Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:47, реферат
Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың,тұтынушылардың мінез - құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Кейін микроэкономикалық талдаумен қатар Микроэкономика саласындағы зерттеулер біртұтас экономика ғылымын құрады; 2) экономика ғылымының шағын ауқымды үдерістеріне, субъектілерге, кәсіпорындарға, фирмаларға, кәсіпкерлерге, олардың шаруашылық қызметтеріне, олардың арасындағы экономикалық қатынастарға қатысты зерттеулермен байланысты бөлімі.
Микроэкономиканың негізі
Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын
жүргізу өнері) – 1) кәсіпкерлердің, кәсіпорында
Микроэкономика жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Мұнда жеке тауарлардың бағасы, жұмсалған ресурстар, шығындар, фирманың қызмет атқару механизімі, бағаның құрылуы, еңбекке ынта және т.б. жағдайлар талданады. Микроэкономика дәрежеде қоғамдық дәрежедегі пропорцияларды анықтайтын бастапқы (алғашқы) пропорциялар қалыптасады.
Экономикалық шешім қабылдау қажеттілігі төмендегі себептерден туындайды. Біріншіден, экономикалық субъектінің белгілі экономикалық субъектінің белгілі экономикалық іс-әрекеттер жасауға мүмкіндігі болғанда, ал екіншіден, осы экономикалық іс-әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдері болғанда. Экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі тәсілдері міндетті түрде баламалы немесе бірін-бірі ығыстыра алатын (жоққа шығаратын) болуы тиіс. Бұл шарт орындалмаса орындау тәсілдерінің қай-қайсысын да қолдануға болады және ешқайсысы да бір-біріне кедергі болмайды.
Бұдан түсінетініміз, экономикалық шешімді қабылдау проблемасы-шын мәнінде экономикалық іс-әрекеттердің бірнеше баламалы нұсқаларының ішінен біреуін таңдау проблемасы және бұндай жағдай берілген экономикалық субъектіге нақты мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар баламалы қадамдардың ішінен таңдау қажеттілігі де берілген уақытта туады.
Жоғарыда айтылғандай, әрбір
экономикалық іс-әрекет белгілі бір
өзіне сай қажеттілікті анықтаудан
басталады. Әрине, қажеттілікте шек
болмайды. Белгілі бір уақыт аралығындағы
қажеттілігімізді уақытша қанағаттандырғанда,
ол басқа жаңа қажеттіліктер туғызып,
күрделене, тереңдей түсетіні сөзсіз.
Сондықтан бұл мәселелер
Кез келген тұтынушының қолындағы игілік қоры оның қажеттілігін толықтай қанағаттандыруға жетпеуі мүмкін және өмірде бұл өте жиі кездеседі. Қажеттілікке байланысты игіліктердің жетіспеуін, шектеулі болуын игілік тапшылығы категориясы арқылы түсіндіреді.
Осы айтқандарды қорыта келсек, тапшылық пен сиректік игіліктердің шектеулілігін сипаттайды. Ал игіліктердің шектеулілігі (соның ішінде ресурстар мен технологияның) адамдардың экономикалық қызметтерінде қолданатын барлық игіліктерге тән қасиет.
Сан түрлі қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан қажеттіліктердің кейбіреуі түгелімен қанағаттандырылмайды. Сондықтан, кез келген экономикалық іс-әрекет қарастырып отырған уақыттағы қанағаттандырылатын қажеттілікті таңдап алу болып есептеледі және осы уақытта басқа қалған қажеттіліктерді қанағаттандырудан бас тарту керек екенін көрсетеді. Сонымен қатар кез келген экономикалық іс-әрекет шектеулі игілік қорының белгілі бір бөлігінің шығынын көрсетеді, бұның нәтижесінде қарастырып отырған қажеттіліктен басқаларын қанағаттандыру мүмкіншілігі азаяды. Белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылатын ресурстар шамасы басқа қажеттіліктерге керек осы ресурстар шамасымен байланысты болады. Бұдан түсінетініміз белгілі бір ресурстардың белгілі мөлшерін бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін жұмсайтын болсақ, онда қалған қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыру мүмкіншілігі аз, себебі игіліктер немесе ресурстар жетіспеуі мүмкін. Осыдан таңдау проблемасы үнемдеу проблемасымен тікелей байланыста болады.
Үнемдеу проблемасы - берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді ойластырып және шектеп жұмсауы, соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізуін айтамыз.
