Соттылықтың ұғымы мен түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 11:07, реферат

Описание работы

Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу.

Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды.

Работа содержит 1 файл

Соттылықтың ұғымы мен түрлері.doc

— 33.00 Кб (Скачать)

Соттылықтың ұғымы мен түрлері   
 
 
 
Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. 
 
Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. 
 
Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. 
 
Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. 
 
Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. 
 
Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі: 
 
- топтық соттылық – сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы; 
 
- аймақтық соттылық – сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық. 
 
Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. 
 
Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. 
 
ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы): 
 
1-ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне. 
 
2-Республикалық референдум. ҚР-ның Президентін және ҚР-сы Парламент депуттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі ҚР-сы орталық сайлау коммисиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істерді қарайды. 
 
Аймақтық сотылықтың мынадай түрлерін атауға болады: 
 
- Жалпы соттылық – жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы); 
 
- Балама соттылық – талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы); 
 
- Ерекше соттылық – белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы); 
 
- Шарттық соттылық – тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖК-нің 34-бабы);  
 
- Істің байланыстылығы бойынша соттылық – аумағына қарамастан дау алғашқы талап қаратырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖК-нің 35-бабы). Осы соттылық бойынша істі қартыруды мынаны ескеру қажет: 1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналақан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататтын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады; 2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі; 3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі. 
 
ҚР АІЖК –нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс. 
 
Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда беріледі: 
 
- егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса; 
 
- егер бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса; 
 
- егер істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса; 
 
- егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 2-бөлігі). 
 
Істің сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарым шығарады. 
 
Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру – бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі.

Информация о работе Соттылықтың ұғымы мен түрлері