Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:46, реферат

Описание работы

Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару органдарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай-ақ өзін-өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе
I тарау
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы.
1.1 Басқару әдістері
1.2 Кәсіпорынның өндірістік ұжымының әдістері
II тарау
Мектепті басқару жүйесінің моделі
2.1 Мектепішілік басқару жүйесі
2.2 Басқару жүйесі моделін жобалауда педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндеттерін қарастыру
2.3 Педагогикалық қызмет
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа содержит 1 файл

менеджмент реферат тапсырдым.doc

— 98.50 Кб (Скачать)

         Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрлігі

    Х.Досмухамедов атындағы  Атырау мемлекеттік  университеті

                       «Экономика және басқару факультеті»   

                         Экономика және бизнес кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

           РЕФЕРАТ 

      Тақырыбы: Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен

                                                   басқару нормасы 
 
 
 
 

                             Орындаған: қаржы-25, 2 курс студенті  Машуова.А

                             Тексерген: доцент Мұқашева.А.Ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        Атырау-2011 ж

                                           ЖОСПАРЫ  
 

Кіріспе

I тарау

Басқарудың  ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы.

1.1  Басқару әдістері

1.2  Кәсіпорынның өндірістік ұжымының әдістері 

II тарау

Мектепті  басқару жүйесінің  моделі

2.1  Мектепішілік  басқару жүйесі

2.2  Басқару жүйесі моделін жобалауда педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндеттерін қарастыру

2.3  Педагогикалық  қызмет 

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
 
 
 
 
 

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Басқарудың  ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы.

    1.1 Басқару әдістері.

    Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің  бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен  ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару органдарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай-ақ өзін-өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметтік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжым ішіндегі реттеудің спонтанды процестері (лидерлік, «мәртебе шкаласы» әлеуметтік нормалар, формальды емес топтар құру) аталған екі компонент, үшінші компоненті - ұйымдық тәртіпті құрайды. Бұл «өткен» басқару еңбегінің жемісін (шешім, әкімшілік тәртіп) және ұжымда стихиялы қалыптасқан жүйені өз құзырына алады. Индивид, топ, ұйым, басқа да әлеуметтік түзілімдер мен процестер басқарудың объектісі болып табылады.

    Басқарудың  өзіндік әдістері бар.

    Басқару әдістері - бұл қызметкерлерге, топтарға және ұжымдарға мақсатты ықпал жасаудың әлеуметтік кешені.

Көрсетілген деңгейдің әрқайсысында басқару бір-біріне ұқсамайтын, өзіндік ерекшеліктері бар проблемаларға кезігеді, демек, соған сәйкес әдістер жасалады; олардың кейбіреулері аталған үш жағдайдың әрқайсысында да қолданылады, басқаларының қолданылуы бір ғана оқиға барысымен шектеледі. Жеке қызметкерге қатысты сөз етер болсақ, сол адамның жүріс-тұрысына ықпал етудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады:

а) тікелей (бұйрық, тапсырма);

б) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);

в) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім, т.б.);

г) қоршаған әлеуметтік орта арқылы емес ұйымдар статустарының өзгеруі, т.б.).

     

    1.2 Кәсіпорынның өндірістік ұжымының әдістері

    Кәсіпорынның  өндірістік ұжымына кіретін топқа  қолданатын әлеуметтік басқарудың әдістері төмендегідей болып бөлінеді:

а) алдағы мақсатқа қарай бағыттай отырып, топтың құрамын қалыптастыру (біліктілігі, демографиялық, психологиялық белгілері, жұмыс орындарының саны, орналасуы және т.б. бойынша);

б) топтарды ұйымдастыру (жарыс ұйымдастыру, басшылық стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды қолдану арқылы және т.б. тәсілдермен ұйымдастыру).

