Экономиканы мемлекеттик реттеу маселелери

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 10:31, реферат

Описание работы

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері.docx

— 54.91 Кб (Скачать)

    Экономикалық  теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді:

    Классикалық саяси  экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп  дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

    а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі  нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық  құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория  мағынасы  өндірісте  пролетариаттың қаналуы арқылы  көрініс тапты.

    б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті  көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау. 

    Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады. 

    Қоғамдық  өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды:

  1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалану арқылы пайдалы өнімді өндіру процесі.
  2. Бөлу -  әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
  4. Тұтыну - өндірілген өнімді  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін пайдалану.

    Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. 

    

  • Қоғамдық  өндірістің құрылымы екіге бөлінеді: материалдық өндіріс, материалдық емес өндіріс.
  •     

  • Материалдық өндіріске - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. жатады.
  •     

  • Материалдық емес өндіріс - денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары жатады.
  •     Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс  процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз  жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

        Ұдайы өндірістің типтері: жай өндіріс, ұлғаймалы өндіріс.

        Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. 

        Экономикалық  заңдар:

        Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.

        Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды.

         Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.  

        1. графигі . Сұраныстың қисығы

         

             Р   
     
     

            Р1                         А 

         

               Ро                                       В

                                                                                 D

          

         

        Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс  көлемінің өзгеруі  сұраныс қисығының  өз бойымен жылжуынан  көрінеді.

         
     

        Сұраныстың  қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

        Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға  мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың  бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

        Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде  өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

         Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте  тауардың бағасы (Р), көлденең осьте  ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық  шығып келе жатқан бағытта болады.

     

        2. графигі. Ұсыныс қисығы

         

             Р                                              

                                                      S 

           Р1                                    A       

        
         

        Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

         

        Макроэкономикалық көрсеткіштер:

        Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде  өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

        Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. 

        Қоғамдық  өндірістің типіне байланысты, өнімнің  өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік  әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан  экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

    1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
    • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
    • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
    1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
    • жұмыс күшінің санының өсуі;
    • капиталдың көлемі өсуі.
    1. Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. 

        Экономикалық  цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның  төрт фазасы ауысады.

        Дағдарыс  тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы  азайтады және өндірісті төмендетеді.  Кәсіпорындардың банкрот болуына  әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

    1. Артық өндіріс  себебінен өндірістің көлемі  қысқарады, банктер  мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
    2. Жалақы  төмендейді, жұмыссыздық өседі.
    3. Бағалы  қағаздар нарығы  құлдырайды, акция курстары  төмендейді.
    4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз  мөлшерлі жалақысы өседі.

        Дағдарыс  тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

        Тоқырау фазасының  сипаттамасы:

    1. Өндірістің  құлдырауы мен  бағалардың төмендеуі тоқырау  жағдайында болады.
    2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
    3. Ақшаға сұраныс  төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай  жасалады.

        Жандану  фазасының сипаттамасы:

    1. Дағдарыстан аман қалған  кәсіпорындар негізгі капиталдарын  жаңартып, өндірісті  ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген  тауарлар көлемі мен сапасы  жағынан өндіріс дағдарысының  алдындағы дәрежеге жетеді.
    2. Инвестициялар өседі.
    3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
    4. Жұмыссыздықтың  деңгейі  қысқара бастайды.
    5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

        Өрлеу фазасының сипаттамасы:

    1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден  артады.
    2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
    3. Тауарлардың бағасы өседі.
    4. Қарыз  капиталының  ұсынысы өседі.
    5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа  дағдарысқа қарай қадам басады.
     

        Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің  белсенділігінің төмендеуіне, басқа  да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс  салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

        Лаффер  қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді. 

        
  • 3 график. Лаффер қисығы.
  •     
  •     
  •     
  • бюджетке салық түсімі 
  •                                 

                                        М

        400 

        300

                        

                         L                                    N

        200 

        100                                                            

                                   

                0    15    30   45   60   75    салық өсімі     (%)

        
     
     
        Егерде  салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге  дейін төмендейді.  Салық түсімі LN шартты  нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін  құптауға  болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

    Информация о работе Экономиканы мемлекеттик реттеу маселелери