Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 11:06, курсовая работа
Соңғы он жылдықта адам дамуының тұжырымдамасы бүкіл дүние жүзіндегі саясаткерлер мен түрлі деңгейлердегі жетекшілер, академиялық жұртшылық, азаматтық қоғам, бизнес-құрылымдары мен халықаралық ұйымдар арасында кеңінен танымал болды. Адам дамуының тұжырымдамасы тек зерттеу объектісі ғана емес , сонымен бірге елді басқарудағы практикалық қолданылатын әдісте болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................3
I I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМИ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................5
1.1 Адами даму тұжырымдамасының мәні мен мазмұны...................5
1.2. Адами даму тұжырымдамасының Қазақстанда таралуы...............9
II. АДАМИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ.............................................................................11
2.1. Экономикалық өсу мен адами дамуыдың өзара байланысы..11
2.2.Тиімді басқару және адами дамуы.................................................14
2.3. Адами дамуының өзге аспекттері..................................................17
III АДАМИ ДАМУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.......................................................................................18
3.1.Халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы өлшемі ретінде-адамзат дамуының индексін талдау.......................................................................................................18
3.2 Қазақстан Республикасында адам капиталын өсіруді қаржымен қамтамасыз етумәселелері.....................................................................23
.
Қорытынды...........................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................32
5
Кіріспе.......................
I I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМИ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Адами даму тұжырымдамасының мәні мен мазмұны...................5
1.2. Адами даму тұжырымдамасының Қазақстанда таралуы...............9
II. АДАМИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТТЕРІ.................
2.1. Экономикалық өсу мен адами дамуыдың өзара байланысы..11
2.2.Тиімді басқару және адами дамуы.........................
2.3. Адами дамуының өзге аспекттері....................
III АДАМИ ДАМУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................
3.1.Халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы өлшемі ретінде-адамзат дамуының индексін талдау........................
3.2 Қазақстан Республикасында адам капиталын өсіруді қаржымен қамтамасыз етумәселелері.................
.
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Соңғы он жылдықта адам дамуының тұжырымдамасы бүкіл дүние жүзіндегі саясаткерлер мен түрлі деңгейлердегі жетекшілер, академиялық жұртшылық, азаматтық қоғам, бизнес-құрылымдары мен халықаралық ұйымдар арасында кеңінен танымал болды. Адам дамуының тұжырымдамасы тек зерттеу объектісі ғана емес , сонымен бірге елді басқарудағы практикалық қолданылатын әдісте болып табылады.
“Ұлттың нағыз байлығы- оның адамдары. Дамудың мақсаты адамдардың ұзақ салауатты және шығармашылық өмір сүрулері үшін қолайлы орта жасаумен түйінделеді. Осы қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқат материялдық және қаржы жөніндегі әл-ауқатқа қол жеткізу үдерісінде жиі ұмытылады.”
Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқықтарын іске асыру адами капиталдың өсуін қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы – әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады.
Сол себепті қоғамның барлық мүшелері мен оның әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсуде, жоғарыда айтылғандай, аталған бағыттағы мемлекет саясатын жетілдіру жолдарын анықтау мен оларды жүзеге асыру ғылыми тұрғыдан дәлелдеулерге зәру екендігі айқын. Осы орайда мемлекет әлеуметтік саясатын тұтастай әрі тиімді дамытуға қол жеткізуі үшін оның негізгі буыны – халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің қажеттілігі күмән туғызбайды. Сондықтан, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуда оның әлеуметтік және экономикалық астарларын қарастыруға да ғылыми тұжырымдама қажет-ақ.
Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.Адами капиталдың өсуін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.
Адами капиталдың өсуін қаржымен қамтамасыз ету негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген.
Адам дамуының мемлекеттің саяси жүйесінің жұмыс істеуімен өзара байланысы адам әулетінің негізгі элементтерінің рынок дәрменсіздігі салаларында қалыптасуынан туындайды.Жоқшылық ауқымдарын тұрақты азайту үшін экономикалық өсу мен оның игіліктерін әділ бөлу жеткіліксіз, сонымен бірге тұрмысы төмен халықтың қолында саяси биліктің болуы да қажет. Адам әлеуетінің даму саласындағы мақсаттармен ұштасатын осы нәтижеге жетудің ең жақсы тәсілі қоғамының барлық деңгейлерінде демократиялық басқарудың мықты және тамырын тереңге жайған нысандарын жасау болып табылады.
I I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМИ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Адами даму тұжырымдамасының мәні мен мазмұны
Кейбір жағдайларда адам әлеуетінің дамуы ретінде тәржімаланатын адам дамуы дегеніміз- адамдарды анағұрлым кең тұрғыдағы таңдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету үрдісі. Сайып келгенде, осы таңдау шексіз болу және уақыт бойынша өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ дамуыдың қай деңгейінде де адам дамуының басты аспектісі ұзақ және ауру-сырқаусыз ғұмыр, білім алу және лайықты тұрмыс деңгейі үшін қажет ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Егер негізгі осы таңтауға қол жетпесе, адамның өзге мүмкіндіктерге шамасы келмейді.
Алайда адам дамуы мұнұмен шектелмейді. Қосымша аспекттер саяси, экономикалық және әлеуметтік еркіндіктен адамның жасау мен өніру мүмкіндіктеріне һ, дербес қадір-қасиет сезімі мен кепілденген адам құқығын иеленуге қарай өзгеріп отырады.
Тұжырымдама адам дамуының екі жағын даралайды. Біріншісі адамның денсаулығыни жақсарту мен білімін жетілдіру сияқты адам өабілетін қалыптастыруды қараса, ал екіншісі осы қабілкттерді жұмыс,бос уақыт немесе мәдени,әлеуметтік және саяси қызмет үшән пайдалануды қамтиды. Адпам дамуының деңгейі осы екі жақтың балансын қамтамасыз етпеген жағдайда, адамның өз өміріне көңілі толмауы мүмкін.
Адам дамуының тұжырымдамасы даму және ілгерілеу тәсілдеріне қарағанды, нәтижелерге көбірек негізделеді. Адам дамуының негізгі мақсаты- адамдардың салауатты және жасампаз тіршіліктен біршама ұзақ уақыт бойы ләззәт алуына мүмкіндік жасайтын саяси, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық лайықты қорша құру.
Экономикалық дамудағы адам рөлін қарау жөнінде экономикалық теорияның классиктері сонау заманда-ақ алашқы талпыныстар жасаған. Мәселен, А.Смит пен оның ізбасарлары адамды қоғам байлығының көзі ретінде ғана емес,сонымен бірге қоғамдық байлықтың бөлігі деп те есептеген.
Адамды қоғамдық өндірістің мақсаты ретінде тануды өзге мектеп өкілдерінің туындыларынан да кездестіруге болады. Маржиналисттік бағыттың ақтастары, мәселен, шекті пайдалылық теориясының негізгі ережелерін тұжырымдау арқылы тұтыну ұстанымының теориясын тұспа-тұс жақындады.
Экономикадағы неокласикалық бағыттың негізін қалацушылардың бірі А.Маршалл байлық жинауды адамның дамуымен тікелей сабақтастырды. Ол былай деген:” Байлықты өндіру – адам тіршілігін ұстаудың, оның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дене, ақыл-ой және рухани күштерін дамытудың құралы ғана. Ал адамның өзі-осы байлықты өндіретін негізгі құрал және ол байлықтың түпкі мақсаты болып қызмет атқарады.....”
Ұзақ уақытқа созылған осы кезең аралығында экономикалық ой-пікір жалпы материялдық жинқтау саласында жүріп жатқан үдерістердің ықпалында болып келеді. Капиталдың қорлануы мен материялдық-заттыұ факторлар прогестің әмбебап және айқындаушы факторлары ретінде қаралды. Алайда дәл сол материялдық байлықтың өсу көздеріне факторлық талдау жасау экономикадағы адам рөліне жаңаша қарауды туындатты.
Адам дамуы тұжырымдамасының алдыңғы өзге теориялармен байланысына қарамастан,оның негізі қоғамдық практиканың өзі болғандығын атап көрсеткен жөн. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспекттері үлкен маңызға ие болғандары соншалық,олар саяси құрылымдардың бағдарламалық нұсқамаларының ажырамас бөлігіне және көптеген елдердің экономикалық даму үлгілерінің, соның ішінде швед үлгісінің әлеуметтік бағдарланғангерманияның,жаңа индустриялы елдердің(Жапония,Корея,Тайвань т.б.) үлгілерінің діңгегіне айналды.
