Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 07:26, контрольная работа
Басқарудың негізгі мектептері
Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында басқарудың төрт мектебі қалыптасып дами бастады. Олар мыналар: ғылыми жолмен басқару мектебі, әкімшілік жолмен басқару немесе басқарудың классикалық мекткбі, психологиялық әдіспен және адамгершілік қатынастар арқылы басқару мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық тәсіл.
Басқарудың негізгі мектептері
Жиырмасыншы ғасырдың бірінші
жартысында басқарудың төрт
мектебі қалыптасып дами
бастады. Олар мыналар: ғылыми
жолмен басқару мектебі, әкімшілік
жолмен басқару немесе басқарудың
классикалық мекткбі,
Зерттеушілердің
әрқайсысы өзінің талдау
жүргізген кезеніңде ұйымның
Ғылыми жолмен басқару мектебі У.Тейлер, Френка, И.Лили, Гилберт және Генри Гангтың еңбектерімен тығыз байланыста болды. Американ инженері Ф.Тейлор 1885 жылы еңбек процесін жүйелі түрде талдауға кірісті. Ол ғылыми менеджменттің алғашқы авторларының бірі болды. Басқарудың ғылыми мектебін құрушылар байқау, өлшеу, ойлау және талдау арқылы көптеген қол еңбегін жеңілдетіп, оны жетілдіруге , еңбек процесін неғұрлым тиімді орындауға болатынын дәлелдеді. Гилберт еңбек процесін өлшейтін аспап (микрохронометр) ойлап тапты. Бұған қоса кинокамераны да пайдаланды. Соның көмегімен еңбек қозғалысын әр жұмыскердің қимылын бақылап, оны өлшеп отырды.
Ғылыми мектеп өкілдерінің қосқан келелі үлесі өндіріс көлемін ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыскерлерге ынталандыру жүйесін қолдануды ұсынғандығы еді. Бұл жүйе жұмыскерлерге қажетті үзіліс және демалу уақытың беруді көздеген, сонда қалған жұмыс уақытында нақты тапсырманы орындауға болатын. Мұның өзі басшыларға өндірістік норма белгілеуге мүмкіндік берді, кімде-кім норманы артық орындаса сыйлық беру тағайындалды. Бұл тәсілдің артықшылығы кім өнімді көп өндірсе, оған сәйкес ақыны да көп алатындығында. Ғылыми түрде өндірісті, еңбекті басқарудың авторлары жұмыскерлерді іріктеп, тапсырманы орындай алатын ең күштілерін алудың маңызы зор екенің атады, және жұмысшыларды оқытуға да көңіл бөлу қажеттігін көрсетті.
Тейлор және оның қазіргі кездегі жақтаушылары басқару саласындағы жұмысты нақты мамандық деп, түсінді және бұдан түгілұйым жеке коллектив бір мақсатқа жұмылуы нәтижесінде ұтатының, жұмыс нәтижелі болатының тұжырымдады.
Сөйтіп, бұл концепция өндірісті ғылыми жолмен басқарудың жана кезенің ашты. Басқару ғылыми зерттеудің жеке саласына айналды.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі(1920-1950ж)
Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған. Ол кезінде Франциядағы көмір өндіретің ірі бірлестікті басқарған. Линдалл Урвик Англияда басқару мәселесі жөніңдегі консультант болса, Джеймс Д “Дженерал Моторс” бірлестігі жұмыс істеген. Олар ұйымды жетілдіруге аса көп көңіл бөліп, тиімділікті арттырудың жолдарын табуға ұмтылып, ұйымның жалпы сипатын, оның зандылықтарын анықтады. Классикалық мектептің мақсаты басқарудың универсальді принциптерін жасау болды. Өйткені, олар ұйымды нәтижеліжұмыс істеуге жеткізетініне сенімді болған еді. А.Файольдың басқару теориясына қосқан үлесі мыналар. Ол басқаруды өзара тығыз байлыныста болатын бірнеше элементтерден тұратың универсальды процесс деп түсінді. Ол элементтер: жоспарлау ұйымдастыру, басқару, координациялау және басқару жүргізу.
Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз еңбегінде басқарудың 14 принципін жан- жақты дәлелдеп берді. Енді сол басқару принциптерін жеке- жеке қарастырайық:
Еңбек бөлінісі-еңбектің бір іске мамандандырылуы нәтижеге жету үшін қажет. Еңбек бөлінісінің мақсаты - сол бұрынғы жұмсалған шығынмен өнім өндіруді арттыру және өнім сапасын жақсарту.
Билік жүргіу – өз қол астындағы адамдарға жарлық беру құқы. Билік жүргізу сөзсіз жауапкершілікті туғызады. Жауапкершілікті сезіну әсіресе бастықтар үшін аса қажетті принцип.
Тәртіп – кез –келген ұжымды ұстай білу, кәсіпорын мен оның қызметкерлерігің арасында арқашанда келісім жасаушылықта еңбек нәтижесіне елеулі әсер етеді. Тәртіп тыңдауды, жасалған келісімді сыйлау білуді талап етеді.
Дара басшылық принципі – жұмыске өзінің тікелей бастығынан ғана жарлық алып, соны орындауға тиіс. Іс бірлігі – Әр адамның ісі белгілі бір бағытқа жұмылдырылуы қажет. Әр топ, ұйым бір мақсатты орындау жолында бірігіп, бір жоспармен жұмыс атқаруы керек.
