Халық санағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2011 в 19:30, реферат

Описание работы

Сонымен мемлекетіміз бен оның әрбір тұрғыны үшін өте маңызды мәселенің бірі халық санағына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына бағынысты ЗК-169/1 мекемесі де өз үлесін қосты. Мекемеде «2009 жылы ҚР халқының ұлттық санағын өткізу» үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына мекеме бастығының орынбасары, жедел, тәртіп және күзет бөлім бастықтары, есепші ретінде арнайы бөлім бастығы болып бекітілді. ҚАЖ мекемелері жабық режимді болғандықтан санақты өз есепшілері жүргізді.

Работа содержит 1 файл

Халық санағы.docx

— 14.79 Кб (Скачать)
 

   Егемендігімізді алғалы халық санағы екінші рет өткізіліп отыр. Тарихымызға көз жүгіртсек ең алғаш халық санағы 1897 жылы жүргізілсе, уақыт өте келе заман талабына сай халық санағының мақсаты да, саясаты да әртүрлі болған. 1897 жылғы санақ Ресей империясының мүддесіне орай жүргізілсе, бергі санақтар, мысалға алсақ, 1989 жылғы халық санағы социализмнің жетістіктерін мадақтады. 1897 жылғы тұңғыш санақта 3,4 миллиондай қазақ болса, «Ақтабан шұбырынды» кезеңінде, оның 1 млн.110 мыңынан айырылдық, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы кезінде 850 мың қазақ шетелге кетті. 1931-33 жылдары 1 млн 750 мың қазақ көз жұмса, қуғын, сүргін, Ұлы Отан соғысы кезінде қазақтардың шығыны көрші елдермен салыстырғанда әлдеқайда басым болды, жалпы 5 миллиондай қандастарымыздан айырылдық. Соғыстан кейінгі жылдары халқымыздың жағдайы біртіндеп жақсарып, 40 жылдың ішінде қазақтың саны 8 миллионға барды. Қазақтың қарқынды өскен кезі 1950-1990 жылдары болса, онан бері қоғамдағы қайта құру біз үшін сын кезеңі болды. Жұмыссыздық, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер қазақтың өсімін тоқтатып, санын азайтты. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ халқының табиғи өсу кезеңі басталды. Көрші елдерге көшіп кеткен қандастарымыз кіндік қаны тамған жеріне қайта оралып, демографиялық көрсеткіштерімізді көтерді. Халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарса, ана мен балаға көрсетілетін көмек елеулі болса, жастарымыздың «жанұя» деген ұғымға көзқарасы салмақты болса, санымыз көбейетіні сөзсіз. Облысымызда 120 мыңдай үйде 634 мың адам түтін түтетіп отыр. 37 мыңының тұрмыс жағдайы жақсы. Өмірге сәби келу көрсеткіштері де қуантарлықтай. Мысалы, 2007 жылы 15 118 бала дүниеге келсе, 2008 жылы 16 493 бала туылған. Дүниеден кеткендер саны 2007 жылы-4559, 2008 жылы-4326. Облыс бойынша жанұя құрушылар 2007 жылы 5111 болса, өткен жылы 5382 болып өсті. Ажырасқандар саны 809-ға жеткен.

      Сонымен мемлекетіміз бен оның  әрбір тұрғыны үшін өте маңызды  мәселенің бірі халық санағына  Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігі ҚАЖ комитетінің  Қызылорда облысы бойынша басқармасына  бағынысты ЗК-169/1 мекемесі де өз  үлесін қосты. Мекемеде «2009 жылы  ҚР халқының ұлттық санағын  өткізу» үшін арнайы комиссия  құрылды. Комиссия құрамына мекеме  бастығының орынбасары, жедел, тәртіп  және күзет бөлім бастықтары, есепші ретінде арнайы бөлім  бастығы болып бекітілді. ҚАЖ  мекемелері жабық режимді болғандықтан  санақты өз есепшілері жүргізді. Соған орай Статистика Департаментінің  жоспары мен оқыту бағдарламасына  сәйкес алдын-ала белгіленген  кесте бойынша ҚАЖ қызметкерлерімен  арнайы нұсқама сабақ жүргізілді.

      Арнайы дайындықтан өткен ҚАЖ  қызметкерлері жазасын өтеушілер  мен тергеудегі тұлғалар және  кездесуге келген олардың туысқандарына  санақ жүргізді. Қамауда ұсталынушы  еліміздің азаматтары, шетел азаматтарының  барлығы санақтан өткізілді. Санақшылар   сезіктілер мен айыпталушыларға, сотталғандарға сауалнама жүргізу арқылы алынған мәліметтерді санақ парақшаларына түсіреді. Қамаудан босатылғандарға, санақтан өткендігі жайлы анықтама берілді.      Қазіргі уақытта халықты толғандырып отырған мәселе- әлеуметтік жағдай. Биылғы өткен халық санағының нәтижесі Республикамыздың соңғы 10 жылда қол жеткізген жетістіктерін, халқымыздың демографиялық жағдайын айқындап көрсетпек. Республикамыздың алға қарай серпінді қозғалысына кедергілерді жойып, халықтың мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша артқан үмітін ақтауға жол ашады. Сондықтан еліміздегі үлкен саяси оқиға-халық санағына жауапкершілікпен қарау әрбір қазақстандық үшін абыройлы міндет деп есептейміз. Шетел қазақтары қандай да саяси-әлеуметтік сапырылысқа түссе де, саны жағынан баяу түрде біркелкі өсу жолында болғанын байқаймыз. Ал Қазақстандағы қазақтар Орталықтың тікелей бақылауында болуы себепті саны жағынан ұзақ жылдар бойы (1940-1991) үнемі азайып, оталып келді. Қазақтар өз жерінде бүгінде 67%-ға жетсе де, таза қазақ тілді мектебі 50%-дан аспай отыруы да мәселенің түп төркінін айқындап тұр.

       Егер қазақ тiлiнде сөйлейтiндердiң саны алдыңғы жылғы санақ нәтижесiмен пайыздық арақатынасы сондай немесе одан аз болса, онда бұл жағдай бүгiнгi билiктiң өз әлсiздiгiн және шарасыздығын мойындағанын көрсетедi.    Болжауымша, қазақ ұлтының өзiн-өзi бағалауының өсуi, ұлттық мемлекет құруды жақтаушылардың көбеюi билiкке және болашақ сайлауларға зор ықпал етедi. Алдымыздағы Халық санағы  «мемлекеттiк тiлдi бiлетiндер» мен «бiлмейтiндер» төңiрегiнде айтылатын шым-шытырық сандар мен талғамсыз қоғамдық сайқымазаққа, әлеуметтiк және статистикалық күл-қоқысқа бiржола нүкте қоюы тиiс.                 
 

Информация о работе Халық санағы