Өкінішке орай адам дамуы тұжырымдамасын аталған теориялармен бейнелейді,ол осы тұжырымдаманы жаңсақ түйсінуге ұрұндырады. Төменде келтірілген кесте, негізгі экономикалық теориялары мен адам дамуы тұжырымдамасы арасындағы айырмашылықты айқын түсіндіріп береді.
1-кесте Негізгі экономикалық теориялардың адам дамуы тұжырымдамсынан айырмасы.
Экономикалық өсу теориясы | ЖІӨ өсімі қажет бірақ адам дамуы үшін ол жеткіліксіз. Кейбір қоғамдарда қажетті қосымша шаралар қабылдамайынша, ЖІӨ жылдам өсуіне немесе халақтың жан басына шаққандағы табысының жоғары деңгейіне қарамастан, адам әулетінің дамуындағы прогресс мардымсыз болуы мүмкін. |
Адам капиталы теориясы | Адам капиталы мен адам ресурстарының даму теориялары адамды даму мақсаты ретінде емес, ал соның құралы есебінде қарайды. Олар негізінен дамудың ресурстық жағын қозғайды,Ондай дамуда адам тауар өндірісін қолдаудың құралы болып табылады.Әрине, осы теориялар мен адам дамуы арасында адамның бүкіл өндірісте әрекет жасаушы тұлға болып болып бой көрсететіні жөнінде байланыс бар. Алайда,адам-өндірістің жай құралына қарағанда анағұрлым үлкен құбұлыс.Сондай-ақғ адам- осы үдерістің және бенефициарииі. Сондықтан адам капиталының тұжырымдамасы адам дамуының барлық қырын емес, тек бір бөлігін ғана қамтиды. |
Әл-ауқат тұжырымдамасы | Халықтың әл-ауқаты көзқарасы тұрғысындағы тәсілдер адамды осы үдерістің белсенді қатысушысы ретінде емес, негізінен даму бенефициарииі есебінде қарайды. Олар өндіріс құрылымына қарағанда бөлу саясатына көбірек көңіл бөледі. |
Базалық мұқтаждар тұжырымдамасы | “Базалық мұқтаждар” тұжырымдамасы негізіне кедей тұрмысты халыққа қажет тауарлар мен қызмет көрсету көлеміне көңіл бөледі, олар:тамақ, баспана, киім, денсаулық сақтау және су. Тұжырымдама адамға таңдау беруге емес, осы тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынуға жұмылдырылған. |
Адам дамуы тұжырымдамасы | Адам дамуы,осы теорияларға қарама -қарсы, өндіріс пен бөлуді, сондай-ақ адам қабілеттерін кеңейту мен пайдалануды біріктіреді. |
Адам дамуы тұжырымдамасы дамудың барлық қырларын, мейлі ол экономикалық өсу немесе халықаралық сауда,бюджеттің тапшылығы немесе ақша саясаты, жинақтау не инвеститциялау, тезнологиялар, негізгі әлеуметтік қызметтер немесе кедей тұрмыстылар үшін әлеуметтік қамсыздандыру болсын, түгел қамтиды. Осылардың бірде- біреуі даму аясының шеңберінен шықпайды, бірақ оның басымдығы мынада, ол адам таңдауын ұлғайту мен оның өмірін байытуға бағытталған.
Адам дамуының тұжырымдамасының кейбір аспекттері бойынша біршама кең тараған келісім бар,олар:
1. Даму адамдарды өз мақсаттарының ортасына қоюы тиіс.
2. Дамудың мақсаты табысты ұлғайтумен ғана шектелмейді, сонымен бірге ол адам таңдауын кеңейтуді де қамтиды.
3. Адам дамуы адам таңдауын кеңейту үдерісін, сондай-ақ мүмкіндіктерді толық шамада пайдалануды көрсетеді.
4. Адам дамуы негізгі төрт тірекке сүйенеді, олар: мүмкіндіктердің теңдігі, орнықтылығы, өнімділігі мен кеңейтілуі. Даму экономикалық өсуді негізгі көрсеткіш ретінде қарайды, бірақ өз зейінін экономикалық өсудің сапасы мен бөлінуіне жұмылдырып, оның адамдар үшін маңызына егжей-тегжейлі талдау жасайда және оның орнықтылығы туралы мәселе қояды.
5. Адам дамуы тұжырымдамасы даму мақсаттарын белгілейді және сол мақсаттарға жетудің орынды жолдарын талдайды.
Адам өмірінің барлық құбылыстарында адамдарды анағұрлым кең таңдаумен қамтамасыздандыру үдерісі ретінде адам дамуына анықтама беру статистикалық көрсеткіштердің жан-жақты және көп тармақты жүйесін белгілейді, жүйе сол үдерісті бағалау мен талдауға мүмкіндік туғызады.
Алдыңғы параграфта қаралған адам дамуы тұжырымдамасы талдауының нәтижелеріне сүйене отырып, адам дамуын көрсететін статистикалық көрсеткіштердің жалпы жіктелімі үш топ арқылы ұсынылуы мүмкін.
2-кесте. Адам дамуының көрсеткіштері
Адам дамуына интегралды баға беретіндер | -адам дамуы индексі (АДИ) -гендерлік факторды есептегендегі даму индексі (ГФДИ) -әйел мүмкіндіктерін кеңейту көрсеткіші (ӘМКК) -халықтың жоқшылық индексі (ХЖИ-1 және ХЖИ-2) |
Адам дамуына интегралды баға берудің негізгі қараушыларын сипаттайтындар | -туған кездегі болжалды өмір сүру ұзақтығын;халықтың өлім-жітімін;халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін сипаттайтындар; -халыұтың білім деңгейімен білім жүйесіне сипаттама беретіндер; -өндірісті, халықтың жан басына шаққандағы табыстарды бөлу мен пайдалануды, табыстардағы теңсіздіктерді, табыстар бойынша кедейлікті сипаттайтында. |
Адам дамуының өзге аспекттерін сипаттайтындар | -демографиялық дамуды; -еңбек ресурстарын, жұмыспен қамтылуды, жұмыссыздықты, әлеуметтік көмекті; -әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалын; -тұрғын үй м ен комуникацияларды сипаттайтын; -қоғамдық еркіндіктерді: сөз, іс-әрекеттер, саяси үдерістерге қатысу бостандығын; -кенттендіру, табиғи ресурстарды пайдалану мен энергия тұтыну үдерістерін; -қоршаған ортаны пайдалануды, оның ықпалымен қорғалуын; -әлеуметтік саладағы инвеститцияларды, көмек ағымдарын, ресурстардың тұсімдерін, сәйкесіздіктерді; -адам дамуы көз қарасы тұрғысынан ұлттық шоттарды. |
Адам даму тұжырымдамасы адамдамуының екі қырын даралайды: біріншісі денсаулық пен білімді жақсарту сияқты адам қабілеттерін қалыптастыруды, ал екіншісі осы қабілеттерді жұмыс пен бос уақыт үшін пайдалануды қарайды.
1.2. Адами даму тұжырымдамасының Қазақстанда таралуы.
Республикада адам дамуы тұжырымдамасына ынта білдіру БҰҰ Даму бағдарламасы мемлекетте адам дамуы туралы бірінші Ұлттық есепті даярлаған 1995 жылдан көріне бастады.
1995 жылғы Қазақстандағы адам дамуы туралы бірінші Ұлттық есеп бұрынғы кеңестік кеңістіктегі республикалардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымындағы жаһандық өзгерістер кезеңінде шықты. Сондықтан есептің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан тәелсіздік алған күннен бергі өзгерістерді талдау, оның тарихы және елдің қалыптасуының әр түрлі сатыларындағы адам дамуына баға беру болып табылады.
Еліміздің “Қазақстан – 2030” ұзақ мерзімді даму Стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында, нарықтық экономика базасында экономикалық өсумен, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен , осы заманғы инфрақұрылымды дамытумен және кәсіби үкіметпен бірге “Қазақстан азаматтарының денсаулықтары , білім алулары мен есендіктері” , яғни адам дамуының негізгі құраушылары аталады.
