Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 20:13, реферат
Кейінгі онжылдықтарда экономикалы дамыған Батыс елдеріндегі бәсекенін дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономикалық құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлк топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.