Менеджменттің негізгі бағыттары және Қазақстандағы менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе 2
1. Менеджмент теориясы 4
1.1 Менеджменттің мәні 4
1.2 Менеджмент қызметі мен тәсілдері 6
1.3 Менеджмент құрылымы мен принциптері 7
2. Менеджменттің негізгі бағыттары мен Қазақстандағы менеджмент 10
2.1 Менеджмент іс - әрекетінің бағыты 11
2.2 Менеджер жұмысын ұйымдастырудың негізгі принциптері 12
2.3 Қазақстандағы менeджменттің методологиялық негіздері 14
3. Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының саяси алғы шарты және оны дамыту...............................................................................................18
3.1 Қазақстандағы менеджменттің қалыптасуының экономикалық алғышарты..............................................................................................................18
3.2 Қазақтан республикасының Басқару әдістері.
Басқару әдістерінің түрлерi...........................................................................20
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 27

Работа содержит 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 67.60 Кб (Скачать)

   Экономикалық бағыттың мәні -  өндірісті процесті басқару. Мұндай жағдайдағы менеджер қызметі аз шығындала отырып, материалдық және еңбек ресурстарын кординациялау.

   Әлеуметтік – психологиялық бағыт – басқарудың барлық деңгейіндегі менеджерлерді біріктіру.

    Басқарудың төменгі және орта  деңгейіндегі менеджерлердің қызметі  және жұмысшылар мен коллектив  арасындағы дұрыс өндірістік  қатынастар орнатуға бағытталған. 

    Менеджментің құқықтың бағыты – фирманы құру бойынша заңдар, кедендік және салықтық саясат, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бойынша заңдарды қамтиды. Менеджерлердің ұйымдық – техникалық міндеттерді тағайындау, ресурстармен жабдықтау, жұмысшылар еңбегін жетілдіру және т.б. қамтиды.

    Менеджментің 3 кезеңі белгілі: 

  • стратегиялық басқару,
  • оперативтік басқару,
  • бақылау.

Стратегиялық  басқару – менеджменттің мақсаттарын тағайындау, жобалау мен перспективті жоспарлау.

Оперативтік басқару – қызметтің екі түрін қамтиды: ұйым және жетекшілік.

Бақылау – пайдаланбаған өндірістік резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді  талдау мен бағалау.

    Тиімді әрекет етуші мекеме  менеджменттің барлық бағыттары  емен  кезеңдерінің бірлігін қамтамасыз  етеді.

    Пайданы қамтамасыз ету – менеджменттің  басты міндетті.

    Фирманың пайдалық деңгейі нарықпен  анықталады, бірақ өнірістік ресурстарды  рационалды пайдалану мен тиімді  басқаруға тәуелді.

     Менеджментің қазіргі және болашақтағы  тәуекелдік деңгейін төмендетуге  негізделген.

     Менеджер еңбегінің заты ақпар  және ұжымдағы қарым-қатынас.

Өнірістік басқаруда менеджер аз білімді болсада, басқару іскерлігінің қыр сырын  жетік біліуі керек. Басқару негіздерін зерттеу мен оқу менеджерлер, кәсікерлер, бизнесмендердің қажет  білім игеруіне мүмкіндік береді.

2.2. Менеджер жұмысын  ұйымдастырудың негізгі  принциптері

       Менеджер  деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда,  егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

       Менеджер-ең көп тараған кәсіптің  бірі. Бұл-басқарумен, экономикамен  шұғылданатын, заң және басқа  да мәселелерді жақсы білетін  кез келген адам. Шаруашылықтың  түйінді орнында жұмыс істейтін  кез келген адам да менеджер.

        Барлық менеджерлер үшін, олардың  қызмет орнына қарамастан, ортақ  қызмет міндеті болады.

        Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның  мақсатын орындайды, сол мақсатын  орындау үшін не істеу керектігін  ойластырады, адамдарға нақты  міндеттер жүктей отырып, оны  жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 

        Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы.  Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті  құрамын іріктейді т.б. 

        Үшіншіден, менеджер көтермелеу  шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен  тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды (коллективті) өз ісіне жауапкершілікпен  қарайтын адамдармен құрады: бұл  үшін қолда бар барлық мүмкіндікті-сыйлық  беру, наградтау, жоғары қызметке  тағайындау шараларын пайдаланады.  Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен  тіл табысып, тұрақты байланыс  орнатады.

