ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК
ТӘЖIРИБЕСI
Шет елдердегi мемлекеттiк реттеу
тәжiрибесiн оқып үйрену және ғылыми қорытындылау
мақсаты, оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық
жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес.
Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге
байланысты мүмкiн емес:
- республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
- қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
- басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және “революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi” болып табылады.
Бiрақ та шет
елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау
қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша
түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы
мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен
жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн
анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас
экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау
мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан
жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн
“түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден,
мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң
нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк
бередi және де керек болған жағдайда экономикалық
реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық
процеске республиканың араласу мөлшерiн
ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен
жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Әлеуметтiк – экономикалық
процестерге мемлекеттiң араласу
тәжiрибесiн үйренуден шығатын
қорытынды – көптеген алдынғы
қатарлы елдерде экономиканы
мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары
ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары
мен басымдылықтарын анықтау, болжау,
жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады.
Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың
бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми
негiзделген экономикалық мақсаттарға
жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi
талап етедi. Американдық iрi экономист
П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз
“күннен – күнге өсiп отырған қиыншылықтар
мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық
жолмен икемделе алмайтын экономикалық
жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты
болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi
туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық
өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп
отырады” . Басқаша айтқанда, дәл бiздiң
экономика сияқты, “әлсiз экономикалық
жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға
“эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз
ғылыми – техникалық процесс салдарынан
туындайды
Дамыған өнеркәсiптiк
елдерде “экономикалық өсудiң интенсивтiк
моделiнiң” икемдi құралы экономиканы
реттеудiң ақша – несие механизмi болып
табылады.
Нарық жүйесi дамыған
елдерде бұл механизмдi қолдану
тәжiрибесiн зерттей отырып, мынадай
бiрнеше негiзгi қорытынды шығаруға
болады:
- Монетарлы саясаттың әскерiн “сезiнетiн” ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмi әлсiздiгiнен пайыз мөлшерi және инвестицияға дем берудiң арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қиынсыздығын көрсетедi, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжiрибеге терең талдау жүргiзу нәтижесiнде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетiн несие бойынша пайыз мөлшерiнiң өсiмi бұл несиеге физикалық және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенiң қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегiнде, дербес және мемлекеттiк инвестициялаудың қысқару иенденциясына әкеледi. Бiрақ бұл тенденция күштi трансмиссиондық механизмдi қолдану арқасында бiраз нивелирленуi (тегiстелiнiлуi) мүмкiн (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлiктi, қолда бар тауарды iске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
- Көптеген жағдайда несиенiң арзандылығы (пайыз мөлшерлемесiнiң төмендеуi) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететiнi туралы қорқыныш бастан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндiрiстiк инвестициялауды жеделдетсе нарыққа шығарылған тауарлардың санын артырады. Мұнда, басқа да теңгермелi жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруiне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейiн көрсететiн мультипликатордың абсолюттi параметрлерiн анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келiп түссе, онда ол ақша массасын көбейтiп, артық сұранымның пайда болуына әкеледi.
- Егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргiзiлетiн болса, онда пайыз мөлшерiнiң деңгейi (несиеге байланысты) мемлекеттiң бақылауы мен реттеуiнде болуы керек. Экономика мен фискалды саясатты дамыту (жетiлдiру) кезiнде несиенiң өндiрiстiк инвестицияны жеделдетудегi ролiнiң төмендеуi қисынсыз көрiну мүмкiн. Несиелiк және салық жеңiлдiктерiнiң берiлуi, сыртқы экономикалық тарифтiк саясаттың шамадан тыс икемдiлiгi – мемлекеттiк реттеудiң сенiмдi тетiктерi, мұнда АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапоияда, Оңтүстiк Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бiрақ бұл тәжiрибе ҚазақстанҮкiметi 1994 жылдың басында кез келген несиелiк және салықтық жеңiлдiктердiң алынып тасталынуы туралы шешiм қабылданғанда ескерiлмедi .
- Жалпымемлекеттiк мақсатқа жетуде ақша –несие механизмдерiн тиiмдi реттеу көбенесе оны қадағалайтын органдардың еркiндiк дәрежесiне байланысты. Әлемдiк тәжiрибе бойынша, егер бұл органдар саяси ағымдар мен мүдделердiң “шеңберiне” түссе, олардың iс-әрекеттернiң қорытындылары, жалпымемлекеттiк тұрғыдан бағалау кезiнде негативтi болуы мүмкiн. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегерi Ф. Хайек ақша саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығының қаматамасыз ету керек деген қорытындысы жасайды.