Көпшілік мүддесіне жеке адамның немесе жеке топтың мүддесіне кәсіпорын мүддесінен жоғары болмауы керек. Сондай-ақ от басының мүддесі оның әр мүшесінен жоғары болады.
Қызметшілерге ақы төлеу – Атқарылған жұмысқа ақы төлеу әділетті болуға тиіс және бар мүмкіндігінше ол қызметкерді кәсіпорынды, жалдап алушыны және жалданушыны да қанағаттандыруға тиіс. Қызметкерлерге ақы төлеу олардың әрқайсысының қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуі шарт.
Бір орталыққа бағындыру – Бұл жалпы табиғи қажеттілік. Әрбір элементтік ұйым бір орталыққа бағынып жарлықпен кәсіпорынның әр құрылымы жұмыс істеуге тиісті. Бір орталыққа бағыну принципі жалпы еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Қызмет иерархиясы – Бұл ең төменгі деңгейден бастап, ең жоғарғы деңгейге дейін басқару қызметінің орны. Мұның негізгі принципі төменгі қызметтегі бастықтар өзінен жоғарғы бастықтарға бағынуы керек. Оның жарлығымен жұмыс істейді.
Ретке келтіру (реттеп ұстау) – Әр адам өз орнында болуы керек.Белгілі бір орың әр адамға белгіленеді. Әр адамды реттеп ұстау, бәрінің де өз орнында ретте болуы деген сөз.
Әділеттік – Шынындығын айту, әділетті болуы, зандылыққа сүйену басшыларға тән принциптердің бірі. Бұл рақымшылықтың және адамгершіліктің жиынтығы деп деп айтуға да болады.
Қызметшілердің тұрақты жұмыс істеуі – Бұл ұйым жұмысының тиімділігіне әсер ететін фактор. Сондықтан да бастықтар жұмыс күшінің тұрақсыздығымен күресе білуі керек. Ол үшін әр адамның жұмыс орнына, еңбек етуіне, өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасап, оның қажетін қанағаттандыру басты міндет болып табылады.
Инициативалық - әдетте бұл ұғымды жоспар жасап, оны жүзеге асыра білуді айтамыз.
Бірлесу – қызметкерлердің бірлесіп атқарған ісі әрқашанда жемісті болады. Бір одаққа бірігу – бұл үлкен күш. Сондықтан да бірлесу принципінің маңызы аса зор.
Адамгершілік қатынас мектебі (1930-1950)
Басқарудың адамгершілік қатынас мектебінің белгілі өкілдері Мери Паркер және Элтон Мэйо. Олар өндірісті ғылыми жолменбасқару мектебінің өкілдері ұсынған жақсы еңбек ақы, әрбір жұмыс операциясын нормалау, әрдайым еңбек өнімділігін арттыра бермейтінің сезді. Жұмыскерлерге бастықтың қалауы мен материалдық ынталандыру жүйесіне қарағанда топтағы өз әріптестерінің қысымы күштіәсер ете алатындығы анықталды. Абрахольм – Маслоу және басқа психологтар жүргізген зерттеу нәтижесі бұл құбылыстың болу себебін түсінуге көмектеседі. Адамдардың бұндай әрекеттерінің болу себебің Маслоу экономикалық ынталандыру кетіктерінен деген жоқ, оның әртүрлі адам қажеттілігінен болатының тапты.
Автор өзінің “Дәлелдеу және жеке адам” (1954ж) атты еңбегінде индивид мақсатың оның аса маңыздылығына қарай классификация жасауды ұсынд. Ол қажеттілікті бес түрге бөлді: физиологиялық қажеттілік, қажеттіліктің қауіпсіздігі, әлеуметтік топқа жататындығы, өзін-өзі қадірлеу білуі, және өзіне сенімділік.
Психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізушілер мынандай қорытындыға келді: егер басшы адамдар өз жұмыскерлерінің жағдайын ойлайтын болса, онда қызметкерлердің қанағаттандырылу деңгейі артады, мұның өзі сөзсіз еңбек өнімділігің өсіреді. Олар басқару жүйесінде адамгершілік ниетті қолдануды ұсынады. Бастықтардың жұмыскерлермен ықыласы әңгіме жүргізуі, оларға жұмыста да, кең аумақта қатынас жасауына мүмкіндік беруі нәтижелікке жеткізетінің дәлелдеді.
Басқарудың төртінші мектебі – басқару ғылымы немесе сандық тәсіл деп аталатың жоғарыда айтқанбыз (1950 жылдан осы кезге дейінгі мерзімді қамтиды).
Жаңа мектептердің ең көрнекті
өкілдері Р.Акофф,Л.Берланфи,С.Бир
Кеінннен операцияны зерттеу ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасып,негізгі 2 бағытқа дамытылды.
Біріншісі,басқаруды неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың математикалық моделін құруға,запастарды басқару,ресурстарды болуге және т.б байланысты болды.
Екіншісі,жүйені зерттеуге-жүйе техникаларын құруға айырыкша мән берді.
Қазіргі кезде басқару шешімдерінің теориясы саласындағы зерттеулер мынандай бағыттарда жүргізіледі:
Бұл мектептің мәні екі жағдаймен анықталыды: