Лекции по "Менеджменту"

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:22, курс лекций

Описание работы

1-Тақырып. Менеджмент мәні мен қағидалары
....
15-Тақырып. Экономикалық басқару әдістері
16-Тақырып. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері
17-Тақырып. Басқарудың ұйымдастыру - өкімдік әдістері
18-Тақырып. Басқару қызметінің мәдениеті

Содержание

1-Тақырып. Менеджмент мәні мен қағидалары



1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің Қазақстандағы даму тарихы
3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің бағыттары
4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

Работа содержит 1 файл

MENEDJMENT to chto nuzhno.docx

— 120.77 Кб (Скачать)

Дәріс

 

 

 

1-Тақырып. Менеджмент мәні мен  қағидалары

 

 

 

1. Менеджмент туралы түсінік

 

2. Менеджменттің теориясы мен  тәжірибесінің Қазақстандағы даму  тарихы

 

3. Менеджерлердің іс-қызметтерінің  бағыттары

 

4. Менеджерлерге қойылатын талаптар

 

 

 

1. Экономикалық нарықтық қатынастарға  көшуіне байланысты жаңа типте  басқару кадрларын дайындау және  жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру  қажетілігі туындады. Осы тұрғыдан  алғанда,кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына  лайықты кадрларды дайындау менеджменттің  ұзақ мерзімді экономикалық саясатының  құрамдас бөлшегі болуы тиіс.

 

Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, заманауи техникамен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану  есебінен түсімді арттыру.

 

Менеджмент ғылым ретінде XIX-ғ. аяғы мен XX ғ. басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан  кешірді.

 

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға  «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез  енді. Менеджмент сөзін дәл аударатын  болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздерінің түпкі мағынасын әрқашан дәл  бере бермейді.

 

«Менеджмент» ағылшын сөзі оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен  шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, ат тізгінін ұстау шеберлігін білдірген. Кейін бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық  мәнін білдіретін болды.

 

Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

 

-адамдармен қарым-қатынас жасау  әдісі, үлгісі;

 

-билік және басқару өнері;

 

-шеберліктің ерекше түрі және  әкімшілік дағды;

 

-басқару органы, әкімшілік бөлігі.

 

Менеджменттің 50 ден астам анықтамасы бар.Соның бірнешеуіне ғана тоқталайық.

 

Беларус ғалымы Н.И.Кабушкиннің ойынша, менеджмент бұл адамдардың еңбегін, мінез-құлығын және ой-өрісін қолдана  отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға  жете білу туралы ғылым мен өнер.

 

   Көрнекті америка экономисті  В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша  «менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару  еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында  жаңарту, инновация, жаңалық енгізу  мақсатында фирмаларды, компанияларды  тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».

 

Ал біздің Қазақстандық ғалымдарының пікірінше мемлекет қолда бар  ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге  бағытталған білімдермен кәсіби қызметтердің саласы.

 

 Менеджмент құрылымы жағынан  төмендегідей түрлерге жіктеледі:  өндірістік менеджмент, кадрлық  менеджмент, қаржы менеджменті, стратегиялық  менеджменті, ақпарат менеджменті,  инновациялық менеджмент, халыкаралық  менеджменті, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.

 

Басқару міндеттерінің күрделілігі  мен сипатына байланысты кәсіпорын  менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:

 

-менеджменттің жоғары деңгейі.  Жоғары деңгейді әдетте «жалпы»  менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға  және максималды пайда табуға  бағытталған;

 

- менеджменттің ортанғы деңгейі  кәсіпорынның функционалды қызметін  басқаруға арналған, сондықтан да  ол «функционалды» менеджмент  деп аталады. Функционалды менеджмент  техникалық және технологиялық  жаңалықтарды енгізумен, ақпарат  және нарықты басқарумен байланысты;

 

-менеджменттің төменгі деңгейіне  алғашқы буындағы жетекшілерді  жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің  жұмысын тікелей ұйымдастыруды  және жоспардың орындалуын, өнім  өндіру кестесі мен оның өткізілуін  қамтамасыз етеді.

 

 

 

2. X-XII ғасырларда басқару саласындағы  алғашқы ойшылдардың бірі Әбу-Насыр  Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар  мен басқа табиғи құбылыстарға  қарай отырып, мемлекеттің, шаhарлардың  болашағы мен бағыныштылардың  тағдырын болжамдаған әміршілердің  жалған көріпкелдігін ғылыми  негізде дәлелдеді.

 

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде  неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек  би (1667-1763) және Әйтеке би (1662-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң  жинақтарында олар мемлекетті басқару  жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы  негізгі принциптер мен құқық  нормалары бекітілген.

 

Мемлекеттік басқару жүйесінің  дамуында Әбілхайыр хан (1693-1748) мен  Абылай хан (1711-1781) маңызды рөл атқарды.