        Төртіншіден, менеджер ұйымның  іс-әрекетін талдайды, нормалауды  белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін  барлық адамдардың жұмысын бағалайды. 

         Бесіншіден, менеджер адамдардың  қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын  қамтамасыз етеді. Адамдардың  мамандығының жетілдірілуі де, қызмет  жағынан жоғарылап, не төмендеуі  де, ұжым бірлігінің нығаюы, не  берекесізденуі де менеджер жұмысына  байланысты.

         Менеджер алдында тұрған барлық  проблемаларды біле бермейді, сондықтанда  ол «бесаспап данышпан» болуы  да мүмкін емес. Оның арнайы  еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты (информациясы) болады. Менеджер адамдарды  жұмысқа ынталандырады, бағыттайды, ұйымдастырады. Оның бірден-бір  құралы-жазбаша немесе ауызша  сөзі; немесе цифр тілі. Менеджердің  жұмысы техникаға, есептеу операцияларына  немесе өнім сатуға қатысты  болғанына қарамастан, оның жұмысының  тиімділігі тыңдау және оқу,  айту және жазу қабілеттеріне  байланысты. Ол өз ойын басқа  біреулердің санасына жеткізе  білуі, сондай-ақ басқа адамдардың  да пікірін айқындай алуы тиіс.

          Менеджерлік шеберліктің маңызды  жақтарының бірі-келіссөз жүргізе  білуі-әріптесінің мүддесін өз  мүддесіне сәйкестендіре білетін  өнері болуы тиіс. Мұның өзі  әсіресе қарамағындағы адамдарға  әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады.

      Менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай  принциптері бар.

  - төңірегіңе  жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге  және қабілетті адамдарға сүйен;

  - өзінің  бірінші кезектегі мүддеңді айқында,  күнделікті іс-әректіңнің жазбасын  жүргіз, ең күрделі проблемаларды  текстің бірінші бетіне жазып  қой;

   - нақты іс жөнінде айт, қалай  айтсаң, солай жазба біл, жүргізілген  талдаулар мен қорытындылар материалдарына  негізделсін, әрі нақты, қысқа,  кімге арналғаны белгілі; ал  ұсынылатын шешімдер варианты  –шағын болсын;

  - басшы  штаб мен өндірістік сала аралығындағы  кикілжің қымбат уақыт пен  күш-жігерді бос жіберу екендігін  ұмытпа. Басшы екі жақтың да  жауапкершілігін дұрыс шектей  білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі  міндеті-басшыға жәрдемдесу, әрі  өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал  ете білу;

   - әркімнің билік аясын нақты  айқында, адамдардың дербес жұмыс  істеуіне мүмкіндік бер; 

   -  сын-ескертпелерді, әр түрлі  көзқарастарды ескер, оларды дұрыс  пайдалан;

- пайда  болған өзгерістерге көңіл аудар,  әрбір күннің түйінді мақсаты-барынша  пайда табуға қамқорлық жасау  екендігін есте сақта;

           - өз жұмыс стиліңді тап, әрі  соны қолдан.

           Шет елдің кейбір жоғарғы басшы  корпорациялары менеджерлер үшін  үш өсиет айтады: адамды құрметтеу,  клиентке көңіл бөлу және жұмыстың  жоғарғы сапасы. Ал «Уэлкомбэроз»  компаниясы басқарушы үшін он  өсиетті келтіреді: «адалдық, әдептілік,  адамды құрметтеу, ұжымдық (коллективтік) жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге  икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық  сезімділік, тиімділік және бейімдеушілік».

        Европалық менеджерлер қазіргі  кезде қатал талапты, өзгерістерді  және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары  М.Вудкок пен Д.Френсистің «Басыбайлықтан  босанған менеджер» кітабында  алдағы онжылдықта басқару үшін  менеджердің мынадай дағдылары  мен қабілеттері болуы тиіс.

