеп жасындағы балалар саны – 2 млн. 523 мың 857. Сонымен қоса, мүмкіндігі шектеулі балалар саны 147 мыңнан астам, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 38 мың, ал девиантты мінез-құлықты балалар саны 18 мыңға жуық. Бұл көрсеткіштер балаларға арналған тауардың көлемін арттырары анық.

  Экономикалық факторлардың нарық субъектілеріне тигізетін ықпалы демографиялық фактордан кем емес. Сондықтан да елімізде болып жатқан әрбір экономикалық жағдай компанияға әсер етеді. Егер елімізде болатын инфлияция, жұмыссыздар саны, тауарға сұраныс тағы да басқа көрсеткіштер фирманың тауар көлемін әр түрлі деңгейде өндіруге апарады. Мысалы, қазіргі таңда оқу орындарының, мектептердің, басқа да мемлекттік мекемелердің көбеюіне байланысты кеңсе заттарына деген сұранысты көбейтіп отыр. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап,экономиканы дамыту мақсатында  көптеген стратегияларды жүзеге асыруда. Соның бірі « 100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы. Бұған қарап, еңбек ресурсының көтерілері белгілі. Сондай-ақ, елімізде жұмысшылар саны да, жағдайы төмен отбасылар санының жоқ емес екенін атап өткен жөн. Ал компания қарапайым отбасының өзі «Абдидің» заттарын алуына мүмкіншіліктер жасап отыр. Оған мысал ретінде тауардың арзан бағада сатылуы. 

Әлеуметтік-мәдени фактордың әсері. Қазақ тілінде 30 мың дана болып шығатын «Айгөлек» мекемесі мен әр айлық балалар суретті журналының баспасы Компанияның жобаларының бірі болып табылады. Журнал беттерінде түсінікті тілде салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақ халқының көрнекті тұлғалары, республика тарихы туралы қызықты мақалалар мен баяндама, әңгімелер жарық көреді, сондықтан да журнал Қазақстан Республикасының Білім Министрлігімен республикадағы бала бақшаларда, мектептер мен гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетті оқуда әдістемелік материал есебінде ұсынылады. Сонымен қатар 2000 жылдан бастап Қазақстанның түрлі аймақтарында журнал оқырмандарына арналған «Айгөлек және оның достары» атты балалар фестивалі өткізіліп тұрады. Бұл мерекеге балалар Қазақстанның барлық бұрыштарынан келеді, фестивальде қызықты ойындар өткізіледі, қазақстандық жұлдыздар мен жас таланттар шығады. Балалар бір-бірімен танысып, Қазақстанның мәдениеті мен қазақ халқына қосылады. ЮНЕСКО қолдауымен «Культура мира» жасөспірім өнер қайраткерлерінің Клубымен өткізілетін «Весь мир в твоей гамме» атты жас талантты суретшілердің жыл сайынғы конкурсының бас демеушісі «АБДИ» Компаниясы болып келеді. Бұл конкурс балаларды әлемнің мәдениет мақсаттары мен құндылықтарына нұсқауға шақырып, әр баланың өз шығармашылық қабілеттілігін, қиял мен армандарын ашуына көмегін тигізіп, қолдау көрсетеді және де Қазақстандағы жасөспірім көркемөнер шығармашылығының дамуын қолдайды.

Саяси орта. Саяси ортада болып жатқан оқиғалар компанияның маркетингтік шешім қабылдауына әсерін тигізбей қоймайды.  Бұл орталық құқық ережелерінен, мемелекттік органдардан және жеке адамдарға ықпалын тигізетін және олардың қоғамдағы әрекет бостандығын шектейтін біделді қоғамдық топтардан құралады. Қазіргі таңда мемлекет кәсіпкерліктердің, компаниялардың заңды түрде қызмет атқаруы үшін көптеген заңдық нормалар мен актілер шығарды. Заңдар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы бйланыстың әділ болуын қарастырады. «Азаматтық», «Еңбек», «Әкімшілік іс жүргізу» секілді кодекстер компанияның жұмысына жеңілдік туғызып отыр.