Содан бері президенттің халыққа жыл сайынғы жолдауларында халықтың қажеттіліктері мен адам дамуына басым назар аударылады, соның ішінде негізгі демократиялық үдерістерді күшейту, халықтың шешімдер қабылдауға қатысулары мен шынайы адам дамуының басты алғышарттары – азаматтық еркіндіктер беру жөніндегі міндеттер мен іс- әрекеттер белгіленеді. Мәселен, Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылғы Қазақстан халқына “Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қарай” Жолдауында экономикалық даму , қоғамды одан әрі демократияландыру, ұлттық қауіпсізлік саласындағы міндеттер қозғалады.
2002-2010 жж. АДИ 47 пунктке өсуі негізінен халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндірісінің өсуіне байланысты, ал халықтың білімділігінің біршама тұрақты көрсеткіші кезіндегі болжалды өмір сүру ұзақтығы қазірге дейін АДИ жоғарылануының тежеуші факторы болып табылады. Төменде келтірілген 3-кесте көрсеткіштердің прогресс немесе себептерін аша отырып, Қазақстандағы адам дамуы динамикасын жетік көрсетеді.
3-кесте Адам дамуының итегралды көрсеткіштерін есептеу сызбасы.
Ұзақ және Білім
салауатты
өмір
II. Адами дамудың негізгі компоненттері
2.1. Экономикалық өсу мен адами дамудың өзара байланысы.
Экономикалық өсу- адамзат қоғаманың үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың мәңгі проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру , ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Осы заманғы теория мен практикада экономикалық өсу термині елдің ЖІӨ-нің немесе ЖҰӨ-нің нақты көлемінің ұлғаюын көрсетеді.
Көптеген жылдар бойы экономикалық өсу саясат әзірлеу жөніндегі мамандар мен саяси жетекшілер қолданатын негізгі мақсаттық көрсеткіштердің бірі болып саналып келеді, олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны неғұрлым көп болса, адамдардың тұрмыс деңгейі де соғұрлым арта түседі деген терең тамыр жайып қалыптасқан көзқарасқа сүйенді, және мұндай тәсіл ең озық тәсіл деген пікірді ұстанды.
Бұрын айтылғандай, адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың дәстүрлі теориясынан анағұрлым ауқымды. Экономикалық өсудің дәстүрлі әдістері адам тұрмысының сапасын арттырумен емес, ал ЖІӨ ұлғайтумен байланысты. Адам ресурстары дамуының тұжырымдамасы негізінен адам рөліне өндіріс үдерісіндегі факторлардың бірі ретінде қарайды, оны түпкі мақсаттан гөрі, құрал есебінде анықтайды. Әл –ауқат тұжырымдамасында адам даму үдерісіндегі өзгерістердің таратушысы емес, ал бенефициариі ретінде қаралады . Базалық мұқтаждарды қанағаттандыру тұжырымдамасы халықтың қолайсыз жағдайлардағы топтарына материалдық тауарлар мен қызмет көрсетулер ұсынуға баса назар аударады да , барлық салаларда адам мүмкіндіктерін ұлғайтуды ұмыт қалдырады .
Осы тәсілдерден адам дамуы тұжырымдамасның айырмасы, ол өндіріс пен тауарлар бөлуді, адам әлеуетін ұлғайту мен пайдалануды біртұтас етіп біріктіреді. Тұжырымдама қоғам дамуындағы барлық мәселелерді- экономикалық өсу, жұмыспен қамтылу , саяси еркіндік немесе адам мүдделерінің көзқарасы тұрғысынан мәдени құндылықтардың талдауын қарастырады.
Осы төжырымдаманың басты жорамалы былай: адам дегеніміз – мақсат , ал экономикалық өсу – құрал, яғни экономикалық өсу мен тұтыну көлемі өзіндік мақсат ретінде емес , ал қоғам дамуының жоғары деңгейіне жетудің құралы есебінде қаралады.
Еңбек қызметі және жұмыспен қамтылу үдерісі экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы жалғаушы көпір ретінде бой көрсетеді. (1- сурет)
4-кесте.Экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы байланыс
Экономикалық өсу адам дамуында негізгі рөль атқарады, бірақ ол ұсынатын жақсартылған әл-ауқатты тұрмыстың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін, экономикалық өсуді дұрыс басқара білу керек. Кейбір елдер өздерінің экономикалық дамуын басқаруда айтарлықтай дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізіп үлгерсе , енді біреулері аз дәрежені місе тұтып отыр. Сонымен , экономика адам дамуының арасында автоматты байланыс жоқ. Ең орында саяси міндеттердің бірі- дамудың әркелкі жағдайларында өсу адам дамуына ұласуы немесе ұласпауы мүмкін болатын қажетті үдерістерді анықтау.
Экономикалық өсу мен адам дамуы арасында қалаулы байланыс орнатудың төрт тәсілі бар:
1-ші тәсіл білімге, денсаулық сақтауға, кәсіптік даярлыққа инвеститцияларды ұлғайтуды, адам қабілеттерін іске асыруға және оның өндіріс пен игіліктерді негізінен ақылы еңбек арқылы бөлуге қатысуына жәрдемдесуді қамтиды.
2-ші тәсілдің мәні экономикалық өсу мен адамзат дамуының арасында тығыз байланыс орнату үшін шешуші жағдай ұлттық табыс пен байлықты әділ бөлу болуы тиіс екендігімен тұжырымдалады. Табыс пен байлық әркелкі бөлінетін жерлерде, ЖІӨ жоғары қарқынмен өсуі адамдар тұрмысына оң әсер етпейді.
3-ші тәсіл кейбір елдердің тіпті экономикалық өсу мен дұрыс бөлу орын алмаған жағдайда да адам дамуында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгендерін көрсетеді. Олар осындай жетістіктерге мемлекеттік әлеуметтік шығындарды дәл ұйымдастыра білгендерінің арқасында жетті.
4-ші тәсіл – адам мүмкіндіктерінғ әсіресе әйелдер мүмкіндіктерін ұлғайтуды мақсат тұтады,- ол экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы байланысқа жетудің сара жолын көрсетеді. Мүмкіндіктерді ұлғайту адам өмірінің барлық салаларында қатысуы тиіс. Егер адамдар өз таңдауын саяси, қоғамдық және экономикалық салаларда жасауға құқылы болса, онда экономикалық қсудің перспективалары анағұрлым орнықты, баянды болады және адамдардың мүдделерін ескереді.
Кедейшілік және адам дамуы: Кез келген экономикалық жүйеге ілесетін кедейшілік құбылыс ретінде даму деңгейіне байланыссыз әлемнің барлық елдерінде болған және ұқазір де бар. Кедейшілік тек адамдардың тұрмыс деңгейіне ғана ықпал етумен шектелмейді, ол сонымен бірге қоғамның әлеметтік және саяси саладағы өмірлеріне әсерін тигізіп , көпшілік жағдайларда қылмыстың өсуі мен әлеуметтік жанжалдардың тууының себеп көздеріне айналады. Соның салдары ретінде, кедейшілік ауқымдарын азайту міндеті әлемдік барша қоғамдастықтардың алдында тұр.
Жалпы елдің дамуы үшін, сондай-ақ әр адамның әлеуеттік мүмкіндіктерін іске асыру үшін де жағдайлар жасау арқылы қоғамдағы кедейшілік деңгейін азайтуға қол жеткізуге болады. Басқаша айтқанда, кедейшілік проблемасын арылу үшін бірқатар жағдайларды қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда, оған орнықты экономикалық өсу, халықтың өнімді жұмыспен қамтылулары үшін мүмкіндіктерді ұлғайту, мемлекетің әлуметтік саясатының тиімділігі, мемлекетті ұтымды басқару мен қоғамның демократиялық институттарын дамыту жатады. Соның ішінде, бірінші кезекте кедей тұрмысты адамдардың мүдделерін ескеретін кедейшілікпен күресудің ұлттық стратегияларын әзірлеу мен іске асыру – әлемдегі кедейшілік ауқымдарын азайту міндетіне қол жеткізудегі маңызды қадам болып табылады.
Зейнетақы реформасы және адам дамуы:Әлуметтік қорғау жүйесінің бір саласы бола отырып, зейнетақы мен қамсыздандыру жәрдемақы алатындарға да,сондай ақ уақыты келегенде оны алатынын білетіндерге де қауіпсіздік сезімін дарытады.
Халықтың қартаюы және оның адам дамуына ықпалы: Халықтың қартаюы немесе демографиялық қартаю халықтың жалпы санында егде тартқаг адамдар үлесінің көбеюін білдіреді. Қартаю себептері – халықтың ұдайы толықтырылу сипатындағы ұзақ өзгерістер.
