Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдасытыру нысаны кәсіпорынның әріптестері арасындағы қатынас және мемлекеттік ұйымдарымен және басқа кәсіпорындармен қатынас туралы белгілі нормалар жүйесі.
Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтың нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға байланысты:
Жеке капиталдың болуы немесе оны тарту мүмкіндіктері;
Кәсіпкерлік қызметтің сипаты және масштабы;
Кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі;
Кәсіпкердің жеке тәжірибесі және ұйымдастыру қабілеттері;
Нарық жағдайы және басталатын бизнестің көптеген негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар осы және басқа кәсіпорын нысандарының қасиеттері.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 41.20 Кб (Скачать)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекттік инвестиция бағдарламасына қатысуы;
  • Халықтың салымдарын құнды қағаздар арқылы инвестицияға өзгерту механизмін жасау;
  • Бюджеттен тыс көздерді тарту саласына шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша қорлар қызметін және басқа арнайы институттарды белсендіру;
  • Шағын кәсіпкерлікпен жұмыс істейтін коммерциялық банктер және басқа қаржы институттары үшін жеңілдіктер жүйесін дамыту;
  • Жоғары тиімділігі бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне үлестік шартпен тікелей қаржылық қолдау көрсету.

   Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық  транзиттік сауданың дамуына ойдағыдай  қатыса алады. Негізгі жүк ағындарының  түйіскен Евразия орталығындағы  елеулі экспорттық әлеует және қолайлы  көлік-географиялық жағдай Қазақстанда халықаралық транзиттік сауданы дамыту үшін қолайлы алғашқы шарттар жасайды:

  1. Қазақстан Республикасының территориясы бойынша шетел көліктерінің және жолаушыларының транзиті және оларға жүру жолдары бойынша қызмет көрсету;
  2. Шетел тауарларын жеткізу және оларды әрі қарай үшінші елдерге (реэкспорттау) кері экспорттау;
  3. Шетел тауарларын жеткізу және олардың экспорттық өнімдер өндірісіне технологиялық қатысуы, әрі қарай экспортқа шығару. 

   Қазақстанның  жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста тұр, одан шығуды жағымды нәтижелерге  жеткен бірнеше кәсіпорындардың  табысты қызмет көрсетуде. Олар барлық тауар, өткізу, инвестициялық, баға саясатын тұтынушыға қарай бұрып, нарықтағы  өз тауаршасын (ниша) тапты.

   Біріншіден  бұған кәсіпорындарды ірілендіру, шағын  еншілес құрылымдарды құру есебінен жетті.

   Екіншіден, шетел тәжірибесін, технологиясын  тарту және пайдалану.

   Өндірісті сегменттеу қайта құрылған  кәсіпорындарға шығарылатын өнім, оны өткізу көлемдерін өз еркімен салықтарды төлеуге және өнімнің өзіндік құнын есептеуге, сонымен қатар меншікті айналым  қаржыларын толықтыру үшін тәуелсіз несиелерді алуға мүмкіндік берді.

   Бір үлкен тапсырыс алғаннан бірнеше  кішігірім тапсырыс алған жеңілірек.

   Тұтыну  нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан  сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп  өнімдерінің ең кем дегенде 70% алуы тиіс.

   Ауылшаруашылық  өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру  нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

   Ұйымдастыру – экономикалық шаралар ауылшаруашылық кәсіпорындары арасындағы барлық кезеңдерде: өндіру - өңдеу - өткізу тығыс технологиялық  және экономикалық өзара қатынас  орнатуға бағытталуы тиіс.

   Агроөнеркәсіптік  өндірістегі мұңдай мәселелерді  шешу жолына кооперациялауды дамыту жатады.

   Қазіргі кезде жекешелендіруді жүргізу  нәтижесінде ауыл шаруашылықтағы негізгі  көлемін шағын ауыл шаруашылық кәсіпорындар, шаруа қожалығы, жеке қосалқы шаруашылық құрайды, яғни сөз негізінен шағын  ауылшаруашылық кәсіпкерлік деп  аталатын кәсіпорындар арасындағы кооперациялау  туралы болып отыр.

