Менеджмент ғылым ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 08:20, реферат

Описание работы

Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инжинері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді.

Работа содержит 1 файл

менеджмент ғылым ретінде.docx

— 23.83 Кб (Скачать)

Менеджмент ғылым  ретінде

Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инжинері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді. Ф.Трейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Трейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырады. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1868-1919) , Генри Форд (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

 Классик үлгідегі мектептің  үлгілері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірбиені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: «басқару кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі XXғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880- 1949) болды. Осы ілім Формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды:қызметкерлердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гумманизациялауды шешуде топтық демокпатиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933) , Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез- құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

 Басқарушылық ойдың  жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтін «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джен Форрестер, Х. Райфа.

XXғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол « ситуациялық әдіс» деп аталады. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық- басқарушылық мәселені шешудің нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізінде бұл мектеп кәсіпорын, ұйымының жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы , басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы. Бихевиористік ( мінез- құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әдістерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты «Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломеранттар көлемі өсуі әсерімен, « қырғи қабақ соғыс» өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерін ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өңімінің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

 

 

 

 

 

Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы

 Қазақстанның басқару  ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

X-XII ғасырларда басқару  саласындағы алғашқы ойшылардың  бірі Әбу Насыр Әл –Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әмішілердің жалған көріпкерлердің ғылыми негізінде дәлелдеді. Оның азамат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кеде Қазақстан ғалымдары Әл –Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік  құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті-жарғы» -бұл әкімшілік, азаматтық және

қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы қазақ жинағы болып табылады. «Жеті –жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс -құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымы теориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікі ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтандырылған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

XXIII ғасырдың ортасында экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесінің дамуында Қазақстанның териториялық иеліктерін қалпына келтірген көрнекті мемлекеттік қайраткер Абылай хан (1711-1781) маңызды роль атқарды. Өзінің он жылдық басқару кезеніңде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

XIX ғасырда Қазақстанның  көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің басында ғылым –атқарушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық мәдени –артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отаршылдық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың рөлін асыра бағалай отырып, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады.Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы –демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.

XX ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшелінеді . Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М.Тынышпаев, М.Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С.Меңдешов, Н.Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ.Тоқжанов, О. Жандосов, С. Сейфулин, Б. Малин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай обылысында - Ә. Бөкехйанов, Жетісуда- М. Тынышпаев, Түркістанда- М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып тағайындалғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

 

XX ғасырдың 90- шы жылдарында Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік –бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді.

 

 Осылайша қазақстандық менеджменттің теориялық сонымен қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп жатыр және ары қарай зертттеуді талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарды.

Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бізідің сөздік қорымызға «менеджер» , «менеджмент» ұғымдары тез еңді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда « басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе- сөз аудару сөздің түпкі төркінің әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі –бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етуімен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

 «Менеджмент» ағылшын  сөзі, оның түпкі төркіні гректің  «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейінен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқару және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болады.

 Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

 

1. адамдармен қарым- қатынас жасау әдісі, үлгісі;

 

2. билік және басқару өнері;

 

3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

 

4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.(1)

 

 «Менеджмент негіздері» курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берілген: «Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі»

 

 Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғаңымен , оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

 

1. Үкімет

 

2. Мемлекеттік менеджмент

 

3. Әскери менеджмент

 

4. Құрама одақтықнемесе  клубтық менеджмент

 

5. Бизнесс –менеджмент

 

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент

 

 Менеджмент төмендегідей  қызметтердің атқарылуын қарастырады:

 

· Кәсіпорын жұмысын болжау және жоспарлау

 

· Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру

 

· Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.


Информация о работе Менеджмент ғылым ретінде