Ғылыми-техникалық фактор. «ХХІ ғасыр- технология мен компьютерлер ғасыры» деп аталғандықтан қазіргі таңдағы компаниялардың барлығы да техникалармен қамтамасыз етілген. Элвин Тоффлер «Future Shock»деген кітабында ғылыми-техникалық жаңалықтардың жасау қарқыны, оларды іске асыру және кеңінен таратылуы тез өсетіндігін болжамдайды. Ғылыми-техникалық ресурстарына ең көп шығынданатын мына бес сала: электроника және байланыс құралдары өндірісі; химя өндірісі; машина жасау; автомобиль-көлік өндірісі, ең аз шығынданатын салаларға орман материалдары және тақтайлар, жиһаз, мата, киім, қағаз шығаршылар және осылардан бұйым жасаушылар жатады. Жоғары эшелондағы салалары осы мақсатқа сатудан алынған соманың 5-10 пайызын жұмсаса, төменгі эшолондағы салалар шығыны 1пайыз шамаасында болады. Ал орташа фирмалардың жұмсайтын шығыны тауар айналымының  2 пайызы шамасында болып отыр.                                                                                                                            «Абди» компаниясында тауарды белгілі бір технология арқылы шығаруда. Осы технологияның нәтижесінде тауарларды үнемі әрі үздіксіз шығаруға мүмкіндік туып отыр. Технологиялардың пайдасымен қатар, зияны бар екені бәріне мәлім. Фирма барынша қоршаған ортаға зияны жоқ технологияны пайдалануды ойластырып отырғанын айтып өткен жөн.

Табиғи фактор. Жоғарыда атап өткендей әрбір фирма жаңа технологиялар арқылы жұмыс жасауда. Ал ол технологияда өнім шығару үшін табиғи ресурстар қажет. Қазіргі таңда ресурстарды көп пайдалану нәтижесінде оның қоры азайып отыр. Мысалы, қарапайым дәптер шығару үшін бірнеше ағаш кесіледі. Бұның өзі орман ресурсының азаюына, сондай-ақ ауаның ластануына, яғни оттегі қорының азайып, көмірқышқыл газының көбеюіне ықпал етері айтпаса да белгілі. Өндірісте табиғи ресурстардың қорын мүмкіншілігінше аз мөлшерде пайдалану мақсатында «қайта өңдеу» технологиясын пайдалануда. «Қайта өңдеу» технологиясы бойынша елдің түпкір жерлерінен келетін жарамсыз қағаздар, түрлі материалдар және тағы басқа керексіз дүниелерді өңдеуден өткізеді. Керексіз дүние әп сәтте жаңа дүниеге айналып шығады. 