Әлеуметтік  ұйым деңгейінде кәсіпорын мынандай әдістерді қолданады:

а) формальды және формальды емес құрылымдардың ұйғарымы (жоспарланған және нақты айқын байланыстар мен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтар жою);

б) басқаруда демократияландыру (қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру, қызметкерлерді ортақ шешімдер дайындауға кеңінен қатыстыру, өндірісте кейбір басшыларды сайлау, еңбек белсенділігін дамыту арқылы және т.с.с.);

в) әлеуметтік жоспарлау (қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жітілдіру, хал-ахуалын жақсарту және басқа да шаралар).

    Басқаруға қатысы бар тағы бір ұғым-«әлеуметтік тұрғыда өзінен-өзі ұйымдасу ұғымы». Бұл ұғым қоғамдағы, ұжымдардағы, топтардағы кездейсоқ, ойламаған жерде пайда болатын процестердің, яғни әлеуметтік реттеудің өзінен-өзі қозғалысқа түсіп кететін процестерінің байқалып қалатын кездері болатынын білдіреді. Әлеуметтік өзінен-өзі ұйымдасудың айрықша белгісі- спонтандық, өздігінен пайда болушылық, субъективті түрдегі негізгі бір басталу процесінің болмауы. Көп жағдайда мақсатқа бағындырылған жеке әрекеттер үлкен әлеуметтік жүйелер мен процестер шеңберінде спонтанды процестерді құрайды. Демографиялық салада өзінен-өзі ұйымдасу- халықтың ұдайы өсуі, некеге отыруы, көші-қон түрінде, экономикада- тұтынушылар сұранысының ауытқуы, нарықтық механизм түрінде байқалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мектепті басқару жүйесінің моделi

    2.1 Мектепішілік басқару

    Жаңа  жобалы - құзырлы білім моделіне өту жағдайында мектепті тиімді басқару мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Осыған байланысты басқару жүйесінің (БЖ) моделін әзірлеу, педагогикалық қызмет мақсатымен теңбе - тең түсетіндіктен және мәселелердің тиімді шешімін қамтамасыз ететіндіктен, осы мақсаттағы жетістікке қарсы әрекет ететіндіктен өзекті болып табылады.

Алматы  қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару  аппаратының жұмыстарының сараптамасы  мен ғылыми көздерін зерделеу мектепішілік басқарудағы кеңінен таралған төмендегідей мәселелерді атап көрсетті:

•           біріншіден: басшылардың басқару қызметіндегі кәсіби дайындықсыздығын;

•           екіншіден: басқарудың келешегінің және нәтижесінің бағытының жоқтығы;

•           үшіншіден: жоспарлау тұтастай келешекті нәтижемен өзара байланыспайтын өзіндік  іс- шараларды ұсынатынын;

•           төртіншіден: көпшілік пен мұғалімдерді басқару үрдісіне қызықтыратын қызмет пен басшылар тарапынан өзіндік басшылық жүйесін құруға талпыныстың жоқтығы;

•           бесіншіден: әкімшіліктің қызметі мәселелердің алдын алумен емес, керісінше күнделікті мәселелерді шешумен ғана шектелетінін көрсетті.

    Біздің түсінігімізше мектепішілік басқару жүйесі - педагогикалық жүйенің (ПЖ-ң) бір саласы және әртүрлі деңгейлі басшылардың өзара бірлесіп әрекет етуін ұйымдастыратын құрылым, әдістемелік жүйенің іс-әрекетін қамтамасыз ететін және дамытатын бағыт, оқыту технологиясы мен педагогикалық қызмет арқылы БЖ-ны құратын, қарым -қатынас пен басқарудың әдіс - тәсілі болып табылады. Басқару ұйымдастыру мен басқару жүйесінің үйлесімділігін, әдістемелік жүйесі моделінің келісімін, оқыту технологиясы және басқару жүйесінің моделін қамтамасыз етуі тиіс. БЖ моделдеуде білім беру ұйымдарының өзгешеліктері мен БЖ-да қолданыс табатын күтілетін маңызды ерекшеліктеріне, ішкі және сыртқы әлеуметтік ортаға байланысты қайшылықтарды талдауға бағытталуы тиіс.