Егде жастағы адамдар үлесінің ұлғаюы экономикалық белсенді халыққы зейнеткерлік жүктемені өсіреді, әлеуметтік қамсыздандыру мен медициналық қызмет көрсетулерді кеңейту қажеттілігін туындатады.
2.2.Тиімді басқару және адами дамуы.
Рынок жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы үлгілік шаралардың жүйесін көрсетеді, оларды өзгермелі жағдайларға тұрақтандыру және бейімдеуді құқықтық мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады.мемлекет нарықтық жүйе жағдайларында экономиканың институционалдық- құқықтық құрылымын қамтамасыз етуі және нарықтағы сәтсіздіктерді толықтыруы тиіс, оны қоғамдық игіліктерді өндірумен,экономикалық қызметтің жанама нәтижесінен қоғамды қорғаумен, табыстар теңсіздігінің әлеуметтік салдарларын түзетумен және экономикалық өсуді қолдаумен байланыстырады. Адам дамуы мақсатында реттелуші база жасау қоғамдық сектор саясатының дәстүрлі құралдарын тек тиімділік тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге адам дамуының критерийлеріне сәкес пайдалануды ұйғарады.
Басқару ( Governance)-қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік ресурстарды бөлу мен падалану жөнінде қоғам сол арқылы шешімдер қабылдайтын және іске асыратын рәсім, немесе дәләрек айтқанда, рәсімдер жиынтығы. Сонымен басқару дегеніміз оң немесе теріс мағынаға ие емес бейтарап термин болып табылады.
Демократиялық басқарудың қажеттілігі туралы әңгіме жиә айтылады. Мұндай қажеттілік неден туындайды? Әлем елдеріндегі демократяның қалаулы жеңісі үшін бірнеше себептер бар.
Демократиялық басқару дамудың оң кезеңін ынталандыра алады, өйткені саяси еркіндік әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерді ұлғайтатын бағдарламаларды қабылдауға адамдардың қол жеткізулеріне мүмкіндік туғызады, ал ашық талқылау қоғамдастықтарға басымдықтарды қалыптастыруға көмектеседі. Еркін баспасөз бен белсенді азаматтық қоғам бағдарламаларды талқылау мен қабылдауға қатысуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Демократиялық басқарк- өзіндік құны бар жетістік. Сонымен бірге ол үш себепке қарай, адам әлеуетінің дамуын да ынталандыра алады. Біріншіден, саяси еркіндіктер мен адам өмірін айқындайтын шешімдеоге қатысу мүмкіндігі-адам негізгі құқықтары: олар адам әлуеті дамуының өзәндік құнды элементтері болып табылады.
Екіншіден, демократия халықты экономикалық және саями апаттардан, мәселен, аштықтан немесе жүгенсіздіктерден қорғауға көмектеседі. Бұл- үлкен жетістік.
Үшіншіден, басқарудың демократиялық нысанын енгізу “дамудың тізбекті реакциясын” іске асыруы мүмкін, өйткені саяси еркіндік халыққыа әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайтатын саяси бағдарды жүзеге асыруды талап етулеріне мүмкіндік береді, ал ашық талқылаулар қоғамдастықьарға өздерінің басымдықтарын белгілеуге көмектеседі.
Әкімшілік-әміршіл орталықтандырылған экономика мен тоталитарлық саяси режимдерден нарықтық экономикаға және демократиялық құқықтық мемлекеттікке көшу, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды шушуге бағытталған іс-әректтердің кең спектрлерін жүзеге асыратын институт ретіндегі мемлекеттің рөлі мен қызметін түбегейлі өзгертуді талап етті. Өзгерістердің бастапқы кезеңінде мынадай аңғал түсінік құлаг жайды, ол түсінік бойынша қалыптасушы нарықтық қатынастарға “алаңда тазарту” үшін ең алдыменэкономикалық қатынастарға мемлекеттің араласуын шектеу мемлекеттік реформасының өтпелі кезеңдегі негізгі доминантасы (үстем идея, басым идея) болып табылады деп есептелінді.
Практика, алайда, осы түсініктерге елеулі түзетулер енгізді. XX ғасырдың 90-шы жылдарына қарай осы тәсілдің тым қарабайыр және өзгеру үстіндегі қоғамдардың қажеттіліктеріне лайықсыз екендігіне көз жетті.
Мемлекеттің барлық саяси, экономикалық, заңдық әрекеттері-салықтар, субвенциялар (жәрдем қаржылар), дотациялар ( демеу қаржылар), бюджеттік, ақша-несие саясаты, зейнетақв мен қамсыздандыру және т.б.- адам дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан кез келген даму деңгейіндегі үкімет елде кездесетін проблемаларға аралссыз қалуы тиіс емес және олай ете алмайды. Тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік басқару жүйесі түпкі нәтижеде адам дамуы үшін қажетті алғы шарттар жасайды. Оның үстіне, үкімет өз азаматтарының аман-саулығы үшін жауапкершілік көтеруі тиіс. Оған мысал-АДИ бойынша жоғары ретингке ие жоғары дамыған скандинавиялық елдер.
Мемлекеттің рөлін және даму барысындағы оның қызметтерін қайта пайымдау өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Оған әлемдік дамудағы мемлекеттің рөліне тікелей арналған Дүниежүзілік банкттің баяндамасы көрнекі дәлел бола алады. Осы баяндама халақаралық жұртшылық арасында біршама серпіліс туындатты, өйткені Дүниежүзілік банк мемлекеттің рөлі туралы өз пікірін өзгертті. Бұрын мемлекет араласуын қажетсіз және тіпті зиянды деп таныған ол, екі көзқарасты көрсетеді: мемлекетсіз даму және мемлекеттің көмекші рөлі. Олар өз ара айтарлықтай жақын және бірін –бірі толықтырып отырады.
Адам дамуы мақсаттарында экономикалық саясат жүргізу қоғамдық таңтауға сәйкес бағдарларды белгілеуді және қоғамдық сектор саясатының дәстүрлі құралдарын (салықтар, шығындар, бюджет, субвенциялар )тек экономикалық тиімділік ұстанымы тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге адам дамуы критерийлеріне сәкес пайдалануды ұйғарады. Адам дамуы ұстанымы тұрғысынан салыұтардың басты оң салдарлары табыстарды анағұрлым әділ қайта бөлуге қол жеткізу мен, сондай-ақ адам дамуы ұстанымы тұрғысынан басым салалар, қызмет салалары және аймақтар бойынша артықшылықтар жасау үшін ресурстарды қайта бөлумен тұжырымдалады. Адам дамуы мақсаттарында шығындар саясатының қалыптастыру кезінде қоғаимдық швғвндврдың болжалды нәтижесін нақты бағалай білу маңызды. Адам дамуы тұжырымдамасын іске асырудағы бюджеттің мәні мынаған байланысты, ол қоғамдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді қалыптастыру үшін қаражаттарды шоғырландырудың нақты құралы болып табылады. Оның үстіне, демократиялық рәсім ретінде бюджетті қабылдау азаматтардың елдің басты қаржы жоспарын даярлауға қатысуларымен бірге, оның орындалуына бақылау жасауларын да көздейді.
Адам әлеуетінің даму көзқарасы тұрғысынан тиімді басқарк дегеніміз – демократиялық басқару, ол адам құқықтарын сақтауды,адамдардың шешімдер қабылдауға қатысуларын, халақтың алдында есеп берушулугун, нормалардың әділдігі мен инклюзивтілігін, кез келген белгі бойынша кемсітушіліктің болмауын,ағымдағы саясатта болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескеруді, экономикалық және әлеуметтік саясаттың жоқшылықты түбірімен жоюға және таңдау мүмкіндіктерін ұлғайтуға нысаналылығын ұйғарады.
Адам дамуы міндеттерін шешу мемлекеттің тікелей айрықша құзыреті және міндеті болып табылмайды.
Мемлекеттік басқару жүйесі – мемлекет дамуының шешкші факторы. Мемлекеттік басқару идеалында саяси сала мен қоғам арасындағы көпір қызметін атқару , қоғамдық мүдделерді саяси шешімдер қабылданатын салаға қызу бағыттап отыруы тиіс.
2.3. Адами дамуының өзге аспекттері.