Микроорта-фирма қызметіне әсер ететін күштердің және субъектілердің жиынтығы. Микроортаны бақыланатын орта деп те атайды. «Абди» компаниясының тұтынушыларына біріншіден әрине елдегі әрбір тұрғындар жатады. Кеңсе тауарлары жылдан жылға адам тіршілік әрекетіне еніп, адамзаттың жаңында бүкіл өмір бойы серік болады, бала бақшаларындағы алғашқы суреттер мен ермексаздан жасалған пішіндерден бастап, кәсіпорын және мекеме жұмыс орындарын безендіруге дейін. Кеңсе тауарларына деген қажеттілік артқан сайын, тұтынушының тауарға және қызмет сапасына деген мұқтаждығы да артады, сондықтан да әртүрлі жас топтарының, кәсіби бағыттар мен халықтың әлеуметтік жігін қанағаттандыру үшін АБДИ үй және кеңсеге арналған тауарлардың кең ассортиментін ұсынады. «АБДИ Компани» клиенттерінің өзгешелік белгілері, ол – таңдау құқығы, кез-келген тауарды түсі мен дизайнын өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкес таңдай алуы.Тауар ассортименті 19 мыңнан асады: кеңсе тауарлары, кеңсеге арналған қағаз, мектеп-жазу құралдары, мектепке арналған оқу-көрнекі құралдар, қазақ тіліндегі әдістемелік құралдары және тағы да басқа заттар.            АБДИ-дің ең басты мақтанышы - бұл біздің тұтынушыларының ауқымы бір жасар баланың қолына қалам алуынан басталып, шексіздікке созылады, өйткені үйрену мен даму - кез-келген жас аралығындағы әр адамның негізгі сипаты. Компанияға әр тұтынушы – жеке тұлғалар және заңды тұлғалар да маңызды. Сатып алушылар қатарында кіші сынып оқушылары, зейнеткерлер және атақты әрі республикамыздың көрнекті тұлғалары бар. Ал корпорпоративті тұтынушыларына:* Мемлекеттік қызметтер мен комитеттер – Министрліктер: Қаржы, Қорғаныс, Юстиция, Энергетика және Байланыс, Білім беру және Ғылым, Индустрия және Сауда, ҚР СІМ, ҚР ІІМ; Президент Аппараты, ҚР Парламенті, ҚР Бас Прокуратурасы, Салық Комитеттері, ҰҚК, Әскери полициясы, Қаржы полициясы, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, Сот әкімшіліктері, Жылжымайтын мүлік орталықтары, Әкімияттар, қалалық, аудандық және республикалық Басқармалар және т.б. * Банктер – ҚР Халық Банкі, Қазақстан Халық банкі, ТұранӘлем Банк, Центркредит Банк, Казкоммерцбанк, Каспийский Банк, Texakaбанк, Сауда-Қаржы Банкі, Эксимбанк, Тұрғын-құрылыс банкі, Нұрбанк, Лариба банк және т.б.                                                                                   * Транспорт – «Қазақстан Темір Жолы», Қазаэронавигация, Эйр Астана, Алматы және Астана Халықаралық Аэропорттары, Трансаэро және т.б.                                                                         * Телекоммуникациялар, байланыс және телерадио – «Қазпошта» ААҚ, Қазақтелеком ААҚ, К’Cell, K’Mobile, Транстелеком, Алма ТВ, Дукат, Қазтелерадио АҚ, Хабар Агенттігі, РТРК, 31 канал, НТК, Бителеком, Голден Телеком және т.б.                                                   * Зейнетақы қорлары – МЗЖҚ, Қазақстан Халық Банкі ЗЖҚ, ҰларҮміт, Сенім, Құрмет, Капитал, Отан және т.б.                                                                                                                                 * Мұнай және газ компаниялары мен кәсіпорындары – ҚазМұнайГаз, ҚазТрансОйл, Agip KCO, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., «Тенгизшевройл» ШБҚ СП, Шеврон, Petro Kazakhstan Kumkol Resources, КазахстанКаспийШельф, PFD, АНПЗ, Saipem Kazakhstan, «Класс-продукт», Аудандық және қалалық газ шаруашылық басқармалары және т.б.                                                                                                                                                           * Энергетикалық компаниялар - Алматы Пауэр Консолидейтед, «KEGOC» ААҚ, Астана Энергия, Аудандық энергоорталықтар және т.б.                                                                                                  * Аудиторлық компаниялар - Казахстанаудит, Deloitte&Touche, Ernst&Young, ҚР Аудиторлар Палатасы және т.б.                                                                                                                            * Өндіріс орындары - Қазақстан Аллюминий, Казцинк, Миттал Стил Темиртау, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Филип Моррис Казахстан, Фудмастер, Алматы маргарин зауыты, Динал, Ақ-нар, Цин-Каз, Кентау трансформатор зауыты, Алматы электромеханика зауыты, Uni Commerce, ПСК Каро, МАК Алматыгорстрой, RG Brands, Tealand және т.б.                   * Оқу орындары - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, ҚазМҚУ, Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Асфендияров атындағы ҚазХМУ, Гумилев атындағы Еуразия КУ, Аграрлық Университет, ҚазХҚУ, АТУ, ҚБТУ, ҚазХАУ, ҚарМУ, ПМУ, Қазақ Халық Консерваториясы, Халықаралық Қазіргі заман саясат Институты және көптеген атақты кәсіпорындар мен мекемелер.                                                                                                                                         Делдары:   Қазақстанның барлық ірі қалаларында компанияның кең сервис жүйелері бар: Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 15 қалаларында 30 фирмалық дүкендер жұмыс жасайды, олардың ішінде 6 ірі гипермаркет және 16 супермаркеттер бар. «Абди» компаниясының әр қалада филиалдары бар болғандықтан, басқа сауда делдалдарын, тауар жылжытуды маманданған    

 

 

 

 

  Бәсекелестері:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“АБДИ” КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ТӘУЕЛСIЗДIККЕ ТАРТУЫ

Соңғы уақыттарда елдегi оқу-ағарту саласына белсене араласып жүрген “АБДИ  Компани” АҚ кеше “Қазақстан тарихы мен  мәдениетiнiң үлкен атласы” атты кiтаптың тұсаукесер рәсiмiн өткiздi. Белгiлi тарихшылар мен археологтар, географтар мен картографтар қатысқан тұсаукесерде компания президентi Әбдiбек  Бимендиев үлкен атласта қамтылған  материалдарға қысқаша тоқтала  келiп, тұсаукесердiң қазақ халқы  үшiн аса қастерлi Желтоқсан оқиғасы  мен Тәуелсiздiк күндерiне орай арнайы ұйымдастырылғанын, кiтапты компанияның  халыққа тартуы ретiнде ұсынатындығын  баса айтты. Өткен қараша айының сегiзiнде  “Қазақстан тарихы мен мәдениетiнiң  үлкен атласының” Гонконгтан келген ең алғашқы сүйiншi данасын Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа табыс еткенiне тоқталды.