   Ет, жүн, сүт кешендері ішінде кооперациялауды  дамыту әрі қарай өңдеу үшін жекелеген  қосалқы шаруашылықтардан малды, сүтті  сатып алуды ұйымдастырудыға  өткізу кооперативтерін құру жолымен  жүруі мүмкін. Кооперацияға жеке қосалқышаруашылықты  тартумен өңдеу кәсіпорындардың  қуатын пайдалану деңгейі артады. [1. 50 – 54 беттер] 

      2.3.     Қазақстан Республикасындағы  кәсіпкерлікті қалыптастыру

                 жүйесі және оны  дамыту перспективалары. 

   Инфляция  жағдайында қаржы тұрғысынан оң нәтижелерге  айтарлықтай тез жетуге болғандықтан, негізінен қаржы айналымы саласында  басталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің даму тәжірибесі бүгіндері  бірте-бірте көміскілене бастады. Реформалардың негізгі мақсаты  – макроэкономикалық тұрақтылық кәсіпкерлік қызметтің, ұсақ және орташа тауар өндірушілерге айналғанға дейін кеңейтілуін қалайды. Олар өздерінің арасында ішкі бәсекелестік ортаны қалыптастыруы қажет. Бұндай жағдайда мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау жолына түсуі тиіс.

   Үкімет  өзінің осындай бағдарламалары туралы талай мәрте жариялады. Енді осы  ыңғайдағы саясат сорабына талдау жасауға  да болады. Министр Кабинетінің Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығын  құру туралы 1994 жылғы 11 қазандағы қаулысымен танысу, бұл құжатты Қазақстан  кәсіпкерлері конгресі әзірленген, оның республикадағы кәсіпкерлердің бәрінің  бірдей көңілінен шығады деуге келмейтінің  көрсетеді. Айта кетейік, қаулы оны  қосар орындаушылардың да келісімімен  қабылдануы тиіс еді, бірақ олай болмаған. Бұл да аталған үкімет шешімінің  жарты кештігін көрсетсе керек. Атап айтқанда, ол кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі ғылыми орталық  атқаруға тиісті міндеттерді толық  атап көрсетпейді. Оның қызметінің негізгі  бағыттырамен міндеттерін жүзеге асырудың механизмдерін, оны қаржыландырудың  тәртібі мен көздері анықталмаған.

   Бұған қоса бюджет тапшылығы жағдайында орталықты  ұстау үшін үстіміздегі жылдың өзінде 5 миллион теңге, сондай-ақ шетелдік техникалық көмек шеңберінде қаржы  және ғимарат бөлу көзделген. Осы  қаулымен, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ережеге сәйкес, орталықтың ғылыми-практикалық кеңесі құрылған. Оның бір қатар мүшелері бір мезгілде кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның  да мүшелері. Мұны орынды деуге бола қояр ма екен?

   Қалыптасқан жағдайда Ғылыми және Жаңа технологиялар  министрлігі жанындағы Қазақ  мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты базасында кәсіпкерлікті  дамыту мәселелері жөніндегі Ғылыми-ақпараттық орталық құрылған қолайлырақ секілді. Бұлай еткенде осы бағдардағы ұйымдық құрылымдарды, кадрларды, ақпараттық және материлдық-техникалық ресурстарды  барынша тиімді пайдалануға болатын  еді.

   Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың  Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы  шағын бизнес орталықтарының республикалық  жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар  саналады: бизнес дамытудың ұлттық орталығы, нарықтық инфрақұрылымдар  элементтері, кәсіпкерлер бірлестігі, аймақтық шағын бизнес орталығы, сауда  жүйесі, лизинг. Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны  аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.

