Менеджменттің әр түрлілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 13:13, реферат

Описание работы

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар.
Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады.

Работа содержит 1 файл

менеджмент.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

1.3. Менеджменттің  әр түрлілігі     

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында  пайдаланылатын менеджменттің сан  алуан түрлері бар.            

Ішкі менеджмент – ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан  айрықшалап көрсететін басқару типі. Басымдықтар нақты жағдайлармен, басқару стратегияларымен, менеджердің кәсіби қызметінің стилімен және басқару процесінде пайда болатын мәселелердің сипатымен анықталады.            

Фирма жұмысының  ішк және сыртқы мәселелеріне менеджердің  жиі көңіл бөлуіне тура келеді. Бұл мәселелердің күрделі мазмұына қарай анықталады. Менеджердің назар салуы – оперативті, ахуалдық немесе тұрақты түрлерінде болуы ықтимал.            

Ішкі менеджменті  басқару қызметін бөлу процесінде пайда  болатн басқарудың міндетті ісі ретнде қарастыруға болады. Белгілі бір жағдайларда ішкі бссқару мндетті ісінің негізгі бөлігін менеджердің орынбасарына сеніп тапсырып, менеджерге (бірінші тұлғаға) тек ішкі қызметті реттеудің жалпы мәселелерін ғана қалдыруға болады.             

Ұйымдастыру менеджменті:1) тар мағынасында – басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі – ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты (мектебі, ілімі жалпы ұйымдастырудың принцмптерімен ұйымдастырудың мәселелерн шешуді алдынғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.            

Бұл менеджмент мыналарды  қамтиды: ұйымдық мқұрылымды жобалау  әрі жасау (жетілдіру); міндетті істердің аражігін дәл ажырату, ұйымдастыру  міндеттерін бөлу.             

Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас организм ретінде қарастырған  әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра  білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.). Ол ұйымдық менеджменттің негізін  қалаушыц деп саналады. Нақ сол Файоль басқаруды айырықша қызмет түрінде бөліп қарастырған болатын. Файоль өзі әмбебап деп санаған (еңбек бөлісі, билік, дисциплина, басшылықтың бірлігі, орталықтандыру, тәртіп, қызметкердің тұрақтылығы және т.б.) басқарудың 14 принципін әзірледі.             

Ұйымдық менеджмент ұйымдық-өкімдік әдістерімен, яғни тікелей басқарудың ұйымдық қатынасқа  ықпал етудің тәсілдері мен құралдарының жиынтығымен жүзеге асырылады.            

Тәжірибе менеджмент – менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы  тұжырымдаманың негізгі ережелері  мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Басқару ісімен байланысты объенктивті құбылыстарды түсіндіріп беретін принциптер де жоқ емес.             

Тәжірибе смпатында  болатын менеджмент бар. Ол басқарудың іс тәжірибесінде пайдалануға болатын  идеаны, ережені және принципті қамтиды.             

Тәжірибе менеджменттінің  тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме  бар. Біреуі – прогматикалық, екіншісі – ғылыми. Біріншісі – мәселені рецепті бойынша шешуге және нәтижені жуық арада тікелей алуға бағдарланған болса, екіншісі – сан алуан жағдайлар мен ахуалдар бойынша сараланатын әдістермен технологиялық схемаларды таңдап, талдауға негізделген. Екінші тәсілдеме әлдеқайда тиімді болмаұ. Ол арнайы дайындықты қажет етеді.            

Бұл менеджмент әр түрлі қызымет салаларында - өндірістік, әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ мәдени салада да және т.б. жүзеге асырылуы ықтимал. Ол басқару тұжырымдамасын жасауда, оның негізгі ережелерін, басымдықтарын (артықшылықтарын), тәсілдерін белгілеуде ерекшеліктерімен айырықшаланады. Бірақ, басқару саласында емес.            

Өндірістік менеджмент – менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы – басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өнліріспен анықталады.            

Өндіріс-бұл қандайда бір өнімді немесе қызмен көрсетуді  әрқашан дайындап отырады. Өндірісті  басқару адам қызметін басқару болып табылады. Өндірісті басқаруды басқа да элементтер қамтиды(МТС, ресурстар, өнімді өткізу, технологиялық процестер).             

Өндірістік менеджменттің  ерекшеліктері басқару жүйесінің  құрылымы мен міндетті істерін, басқару  тетіктерінен және басқару шешімдерін әзірлеу технологиясынан білінеді. Өндірістік менеджмент өндірістік және басқару жағынан нақты сапаға ие қызметкерлерді қажет етеді. Басқарушы қызметкері белгіл бір дәрежеде өндірістің технологиялық ерекшеліктерін білуі керек.

Бұл менеджменттің  маңызды сәттеріне мыналар жатады:

  • фирманы сипаттауға арналған мәртебе (статус), оның әлеуметтік-экономикалық ортада алатын орны, фирманың даму әлеуеті;
  • фирманвң басқару мақсаты болып табылатын фирманың мақсаты. Мақсат – болашақта ьолатын шындық (реальность будущего),ол үлкен талдамалық және жобалау жұмысының мазмұны мен нәтижесі болып табыцлады;
  • басқару шешімдерінде ұйғарылатын стратегиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы алға қойылған мақсаттарға қол жеткізеді. Бұл бағдарламада бағдарларды, даму кезендерін, басымдылықтарды, шектеу факторларын анықтап алудың маңызы зор. Страрегиялық бағдарлама дамудың жалпы бағытынан қайсысы ауытқитынын көрсетіп береді;
  • басқарудың тиімділігін, сапасын, әлеуетін бағалау және реттеу.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті  мен жасаушы (тудырушы) менеджмент болады (“Мацусиба дэнки” (Жапония) – бүгін  кешегіден гөрі әлдеқайда жақсы жұмыс істеп қалуға ұмтылу) және басқалар.  
  
