Ұйымдағы көшбасшылықтың дамуы және тиімді басшылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлі статустары, иерархиялық құрылымдары (бір жұмыскердің екіншісіне бағынуы арқылы көрінетін) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік т.б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңдай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманың ең өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Басшылық ұғымы және басшылық стилі
2.Ұйымдағы көшбасшылық

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Менеджмент БАСШЫЛЫҚ реферат.docx

— 41.46 Кб (Скачать)
  1. Инструменттік көшбасшы – адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.
  2. Эмоционалдық көшбасшы – бұл маңдай алды жақсы адам.

Өмірде осы екі ерекшелікке  бірдей ие болатын адамдар сирек  кездеседі.

       Бейресми  топта көшбасшы болу мүмкіндігінің  болу мүмкіндігінің айқындаушы  факторлары мынадай: жасы, лауазымдық орны, кәсіптік біліктілігі, жұмыс орнының орналасуы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі және ықыластылығы. Көшбасшыға дәл сипаттама беру топ жүйесінде қабылданған дәстүрге байланысты. Мәселен, кейбір бейресми ұйымдарда ересек жасы қолайлы, ал басқаларында керісінше болуы мүмкін.

     Бейресми көшбасшының  негізгі қызметі топтың мақсатына  жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта  түсу. Көшбасшы бұл қызметті жүзеге  асыру үшін топтық мақсаттарды  белгілеп, соның орындалуын бақылайды,  адамдарға жәрдемдеседі. Ол сарапшы  ретінде қызмет етеді, ал адамдар  қажет болған жағдайда одан  ақыл-кеңес алады, топты сыртқы  ортамен таныстырады, топ ішіндегі  қарым-қатынасты реттейді.

       Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

     Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:

1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін  кездейсоқ дөп басып, ойынан  шығу;

2) ол мүдделерді мақсатты  түрде тал май зерттеу нәтижесінде.

     Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

     Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:

1) билік әкеден балаға  мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып  жетекшілігі;

2) ерекше қадір-қасиеті,  қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына,  т.б.) байланысты билік басына  келген харизматикалық топ бастар;

3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жакенова Б.Қ. Менджмент  негіздері: Оқулық / Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М.–  Астана: фолиант, 2007.- 260 бет. 

2. Рахымбаев А.Б. ж.б.  Менеджмент: оқу құралы / Рахымбаев  А:Б:, Сабатаева Б.О., Белгібаев А.Қ.-Алматы: заң әдебиеті, 2006.-149 бет. 

3. Сатыбалдыұлы С. Маркетинг  және менеджмент негіздері: оқулық / С. Сатыбалдыұлы, Б. Байтанбаева.  –Астана: фолиант, 2007. – 319 бет. 

4. Менеджмент негіздері  / К.Ғ. Ахметов., Е.Н. Сағындықов., Ү.С.  Байжомартов т.б.-Ақтөбе: А-Полиграфия, 2005. – 519 бет.

5. www.wiki.org

 


Информация о работе Ұйымдағы көшбасшылықтың дамуы және тиімді басшылық