Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 00:25, доклад
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберліген білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынандай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері;
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі;
Менеджмент негіздері курсы бойынша студенттерге арналған американдық оқулықта төмендегідей анықтама берліген:
Менеджмент-бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның матеиалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі.
Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалды және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің эконмикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.
Белорусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-әрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Ф.М. Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі деп түсіндіреді.