    Тәжірибелік - эксперименттік және ғылыми - зерттеу қызметінің ғылыми көздерін зерделеуде бізге БЖ дамытудың негізгі шарттары мәлім болды.

Бірінші шарты білім беру жүйесіндегі  басшы кадрларды оқыту болып табылады. Алматы қаласы мектептерінің әкімшілік - басқару құрамы қызметін талдап, зерделегенімізде, басқарудың басымдылығы тек бұрынғы тәжірибе негізінде, яғни тікелей танып- білу мен нұсқаулық негізінің құрғақ үлгісінде ғана құрылатындығы айқындалды. Мұндай басқару келеңсіз жайттарға апарып соғады. Қазіргі заманғы білім жүйесін басқару кәсіби басқарушылықты талап етеді, себебі мектеп басшыларын оқыту магистратура мен педагогикалық ЖОО-ң арнайы факультеттері арқылы жүзеге асырылады.

    ПЖ құрамының өзара байланыса дамуындағы барлық бағыттылығы басқару жүйесі моделінің тиімділігі екінші шарты болып табылады, егерде олардың бірінің өзгерістері (мысалы, білім мазмұны) басқадай өзгерістерімен (мысалы, ұйымдастыру түрі, әдіс, тәсілдері) және басқару шешімімен теңбе - тең қатар жүретін болса. Мектептің ПЖ-н қайта құру әкімшілік құрамының білім беру деңгейіндегі іс - әрекеттің тиянақтылығын, жүйелілігін, кешенділігі мен мақсаттылығын болжайтындықтан, білім сапасын басқару тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес, дегенмен, тәжірибе барысы мұндай шарттардың сақтала бермейтінін көрсетті.

    2.2 Басқару жүйесі  моделін жобалауда  педагогикалық қызметтің  мақсаты мен міндеті.

    Басқару жүйесі моделін жобалауда педагогикалық қызметтің мақсаты мен міндетін анықтау қажет. Анықталған мақсатты әртүрлі көздерін талдауды, салыстыру мен қызметтің тамаша нәтижесін көрсететін мақсатын ұсынуды дұрыс деп есептейміз. Осы жағдайда педагогикалық қызметтің мақсаты - бұл бітіруші түлектің шынайы бейнесі, оқыту мен тәрбиелеу және оқушыны дамыту - мұғалім еңбегінің ең басты нәтижесі. Ал, қалған мақсаттар (жағдай жасау, ұйымдастыру қызметі және т.б.) - бұл лауазым сатысының көмекші мақсаттары.

    Басқарудың  басты міндетін анықтай отыра, жекелеген  мұғалімдер мен педагогикалық ұжымның  нысанасыз жиналысқа айналдыруда нені қамтамасыз ететінін шешу керек. Мектепті басқару жүйесі педагогикалық ұжымының қызметімен, педагогикалық  қарым - қатынаспен, ПЖ нысаналарының даму үрдісіндегі келесі төмендегідей міндеттерді орындаумен тиімді болып табылады:

1. Мәліметті  - қаржылық, интеллектуалдық қорды  құру және тарату (даму жоспарын  нақтылау мен құрастыру, басымдылық  танытатын түбегейлі міндеттерді  шешудің тәсілі мен интеллектуалдық  мүмкіндігінің нақты бағыты).

2. Мұғалімдердің  ұжымы үшін, оқушылар мен ата - аналардың ақпараттық кеңістігін құру. Бұл жердегі маңызды жәйт әрбір білім беру ұйымдарында болуға тиісті норматив негізін әзірлеу (әрине жоғары тұрған органдардың нормативті құжаттары негізінде) және құқықтық, адамгершілік пен мәдени нормаларын жүргізу болып табылады.

3. Басқарудың  әр деңгейінде сенімді және  қазіргі кері байланыстың  жүйесін құру (директор - педкеңес - ата- аналар - конвент (айрықша заң шығарушы өкілеттігі бар сайланатын органдар), директорлар орынбасарлары және қызметтік сенімді өкілдер; кафедра басшылары мен шығармашылық топтар; мұғалімдер - сынып жетекшілері және т.б.).

4. Қызметкерлерді  оқыту. Алматы қаласы мектептерінің  әкімшілік - басқару адамдарының  қызметін зерделеу мен бағалауда  (соның ішінде жеке мектептердің) дәделденгендей, басшылар өздеріне бұл міндеттерді көкейтесті мәселе деп есептемейді. Сауалнама жүргізілген көптеген мектеп директорлары мен директор орынбасарлары (сауалнамада жауап алғандардың көрсеткіштер көрсетілетін болса оның ішінде 67% пайызы, егерде егерде сауалнама жасырын жүргізілген болса 87%-пайызы) тәжірибелілер мен өздерін жағымды жақтарымен көрсете білетін мұғалімдерді, жастар мен тәжірибесі аздарды оқытумен айналысатындарды қабылдағанды ұнатады.

5. Белгісіздікті  жою. Бұл міндет бұрын белгіленген  міндеттерді түйіндейді. Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі көптеген жаңылысулар тапсырмаларды дұрыс орындамағандықтан туса, жанжал нұсқауды түсінбегендіктен, ақпараттың бұрмалауынан, уақытылы кері байланыстың, ұсынылған педагогикалық қызметтің түрін түсінбеу мен қабылдай алмауы салдарынан және т.б. туады. Бұл міндеттің аясында алғашқы жоспарға түзету жүргізіледі, негізгі сұрақтарды шешіп, үнемі түзетіп, білімдік қызметтің нормативті тұғырын нақтылап отыру қажет.

    Басқару мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру – мәдени - білімдік ортаға, жағдайларға, көптеген барлық педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара іс - қимыл жасауы арқасында қалыптасатын қағидалар мен құнды бағдарларға байланысты. Мектептің жағдайы - аз зерттелген, өлшеуге де келмейтін құбылыс. Ол мектеп табалдырығынан-ақ, күзетшінің сәлемінен, оқушылар мен мұғалімдердің көзқарасы мен олардың көңіл - күйлерінен сезіледі. Егер мектептің жағдайы өте жоғары деңгейдегі алаңдаушылық пен қызбалық тудыратын болса, онда бірден сезесіз, керісінше барлық педагогикалық үрдіске қатысушыларға қолайлы, жайлы болатын болса, сапалы ауа секілді сезбейсіз де.

    2.3 Педагогикалық қызмет

    Басқару мен менеджмент мәселелері жөніндегі  өзіндік тәжірибеге сүйене отыра  және әдебиеттерді сараптауда мақсатқа сәйкес деп қорытындылайтынымыз: педагогикалық қызметтің мақсатына жету жолындағы жетістіктер тек басқару міндеттерін шешумен ғана шектеліп қана қоймай, қағидалардың жиынтығын ұйымдастыратын педагогикалық қызметін, балалар мен ата - ана және мұғалімдердің қатынас жүйесін анықтайды.

    Егер басқару басымдылық танытатын адамгершілік қағидаларға, ғылыми және табиғи үйлесімділік пен жүйелілікке негізделмесе, мектептің дамуы мен жұмыс істеуінің тиімді болуы мүмкін емес. Б.З. Мильнердің анықтауынша, осындай басымдылық танытатын қағидалар  «міндеттер құрылымы мен билікті құруда шешімін талап ететін басты сұрақтарды анықтайды. Олар нақты бекітілген ережелердің дәл жауаптары болып есептелмейді, тек басты сұрақтарды атап көрсетеді және басшының іс - әрекетіндегі басты бағытын айқындайды» деді. Басымдылық танытатын қағидалармен қоса, басқарудың да кездейсоқтық, күтпеген жағдай танытатын қағидалары бар.

Информация о работе Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы