Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 11:09, курсовая работа

Описание работы

Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................... 3

I. Ақша жүйесі және ақша айналымы

1.1.Ақшаның пайда болуы мен қажеттілігі......................................................4

1.2.Ақша түрлері.................................................................................................7

1.3.Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы.................................................................................................................13

II. Ақша айналысы

2.1. Ақша айналысы мен заңы.........................................................................17

2.2. Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы................20

2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы.............21

2.4. Ақшаның базасы мен ақша массасы .......................................................24

III. Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі

3.1. Ақша жүйесі жөнінде түсінік...................................................................27

3.2. Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта...................................................................................................29

Қорытынды .............................................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер .............................................................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Акша жуйеси курсовая.doc

— 224.00 Кб (Скачать)

  Көсіпорындар  мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;

  Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

  Дүниежүзілік  ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

  Егер  де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен  заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» - деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.

  Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.

  Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ –  доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі  валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық  валюталық қордың  СДР-і (арнайы қарыз  алу құқығы) атқарады.

  1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық  қауымдастық елдерінде жаңа валюта  «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық  Одаққа бастапқыда он бір ел  қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия,  Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың  1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылы 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты.                                                              

      

    

II. АҚША АЙНАЛЫСЫ

2.1.Ақша  айналысының сипаттамасы

  Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы”  мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

  Ақша  айналысының объективті негізі –  тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақша бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы ары қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитализм айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады.

  Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолдануы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.

  Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен  жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.

  Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу  үшін қолданылуы мүмкін.

  Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының  соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның тек  сату-сатып алумен шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы, зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

  Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауар айналысы, сондай-ақ  несиелік және жалған капиталдың қозғалысы  жүзеге асырылады.

  Ақша  айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кіреді.

  Қолма-қол  ақшалар айналысы нақты ақшалар  қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет етеді. Ақша айналысын  реттеудің маңызды элементі –  қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі. 

  Банк  жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қома-қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерінің алғы шарттары жасалынды.

     Дамыған елдерде нақты ақшалар  айналысының едәуір бөлігін орталық банктерден шығарылған бакнтік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі (10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

  Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының  қозғалысы.

  Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық  карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

  Қолма-қол  ақща мен қолма-қолсыз ақщалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.

  Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай-ақ:

  өнімді  өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;

  таурлы  емес сипаттағы есеп айырысулармен  байланысты ақша айналымы;

  ақша  айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.

  Құн заңы және оның айналыс аясында пайда  болу формасы, яғни ақша айналысының  заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан  барлық қоғамдық формацияға тән болып  келеді. Құн формаларының дамуына талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

  Оның  пікірінше, ақша айналысының заңының  мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар  бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

  Ақша  айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын  анықтайды           

  Тауарлардың бағаларының сомасы

                   Ата =

  Ақша  айналымының саны

  Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның  төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап  етуде.

  Айналысқа қажетті ақша санын мынадай бейнелеуге болады:

  СТБ – НТБ + МТС - ӨТС

                               АҚ =

  АОС

мұндағы А – айналысқа қажетті ақша саны;

  Стб – сатылатын тауарлар бағасының  сомасы;

  Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының  сомасы;

  Мтс – міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;

  Өтс -  өзара өтелетін төлемдер сомасы;

  Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі  ақша айналымының орташа саны.  

    Осындай жағдайларда айналысқа  қажетті ақша санына өндірістің  дамуының шарттарына тәуелді  болып келетін әр алуан факторлар  ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілген қызметтер бағаларының деңгейіне байланысты да анықталады.

  Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді:  

  несиенің  даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі;

  қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

  ақша  айналысының жылдамдығы.

  Металл  ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.

  Егер  де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын  банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда қолма-қол ақшалар айналысы қағаз  ақшалар айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

  Ақша  айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары мынадай екі фактордың өзара әрекет етуімен анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.                       

2.2. Ақшаның металдық  теориясы және  металл ақша айналысы

    Ақшаның металлдық теориясы. Бұл  теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

  Ресейде металлдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының  барлық пайымдауларының негізі –  ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

  Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын  Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,  қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі