Менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:08, реферат

Описание работы

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

Работа содержит 1 файл

Менеджмент Жако.doc

— 59.50 Кб (Скачать)

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын  болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни  «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау  әдісі, үлгісі;

ә)билік және басқару өнері;

б)шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

в)басқару органы, әкімшілік бөлігі.

«Менеджмент негіздері» курсы бойынша  студенттерге арналған американдық  оқулықта төмендегідей анықтама берілген:

«Менеджмент – бұл  ұйым мақсаттарына жету үшін адамның  материалдық және қаржылық ресурстарды  ұтымдылау пайдалану процесі».

Профессор И.Н.Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Белорусь ғалымы Н.И.Кабушкиннің  ойынша менеджмент – бұл адамның  еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф.М.Русинов пен М.Л.Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын  тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.

Менеджмент саласындағы маман  Веснин В.Р. басқару және менджмент  деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент (мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне) жетекшілік жасамау.

Біздің ойымызшы, бір анықтама екінші анықтаманы дамытады, өйткені олардың  бәріне тән ортақ нәрсе – менджмент  – бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 50-ден астам менеджмент анықтамасының интерпетациясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен мазмұнын зерттейтін ғылым екендігін атап өту керек. Менеджментке анықтама бермеген О.С.Виханский мен А.И. Наумов дұрыс жасаған.

Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды  ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын  қалыптастырып, оған қол жеткізуді  қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп  қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз.

Тіпті, білікті басқару саласының  өзінде де менеджмент ұғымы түрліше  түсіндіріледі. Менеджмент теориясын  алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың  пікірінше, менджмент – ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.

П.Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік  берді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторы ретінде танымал. Олар былай деп жазды: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметтегі алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік  мекемелерді ұйымдастыру және  сондағы қызметкерлерге билік  жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік  менеджменттің ерекше түрі. Қарулы  күштерді ұйымдастыру және оларға  жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық немесе клубтық  менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі  секілді, мұнда қызметкерлер тобының  іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес - менеджмент. Үкіметтіктен  және мемлекеттіктен өзгеше келетін  менеджменттің ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі  менеджмент. Бизнес – менеджменттің  арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік  кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.

Қазақстанның басқару  ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекеттік басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Басқару саласындағы  алғашқы ойшылдардың бірі Әбу  Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

  Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген.

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

- кәсіпорын жұмысын  жоспарлау мен болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

- ранг дәрежесіне байланыссыз  барлық жұмыскерлердің орындауға,  жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау;

- басшы мен оның  қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттауҒ

- алдағы мақсаттарды  қамтамасыз ету үшін ұйымның  жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер  қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану  есебінен қолданылатын шешімдердің  сапасын арттырады.

Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық  модельдендіру тәсілі. Бұл кезде  арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық іс-әрекетінің экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, «бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсілі қолданылады.Бұл  тәсілде мәселені схема түрінде  және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.

Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі:

Өндірістік менджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

Басқару міндеттерінің  күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше  деңгейге бөлінеді:

  • менеджменттің жоғары деңгейі кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды. Жоғарғы деңгейді әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;
  • менеджменттің орташа деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған, сондықтан да ол «функционалды» менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.
  • менеджменттің төменгі деңгейі алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі менеджмент олардың  дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құралады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж Менеджмент негіздері. Ақтөбе – Орал, А-Полиграфия, 2005-519 б

2.  Б.М. Мұхамедиев, Р.Т. Дуламбаева, Д.Ж. Рахматуллаева Макроэкономика: Оқулық/ -  Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 250 бет

3.  С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория: Оқу құралы/ - Астана. Жалпы редакция, 2002 – 205 бет.

4. Н.Қ.Мамыров, Қ.С.Есенғалиева,М.Ә.Тілеужанова. Микроэкономика. Оқу құралы.Алматы: Экономика, 2007 -380 бет

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Менеджмент