Баламалық қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық іс-әрекеттердің шығындары жайлы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Бұған жататындар: ақпарат алуға, шешім қабылдауға берілген шарттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге кететін шығындар. Экономикалық қызметтің шығындары әр түрлі институционалдық жүйеде әр түрлі формада болуы мүмкін.
Игіліктердің шектеулілігін
және балама тәсілдердің
Көп жағдайларда таңдау мүмкіндіктері 2 варианттан көп болады. Экономикалық субъект әр баламалық нұсқаларда қолданатын ресурстардың тиімділігін бағалап, нәтижесінде пайдасы ең жоғары деңгейде болатын баламалық нұсқаны таңдап алады.
Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады.
Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
Әкімшілдік-әміршілдік жүйеге бұрынғы советтер одағы шығыс Европа елдері мен бірқатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық экономикалық ресурстарға және өндірілген өнімдерге қоғамдық, шын мәнінде мемлекеттік меншіктін болуы.
Экономиканың жоғарыдан басқарылуы, яғни экономиканың монополиялануы мен әкімшілік түрде ұйымдастырылуы, халық шаруашылығының орталықтан жоспарлануы.
Ерекшеліктерін нақты төмендегідей бөлуге болады.
Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Таза нарықтық экономика жүйесі – таза нарықтық экономика жағдайында шаруашылық механизмі айтарлықтай өзгереді. Басқа экономикалық жүйелерге қарағанда нарықты экономика өзінің икемділігімен ерекшеленеді. Ол ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қайта құрылып, оларға бейімделіп отырады.
Алайда таза нарықтық жүйеде мемлекеттін ролі шектеледі. Кейбір әлеуметтік маңызы бар мәселелер толық шешемін таба алмайды.
Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
Қазіргі кезде көптеген елдерде аралас экономикалық жүйелі пайдалану дұрыс деп есептейді. Оның негізгі ерекшелігі:
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.
4.Айналым моделі?
Айналым моделі – орталықтан бір мезгілде көптеген аймақтық абоненттерге тарату жүргізілетін орын.
Бұл үлгі өте жиі кездеседі: мысалы, дәріс кезінде не ресми баяндама жасағанда тыңдармандар қандай да бір аудиторията ден қояды, телехабар кезінде бірнеше хабарламаны әр жерде орналасқан өте көп адамдардың бір мезгілде қабылдауы. Біржақты коммуникацияға тән осы модельдің сипаты жекелей кері байланыс мүмкіндігінің аз болуымен (әсіресе БАҚ жайлы айтқанда), сонымен қатар коммуникацияның уақыты мен орнын жіберушінің өзі анықтауымен ерекшеленеді.
Экономистер жалпы экономика туралы көзқарастарын моделдер көмегімен түсіндіруге тырысады. Моделдерде математикалық түрде әртүрлі экономикалық айнымалылар арасындағы байланыстар көрсетіледі.
Экономикалық моделдерде айнымалылардың екі типі қолданылады: экзогенді және эндогенді. Экзогенді айнымалылар сырттан келеді, яғни олар бастапқы мәліметтер. Эндогенді айнымалылар модель ішінде қалыптасады, яғни олар шешімдердің нәтижесі болып табылады. Басқаша айтқанда экзогенді айнымалылар моделді құрмас бұрын белгілі болады, ал эндогенді айнымалылар моделдегі есептеулер нәтижесінде анықталады. Модельдердің мақсаты – экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымалыларға әсерін түсіндіру.
Экзогенді айналым МОДЕЛЬ Эндогенді айналым
Мысалы, нанның нарығының моделін қарастырамыз. Нанға деген сұраныс оның бағасы мен тұтынушылар табысына байланысты. Ал оның ұсынымы баға мен ұнның бағасына байланысты. Нарықтық тепе-теңдік екеуінің қиылысуында орналасады. Осы модель экзогенді айнымалылардың (ұнның бағасы мен тұтынушы табысы) эндогенді айнымалыларға (нанның бағасы мен сатылған өнім көлемі) қалай әсер ететінін көрсетеді.
Экономикада экономистермен оқылатын айнымалылар бір нәрсенің (ақша, тауар) мөлшерін, санын сипаттайды. Осындай сандық айнымалылардың екі типі болады: қор және ағын. Қор– берілген уақыт аралығында өлшенетін мөлшер.Ағын– бір бірліктегі мөлшер.