Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:20, реферат
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
Соңғы сілтеменің тұжырымы мынадай, яғни автор "директ-костинг" жүйесі өндіріс шығындарын есептеудің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың біртекті әдісі деп санайды, ал Н.Г. Чумаченко бұл жүйе кезінде өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құ-нын калькуляциялау жеке қолданылады деп есептейді (37).
Біз қарастырып отырған мәселе бойынша бірнеше авторлардың көзқарастарын келтірдік. Біздің көзқарасы-мыз бойынша "директ-костинг" жүйесі, өндіріс шығын-дарының есебін және өнімнің өзіндік құнын калькуля-циялауды бірге байланыстырады.
"Директ-костинг" жүйесін қолдану белгілі бір қиындықтармен байланысты. Шығындарды тұрақты жә-не айнымалы деп жіктеу, тіпті нақты кәсіпорын бойынша да мүлдем анықталуы мүмкін емес, ол қызметтің өзгермелі жағдайларына байланысты қарастырылуы тиіс. "Директ-костинг" жүйесін қолдану барысында калькуляциялау және баға белгілеу үшін өнімнің толық өзіндік құнын жүйеден тыс жолмен анықтауға тура келеді. Сонымен қатар, салық органдарымен де өзара қатынастар қиындайды, себебі өндіріс шығындары мен салық салуға жататын табыс есептік жолмен анықтала-ды. "Сонымен қатар, - деп жазады проф. В.К. Радосговец -шығындарды түрақты және өзгермелі деп бөлу есептің бақылау және талдау мүмкіндіктерін күшейтеді, ұтымды шешім қабылдауға ықпал етеді" (42). Басқаша айтқанда, шығындарды бөлу шарттылығының кемшіліктері "ди-рект-костинг" жүйесінің аналитикалық артықшылық-тарымен жабылады, олардың негізгілері:
"Директ-костинг" жүйесі - бүл шығындарды олар-дың түрлері, пайда болу орындары мен таратушылары бойынша шығындардың есебінен, өндірістік қызмет нәтижелерінің есебінен, сонымен бірге шығындар мен нәтижелерін талдау және басқару шешімдерін қабыл-даудан тұратын басқарушылық (өндірістік) есеп жүйесі. С. С. Сатыбалдиннің ойынша бұл жүйе кезінде "өнді-рістік және қаржылық есеп интеграциясы" орын алады, бүл "директ-костинг" жүйесінің екінші ерекшелігі болып табылады (36). Бұл көзқараспен С.А. Николаева келіс-пейді, ол "бүл жүйе бойынша ендірістік есеп қаржылық есептен бөлек және онымен бірлесе ұйымдастырылады" -деп санайды (43). С.С. Сатыбалдин бұл жүйе қаржы жүйесінен жеке ұйымдастырылуы мүмкін екенін мойын-даған және олардың интеграциясына негізделген "директ-костингтің" харрисовтық жүйесін дұрыс көр-сетеді. Американдық оқулықта оны "есеп жүргізудің монистикалық жүйесі" деп те атайды. "Оның мәні -деп жазады С.С. Сатыбалдин өндірістік және қаржылық есептің жазулары жалпы жүйеге келесі жолмен біріктіріледі, өндірістік есептің ішкі операциялары бас кітапта көрсетіледі. Өндірістік шығындар және пайда мен шығындар туралы есеп басшылыққа "құн-көлем-пайда" мәліметтерінің тәуелділігі түрінде беріледі... Бірақ бұл жүйенің американ ғалымының кезқарасы бойынша белгілі бір кемшіліктері бар. Олар мыналар: біріншіден, өндірістік және қаржылық есептің сипаты мен мақсаты әр түрлі, сондықтан оларды біріктіру дұрыс емес. Есепті өндірістік және қаржылық деп бөлу негізінде коммерциялық құпияны сақтауда жатыр" (36).
Профессор С.С. Сатыбалдин, АҚШ-та тәжірибе ал-масуда болып, осы мәселені терең және жан-жақты зерттеді. Ол біздің көзқарасымызша "директ-костинг" жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс көрсеткен. Ол оның үшінші белгісі деп өнеркәсіптік фирманың табыстары туралы көп сатылы есеп процесін атайды, оның негізгі моделі келесі түрде керінеді:
табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма (14416-7089). Екінші жағынан, ол - тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы (4925+2402). Бұл жағдай көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, оның есепті жіктеу үшін маңызы зор.
Көп сатылы есептер кем дегенде екі бөлімнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгісі негізгі қызметтен түскен табысты көрсетеді.