Өндiрi дамыған елдердiң тәжiрибесi,
сонымен қатар аграрлы секторы
жақса дамыған елдердiң экономикасында
бағаға мемлекеттiк және жанама әсер етуiнiң үлкен маңызы
бар екенiн көрсетедi. Егер бүкiл дүние
жүзiнде ешқашан және еш жерде мемлекеттiң
араласуынсыз “таза нарықтық” болуы
мүмкiн емес деген ғылыми дәлелденген
тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда
дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға
белгiлеудiң толық және жалпы даму бостандығы
болмады деген қорытынды да дұрыс деп
есептелiнедi.
Бiрақта бұл
тәжiрибе жеке мемлекеттердiң
экономикадағы бағаны реттеу
үшiн қолданып отырған механизмдер
құрамының әр түрлi екенiн көрсетедi
және олардың құрамы көбiнесе меншiк сала
формасының нақты ара қатынасына; қысқа
және ұзақ мерзiмдiк шаруашылық және әлеуметтiк
мақсаттарға; халықаралық экономикалық
қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейiне
байланысты екенiн көрсетедi. Мысал ретiнде,
осыдан 60 жыл бұрын американдықтардың
ауыл шаруашылық өнiмiне енгiзiлген баға
белгiлеу жүйесiн алуға болады. Ол өзiнiң
“демократиялылығымен” және икемдiлiгiмен
ерекшелiнедi. Бұл жүйенiң мәнiсi – фермердiң
ертеңгi күнге деген сенiмдiлiгiн арттыру
нәтижесiнде, ол өзiнiң шаруашылық жұмысынан
қандай қорытынды алатынын анықтауға
мүмкiндiк табады. Бұл жерде кепiлдiк баға
туралы сөз болып отыр. Егер нарықтық бағаға
күтпеген тенденциялар әсер ететiн болса,
онда ол фермерге минималды табыс деңгейiн
қамтамасыз етедi. Мұндай кепiлдiк фермерлерiнiң
тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа
түскен кезде қамтамасыз етiледi. Соңғылары,
кепiлдiк баға арқылы фермерден қабылданған
өнiм, олардың несиелерi арқылы белгiлi
бiр соманы қамтиды (баға көбейтiлген өнiм)
Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты
болған болар едi. АҚШ фермерлерiнiң төменгi
табыс деңгейiн қамтамасыз ететiн, сонымен
қатар мақсатты баға тәжiрибесi Қазақстан
жағдайында жүргiзiлсе пайдалы болар едi.
Австрия,
Италия, Франция, Оңтүстiк Корея,
Жапония және тағы басқа елдердiң үкiметтерiнiң
баға деңгейiн реттеу АҚШ елiмен салыстырғанда
өте қатал тәртiппен және арнаулы экономиканы
басқару органдарымен жүзеге асырылады.
Мысалы, Францияда мемлекеттiк баға реттеу
қызметтерi бәсекелестiк Кеңес арқылы
жүргiзiледi және халық шаруашылығындағы
бағаның бестен бiр бөлiгiн қамтиды. Австрияда
мұндай қызмет баға туралы арнайы заң
арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттiң экономика
өрiсiнде туындайтын төтенше жағдайын
болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады.
Осы мемлекетте баға ырықтандыруының
бастапқы кезеңi соғыстан кейiнгi (1946 –1947)
3-4 онжылдыққа созылды. Бiрақта, әлi күнге
дейiн Экономика министрлiгi мен үкiметтiң
тарапында сол елде өндiрiлген және импорттық
тауарларға баға деңгейiн реттеу кең өрiс
алуда. Бiрiншi топтағы тауар туралы сөз
болса, онда оларға деген бағаны реттеу
ең алдымен өндiруге кеткен шикiзат материал
ресурсының бағасы төмендеу фактiсi ескерiледi,
ал егер екiншi топтағы болса, онда ауыл
шаруашылығында өндiрiлген өнiмдi елге
өткiзу кезiнде қолданылатын баж салығын
төмендету фактiлерi ескерiледi. Мемлекеттiң
осындай бақылау жасау функцияларын күшейту,
әсiресе экономикалық дағдарыстан шығу
кезiнде қолдану пайдалы екенi тәжiрибе
жүзiнде дәлелденген. Бiздiң жағдайымызда
француз үкiметiнiң шағын және орта бизнестi
жеңiлдетiлген несие, салық салу механизмдерi
арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар
бойынша басқару iсiн жүргiзу тәжiрибесi
пайдалы болар едi.