        -өзін меңгере білу;

        -жеке басының бағалы қасиеттері;

        -жеке өзінің айқын жоспарлары;

        -жеке басын үнемі жетілдіріп  отыру;

        -проблемаларды шешуге дағдылану;

        -өнертапқыштық және инновацияға  қабілеттілік;

        -маңайындағы адамдарға ерекше  ықпал ете білетін қабілет;

        -қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін  білу;

        -басшылық ету қабілетін;

        -қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу

   -тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру  және дамыту қабілеті.

2.3. Қазақстандағы менджменттің методологиялық негіздері

      Экономика дамыған қазіргі таңда менеджер қызметі ең кең таралған, қажетті  бағыттыражың бірі. Сондықтан Қазақстанда  практика жүзінде қолдану және теориялық  жағынан оқытуға негіз бар, себебі Қазақстан жаңа экономикалық қатынастар мен әлеуметтік – экономикалық басқару  жүйесіне көшуді бастаған болатын. Осы  түрғыдан менеджмент негізінің теориялық  – методикасын терең оқыту  және басқару жүйесінің әр түрлі  деңгейлерінде практика жүзінде  қолдану қажет.

     Менеджмент – нарықтық экономика кезінде жеке субъектіге қажетті ерекше басқару түрі  деп түсіндіріледі. Бұл түрі экономиканың алғашқы жүзеге асырылатын фирма, мекеме нарықтық жағдайда қызмет ететін, менеджменттің экономикалық механизмінің әдісін қолдану қызметі. Осы жағынан келгенде, менеджмент нарықтық экономика жағдайында басқару деп атауға болады. Бұл мынаны білдіреді:

  • мекеме не фирманың нарықтық сұранысына тұтынушы қажеттілігіне назар аудару, тұтынушы қажеттілігі және пайда түсіретін өнім түрлерін шығару үшін өндіретін мекемелер ұйымдастыру.
  • өндіріс заттарының құндылығын көтеру, аз жұмсап – көп пайда келтіру үшін жұмыстану.
  • жекеменшіктік пен еркіндік.

Менеджменттің өзінің жеке экономикалық механизмі  бар, олар:

  • фирма ішіндегі жеке басқару жүйесі
  • өнжірісті басқару
  • қызметкерлерді басқару

    Мемлекеттік басқарудың көкейтесті мәселелерін терең түсіну үшін, менеджменттің теориясын және теориясын және ережесінің кейбірін білу міндетті.

     Кез – келген елдің экономикалық  жағдайын ақтау үшін үш негізгі  факторларды білу қажет: 

  • техника және технология деңгейі;
  • жұмысшы күшінің сапасы мен еңбекке көзқарасы;
  • менеджмент (өндірісті басқару және ұйымдастыру).

     Менеджменттік жағдайы техника және технология деңгейі; жұмысшы күші мен сапасына ықпал етеді. Сондықтан Альфред  Маршалл дәстүрлі үш (капитал, еңбек, жер)өндірістік факторларға төртінші қылып басқару жүйесін айтты.

      Қазіргі кезде басқару факторларының  маңызының артыуына байланысты  адамның әлеуметтік статусының  дамуы басқару жүйесінің концепциясының  пайда болуына мүмкіндік жасайды,  бұл үкіметтің жеке меншіктен  басқару жүйесіне ауысуына көмектесті. Осыдай біздің елімізде менеджмент  дәстүрінің басталып келе жатқанқандығын  көру қиын емес.

      Басқару саласындағы бұл төңкерістің  белгілерін мынадан көруге болады:

1. Басқару  жүйесінің негізгі методтарын  жақсы меңгерген маман даярлау;

2. Мақсатты  мекеме басшыларын басқару жұмысына  даярлау;

3. Сапалы  өндіріс қажеттіліктерін басқаруды  бірінші орынға қою;

4. Иерархиялық  сапанвң барлық деңгейінде жұмыс  істей алатын менеджерлер даярлау;

5. Экономикалық  әлеуметтік – психологиялық басқару  әдісін қолдану;

6. Адамның  еңбекке қабілеті мен қызметі  әдістерін басқару;

7. Адамның  еңбекке қызығушылығы мен еңбектегі  іс-әрекет себептерін оқыту;

8. Табысқа  жеткізетін ғылым жетістіктерін  кеңінен қолдану;

9. Ақпараттың  үрдістер мен компьютердің ролін  көтеру.

Информация о работе Менеджменттің негізгі бағыттары және Қазақстандағы менеджмент