Адам дамуы тұжарамдамсының әні мен мағынасын анықтайтын қзекті элементтердің бірі мемлекет, қоғам жіне тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Бір аңғарта кететін жайт, халықаралық қабылданған адам дамуы индексінің (АДИ)төрт көрсеткішінің екуі – ересек халықтың арасындағы сауаттылық пен 6-24 жастағы оқушылырдың жиынтық үлесі елдің білім деңгейін сипаттайды.
Білім және адам дамуы: Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш рөлін тану адам капиталы теориясының негін құрады, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарттары және аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Халықаралық қоғамдастық білімнің адам дамуындағы лайықты рөлін қамтамасыз ету жолымен проблемаларды шешу стртегиясын жасады. Ол – “Баршаға бірдей білім” стратегиясы.
Тұтас алғанда, республикадағы білім беру реформалары адам дамуының негізгі принциптеріне сай болды. Алдағы уақытта көпшілік елдер үшін өзекті мәселе – білімнің мүмкіндігі мен сапасын біріктіру мәселесі ең маңызды проблемаға айналды.
Денсаулық және адам дамуы: Адамның басты құқығы – өмір сүру құқығығ бірақ осы өмірді қалай сүруде нақты таңдауға қол жеткізу үшін адамның ұзақ мерзімді физикалық және психикалық денсаулығы болуы тиіс. Адам әлеуетінің жан-жақты дамуы үшін бір физикалық ұзақ жасаудың жеткіліксіз екендігі айқын. Адам дамуының тұжырымдамасы ұзақ жасауды ұзақ және салауатты өмір сүру қабілеті ретінде түсіндіреді.
Әлеуметтік қорғау және адам дамуы: Адам жөнінде өсуі , оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ табалдырығында адам капиталының рөлі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарды.
III АДАМИ ДАМУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
3.1.Халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы өлшемі ретінде-адамзат дамуының индексін талдау.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды.
Мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, қоғамның әлеуметтік ахуалын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, олардың өмір сүру сапасы мен өмір сүру деңгейі көрсеткіштерін арттыру, тұрғындарды жұмыспен қамти отырып, кедейшілік проблемасын шешу және ұлттық қауіпсіздік тұрғысында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты өзекті әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді кешенді түрде қарастыру, оларды шешу жолдарын табу қазіргі жаһандану жағдайында ғаламдық сипаттағы мәселелер болып отыр.
БҰҰ Даму бағдарламасының сарапшылар тобы әзірлеген адам дамуының тұжырымдамалық тәсілдемесі (ағылшынша human development, сондай-ақ ағылшын тілінен «адам әлеуетін дамыту» ретінде аударылатын), алғаш рет бірінші бүкіл дүниежүзілік 1990 жылғы адамның дамуы туралы баяндамада жарияланды. Бұл баяндамада адамның дамуы «адамның таңдауын кеңейту процесі қалай болса, адамдардың әл-ауқатының жеткен деңгейі де солай» деген тұрғыда анықталды. Мұндай таңдаулардың біреуі ғана табыс болып табылады, бірақ денсаулықтың, білімнің, тұратын ортасының, іс-әрекет еркіндігі мен сөз бостандығының да маңыздылығы кем емес. Баяндама әлеуметтік-экономикалық прогресті: күтілетін өмір сүру ұзақтығын, ересек тұрғындардың білім алу деңгейі мен табысын өзіне біріктіретін адам дамуының индексін (АДИ) өлшеу үшін жаңа аспапты берді. Адам дамуының мұндай анықтамасы адам дамуын бағалауға және талдауға мүмкіндік туғызатын cтратегиялық көрсеткіштердің кең және тармақтанған жүйесін алдын ала айқындайды. Адамның дамуын көрсететін стратегиялық көрсеткіштердің жалпы жіктелуі көрсеткіштердің мынадай үш тобымен берілуі мүмкін: Адам дамуының жалпы бағасын беретін интегралдық көрсеткіштер, адам дамуының негізгі интегралдық құрамдауыштарын сипаттайтын базалық көрсеткіштер, адам дамуының өзге де аспектілерін сипаттайтын басқа көрсеткіштер, адам дамуының базалық және интегралдық көрсеткіштері. Адам дамуының базалық көрсеткіштері адам дамуының үш негізгі компонентіне – көп жасау, білімділік және тұрмыс деңгейіне сәйкес келеді .
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Оны төмендегідей көрсеткіштермен, яғни жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алуы, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анықтады. Егер осылардың барлығын топтастырсақ, онда негізгі көрсеткіштер – экономика, денсаулық сақтау, білім беру болады.
Кез келген қоғамды дамытудың мақсатының бірі – адамдардың өміріне қатысты ұзақ, сау, мықты және материалдық жағынан ауқатты өмір сүру жағдайын қалыптастыру. Тұрғындардың өмір сүру деңгейінің өзгеру тенденциясына талдау жасай отырып, осы міндеттердің қоғамды қаншалықты тиімді шешімін тапқанын айқын байқауға болады. Халықтың әлеуметтік жағдайының жоғары көрсеткіші, тіршілік ету деңгейінің жоғары болуы, яғни әлеуметтік саланың жақсаруы кезкелген мемлекеттің мықтылығын білдіреді. Әлеуметтік саясат дегенде «өмір сапасы» мен «өмір сүру деңгейі» ұғымдары қатар жүретіні белгілі. «Өмір сүру сапасы» көп қырлы ұғым. Бұл – мемлекеттің өз азаматтарының дамуын қамтамасыз ететін нақты, белгілі бір жағдайлардың толыққанды кешені немесе жиынтығы. Өмір сүру сапасы, бірінші кезекте адамдардың тек қана тамақтануы, киім-кешек, тұрғын үй, мүлігі мен өмірінің қауіпсіздігі сияқты бастапқы қажеттіліктерін ғана қанағаттандыру мүмкіндігін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар азаматтардың маңызды да салмақты мемлекеттік шешімдерді қабылдауда қатынасуына, олардың рухани және шығармашылық дамуына, әлемдік мәдениет игіліктеріне араласуына, толыққанды демалуына кең мүмкіндіктерінің болуын да айқындайтынын ескере кеткен жөн.
Отандық экономист, ғалым Г. Исмагулованың көзқарасынша, өмір сүру сапасы бойынша қазіргі кезде мемлекеттерді 3 топқа бөлуге болады. Біріншісіне азаматтардың бастапқы ғана қажеттіліктерін, яғни азық-түлікпен қамтамасыз ету, киім-кешекпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғындарының аздап болса да қауіпсіз жағдайда өмір сүруін барынша қамтамасыз ете алатын кедей мемлекеттерді жатқызу; екіншісіне бірінші топқа жататын елдердің міндеттеріне қолы жеткен, енді нарықты әртүрлі материалдық игіліктермен толтыру қажеттілігін қанағаттандыруға талпынатын дамушы елдерді жатқызуға болады. Ал, үшіншісіне азаматтардың демократиялық құқықтары толығымен жүзеге асып жатқан және олардың рухани дамуы үшін ең жақсы жағдайды қамтамасыз етіп отырған дамыған елдерді жатқызады. Келтірілген жіктеу бойынша Қазақстанды екінші топқа жататын елдер қатарына кіргізуге толық негіз бар
Ресей зерттеушісі Н.Волгиннің пікірі бойынша «өмір сүру деңгейі» - тарихи қалыптасқан әлеуметтік тұтыну нормативтері салыстырмасында материалдық және рухани игіліктерді тұтыну деңгейі. БҰҰ құжаттарында өмір сүру деңгейі уақыт бірлігінде қолданылатын тауарлар мен қызметтер көптігімен қамтамасыз етілген халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын деңгей ретінде анықталады .
«Өмір сапасы» деген мәтін тұңғыш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдарының аяғында батыстың қоғамдық ғылымында бой көтерді. Мұның өзі әуеліде қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына кереғар құбылыс тәрізденіп те көрінді. Дамудың жаңа тұжырымдамасы материалдық игіліктер барынша әділ бөлінетін, қоғамдық билік жеке тұлғалардың ғана емес, тұтас қоғамның талаптарына жауап беретіндей деңгейдегі өмір сапасына қол жеткізуді көздеді. Өмір сапасы теориясын алға тартқан Дж.Гэлбрейт адамның өмірлік қаракет-қимылы тек тұтынушылығымен, тапқан табысымен ғана бағалануға тиіс емес деп санайды. Өмір сапасы адам тұрмысының бар қырын кең ауқымда қамтып, оның барлық саласына тарайды, сөйтіп жұрттың материалдық және рухани игілікке деген сұранымын қанағаттандырып, тұрмыс жағдайының жайлылығын, жарасымдылығын қамтамасыз етіп, бүгінгі өскелең талаптарға сәйкес орайластырады. Былайша айтқанда, өмір сапасы дегеніміз адамдардың қаншалықты жақсы тұратыны жөніндегі жалпылама түсінік. Оны «жоғары», «орташа», «қанағаттанарлық», «төмен», «қанағаттанғысыз» деп жіктеп, сол арқылы тұрмыс деңгейіне баға береді. Бұл көбіне сөзбен ғана емес, деректі цифрлармен көрсетіледі.
Өмір сүру деңгейі мен өмір сүру сапасының анықтамасының даму тарихын зерделеп қарайтын болсақ, «өмір сүру деңгейі», «халықтың әл - ауқаты», «өмір сүру салты», «өмір сүру сапасы» сияқты және де басқа да ұғымдар тұрғындардың әл-ауқатын айқындау үшін қолданылатынын айта кеткен жөн.
БҰҰ Даму бағдарламасы «Халықтың нақты байлығы: адамның даму жолдары» атты адам дамуы туралы 2010 жылға арналған баяндаманың 20-шы мүшелтойлық шығарылымын сыйға тартады.
«Қазақстандағы адамның 2010 жылғы даму индексі 0,714 тең, республика адам дамуының деңгейі жоғары санатындағы елдердің қатарында тұр және 169 елдің ішінде 66-орынды алады» - деп хабарлады Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің көмекшісі, Тиімді басқару және аймақтық даму департаментінің басшысы Екатерина Паниклова.
"Былтырғы есеппен салыстырғанда (82-орын) Қазақстан 16 баспалдаққа көтерілді. Бұл жерде құрастырушылар кейбір елдер бойынша деректерді таба алмағанын, сондықтан олардың жалпы тізімге енбей қалғанын ескеру керек. Сонымен, егер жалпы тізімде 182 ел болса, қазір олардың саны 169» - деп атап өтті ҚР Статистика агенттігінің хатшысы, БҰҰДБ адам дамуы жөніндегі ұлттық сарапшысы Юрий Шоқаманов.
Адам дамуы туралы баяндама адам өмірінің түрлі аспектілерімен байланысты ақпараттық және талдамалық материалдардың кең ауқымы үшін негіз салды. Бірақ ІЖӨ сияқты жай цифрлы деректерді кесте массаларымен (және соңғысына ІЖӨ өрескел көрсеткішінің жайлылығы жетіспейді. Сондықтан ІЖӨ қарсы салмақ ретінде басқа жай көрсеткіш – өмір сүру ұзақтығына, негізгі білім беру және ең аз табысқа шоғырланатын Адами әлеуеттің даму индексі (АӘДИ) жасалды. АӘДИ күтуді ақтады: ол ІЖӨ ұқсас жай индикатор сияқты жұмыс істейді, бірақ ІЖӨ айырмашылығы күтілетінде ақтады: ол тек табыс пен тауарға тұйықталмайды.
2010 баяндамасының басты құндылығы соңғы 40 жыл үшін адам дамуының негізгі құраушысына қатысты үрдісті жүйелі бағалаудан тұрады. Біз маңызды прогресті көріп отырмыз, бірақ, бұл тарихтың барлық элементтері позитивті емес. Зерттеу нәтижелері оның пайда болған уақытынан бергі баяндаманың мынадай екі даулы басты тармақтарын растайды: адам дамуы экономикалық өсуден ерекшеленеді және маңызды қол жеткізілімдер тіпті жылдам өсусіз ақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ біз, теңсіздікті, гендерлік әділдікті және кедейлікті ескере отырып әл-ауқаттың көп жақты аспектілерін қамтуға мүмкіндік беретін үш жаңа индекс ұсынып отырмыз. Олар зерттеу әдістеріндегі және деректердің қол жеткізіліміндегі прогресті көрсетеді.
НӘТИЖЕЛЕР: Қазақстанның 2010 жыл үшін адам дамуының индексі (АДИ) 0.714 тең (адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейдегі елдер санаты), бұл елді адамның даму деңгейі бойынша 169 елдің ішінен 66 орынға қояды.
АДИ, кейбір индикаторлар-компоненттер саяси өзгеріске жауап ретінде бірден өзгермейтіндіктен, уақыттың қысқа кезеңі үшін адам дамуының прогресін бағалауға арналмаған. Орта білімнің жылдардың білім берудің орташа санымен және туған кездегі өмірдің орташа жыл санымен де сол сияқты. Бірақ АДИ прогресін ортамерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективаларда қайта қарау өте маңызды 1990 және 2010 жылдар кезеңі үшін Қазақстан АДИ жылына 0.650 дан бастап 0.714 дейін, 10 % немесе орташа алғанда 0.5% өсті.
Төмендегі кесте Қазақстанның әрбір индикаторы бойынша үдерісті көрсетеді. 1990 – 2010 ж.ж. туылған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 1 жылға дейін төмендеді, сол уақытта оқытудың орташа жыл саны 3 жылға артты және күтілетін оқыту жылдарының саны 3 ІЖӨ жылға ұлғайды. Жан басына шаққандағы Қазақстанның ІЖӨ 33% өсті.
5-кесте. Индикаторлардың жаңа компоненттері мен жаңа әдістемесінің формальды түрдегі уақыттық деректеріне арналған Қазақстан АДИ көрсеткіштерінің тенденциясы
| |||||
| Өмір сүрудің туу кезіндегі күтілетін орташа ұзақтығы | Оқытудың күтілетін ұзақтығы (жыл) | Оқытудың нақты саны | Халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС,АҚШ $ мен) | АДИ индексі |
1990 | 66.7 | 12.5 | 7.7 | 7,676 | 0.650 |
1995 | 63.9 | 12.1 | 8.8 | 4,837 | 0.620 |
2000 | 63.6 | 12.3 | 7.7 | 5,452 | 0.614 |
2005 | 64.8 | 14.9 | 10.1 | 8,479 | 0.696 |
2010 | 65.4 | 15.1 | 10.3 | 10,234 | 0.714 |
2010 жыл үшін Қазақстан АДИ - 0.714 – Еуропа және Орта Азия елдері үшін орташа көрсеткіштен төмен 0.702, Еуропа және Орталық Азия елдері үшін, сондай-ақ жоғары көрсеткішті дамыған елдер үшін 0.717 орташа көрсеткіштен төмен
3.2 Қазақстан Республикасында адам капиталын өсіруді қаржымен қамтамасыз ету мәселелері..
.
Адами капиталды өсіруді қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасы көбінесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар арқылы зерттелінсе де халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің толық тұжырымдамасы әлеуметтік бағыттағы «тұтыну экономика» жағдайында қалыптасқан жоқ. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы даярлау Қазақстанның негізгі бір проблемалары болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне жағдай жасайды.
6-кесте.Адами капиталды өсіруді қаржымен қамтамасыз ететін институттардың құрылымы
Біздің көзқарасымыз бойынша қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тұжырымдамасы тұрғысынан қарасақ, халықты әлеуметтік қорғау қаржылық қатынастар негізінде жүргізіледі. Осы жағдайда қаржыны шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде пайда болатын ақша қатынастары деп түсінетін болсақ, халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық категория және қаржы институты ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік қорғауды әлеуметтік тәуекелдікті басқару жүйесі ретінде қарастырса да болады, логикалық негізде әлеуметтік залалдарды өтеу мақсатымен ұлттық табысты қайта бөлу әдістер жүйесі ретінде қарастырған жөн. Оларды жіктеу критерийі ретінде табыстарды қайта бөлу үдерісі алынады. Қаржылық тәуекелдердің түрін екі бағыт арқылы анықтауға болады.
Әлеуметтік –экономикалық категория ретінде әлеуметтік қорғауды тәуекелдік жағдайында адамның күшінің ұдайы толықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық табысты қайта бөлуде пайда болатын қатынастар ретінде қарастыру қажет.
Халықты әлеуметтік қорғау қаржы институты ретінде күрделі құрылымға ие. Оның құрамына әлеуметтік субсидиялаудың жеке қаржылық және жеңілдік беру институттары кіреді, бұлардың өздеріне тән құрылымдары бар. Бұл құрылымдар әлеуметтік тәуекелдермен байланысты
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету осы қаржылық институттардың жиынтық негізде қызмет ету нәтижесінде іске асырылады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің институционалдық құрылымы және оның жеке институттарының тығыз байланысы бар.
Халықты әлеуметтік қорғау қаржылық институты деп ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық механизмдерді қолдану арқылы халыққа қоғамдық қызмет пен игіліктер көрсетуге , әлеуметтік субсидиялауға бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесін айтамыз. «Қаржымен қамтамасыз ету» ұғымының дәстүрлі анықтамасы кіріс көздерімен қамтамасыз етудің біржақтылық үдерісі ретінде қарастырылса, біздің ойымызша халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету әлеуметтік қорғауға арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы және осы қаржы ресурстарын әлеуметтік қорғауға арналған шараларды қаржыландыру, әлеуметтік көмек алушыларға жеткізу үдерісінде қолданылатын ақша ағымдарының екі жақты қозғалысы ретінде қарастырылуы қажет. Осы қаржы ресурстарының қозғалысының екіжақтылық үдерісінің арқасында үй шаруашылықтары әр түрлі әлеуметтік көмектерді алады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін 2 көрсеткіш арқылы анықтауға болады.
1-шісі:отбасыларының қаржылық автономия деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші- үй шаруашылығына бөлінетін орташа қаржылық субсидиялардың осы үй шаруашылықтарының тұтынуға арналған шығындарға ара-қатынасы (ОҚАД)
2-шісі:отбасыларының қаржылық жағдайының деңгейінің абсолюттік көрсеткіші-үй шаруашылықтарының қорланымының серпіні (ОҚЖАД)
Егер бірінші көрсеткіш - отбасыларының қаржылық автономия деңгейінің (ОҚАД) салыстырмалы көрсеткіші 0,4 –тен 1 деңгейінде үш жыл бойы қалып отырса, немесе 1 ден жоғары болса, онда үй шаруашылығы әлеуметтік көмектің арқасында өмір сүреді.
Маңызды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуде еліміздегі әлеуметтік, экономикалық, демографиялық жағдайлар туралы толық, нақты, ғылыми негізделген ресми статистикалық материалдарды уақтылы талдау ең маңызды шарт болып табылады. Талдауға алынатын бұл ақпараттардың сапасы әлеуметтік шығындардың нәтижелілігін және тиімділігін бағалауға жағдай жасайды.
Халықты әлеуметтік қорғаудағы тағы да бір мәселелердің бірі мемлекеттік әлеуметтік қорғау шараларының үй шаруашылықтарының қаржылық көмекке нақты мұқтаждығымен байланысы, сол мұқтаждықтың ең төменгі жалақымен және ең төменгі күнкөріс деңгейімен байланысы болып табылады Әлеуметтік жеңілдіктер табыстарды теңдестірудің қаржылық механизмі ретінде екі тәсіл арқылы іске асырылады: халықтың мұқтаж санаттарына тікелей ақшалай жәрдемақы беру арқылы немесе әлеуметтік шығындарды қаржыландыратын мекемелердің, жеке тұлғалардың салықтық міндеттемелерін төмендету арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік жеңілдіктерді үш негізгі түрге бөлуге болады:
1) әлеуметтік қаржылық жәрдемақылар;
2) әлеуметтік қаржылық ынталандыру;
3) әлеуметтік салықтық жеңілдіктер.
Нақты мұқтаждылық қағидатын негізге ала отырып, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету әдіснамасының негізіне мыналарды кіріктірген дұрыс:
-субсидиялық қағидат, азаматтың өз табысы және мемлекеттен берілетін жәрдемақы қалыпты өмір сүруге жағдай жасайды.
-біріздендіру қағидаты, жәрдемақы алушыларға арнайы шот ашу және әлеуметтік трансферттің дер кезінде түсуін қамтамасыз ету.
Қазіргі жағдайда ұйымдастыру-әдіснамалық тәсілдерді әлеуметтік қаржылық шығындарды қаржыландыруда қолдану өте маңызды.
Бесінші проблемалар Қазақстанда рынокқа бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің механизмдер кешенін құру болып табылады.
Біздің пайымдауымызша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде қолданылатын қаржылық механизмдерді жаңғыртудың басымдығын айқындау қажет:
халықты әлеуметтік қорғау шараларының біркелкі нормативтік-әдіснамалық базасын құру;
әлеуметтік төлемдерді беруде мұқтаждық, атаулы, біріздендіру қағидаттарын ұстану;
әлеуметтік төлемдердің қаржылық бақылауын күшейту.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде салықтық жеңілдік беру әлеуеті толық қолданбайды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытуда оларды жинақтаушы арнаулы шотқа зейнетақы жүйесіне ұқсастырып, ауыстыру ұсынылады Осымен қатар, сақтанушы уақытша жұмыс қабілетін жоғалтпай, ауырмай жұмысын үзіліссіз істесе, МӘСҚ арқылы жеке төлемдерді қолданып, оны ынталандыру қажет.
Тұтасынан алғанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі мемлекеттің рөлін мынадай функциялармен сипаттауға болады:
1. Әлеуметтік – бұл функция зейнетақыны төлеу мақсатында жинақталған активтердің сақталуын қамтамасыз ету, алғашқы дәрігерлік көмекті қамтамасыз етуден кем соқпайтын қоғамның табанды талабы болып табылады. Егер мемлекет өз азаматтарына зейнетақы жинағын міндетті түрде жасауды талап ететін болса, мемлекеттің осындай әлеуметтік функциясы күшейе түседі. Зейнетақылық бағдарламаларды басқаруға қатысу ерікті болып табылатын елдердің өзінде, мемлекет осы үдеріске қатысушылардың әрекеттерін қатаң бақылауда ұстайды. Мұндай бақылаудың мақсаты – еңбек етіп, бүкіл өмір бойына жинақтаған жұмыскерге зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелерін орындауға кепілдік беруді білдіреді;
2. Саяси - зейнетақы жүйесінің дамуын үкімет құрамындағы өзгерістерден тәуелсіз қамтамасыз етуді білдіреді, яғни зейнетақы жүйесінде сақтандыру мен ауызбірлік қағидаты әрқашан жұмыс істеуі керек және қандай да бір саяси өзгерістерден тәуелді болмауы тиіс;
3. Экономикалық – азаматтардың жинақтаған зейнетақы жинақтары отандық экономикаға инвестициялануымен байланысты. Мемлекеттік бюджет тұрғысынан жинақтар көп жағдайларда салық салынғанға дейін зейнетақы қорларына орналастырылады. Яғни, зейнетақы қорларындағы төлемдерден табыс салығы алынады. Ал бұл, салықтық түсімдер уақыт тұрғысынан орташа алғанда бірнеше онжылдықтарға кейінге қалдырылғандығын білдіреді.
Демек, зейнетақы қорларындағы ірі ақша көлемі елдің экономикалық дамуы үшін айтарлықтай ынталандырма бола алады. Осындай ынталандырманың болуы, өз кезегінде, зейнетақы қорларының жұмыс істеу әлістері мен инвестициялық қызметіне мемлекеттің мүдделілігін күшейте түседі Зейнетақымен қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесі мемлекеттердің зейнетақымен қамтамасыз етудегі үш мүмкін рөлі бар екендігін көрсетті. Бұл ең алдымен:
- бекітілген табыстың күнкөріс деңгейімен байланыстылығы, негізгі зейнетақыны барлығына бірдей мөлшерде беру. Ол өмір сүру көздерін тексергеннен соң беріле алады немесе барлығына бірдей төлене алады.
- басқа көздерден түсетін табыс көлеміне байланысты айқындалатын қосымша зейнетақы. Мемлекет бір де бір азаматтың зейнеткерлікке шыққаннан кейін нақты сомадан кем зейнетақы алмайтындығына кепілдік береді. Бұл іс жүзінде мемлекеттік емес зейнетақы жүйесін дамытуға жағдай жасайды.
- барлығы үшін бірдей ставкадағы негізгі зейнетақы, және оған қосымша, жарналық төлем мен еңбек өтілімен анықталатын зейнетақы.
Халықты әлеуметтік қорғаудың корпоративтік жүйесін мемлекет тарапынан ынталандыру екі бағытта жүргізілуі шарт:
әлеуметтік инвестицияларға салықтық жеңілдік беру;
2) мемлекеттік бұқаралық ақпарат көздерінде әлеуметтік инвестициялардың практикасы мен нәтижелілігін талдау.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, міндетті сақтандыру қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орны маңызды, бірақ олардың толық әлуеті Қазақстанда қолданылып отырған жоқ.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді тұжырымдай келе, осы әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыруда негізгі басымдықтарды анықтау қажет екендігін көрсеттік.
Нарықты экономика жағдайында бюджет қаражаттарынан басқа халықты әлеуметтік қорғауға корпоративтік қаржыларды тарту, салық жеңілдіктері арқылы кәсіпорындардың ынталандыруын күшейту заман талабы болып табылады.
Қорыта келе, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржыландыру тұжырымдамасын дайындауда негізгі 5 институционалдық нысандарды бөліп көрсетуге болады:
мемлекет бюджеті арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік көмектер;
арнаулы мемлекеттік қызмет атқаратын жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау (әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері);
міндетті әлеуметтік сақтандыру;
жұмыскерлер немесе жұмыс берушілер қаржылары арқылы жүргізілетін ерікті жеке сақтандыру;
жұмыс берушінің қаржылары арқылы жүргізілетін әлеуметтік қорғау, яғни корпоративтік қаржыларды әлеуметтік қорғауда қолдану;
Халықты әлеуметтік қорғаудың қаржылық институтарына талдау жасалды және оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау қаржылық институтын, корпоративтік әлеуметтік қаржылық институтын, бюджеттен тыс қорлардың халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде алатын орны талданды және жеке дара меценаттар тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдаудың осы жүйені қаржыландырудағы орны анықталды.
Қорытынды
“Ұлттың нағыз байлығы- оның адамдары. Дамудың мақсаты адамдардың ұзақ салауатты және шығармашылық өмір сүрулері үшін қолайлы орта жасаумен түйінделеді. Осы қарапайым, бірақ аса маңызды ақиқат материялдық және қаржы жөніндегі әл-ауқатқа қол жеткізу үдерісінде жиі ұмытылады.”
Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады.
Күнделікті өмір сүру минимумы деп – халықтың әл – ауқатын, адамның материалдық, мәдени, әлеуметтік игіліктерді және қызметтерді нағыз қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлармен қатар тұтынуын сипаттайтын әлеметтік – экономикалық санат. Күнделікті өмір сүру деңгейін өлшеу тұрмыс деңгейінің маңызды жедел индикаторларын әлеуметтік нормативтермен немесе ең төмеңгі әлеуметтік стандарттармен серпінінде, салыстыруда статистикалық байқауды болжайды. Халықтың тұрмыс деңгейі – абыройлы өмір сүру үшін, яғни салауатты өмір салтын жүргізу, әлеуметтік және аумақтық мобильділіктің қамтамасыз етілуі, ақпаратпен алмасу және қоғам өміріне қатысу үшін материалдық ресурстарға қол жеткізу.
Ең төмеңгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерін статистика жөніндегі уәкілетті орган мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі уәкілетті орган ең қажетті азық – түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесі қосылған ең төмең азық – түлік себетінің құнын негізге ала отырып есептеп шығарады.
Курстық жұмыста зерттелген тақырыбты қорытындылай келе төменде ұсыныстар келтірдім:
1. Халықтың өмір сүру деңгейі – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш болғандықтан, оның құрамындағы әлеуметтік топтар мен үй шаруашылықтарының табыстарын, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтыну, өмір сүру жағдайлары сияқты көрсеткіштерді зерттеу жөн.
Зерттеу нәтижесі табыс көрсеткіштерін тұтыну деңгейі бойынша салыстыру және талдау халықтың барлығына бірдей өмір сүру жағдайын қамтамасыз етпейтінін көрсетті.
2. Сонымен бірге, өмір сүру деңгейі мен сапа көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі анықталды. Осыған орай, көрсеткіштер жүйесінде адамның өмір сүруін қамтамасыз етудің жетекші – табыс пен тұтыну, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық секторы, экологиялық ортамен шектелмей, сондай-ақ, түрлі әлеуметтік топтардың еңбекке жарамдылығы, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі еңбекпен қамтушылар, орта тап, ауыл халқының өмір сапасы мен деңгейін де анықтаудың маңыздылығы негізделді.
3. Табыстың шоғырлануы мен саралану коэффициенттері, ең аз табыс деңгейінен төмен табыс алатын халық, азық-түлік қауіпсіздігі, әлеуметтік саланың даму көрсеткіштері, әлеуметтік шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету) ЖІӨ-ге шаққандағы үлес салмағы - негізгі көрсеткіштер жүйесінде нақтыланып, логикалық тізбектілік пайда болды.
4. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің тұтынушылық қоржынының негізгі баптарының шығындарын зерттеу нәтижелеріне сәйкес өзгерту жөніндегі біздің ұсыныстарымыз төмендегідей:
азық-түлік өнімдерін тұтыну көлемін тамақ ішудің тәуліктік рационын 2400-2500 ккал-ға дейін жеткізу жолымен арттыру және номенклатураны кеңейту;
азық-түліктік емес тауарларға кететін шығындар үлесін кем дегенде екі есеге дейін арттыру, бұл өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің азық-түліктік емес бөлігіне бірінші кезектегі заттарға және киім мен аяқ-киімге кететін шығындар да енуін көрсетеді. Экономикалық өсу мен халықтың нақты табысы артса, тұтынушылық шығындар құрылымында азық-түліктік емес тауарларды және қызметтерді барынша көбейту оңтайлы.
Қызметтер көрсету шығындарының үлесі 30%-ға дейін көтерілгендігі, азық-түлік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері бағасының өскендігін білдіреді.
5. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін бағалау үшін олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің сапасын бейнелейтін көрсеткіштер тізбегі әзірленді. Олардың қатары әл-ауқаттың түрлі категорияларына сәйкес халықтың тұтынушылық бюджетінің табыс деңгейі, тұтынушылық шығындағы тамақтың үлесі салмағы, оның жеткіліктілігі, білім мен біліктілік, бейімделу деңгейі, экономикалық белсенді халық саны және басқалардан құралатындығы нақтыланды.
6. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін бағалау және реттеу үшін тұтынушылық бюджет жүйесін пайдалану қажеттілігі негізделді, себебі олардың шамасы мен құрылымы көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге бастапқы негіз болып табылады. Тұтынушылық бюджет адамның негізгі материалдық, әлеуметтік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру дәрежесімен ерекшеленеді. Ол ең төменгі өмір сүру деңгейі – халықтың ұдайы өндірісінің төменгі шекарасын айқындап, материалдық, әлеуметтік және рухани игіліктер мен қызметтерді тұтынудың қолайлы деңгейін бейнелеп, адамның қажеттіктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
\
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. .Қазақстан Республикасындағы халықтың өмір сүру деңгейі және кедейшілік // Статистикалық мониторинг. Алматы, 2005 жыл
2. .Қазақстандағы адам дамуы:Оқулық,Жалпы редакциясын басқарған Н.Қ.Мамыров және Ф.Акчура – Алматы:2004-412 бет
3. С.Жұмамбаев «Адам ресурстарын басқару» Алматы. 2011
4. Нүкенов А. Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері // Саясат. - 2003. №7.
5. Сәдірқызы Г. «Жергілікті өзін-өзі басқару...» // Егемен Қазақстан, 21.10.2005ж.
6. Бурлаков Л.Н. Басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру - өмір талабы // Егемен Қазақстан, 9,06.2006.
7. Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі. Статистикалық жинақ. Алматы, 2006
8. Қазақстан Республикасындағы халықтың табысының қалыптасуы және оның экономикалық мәні // Үшінші Рысқұлов оқулықтары «Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинағы.4 бөлім. Алматы: Экономика, 2008. 28-34 б.- 0,40 б.б.
9. Халықтың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік саралануын талдау // ҚазЭУ хабаршысы. 2008. № 6- 335-340 б.- 0,75 б.б.
10. Адам дамуы туралы 2010 жылға арналған баяндама «Халықтың нақты байлығы: адамның даму жолдары»
11. 2009 жылғы Адамның дамуы туралы ұлттық есебі // “Нұр Отан” ХДП Парламентаризм институты
12. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің негізгі жарияланымдары www.stat.kz
5
Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы адами дамудың рөлі