"Директ-костинг"
жүйесі бойынша жасалған табыс
Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өткізілген өнім көлемі, маржиналды табыс және негізгі қызметтен түскен табыспен өзара байланысын анық көрсету үшін графикалық әдісті пайдаланамыз. Декорт координатының тігінен ("у" белгіленетін ордината осі) өзіндік құн және өткізілген өнімнен түскен табыстың мәліметтерін, ал көлденеңінен ("х" белгіленетін абцисса осі) - табиғи өндірілген өнім саны туралы мәліметтерді келтіреміз.
Кәсіпорын икемді сұранысқа ие болатын бір атаулы өнім өндіреді делік. Келесі ақпараттар негізінде график қүрамыз. Өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығындар -9 теңге, іскерлік белсенділіктің мүмкін болатын маңыз-ды көлемі - 10-нан 70 мың данаға дейін бұйым, осы көлемдегі тұрақты шығындар - 450 мың теңге, өзгер-мелі шығындар - 630 мың теңге, жалпы шығындар -1080 мың теңге, өткізілген өнім бірлігінің бағасы - 24 теңге. Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түс-кен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік қүнынан жоғары болса, онда кәсіпорын негізгі қызметтен табыс алады, ал егер керісінше болса, онда шығынға ұшырайды.
Зиянсыздық нүктесін анықтау үшін (өндірудің қауіп-ті көлемінің нүктесі, немесе "өлі нүкте") өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңцеуді пайдалануға болады:
д" =го+с + д°.
Мұнда: Д^- өнімді өткізуден түскен табыс;
Уо - айнымалы шығындардың жалпы
сомасы; С - тұрақты шығындар;
Д° - негізгі қызметтен түскен табыс. Өндіріс көлемінің қауіпті нүктесі үшін теңдеу келесі түрде болады:
Dn=Vo+C
Біздің мәліметтер бойынша өндіріс көлемінің қауіпті нүктесіндегі тұрақты шығындар көлемін анықтаймыз:
с _
С = 30000x15 = 450000
теңге.
4. Өткізудің қауіпті бағасын есептеу. Өткізу бағасы өткізуден түскен табыстың берілген келеміне және өнім бірлігіне есептелген тұрақгы және айнымалы шығындар деңгейіне негізделіп анықталады: Д° = С + VО немесе Рхd=С+Vd
5. Ең төменгі маржиналды табыс деңгейін есептеу.
Егер тұрақты шығындардың көлемі және өнімді өткізуден түскен табыстың күтілетін көлемі белгілі болса, онда ең төменгі табыстың түсімге қатысты %-ға деңгейі келесі формуламен анықталады:
2000
1800
1600
1400
1200
1000
800
600
400
200
Табыс және шығындар, түсім, өндіру көлемі көрсеткіштерінің арақатынасынын графигі
Графикке қатысты шартты белгілер:
Dn- енімді откізуден түскен түсім;
S- еткізілген өнімнің толық езіндік құны;
Vo— жалпы айнымалы шығындар;
С - тұрақты шығындар;
g- өнім бірлігінің саны, мың дана;
K- өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі
ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржы-лық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топ-тастырылады. Табыстылық коэффиценттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын баға-лау-дың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Табыстылық көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
1) жалпы активтер
(авансталған, жиынтық капитал)
ә) өнімдер;
б) ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін табыстылық көрсеткіштері.
Кәсіпорын активтерін (мүлкін) пайдалану тиімділігі — берілген кәсіпорынға қаражаттар салудың дұрыстығы туралы шешімдер қабылдауда қажетті әрі маңызды бел-гілердің бірі болып саналады.
Кәсіпорын мүліктерінің (активтерінің) тиімділігін өлшеудің бірден-бір дұрыс, танылған әрі кең тараған қорытындылаушы көрсеткіштерінің бірі - табыстылық коэффициенті, ол таза табыстың жалпы активтерге (авансталған капиталға) қатынасын көрсетеді. Активтер-дің табыстылық деңгейін капиталды пайдаланудың таңдау жолдарымен, мысалы, кәсіпорынның алған табысымен салыстырған жөн.
Табыстылық коэффициентіне талдау жүргізушілер:
• басқару тиімділігінің көрсеткіштері;
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде, авансталған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялау-ға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, авансталған (жалпы) капи-талдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып саналады. Осыған байланысты ол, инвесторлар мен ұзақ мерзімді несиелер, заем берушілердің үлкен назарына ие болады.
Бұл көрсеткішті табысты (пайданы) болжау мақса-тында пайдаланудың тиімділігі сонда, ол кэсіпорынның болашақта алынатын табысын активтермен (жалпы капитал) байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл бол-жаудың нақтылығын жоғарылатады.
Активтердің тиімділік деңгейі, кәсіпорындарда ин-вестициялық шешімдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестіруде, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорын, табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесінше осы нэтижелер негізінде бөлімше басшыларына сыйақылар беріледі. Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бүл есептер, шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.