   Осындай ШБО желісін құру бастамасын қолдай отырып, бірқатар ескертпелер мен  толықтырулар айтқымыз келеді. ШБО-лар  ұсақ және орташа тауар өндірушілер  тобының құрылу процесіне мемлекет тарапынан ықпал етудің нақты  құралы бола алады. Алайда барлық орталықты  бір қалыптан шыққандай ұқсастырып қою дұрыс емес. Бұған басқа  елдердің тәжірибесімен танысу барысында  көз жеткіздік. Әрбір нақты жағдайда ерекше назар аударуды қажет етеді. Әйтседе, әдістемелік нұсқаулар  беру мен кері байланыстың жұмысты  жолға қою үшін зор маңызы бар.

   Бүгінге дейін облыс орталықтарында құрылған ШБО-ларды акционерлендіру жолы қаржыдан қиналуды, бұл олардың орнығуына  кедергі келтіруде. Кәсіпкерлікті  қолдау қоры ұсынған ШБО-ларды акционерлендіру  жолы қажеттілік және қызмет етудің тиімді үлгісі секілді көрінеді. Солай еткенде  орталықтар бір жағынан – жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде  мемлекеттік саясатты жүргізуші, ал екінші жағынан – кәсіпкерлердің аймақтық мәселелерді шешу үшін, мысалы, шағын индустрия саласында, бірігуінің үлесі бола алады.

   Әрі қарай, ШБО-ларды өзінің сауда жүйесі, лизингтік қызметі бар бір  жүйеге келу ұсынылады. Ал оның ең басында  бизнесті дамытудың ұлттық орталығы тұрмақ. Алайда, бұл жерде де Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы сияқты үлкен құрылым барлық қаржыны  тиісті қайтарымсыз өзі жұтып  қою қаупі сақталады. Көзделгеніндей, орталықтың (ШБҰО) жарғылық капиталын  қалыптастырғаннан кейін оған ШБҰО желісін құру үшін мақсатты қаржылар немесе несие ресурстары беріледі. Және де одан әрі ШБҰО-ның инвестициялары акцияларды сатып алу және нақты  бизнес-бағдарламалар арқылы шағын  бизнес орталықтарының жарғылық қорларына  орналыстырылады. Аймақтық орталықтарды қаржыландырудың бағдарламада ұсынылып отырған үлгісі орталықтардың қалыптасуының  бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде де шығынды болатын тәрізді. Қаржы  тұрақсыздығы, инфляция жағдайында осыншалықты  ебедейсіз, далиған жүйе құру жол  беруге болмайтын ысырапқорлық. Қаржыландырудың  мұндай үлгісіне қатысу одан әрі өзін-өзі  ақтауға күмән тұғызып, мемлекет тарапынан негізсіз несие беру мүмкін болатын жолдар қалдырады. Өзінің сауда  үйлері арқылы тауар өткізу, баға саясаты  жөнінде ұсыныстар әзірлеу баға белгілеудің объективтілігіне күмән  туғызады.

   Бизнес  – инкубатор рөлінде қызмет ететін ШБҰО-лардың жобалар бойынша үлесі 25% аса алмайды. Кәсіпорынның қалыптасу кезінде шығындар ШБО жүйесі нақты жобаға тартқан қаржы есебінен жабылады. Біздіңше, бұл орайда ШБО-ларды нақты бизнес-бағдарламалар бойынша қаржыландыруды емес, қайта кәсіпкерлікті қолдау қорының орталықтандырылған несие ресурстарын тікелей өндірушілерге беру ұсынылады. Бұл ретте ШБО-лардың жобалар мен жарғылық қордағы үлесі инкубацияланатын кәсіпорын акциясының 25% дейін құрайтының ескеруге болады. Сонымен бірге ШЮО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.

