Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:20, курсовая работа
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
І. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ІІІ. МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПРИНЦИПІ
ІV. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша Франция, Түркия).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті баскару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдьтнда жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізіңде қүры-лады. Күшті үкімет - әлсіз президент.
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік - жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір—бірімен қатынасы және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым - ұлттық мемлекеттік қатынастарды, әкімшілік - территорияларлық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001»
2. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 1999
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы – 2001
4. Венгеров А.Б. Теория государство и права, Москва, 1994
5. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996
6. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1997
7. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі
12