 

II-бөлім. Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі  ретінде

2.1. Менеджменттің  қызметінің түрлері          

 Менеджмент –  дәстүрлерді, тарихты, концепцияларды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл талассыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру (тайпалар, рулар, қауымдар т.б.) басталған мезетте пайда болды.       

Басқарудың  осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түп негіз - мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің  қызметінің негізгі алты түрі тармақталады.        

1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.        

2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік  мекемелерді ұйымдастыру және  сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.        

3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік  менеджменттің ерекше түрі. Қарулы  күштерді ұйымдастыру және оларға  жетекшілік ету.        

4.Құрама одақтық (ассоцияциялық)  немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік  мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.         

5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және  мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.         

6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.        

 Менеджмент –нақты мақсатты жүзеге  асыру үшін кәсіпорын жұмысын  басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.         

 Көрнекті американ экономисі  В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша:  «Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті  ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік  қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».         

 Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау  функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеуімен,  кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.       

Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу, міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардың сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.       

Бірінші тип – мақсатты басқару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерін  барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы – кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жұмыскерлердің мақсаты айқындалады, әрбір басқарушы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі ұлғаяды және жұмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен, кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе коперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.             

Басқару процесінің өтуінің екінші типі – бағдарламалық  басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір-бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесіндегі мұндай типті, әдетте, өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.             

Кәдімгі жоспардан  бағдарламаның өзгешелігі – тапсырманы орындауды басқаруды «кідіртпестен» қолға алуға, «осал тұста, орын» анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару үшін график жүйесін кеңінен қолданады. Бағдарламалық басқару күрделі құрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда қолданылады.             

Басқару процесінің үшінші типі – жағдайға қарай басқару. Бұл мақсаты айқындалған, әрі  сирек өзгеретін тұрақтанған, толық  меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет – туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.             

Атап көрсететін жайт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде қолданылуы да мүмкін.            

Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған  бағдарламалық мақсатты басқару  – мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру нақты  дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай-ақ бағдарламалық мақсатты басқарудың да элементтері бар. Бағдарламалық мақсатты басқару кәсіпорынның түбегейлі, негізгі міндеттерін шешу үшін қолданылады. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында «Белок», «Кадрлар», «Жалгерлік» т.б. бағдарламалар.               

 
 

2.2. Менеджерлік  қызмет пен оның тиімділігін  жіктеу      

 Менеджменттің  бірнеше ұғымы бар. Вольфганг  Хайер өзінің «Европада бизнес  қалай жасалады» кітабында былай  деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс  істеп тұрған коммерсиялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.          

 Американ менеджмент мектебі  жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:

  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырды.
  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
  5. Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
  6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білуі тиіс.
  7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
  8. Әзіл - оспақты түсіне білуі тиіс.
  9. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл - күйге байланысты, ал көңілдік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
  10. Айта да, тыңдай да білуі керек.
  11. Үнемдеуге тырысу керек. Біреуі Энштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба; Сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба?» Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «X+Y жетістік, X - жұмыс істей білуі, Y - үнемдеуге тырысу».
  12. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.

 

 

 

 

 

1.1. Менеджмент туралы түсінік,  оның мазмұны 
1.2. Менеджерге қойылатын талаптар 
1.3. Менеджменттің негізгі мектептері 
1.1 .Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны 
Бұған дейін біз бизнесті тек “өзінің қара басына пайда табушылар», ал маркетингті — «жеке өзіне ғана пайда табу мақсатында өндірісті басқару мен тауар өткізу жүйесі» деп есептеп келдік. 
Бұрын «менеджмент» және «менеджер» ұғымдары қанаушылық немесе қанаушы тап өкілі ретінде қолданылды. Ал қазір бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік биік дәрежесін, олардың арнайы қызмет түріне жататындығын бейнелейді. 
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады екен. Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. 
«Менеджмент» (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «монус», яғни «қол», «күш» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды. 
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: 
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі; 
2. билік және басқару өнері; 
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; 
4. басқару органы, бөлігі. 
 
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шүғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. 
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф. У. Гейлордың пікірінше менеджмент ережелер мен принциптерге негізделген іргелі дәл шынайы ғылым деп есептелсе, Ф. Друкердің түсіндіруінше — жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымнан кері, практикаға жуықтау. Ол менеджмент үғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік, кәсіпкерлікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады. 
Менеджмент үғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазады: «Кең мағынада әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалы ретінде үкіметті, алуан турлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді». 
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетеді авторлар, адамдар топтарының алуан түріне түрліше қолданылғанымен оның түп негізі, мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджмент негізгі 6 түрге тармақталады: 
1.Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді. 
2.Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету. 
3.Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету. 
4.Құрама одақтық (ассоциялық) немесе клубтық менеджмент.Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда да қызметкерлер тобының іс- әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет. 
5.Бизнес-менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі. 
6.Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес- менеджменттің арнайы түрі. 
Жеке меншік іскерлік кәсіпорын функциясына менеджментпен қоса, менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді. Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджменттегі мұндай өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы «негізге алынатын түсініктерге» сүйенеді. Осы айтылғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырады, өйткені соңғы айтылғандардың алуан түрлілігінде шек жоқ. 
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді.

Информация о работе Менеджменттің әр түрлілігі