Уақытты басқару принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 08:52, реферат

Описание работы

Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану.

Работа содержит 1 файл

Уақытты басқару принциптері.docx

— 18.73 Кб (Скачать)

Уақытты басқару принциптері

     Уақыт –  біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм-менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану.

Тайм менеджмент – бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы.

Уақытты дұрыс жоспарлау  үшін бірнеше қағидаларға сүйенеміз. Олар:

1. Мақсат пен бағдарды  айқындау

Мақсат пен бағдарды айқындау  кезіңде ұстанатын басты талап жоспардан ауытқымау. Ол үшін:

  • Біріншіден – 15-20 жылға кең көлемді жоспар құрамыз.
  • Екіншіден – кең көлемді жоспарды бөліп-бөліп 3-5 жылға созылатын  жоспар құрамыз.
  • Үшіншіден – созылмалы жоспарды іріктеп 3 айдан 1 жыл мерзімін құрайтын қысқа жоспар құрамыз.
  • Төртіншіден – қысқа жоспарымызды орындауға ыңғайлы етіп жеке-жеке тапсырмаларға бөлеміз.
  • Бесіншіден – жеке-жеке тапсырмаларды жіліктеп жазып шығамыз.

2. Жоспарды  жүзеге асыру үшін ақпарат жинаймыз:

  • Ол үшін осы салада жұмыс атқаратын адамдардың тәжірибесі мен жазған еңбектерін жинау.
  • Жинаған материалдарға сараптама жасау.
  • Сараптама барысында қажет деректерді жоспарға пайдалану жолын қарастыру.

3. Жоспардағы тапсырмаларды жеке-жеке жіліктеп жазып шығамыз

Ол үшін ақ қағазға төрт бағана сызу керек. Олар:

  • атқарылатын  шаруалардың тізімі (ең маңыздылары)
  • атқарылар шаруалардың аттары
  • орындалуы (егер орындалса – қосу белгісін, орындалмаса – алу белгісін қоямыз).
  • шаруалардың орындалу барысы туралы мәліметтер,

Бұл жерде ескеретін мәселе: жеке күнделікте таяу арада атқарылуға тиіс шаруалардың есебін жүргізу. Бұл  оларды уақыты келгенде ұмытпай күндік жоспарға енгізу..

4. Істердің орындалу басымдылығына байланысты 4 принципін  ұстанамыз.

Олар:

  • Маңызды әрі шұғыл
  • Маңызды, бірақ шұғыл емес
  • Шұғыл, бірақ маңызды емес
  • Шұғыл да, маңызды да емес
  • Бұл принциптер бойынша атқарылатын шаруаларды жоспарға бөліп-бөліп енгіземіз.

5. Жоспардың орындалуы

Істің орындалу нәтижесін Вильфредо  Пареттің ережесіне сәйкес атқарамыз. Онда жұмыстың 20 пайызы,   барлық нәтиженің 80 пайызын береді  немесе керісінше  80 пайыз жұмыс, 20 пайыз  нәтиже береді. Сондықтан 20 пайыз уақыт жұмсап, 80 пайыз нәтижеге жетуге тырысу керек.. Ол үшін не істеу керек?

Жоспарланған істерді атқару барысындағы  ең басты қағида – жоспардан мейлінше ауытқымау. Әрбір істі өз уақытында  орындауға бар күшті салу. Бұл  міндетті түрде зорығу деген сөз  емес, керісінше істерді атқарудың  бірден-бір жеңіл жолы. Өз уақытында 
істелмеген жұмыс адамды беймазалыққа салып қана қоймай, келесі істерге тиесілі уақытты жеп, олардың барлығына кесірін тигізеді. Бір уақытта бірнеше істі алып жүру, әдетте істің аяқсыз қалуының кепілі. Оның үстіне асығып істелген істен қате де көп кетеді, оны түзету көп уақытты жейді. Олай болса жұмыс арасындағы бос әңгімеге, интернетке т.б. пайдасыз нәрселерге кеткен уақыттың адамға тигізер зияны орасан зор. Олардан міндетті түрде арылу керек. Телефонмен сөйлесу, тағы басқа қарым-қатынастарды шаруаға ешбір нұқсан келтірмей қысқартуға болады.

6. Демалысты ұйымдастыру

  • Демалыс пен ұйқыны ұйымдастыру. Адам күніне кеміне 8 сағат ұйықтау керек. Дұрыс ұйқы жұмыс өнімінің кепілі.
  • Дұрыс және уақытылы тамақтануға дағдылану.
  • Жұмыс арасында 10 – 15 миннут бой жазып тұру керек.
  • Демалыс күндері төрт қабырғаға қамалмай, табиғат аясына шығып тұру.
  • Еңбек демалысын алғанда жұмыс туралы ойламай жақын немесе алыс жаққа саяхат құру абзал.

 

 

  • Бір жыл уақыттың бағасын білгің келсе, Жыл оқуын босқа өткізіп алған Студенттен сұра.
  • Айлардың құндылығын білгің келсе, уақытынан бұрын босанған Анадан сұра.
  • Аптаның [7 күннің...] құнын білгің келсе, апта сайынғы шығарылымдағы журналдың баспашысынан сұра.
  • Сағаттың бағасын білгің келсе, бір- бірімен кездесуді күтіп отырған екі Ғашықтан сұра.
  • Минуттың құнын түсінгің келсе, қазір ғана пойызға үлгермей қалған жолаушыдан сұра.
  • Секундтың бағасын білгің келсе, автобомиль апатынан аман қалған Адамнан сұра.
  • Секундтың мыңдық бөлігінің құндылығын білгің келсе, Олимпиадалық ойында Күміс жүлде алып қалған Спортшыдан сұра.

 


Информация о работе Уақытты басқару принциптері