Автор: u*************@gmail.com, 24 Ноября 2011 в 23:36, курсовая работа
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлi қызмет салаларында АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған iс-шаралар кешенi кеңiнен iске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылы-мын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар жандана түстi.
Мемлекеттiк
органдарды ақпараттандырудың
қазiргi
жай-күйiн талдау
Қазiргi уақытта
Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған
ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз
ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат
айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде мемлекеттiк
органдардың ақпараттық инфрақұрылымын
құру жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар",
"Заңды тұлға-лар", "Мекенжай тiркелiмi",
"Мемлекеттік жер кадастрының автоматтан-дырылған
жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi",
"Салық төлеушілер мeн салық салынатын
объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк
дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық
мемлекеттік сатып алу орталығы" ақпараттық
жүйе-сiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық
өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын
42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне
жүргізiлген талдау нәти-жесi бойынша е-Үкiметтiң
85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы
Бағ-дарлама шеңберiнде iске асырылатын
базалық қызмет көрсетулер тiзбесi қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттiк органдар интерактивтi
қызмет көрсетулердi iске асыруға көшуде.
Қазiргi уақытта нақты уақыт режимiнде
электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерiн
пайдалана отырып, байланыстың электрондық
арналары бойынша барлық салық есептерiн
беруге, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен
өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге
болады, бұл Қазақстанды ТМД елдерi арасында
бөлiп көрсетiп отыр. әлеуметтiк төлем алушылардың
деректер банкiн құру, әлеуметтiк жәрдемақылар
тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы
жүйесiндегi есепке алу мен талдау жөнiндегi
процестердi автоматтандыру, сондай-ақ
әлеуметтiк сақтандыру және мүгедек адамдардың
дерек қорын құру саласындағы ақпараттық
жүйелер дамуда.
Е-Үкімет элементтерi жергiлiктi атқарушы
органдардың кейбiр ақпарат-тық жүйелерiнде
де бар. Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында
азаматтарды тұрғылықты жерлерi бойынша
тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн,
автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi
деректерiн және басқаларды тiркеудi iске
асыратын ақпараттық ресурстармен және
ақпараттық жүйелер-мен өзара iс-әрекеттi
қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық
жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру
бөлiгiнде белгiлi бiр проблема-+лар да бар,
олар:
ақпараттандыру саласындағы нормативтiк
құқықтық базаның жетiлмеген-дiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi
қалыптастыру жөнiндегi функ-циялар мен
жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң
болмауы;
көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру
қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық
технологиялар саласында мемлекеттiк
қызметшiлердiң біліктілік деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы
ең басты кедергі-лердің бiрi - ақпараттық
теңсiздiк деп аталатын кедергiнi жою өзекті
мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру
туралы", "Электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы"
Қазақстан Республика-сының заңдарынан,
басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы
ақпарат жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар",
"Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын
мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық
жүйелерiнен, электрон-дық мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-Үкiметтiң элементтері (ықпалдастырылған
салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушiлер
мен салық салынатын объектілер тiзiлімi,
кедендік авто-маттандырылған ақпараттық
жүйе, Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекет-тiк
орталықтың ақпараттық жүйесi және басқалар)
бар ведомстволық ақпа-раттық жүйелерден
тұратын, нормативтік құқықтық базаны
қамтитын е-Үкiмет құру үшiн база қалыптастырылды.
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының
Ұлттық ақпараттық инфра-құрылымын қалыптастыру
мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында
тиiстi қаржыландыру көлемiмен 2005 жылы
көзделген iс-шаралар олардың негiзгi мақсаты
е-Үкiметтiң негiзiн құрайтын инфрақұрылымның
құрамдас бөлiктерiн құру болып табылатындықтан,
осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылатын
болады.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның
мақсаты азаматтар мен
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай
мiндеттердi орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға
ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс
iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік
құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін
қалыптастыру мен дамыту;
e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi
жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас
бөлiктерiн қалыптас-тыру және мемлекеттiк
органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды
оңтайландыру;
е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын
қорғауды қамтамасыз ету.
Бағдарламаны iске
асырудың негiзгi
бағыттары
мен тетiгi
Бағдарламаны
iске асыру мынадай бағыттар
бойынша жүзеге асырылатын
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық
қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн
қалыптастыру мен дамыту;
3) е-Үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi
қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi
жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру
жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4) e-Үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен
өзара iс-қимыл yшiн "төлем шлюзiн"
ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк
органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын
қамтитын e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық
құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық
ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық
ресурстары мен жүйеле-рiн құру және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында
e-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұ-рылымын
қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды
қамтамасыз ету.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.
2. Салық Кодексі. Алматы 2004ж.
3.
«Республикалық және
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы
5. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.
6. www.google.kz