   Бұған дейін құрылған шағын бизнес орталықтарының өкілдерімен кездесулерде мәлім  болғанындай, ШБО-лардың мәртебесі  мәселесінің зор маңызы бар. Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес дамытудың  аймақтық орталығы мемлекеттік акционерлік  қоғам болуы тиіс. Бұл жаңа қатысушыларды, жаңа жобаларды, қаржыны таратуға ғана емес, ШБО құру процессінің және кызметінің демократиялығын қамтамасыз еткен болар еді.

   Қосымша тік құрылымдардың болуы мемлекеттің  кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасауына мүмкіндік бермейді. Ал экономиканың және меншік секторын дамытуды,  нарық  инфрақұрлымын экономика министрлігі, Қазақстанның кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы, сондай-ақ бизнес дамытудың ұлттық орталығы қабат  басқаруы олардың бір-бірінің қызметін қажетсіз қайталануына әкеліп соқтырады. Бұл арада әңгіме басқару немесе бизнесті дамытудың ұлттық орталығы арасында тандау жасау туралы емес, тиімділік тұрғысында болып отыр.

   Кәсіпкерлікті қолдау қоры мен кәсіпкерлік құрылымдардың  Ұлттық орталықтың үстінен құрылтайшылық  жасауы республика көлемінде алғанда  жөнсіз әрі дұрыс емес. Қосымша  қаржы тарту ниеті мемлекеттік  қаржыны орынсыз жұмсау мүмкіндігін  ұлғайтады. Дегенмен, акционерлендіру  схемасы жағдайында мемлекет қаржысын тікелей шағын бизнес орталығына тарту нақты бағдарламаларға  инвестициялардың көбірек келуіне  ғана көмектесіп қоймайды, сондай-ақ өзара  түсініктік пен бірігу үлгісін табуға да жәрдемдеседі. ШБО-лар бірте-бірте  қалыптасу кезеңінен өтуі тиіс. Және де басы артық құрылымдарды, штаттарды, бөлімшелерді жасанды түрде көбейтуге  жол беруге болмайтынын да ұғыну  керек. Бастапқы кезенде қолда барды  және таяу болашақта қайтарым беретіндерін ғана пайдалану маңызды. Біздіңше кейбір жекелеген бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын олардың жағынан (немесе қызмет істеп  тұрған кәсіпкерлік фирмалармен  бірлесіп) шағын еншілес кәсіпорындар, франчайзинг құру арқылы пайдалануға  болады. Кәсіпкерге тұс-тұстан қолдау көрсетуге қазір мүмкіндік жоқ  және ол оңдай сипат алмауы тиіс. Біздің ойымызша, шағын және орташа кәсіпкерлікке қолдау көрсету шараларын  жалпы республикалық бағдарлама негізінде, жоба бойынша туындаған  мәселелерді шешуге салалық күштерді қоса отырып, экономика министрлігінің басқармалары өз міндетіне алуына болады.

   Кәсіпкерлікті қолдау мәселесі онда жариялылық пен  демократиялық болуы қажеттігіне  байланысты белгілі бір дәрежеде саяси да сипат алады. Сондықтан  бұл арада әттеген-айларға жол  берілмегені жөн. Бірте-бірте макроэкономикалық  тұрақтылыққа жету халықтың шағын индустрия  саласындағы іскерлік белсенділігін  арттыруға жәрдемдеседі, бірақ нақ  осы кезеңде дәл теңдестіруге қол жеткізу қажет.  [3. 189 – 192 беттер] 

      

       
 

      ІІІ.         Шетелдерде кәсіпкерлікті  ұйымдастыру ерекшеліктері. 

      3.1.    Дамыған елдердегі  кәсіпкерлікті ұйымдастыру. 

   Фирма дегеніміз шаруашылқ еркідігі бар, өндірістік және басқа қызметпен айналысатын экономикалық субъект.

   Жеке  меншік кәсіпкерлік фирмасы –  иесі өз қызығушылығымен ісін еркін  жүргізетін кәсіпорын. Ол фирманы басқарады, барлық пайданы алады, барлық оның міндеттері бойынша жауапкершілік алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары