Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:37, курсовая работа
Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ
Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады.
Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б.
Фунқцияның нақты мағынасы өзіне лайық нысанға ие болуға мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оның құрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызмет те (құқықшығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді.
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа, жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады.
Функциялар теориясы а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды; б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді; в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сөйте тұра ол саясаткерлерді мемлекеттік қызметті дәл осы күндері қалыптасқан нақты жағдайдың ерекшеліктерімен творчестволық үйлестіруге және оның түрлі бағыттарына дер кезінде өзгертілер енгізудің қажеттігіне бағыттайды.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтіқ мәні бейнеленген. Мемлекет өзінің функциясын жүзеге асырмай тұрғанда және қимыл-әрекетсіз болғанда, ол туралы айту да қиын.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.
Адамдардың өндіріс, орйаластыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және, әдетте, ықпал етеді де: 1) экономиканы дамытудың сара жолын тандау (мысалы, нарықтық, директивалық-жоспарлы немесе аралас экономиканы тандау); 2) мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау; 3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру; 4) жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметіңің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау; 5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы-ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың код саласын өз қарауына алғысы келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет қарауына өтіп кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып, тиіміділігін жоғалтты. Соңғы кездері экономикалық функция күрделі өзгерістерді басынан еткерді: меншікті жекешелендіру және мүлікті мемлекет меншігінен тартып алу шаралары жүргізілді, мемлекеттік реттеудің, экономиканың дамуына ықпал ету мен бақылау жасаудың нысандары мен әдістері өзгерді.
Адамдардың, әсіресе қысымға ұшыраған адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған мемлекеттің әлеумеггік функциясының маңызы артып келеді. Азаматтарға медициналық, тұрмыстық-коммуналдық, көлік қызметін көрсету, оларға мәдени-тұрмыстық, білім беру және басқа да қызмет көрсету түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз мойына алып отыр. Мемлекет коммерциялық және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы төмен тобына әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер белгілеп, олардың қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер де жатады:
идеологиялық бұл функцияның мақсаты — халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеолгиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру. Мемлекет азаматтар санасының үкімет саясатын қолдауға немесе оған адалыққа негізделуіне және оппозициялық-сыни идеяларды қабылдамауына (немесе тіпті шамалы ғана қабылдауына) мүдделі.
қорғаушы, бұл функция конституциялық құрылымды сақтау мен нығайту, мемлектеттік және қоғамдық қауіпсіздлікті, заңдылықты, қуқық тәртібін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет жарлығын қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығының сақтауына қол жеткізу міндетін шешуге бағытталған.
экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Ол қоғамдық өмірге араласушылардың барлығынан да жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны, басқа да табиғат ресурстарын ұтымды да үнемді пайдалануды талап ете алады, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауын қадағалайды, айналадағы ортаны қорғауға байланысты жалпы мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды жасап, жүзеге асырады.Сондықтан, экология саласында халықаралық (БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде) және мемлекетаралық бағдарламалар жасау, сонымен бірге бірқатар мемлекеттердің келісімімен жүргізілетін іс-қимыл тәжірибесін тарату кең өріс алуда.
Сыртқы функциялар халықаралық қатынастар саласына қатысты және оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды. Ішкі функциямен салыстырғанда олар, әдетте, басымдық таныта алмайды; керісінше, ақыр соңында біріншісінен туындайды, олардың табысты жүзеге асырылуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бейім тұрады.
Мемлекеттің сыртқы функцияларының ішінде елдің қорғаныс функциясы маңызды орын алады. Оның мақсаты басқа мемлекеттердің тарапынан болатын қауіп пен олардың агрессиялық әрекеттеріне қарсы тұру және қарсылық көрсету мүддесінде әскери потенциалды құру және байыту.
Мемлекеттің басқа бір сыртқы функциясы — көршілес, сондай-ақ басқа мемлекеттермен қатынасты жөндеу функциясының да мәні зор. Мұндай қатынастар мемлекетке әлемдік қоғамдастыққа кіруге, онда толық құқықты субъекті және партнер ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Олардың нысаны әр түрлі дипломатиялық қатынастар, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық құрылымдар жағынан байланыстар. Мемлекеттер арасындағы қатынастарға ресми сипат пен жария мәртебе беретін дипломатиялық қатынастар ерекше роль атқарады. Олардың шеңберіндс мемлекеттер арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстар нығайып, көптеген өмірлік мәселелер өзара түсіністік негізінде шешіледі. Белгілі бір жағдайларда (екі жақтың да ұмтылысы мен пайдасы болған кезде) мемлекетаралық қатынастар тығыз ынтымақтастық пен өзара көмек қатынасына айналуы мүмкін, ол жасалатын келісім-шарттардан (мысалы, достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдер), сондай-ақ олардың үкіметінің міндеттемелерін сақтауына көбірек көңіл бөлуінен, бастамаларды өзара қолдаудан, аталған мемлекеттердің сыртқы саяси акцияларын үйлестіруінен көрініс табады.
Кейбір мемлекеттер бұған дейін бөтен аумақты басып алу функцяисын белдесенді орындады. Әңгіме олардың басқа елдің аумағын зорлықпен жаулап алып, оларды осыдан туындайтын барлық салдарларымен қоса (халықтан аса ауыр алымдар мен салықтар жинау, оларды аяусыз жұмсау, байлықтары мен құндылықтарын, тәуір жерлері мен жайылымдарын иемдену, отарлап басқару режимін бекіту) өзіне қосып алуы туралы болды. Отарлау жүйесінің құлауы аталған мемлекеттерді бұл функциядан бас тартуға мәжбүр қылды. Бірақ, қазір де жекелеген жағдайларда, өткеннің қалдықтары көрініп қалады (мысалы, 1990 жылы Ирактың Кувейтті басып алуы), алайда олар әлемдік қауымдастықтан ұйымдасқан қарсылықтарға тап болып, сондықтан да мемлекет қызметінің дербес бағытын ала алмауда.
Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы үшін өткеннің этатистік бұрмалауларын және одан туындайтын қоғам істеріне мемлекеттік араласудың әлсіреуін жеңумен байланысты мемлекеттің кейбір ішкі функциялары таралып, оларды жүзеге асырудың нысаны мен әдістері демократияландырылады.