Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:17, реферат

Описание работы

Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді,онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған нормалар қатары бар.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық.doc

— 75.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерліктің  ұйымдық-құқықтық нысандары

    • Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
    • Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңи тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер өрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.
 

Жалған  кәсіпкерлік

     Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру  ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу  немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. 

Заңсыз  кәсіпкерлік

     Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда  арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Информация о работе Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары