ФудМастер сүт зауыты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 19:20, отчет по практике

Описание работы

«ФудМастер» Компаниясының тарихы 1995 жылы жас кәсіпкерлердің сүт өндіру шаруашылығы дәстүрлі түрде кеңінен дамыған Қазақстанда йогурт деген керемет өнімді білмейді және шығармайды деген мәселені көтеруден басталды. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, «ФудМастер» алғаш рет Қазақстанда йогурт шығара бастады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (8).doc

— 253.50 Кб (Скачать)

ФудМастер сүт зауыты

Есік қаласы сүт зауытының орнына 1995 жылы салынды.

Бұл Қазақстан нарығына жоғары сапалы отандық  йогуртты шығарған алғашқы кәсіпорын.

Қазіргі таңда заманауи жоғары технологиялық зауыттың тәулігіне 100 тонна сүт өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар. Адам қолы тимейтін дамыған технология мен өнім салынатын құрылғыны зарарсыздандырып, тазалайтын автоматтандырылған жүйенің арқасында ФудМастер сүт зауыты жоғары сапалы сүт өнімдерінің түр-түрін шығарады.

2004 жыл – «ФудМастер Компаниясы» АҚ TUV Reinland (Германия) беделді халықаралық сертификаттау органының сертификатын алды.

Қысқаша компания туралы

«ФудМастер» Компаниясының тарихы 1995 жылы жас кәсіпкерлердің сүт өндіру шаруашылығы дәстүрлі түрде кеңінен дамыған Қазақстанда йогурт деген керемет өнімді білмейді және шығармайды деген мәселені көтеруден басталды. Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, «ФудМастер» алғаш рет Қазақстанда йогурт шығара бастады.

Қазіргі таңда Республиканың түпкір-түпкірінде компанияның 4 зауыты, 16 сауда филиалы және екі сүт-тауар фермасы бар. ФудМастер компаниясы Қазақстан нарығында сүт өнімдерін шығару бойынша көшбасшы болып табылады және Республикамыздың аумағындағы жаңадан көп сүт өнімдерін шығаруда да алғашқылардың бірі болып саналады.

Отандық өндірушілердің ішінде ең көп өнім шығаратын Компания әрқашан қазақстандықтардың талғамы мен сұранысын қанағаттандыруды мақсат етеді. Тұтынушылар ұнатқан  өнімдердің ішінде: айран, қаймақ, Үй сүзбесі, Дольче йогурттары, БИО-С + ұйыған сүті және басқалары бар.

 
Қазіргі таңда компания зауыттары 100-ден  астам сүт өнімдерінің түрлерін шығарады. Жыл сайын компания өз ассортиментін жаңартып, қазақстандықтарға  жақсарған жаңа дәмі бар жаңа өнімдер ұсынады.

2004 жылдан бастап ФудМастер компаниясы жоғары сапалы сүт өнімдерін шығаруда әлем бойынша көшбасшы, түрлі елдердің 200-ден астам кәсіпорынды біріктіріп отырған Халықаралық Лакталис тобына (Франция) кіреді.

 
ФудМастер компаниясы – бұл 2001 жылдан ИСО сапа менеджменті жүйесін енгізе бастаған және 2004 жылы сертификат алған тағам өндіретін қазақстандық алғашқы компания.

2010 жылдан бастап компанияда тағам өнімдерінің халықаралық қауіпсіздік жүйесі – НАССР (қауіп және сынама алу орындарын сараптау жүйесі) енгізіле бастады. НАССР жүйесіне енгізілген қағидалар адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті азайтады. НАССР тағам өнімдерін шығару кезінде қауіптің алдын алып, тұтынушыға өнімнің қауіпсіздігіне кепілдікті қамтамасыз етеді.

ФудМастер компаниясының негізгі мақсаты Қазақстандағы сүт өндірісін тұрақты дамытып, Республика тұрғындарын әлемдік сапа стандартына сай табиғи өнімдермен үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады.

Алғашқылар  легі

1995 

Қазақстандық йогурттың алғашқы шығуы.

1997

Қазақстандық Сұйық йогурттің алғашқы шығуы.

1999

Қазақстанда картон қаптамадағы ультрапастерленген сүттің алғашқы шығуы.

2001

2001 жылы беделді халықаралық TUV Reinland (Германия) сертификаттау органының сертификатын алып, халықаралық ISO 9001:2000 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізе бастаған алғашқы тағам компаниясы.

2005

Қазақстандық алғашқы түйіршікті сүзбенің шығуы.

Әлеуметтік жауапкершілік

«ФудМастер» компаниясы Қазақстан Республикасының жауапты корпоративті тұлғасы болуға ұмтылады.  
Компания ұлттық бәсекелестікті арттыруға, өзі орналасқан аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуына септігін тигізіп, тұрақты және қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыруда мемлекеттік билік пен қоғамдық ұйымдарға сенімді серіктес болуға өз үлесін қосуды міндет деп санайды.

ФудМастер компаниясы Қазақстандағы  ең ірі салық төлеушілердің бірі. Биыл «ФудМастер Трейд Компаниясы» ЖШС «Жылдың ең үздік салық төлеушісі» номинациясы марапатын иеленді. Ескерткіш диплом компанияға Қазақстан Республикасы Салық Қызметінің 20 жылдығы қарсаңында ресми түрде табысталды. ФудМастер компаниясы өзінің әлеуметтік бағдарламалары барынша дұрыс бағытта және қоғам қажеттілігін өтейтіндей болуын көздейді. ФудМастер компаниясының әлеуметтік бағдарламалары жетім балаларға, ардагерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындарға бағытталған. ФудМастер компаниясы өзінің арнаулы әлеуметтік бағдарламалары арқылы тұрғындар денсаулығын жақсартуға үлес қосып келеді.

Бірнеше жыл ынтымақтаса жұмыс  істегеніміздің арқасында біз көптеген қоғамдық ұйымдармен және әлеуметтік мекемелермен достық қатынастамыз.

 

 

 

 

  

Фудмастер ұсынған майлы айран

 

Фудмастер ұсынған майлы айран – бұл денсаулыққа пайдалы және Қазақстандық отбасылардың бірнеше ұрпағына белгілі сүт қышқылды сусын.

ФудМастер ұсынған майлы айран  ағзаның сау болуына себін  тигізеді және табиғи минералдар мен дәрумендердің қайнар көзі болып табылады. Оның ішінде А дәрумені, β-каротин, D тобы дәрумендері, В1, В2 дәрумендері, С дәрумені сияқты ағзаға қажет дәрумендер бар.

ФудМастер ұсынған майлы айранның пайдалылығымен бірге сергітетін дәмі бар.

ФУДМАСТЕР ҰСЫНҒАН МАЙЛЫ АЙРАН – ҰРПАҚТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ ҮШІН!

  • Қаптамасы: ТетраТоп 1000 г; қақпақшасы бар ТетраБрик 500 г; қақпақшасы бар ТетраБрик 1000 г; ФинПакет 1000 г.
  • Майлылығы: 1%; 2,5%; 3,2%.
  • Табиғи өнім: термияланбаған және консерванттар қосылмаған.
  • Сақталу мерзімі: 21 күн, тоңазытқышта сақтау керек.
  • Сақталу температурасы: 4±2°С.

 


Информация о работе ФудМастер сүт зауыты