 

ХІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғылым-ағартушы Ш.Уәлиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол патшалардың отаршылдық саясатын айыптап, қазақтардың отырықшылық  пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш.Уәлихановтың мемлекетті басқару  жөнінде ұсынған демократиялық  идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы.Алтынсарин (1841-1889) мен А.Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.

 

Қазіргі заманғы мемлекеттің қалыптасу  тарихы мен дамуын ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері  Қ.И.Сәтбаев (1889-1964) бірінші болып  кеншілердің еңбек өнімділігі мен  адамдардың еңбекке деген мотивация  мәселелерін, еңбек процестерімен  байланысты сұрақтарды шешті.

 

Қазақстан экономикасын мемлекеттік  басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер  Д.А Қонаев (1912-1993) ерен үлес қосты.

 

Ол 40 жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің І-басшысы болды. Д.А.Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған  кезінде республика бұрынғы КСРО-ның  ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды.

 

Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік  Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы  да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекеттік  қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

 

- халық берген биліктің қызығына  түспей, оған иелік ете білу  керек;

 

- өзің үшін пайданы көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның  игілігі туралы ойлау қажет;

 

- «мемлекеттік қызметкер қалай  тұрып жатырсың?» деген сұрақтан  қорықпай өмір сүруі керек;

 

- адамдардың сенімін жоғалтпайтындай  етіп басқару керек.

 

Қазақстанның ЖОО-да менеджмент 1992 жылдан, яғни нарықтың экономикаға  көшу сәтінен бастап оқытылады. Қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылар ретінде К.Г.Ахметовті, К.Б,Бердалиевті, Р.С.Кареновті, Ә.Ә.Әбдрешевті атауға болады.

 

 

 

3. Ең алдымен менеджер деген  кім? Әр елде менеджерге түрліше  анықтама береді. Мәселен американдықтардың  түсінігінше, мұндай адамдардың  міндетіне өзіне бағынатын белгілі  бір қызметкерлердің нақтылы  жұмыстарын ұйымдастыру жатады.

 

Еуропалықтардың түсінігінше, менеджерлер - қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала  отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

 

П.Друкердің пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады:

 

1) Қолда бар ресурстармен өндірістік  бірлік құру. Бұл жағынан алғанда  менеджер оркестр дирижеріне  ұқсас. Алайда дирижердің қолында  композитор жазған партитура  болады да, ол оны тек түсіндіріп  берумен ғана шектелетін болса,  «менеджер - әрі композитор, әрі  дирижерлік міндетті атқарады».

 

2) Кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі  талапты ескерумен қоса кәсіпорынның  болашағы туралы да ойланып-  толғануы жатады.

 

Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне  жатпайтын көптеген істерді атқаруына  тура келеді. Алайда барлық менеджерлер  үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады:

 

-   кәсіпорынның мақсатын  орындайды;

 

-    адамдарға нақты міндеттер  жүктей отырып, оны жүзеге асыруды  қамтамасыз етеді;

 

- менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды  жүйелеп бөледі, қызметті ұйымдық  құрылымды құрады;

 

- көтермелеу шараларын қамтамасыз  етіп, адамдармен тығыз байланыс  орнатады (сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау);

 

- ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормаларды белгілейді, адамдардың  жұмысын бағалайды;

 

- адамдардың қызмет жағынан  кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз  етеді.

 

Менеджерлік шеберліктің маңызды  жайттарының бірі- келіссөз жүргізе  білу, әріптестерінің мүддесін өз мүддесіне  сәйкестендіре білетін болуы  тиіс.

 

Келіссөзді ойдағыдай жүргізе  білу шеберлігі 4 кезеңнен тұрады:

 

- өз ұйымының мұқтажы мен  өз қызметкерлерінің мүддесі  үшін немесе өзінің келісім  жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік  қарым-қатынас орнату қажет;

 

- өзің келісім жүргізетін жақты  ұнататындығыңды, оның пікірлерін  ескеретіндігіңді білдір;

 

- келісім кезінде қайшылық туа  қалған жағдайда айқын позиция  ұста. «Мен бұған келісе алмаймын»  - деп айтуды үйрен.

 

- өзіңізбен әңгімелесіп отырған  адамның басқа мәдени дәстүрге  тәрбиеленуі мүмкін екендігін  ұмытуға болмайды.

 

 

 

4.  Американдық менеджер Ли  Якокка менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың  мынадай принциптерін ұсынады:

- төңірегіңе жақсы жандарды  топтастыр, интеллигенттерге және  қабілетті адамдарға сүйен;

 

- өзіннің бірінші кезектегі  мүддеңді айқында, күнделікті  іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі мәселелерді мәтіннің  бірінші бетіне жазып қой;

 

- нақты іс жөнінде айт, қалай  айтсаң, солай жаз;

 

- басшы штаб пен өндірістік  сала аралығындағы кикілжің қымбат  уақыт пен күш жігерді бос  жіберу екенін ұмытпа;

 

-адамдардың дербес жұмыс істеуіне  мүмкіндік бер;

 

- сын-ескертпелерді, әр түрлі  көзқарастарды ескер;

 

- пайда болған өзгерістерге  көңіл аудар;

 

- өз жұмыс стиліңді тап, әрі  соны қолдан.