 

Кiтаптың ғылыми редакторы  Қанат ӨСКЕНБАЙДЫҢ айтуына қарағанда, 880 беттен тұратын атласқа түрлi саладан  барлығы 250-ге жуық маман атсалысыпты, 80 автордың екеуi ҚР ҰҒА академигi, жиырма төртi ғылым докторы, қырық екiсi ғылым  кандидаты. Оның үстiне кiтапты дайындау үшiн көршiлес Ресейден 27 ғалым  шақырылыпты. Жай салмағының өзi 5-6 келi тартатын үлкен атласқа 140-қа жуық көне карта, елiмiздегi тарихы мен дәстүрi бай қалалардың мұрағатынан алынған  сирек кездесетiн 4 мыңға жуық фотосурет  кiрген. Кiтапқа пайдаланылған фотосуреттер мен көркемсуреттер барлығы 22 ғылыми мекеме қорынан жинақталған. Оның iшiнде  Ресейдегi Орыс географиялық қоғамы мен  РҒА Материалдық мәдениет тарихы институтының мұрағатынан, Ресей Ұлттық кiтапханасы мен Санкт-Петербургтегi Мемлекеттiк Эрмитаж қорынан алынған  деректер ерекше көз тартады. Үлкен  атлас “Табиғат”, “Археология және тарих”, “Этнография”, “Қазiргi Қазақстан”, “Қазақстанның қалалары мен облыстары: тарих және мәдениет ескерткiштерi”  атты бес iрi тараудан тұрады. Мұның iшiндегi ең үлкенi “Археология және тарихтың” өзi (610 бет) ары қарай “Ежелгi дәуiр”, “Ортағасыр” (Түркi мемлекеттерiнiң дәуiрi, Моңғол империясының құрылуы мен ыдырауы. Шыңғыс әулетiнiң үстемдiгi; Қазақ мемлекеттiлiгi дәуiрi); “Жаңа заман”, “Кеңестiк Қазақстан” деп аталатын төрт бөлiмнен тұрады.

Кiтапта ерекше көзге түсетiн  жайт - ғылыми тұрғыдан сарапталып, тарихи негiзiне мейлiнше ұқсата салынған көне тұрғын жайлардың, көне қару-жарақтар мен киiм-кешек, сауыт-саймандардың көркем суреттерi көрушiнi таңғалдырмай қоймайды. 100-ден астам мұндай суреттердiң iшiнде 58 реконструкцияны айрықша  атауға болады. Мәскеулiк белгiлi тарихшы  әрi өнертанушы М.В.Гореликтiң Қазақстанның арғы-бергi тарихындағы барша қару-жарақ  түрлерiн зерттеп, оларды күллi Еуразия  даласындағы қару-жарақ, сауыт-сайман түрлерiмен салыстыра салған суреттерi көне түркiден 19 ғасырдың соңына дейiн  қолданылып келген қазақ қару-жарақтары  мен сауыт-саймандарын көз алдымызға  әкеледi. Кiтапты парақтаған әрбiр  оқырман сауыт киген ғұн көсемi Атилла патшаны да, арғымақ мiнiп, қару асынған қазақ ханы Жәнiбектi де, қыпшақ әйелi мен моңғол әйелiнiң  киiмiн де көре алады.

Қазiргi уақытта Ресей  өз мұрағаттарындағы түрлi дереккөздердi алтынға балап отырғаны, анау-мынау  қаржыға ұстата салмайтыны белгiлi. Қазақстанға қатысты дүниелердi сатып алу үшiн мемлекеттiк  “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша  қомақты ақша бөлiнгенi де бар. Бұл  орайда компания президентi Ә.Бимендиевтiң  қара нар көтеретiн үлкен iске  “тәуекел деп тас жұта” кiрiскенi байқалады. Iрi кәсiпкерлерiмiздiң барлығы  да осындай азаматтық танытып  елдiң рухани жүгiнiң бiр шетiн  арқалайтын болса, онда “Мәдени мұра”  секiлдi арнайы бағдарламаның қажетi де болмас па едi.

 

Гүлзина ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ


Информация о работе «Абди» компанисы туралы