Жарнаманың атқаратын қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 14:42, реферат

Описание работы

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. «Жарнама» латын тілінен аударғанда «айқайлау» (recIamare) ұғымын сипаттайды.

Работа содержит 1 файл

referat.docx

— 26.53 Кб (Скачать)

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. «Жарнама» латын тілінен аударғанда «айқайлау» (recIamare) ұғымын сипаттайды.

 АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнама дегеніміз тауарларды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған «кез - келген» әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып , анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып әлуетті тұтынушылардың назарларын жарнамалау обьектісіне аудару үшін орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.

 Жарнама ерекшеліктері:

. қоғамдық сипаттама алады;

. үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын, бінеше рет қайталай алады;

. мәнерлік – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;

. иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.

 

 Жарнаманың атқаратын қызметтері.

 Рыноктағы жарнама бернесі:

- экономикалық бернесі – сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы «сату – алу» үдерісін тездетеді;

- ақпараттық бернесі – тұтынушыларды өндірушілер туралы және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;

- комуникациялық бернесі – маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамассыз етеді;

 бақылау бернесі – рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға

Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады.

Жарнама түрлі топтағы адамдарға көзделіп жасалған, яғни барлығын хабармен қамтуды мақсат етеді. Түрлі топтағыларға: рок-музыканы ұнататын жасөспірімдер мен классикалық, баяу әндерді таңдайтын қарт адамдар. Бұл кезде жарнама осындай топтағыларға арнайы жасалған қимыл болып саналады.

Қызмет атқарудың басым бөлімі – жарнама, мазмұны мен мақсаты жағынан сендіру, өзіне идея, тауар, қызмет көрсетуге жаңа пайдаланушыларды қаратуды нысан етеді. Алайда, белгілі жарнама таратушылар, мысалға құқық және заң жұмыстарын шешіп беру мақсатында жасалған хабарлама тек ақпарат беру орнында жүреді және ол ешқандай сендіру мақсатын көздемейді.

Материалдық тауарды жарнамалаудан қатар банк қызметтері, сұлулық салондары, машина сатумен айналысатын дүкендермен жарнамалық байланыс жүргізу өте маңызды. Барлық өсу дәрежесінде жарнама ой насихат шеңберінде қолданылады: эканомикалық, политикалық, экологиялық, діни және әлеуметтік.

Хабарландыру жарнама болу үшін, жарнама беруші өзін таныстыру шарт. Әрине, жарнама беруші өзінің атын аталғанын қалайды. Ондай жағдай болмағанда жарнаманың мән-мағынасы болмағанмен тең. Дәстүрлі БАҚ-тың (телевидение, радио, газет, журнал, маңдайшалар) – дан басқа жарнаманы тарату: пошта, метро, трамвай, адамдар көп жүретін жерлерде кездеседі. Және де бұл жарнамалаудың тиімді түрінің бірі.

Жарнама барлық жерде қолданылады. Онымен ұйым «бейнесін» қалыптастыру үшін қолданылады (абыройлы жарнама), маркалы тауарды ерекшелендіру мақсатында (марка жарнамасы), сату жайлы ақпарат тарату, қызмет көрсету (рубрикалық жарнама) төмен бағамен сату жайлы хабарландыру (төмен баға жарнамалары).

Таралу масштабына қарай: глобальді (бүкіл әлемдік), мульти – ұлттық, бүкіл ұлттық, аймақтық, қалалық, жергілікті.

Сезім мүшелеріне қарай сұрыпталу: визуальді, есту (ауызша), иіс сезу, дәм сезу, түйсік сезу және т.б.

Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).

Жарнама құралдарын 5 үлкен топқа бөлуге болады: баспасөз, телевидение, радио, жарнама, кино.

Жарнама тағы да көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті, екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар «тірі» жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім үлгілерін көрсету жатады.

Жарнаманың негізгі функциялары:

-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.

-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.

-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.

-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.

-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.

-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.

Жарнама мақсаты:

-сауда нарығын кеңейту

-бұқараға тауар жайлы хабарлау

-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру

-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау

-қарсыластарға тойтарыс бере алу.

Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.

 

Жарнама тарихы

Бүгінгі әлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету қиын.

 Жарнама күнделікті өміріміздің құрамдас бөлігіне, өзіндік заңдылықтары бар қоғамдық құбылысқа айналды. Тұтынушы мен өндіруші арасындағы маңызды дәнекер буын бола отырып, жарнама экономиканың дамуын ынталандыратын, өндірістік үдерістер мен өнім сапасын жетілдіретін маңызды тұтқа ретінде көрінуде. Жарнама сауданы «жүргізетін» тетік қана емес, сондай-ақ тұтыну мәдениетін жаңа биіктерге көтеретін «өркениет үдеткіші» де болып отыр. Өркениетті тіршіліктің негізін құрайтын ұстындардың біріне айналған жарнама төңірегінде зерттеушілер мен практик мамандар тарапынан түрлі пікірталастардың туындағанына көп болды. Зерттеушілердің көбі оны ғылымның арнайы бір саласына жатқызса, практиктер басқару, кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді, ал жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды. Осы пікірлердің қай-қайсысының да шындыққа қатысы бар болғандықтан келесі тарауларда оларға арнайы тоқталып өтпекпіз. Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып, саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар. Адамдардың алғашқы томаға-тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет-ғұрып сияқты өзге де обьективті алғышарттармен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым-түсінігін қалыптастырды. Ал, ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың, аралас-құраластық пен сан қырлы байланыстың, яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы. Жарнама – коммуникация құралы, мәдени және өркениеттік тетіктер–техника мен технология арқылы ол қоғамдық байланыстардың дамуына өз әсерін тигізеді. Әлбетте, адамзат қоғамының тәй-тәй басқан шағында толыққанды жарнама әлі өмірге келмеген-тін, тек жарнама нышандары ғана бой көрсете бастаған-ды. Жарнама нышандарын алғашқы қауымға қауіп-қатер төнгенде дабыл атқарымын орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен айырмалаған әлеуметтік ақпарат ретінде қарастыруға болады. Тайпа мүшесінің сақал-шаш жіберуінен, киім киісінен, денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат «көзге ұрып тұратын». Бұл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан әлеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар, ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмалана алды. Сөйтіп, қоғам дамуының бастапқы сатыларындағы бұл нышандар жарнаманың пайда болуына жол ашқан әлеуметтік және мәдени тірліктің таптық және мүліктік жіктелу сипаты бар элементтері-тін. Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады: Б.д.д. ІІІ мыңжылдық–б.д. В мыңжылдық – жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең); ВІ-ВІІ (орта) ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы); ХВІ-ХВІІ ғасырлар – Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы; ХІХ ғ.-ХХ ғ. басы – индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі. Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды. Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралық коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама пайда болар алдындағы ақпараттық-жарнамалық қызметті білдіретін тарихи-мәдени құбылыс саналады. Ежелгі протожарнаманың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңжылдықпен таңбаланады.


Информация о работе Жарнаманың атқаратын қызметтері