 

 Шет елдердің кейбір корпорациялары  менеджерлер үшін үш өсиет  айтады: адамды құрметтеу, клиентке  көңіл бөлу және жұмысшылардың  жоғары санасы.

 

Американдық менеджмент мектебі жақсы  басшының 12 ережесін ұсынады:

 

1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы  адамдардың ізіне түседі, ал нағыз  басшы соңынан ертеді;

 

2. Басшы өз ісіне сенімді болуы,  батыл мақсат қойғыш, табанды  болуы, әрі осы қасиеттерін  қол астындағыларға көрсете білуі  тиіс;

 

3. Басшы ұйымдастыру және басқару  туралы ғылымды жетік білуі  тиіс;

 

4. Ол  қол астындағылардың уақытын  бағалай білуі тиіс;

 

5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш  болуы. Алайда қаталдық пен  талап қойғыштың ешқашанда мейрімсіздікке  апармауы тиіс;

 

6. Сынды қабылдай білуі, әрі  әділ сынай білуі тиіс;

 

7. Басшы жылы шырайлы, әрі  әдепті болуы тиіс;

 

8. Әзіл-оспақты түсіне білуі  тиіс;

 

9. Айта да,тыңдай да білу керек;

 

10. Үнемдеуге тырысу керек;

 

11. Қарамағындағыларды жақсы білуі  тиіс;

 

12. Үнемдеу керек (керек жерінде)

 

 Жапон менеджерлері қандай  ерекшеліктерге ие болуы тиіс?

 

- Ойлау стилі;

 

- Кәсіпкерлік және өнертапқыштық;

 

- Белгілі бір жағдайда көнгіштік  таныту;

 

- Кішіпейілділік;

 

- Сауаттылық;

 

- Бизнесте ұсақ-түйек жоқ;

 

- Алдағыны «көре білу» қабілеті;

 

- Өзіңе сын көзімен қарау;

 

- Өзіңді өзің көрсетуге тырыспа.

 

 

 

  

 

2-Тақырып. Менеджмент эволюциясы

 

 

1.     Даму кезеңдері

 

2.     Ғылыми басқару мектебі

3.     Әкімшілік немесе  классикалық мектеп

 

4.     Адамгершілік қарым-қатынас  мектебі. 

5.     Бихеовиоризм

 

6.     Басқару ғылымы мектебі  (сандық ықпал)

 

 

 

1.Менеджменттің даму кезеңдері:

 

•1 кезең-көне

 

•2 кезең-индустриалды

 

•3 кезең – жүйелеу

 

•4 кезең – ақпараттық

 

1 кезең. Бұл менеджменттің тарихында  алғашқысы. Ең бірінші болып

 

басқару мәселелерін көне мысырлықтар  қарастырған. Олар 6 мың жыл бұрын  адамның іс әрекетін мақсатты бағыттауды ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау  қажеттілігін мойындаған. Басқаруды  орталықтандыру туралы мәселе көтерген. Көне Египетте сол уақытта жеткілікті дамыған мемлекеттік басқару  аппараты қалыптасты. Көрші Вавилонда  Хаммурапи патшасы саз балшықтан  жасалған жазба құжаттарын бақылау  мақсатында қолданған, лауазымдық адамдардың жауапкершілігін басқаларға жүктеуді болдырмау, жалақының деңгейін заңды  түрде белгілеген. Біздің эрадан 400 жыл бұрын Сократ басқарудың түрлі  нысандарын талдап оның әмбебаптығын көрсеткен.

 

Платон мемлекеттік басқарудың нысандарын жіктеген. Басқару органдардың  функцияларын ажыратып, мамандану принципін  белгілеген.

 

А. Македонский әскерді басқарудың теориясы мен тәжірибені дамытқан. Майдандағы іс әрекетті басқару орталығы- штабты құрған.

        2 кезең.  А.  Смит еңбек бөлінісінің түрлерін  талдап, патша мен

 

мемлекеттің міндеттерін сипаттаған. Роберт Оуэн – гуманист. Жұмысшылардың  жағдайын жақсарту, оларды оқыту қажеттілігін мойындаған. 1883 жылы ағылшын математик  Бэббидж «аналитикалық машина»  жобасын өңдеген. 1881 жылы американдық  Джозеф Вартон колледж үшін менеджмент курсын өңдеген. 1911 жылы Тейлор «Ғылыми  басқару принциптері» кітабын шығарды. 1916 жылы француз ғалымы Анри Файоль менеджментті оқытуды ұйымдастыру  мәселесін көтерді.

Информация о работе Лекции по "Менеджменту"