Мемлекеттiк
баға реттеудiң басты объектiсi
ауыл шаруашылық өндiрiсi болып табылатынын бүкiл дүнижүзiлiк
тәжiрибе көрсетiп отыр. Ғылыми талдау
шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн
бөлiп көрсетедi. Бiрiншiден, ол табиғи-климаттық
жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк фермердiң
және аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық
фактордың қолайсыз жағдайға да табыс
пен пайда табуын объективтi және өзектi
проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты
рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне бағаны
мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер
арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерiнiң
еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде
қарастырылып отырған саладағы өнiмге
баға деңгейiн анықтау “шығын қосылған
табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер
әр түрлi шығындар кезiнде немесе өндiрiске
әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың
қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда
табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк
бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң
тұрақтылығы, олардың шеберлiгi өседi және
де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның
сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Екiншiден,
тұрғындардың тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында
қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс
тауарларына) ауыл шаруашылық өнiмдерiн
табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл
бөлiнедi. Әлеуметтiк түрдегi мiндеттердi
шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз
етуден ауыл шаруашылық өнiмдерiне
баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк
басқару органдары шеттеп тұра алмайды.
Осындай объективтi араласу әр түрлi басымды
механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық,
тiкелей, жанама, құқықтық және аймақтық
реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң
әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық
ерекшелiктерiне байланысты.
Үшiншiден,
аграрлы сектор қандай да болмасын
жүйеде мемлекеттiң қолдауына
мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық
қызмет көрсету бағыты мен
нақты инновациялық – инвестициялық шараларды iске асыруда.
Мысалы, АҚШ-та мемлекеттiк дотацияның
үлес салмағы төрттен бiрге жетедi, ал Еуропалық
экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық,
Жапонияда фермерлердiң барлық табыстарының
төрттен үшiн құрайды. Канадада бүл көрсеткiш
деңгейi шамамен 40 % жетедi. Мемлекеттiң
ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда
баға құру механизмiн жеке, кәсiпкерлiк
және жалпы мемлекеттiк мүдделерiн байланыстыруда
қолданады.
Дамыған
елдердiң шаруашылық тәжiрибесi
көрсеткендей, iшкi нарықтағы тауар өндiрушiлердiң ықыласын қорғауда
және сыртқы экономикалық қатынастардың
тиiмдiлiгiн арттыруда лицензиялық, кедендiк
кiрiстер және тарифтiк реттеу механизмдерiн
қолдану әр елдiң геосаясатының, табиғи
– тарихтық, табиғи-экономикалық және
әлеуметтiк –мәдени ерекшелiктерiне байланысты.
Сонымен қатар әлемдiк нарық пен әлем шаруашылық
интеграциясына кiру ықыласы ескерiледi.
Қазақстан жағдайында
шетелдiк макроэкономикалық реттеу
тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi
Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы
шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми
қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді
қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының
жағдайына қаншалықты қолайлы және оны
енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде
Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің
өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа
жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми
негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар
экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта
экономикалық жаңалықтардың теориялық
негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың
әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды,
өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды
бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл
шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш
проблемалардың теериясын анықтап енгізуге
байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың
арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:
- шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?
- экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?
- экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?
- бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?
- макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты дұрыс ескеріледі?
- халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми негізде үйлестіріледі?
Әлеуметтік –экономикалық
даму жоспарының қажеттілігі
сөзсіз үлкен. Бірақ, жоспарлаудың
ғылыми-метолдологиялық және ұйымдастырушылық
негіздері бұрыңғы әкімшілік-
директивті мәнінен айырылуы
қажет және ұсыныстық – реттеушілік,
мемлекеттік және жеке меншікке негізделегн белсенді шаруашылық
жүргізуді ынталандыру ролдерін атқаруы
тиіс.
Шетел елдерде
нарықтық экономикасымен қоса
кәсіпорын және фирмалардың жоспары
маңызды роль атқарады. Біздің
ойымызша республикадағы қазіргі
жағдайда шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы
несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған
мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту
тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда
үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған
саланы несиелеуде және салық салуда барлық
жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім
қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе
коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет
көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына
жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері
әлі де сезуде. Біздің республикамызда
әлі де бұл салада, керісінше, заңды және
жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен
айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе
талдауда.