Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 08:40, курсовая работа
Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.
Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
Нарықтық қатынастар қалыптасуы және дамуы кезеңiндей ел экономикасындағы құрылымдық өзгерiстер жұмыс күшiне сұраныс пен Ұсыныстың тепе – теңдiгiнiң бұзылуымен жұмыссыздықтың өсуiмен бiрге жүрдi. Қазақстан Республикасының Үкiметi жұмыссыздарды азайту мақсатында iс – шаралар қолдануда. Соңғы жылдары экономиканың нақты секторындағы өндiрiстiң өсуiне байланысты жаңа жұмыс орындары құрылып жатыр, бұл жұмыс бастылықтың өсуiне және жұмыссыздықтың кемуiне әкелдi. 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздар саны 906,4 мың адам болып, 2007 жылы бұл көрсеткiш 780,4 мың адамды көрсеттi.
Кестеде көрiп отырғанымыздай жұмыссыздық деңгейi 2006 жылғы қарағанда 2,4 % - ға төмендеген. 2007 жылы экономикада жалпы жұмыспен қамтылғандар 6699,1 мың адам болса, оның 3863,6 мыңы жалдамалы жұмысшылар, ал өз еркiншi жұмыс iстейтiндер саны 2835,5 мың адам.
Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап бiрiншi рет жұмыссыздық мәселесi бойынша халықты таңдамалы зерттеу жүргiзiлдi. Алынған ақпаратқа сай, жұмыссыздар арасында әрбiр алтыншы адам (16%) штат қысқаруына байланысты, әрбiр 8 – шi адам (11,6 %) – кәсiпорынның жойылуына байланысты жұмыстан босатылған.
Кесте -1
Қазақстан Республикасының еңбек ресурстары
мың.
адам
Көрсеткiштер | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
Еңбек ресурстары | 9140,1 | 8813,6 | 8471,2 | 8399,0 | 8531,4 | - |
Экономикалық белсендi халық | 7489,5 | 7440,1 | 7052,6 | 7055,4 | 7107,4 | 7479,5 |
Экономикада жұмыс бастылар | 6518,9 | 6472,3 | 6127,6 | 6105,4 | 6201,0 | 6699,1 |
Оның
iшiнде:
Жалдамалы жұмыскерлер |
4418,4 |
4271,3 |
3783,0 |
3354,2 |
3504,4 |
3863,6 |
Өз еркiнше жұмыс iстейтiндер | 1600,5 | 2201,0 | 3783,0 | 3354,2 | 3504,4 | 2835,5 |
жұмыссыздар | 970,6 | 967,8 | 925,0 | 950,0 | 906,4 | 780,4 |
Жұмыссыздық деңгейi, % | 13,0 | 13,0 | 13,1 | 13,5 | 12,8 | 10,4 |
Халық жұмыссыздығын төмендету және жұмысбастылықты қамтамсыз ету мәселесi үнемi Үкiметтiң назарында. 2006 жылы “ Кедейлiк және жұмыссыздықпен күрес” бағдарламасы қабылданды. Оның негiзгi бағыттары келесi болып табылады:
Қазақстанның еңбек нарығындағы Бүгiнгi күндегi ең маңызды мәселелер - ол халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық. Осы мәселелердi шешу үшiн ең алдымен еңбек нарығын жүйелi түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерiстердi бағалап, әрбiр аймақтың өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесiн жетiлдiру қажет.
Статистика органдары зерттеуді арнайы іріктелген және оқытылған сұхбат жүргізушілердің күшімен жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2003 жылдың қаңтар- маусымда жұмыспен қамту жөніндегі уакілетті органдарға жұмыссыздар ретінде 146,5 мың. aдам, маусымда – 24,9 мың адам өтініш білдірген тиісінше олардың 51,2 мыңы және 9,2 мыңы – ауыл тұрғыны. .
2003
жылғы маусымның соңында
Облыстық статистика басқармасы халықтың жұмыспен қамтылуы туралы өткізген іріктеме зерттеу материалдары бойынша 2003 жылдың ІІІ – тоқсанында облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 985,4 мың адамды (15 және одан үлкен жастағы халықтың жалпы санының – 71,2 пайызы) құрады, одан 92,4% -- экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар, 7,6% -- жұмысы жоқтар ( Республика бойынша – 8,2% ).
Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың 44,8% —жалдамалы жұмысшылар, 55,2% — өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі (62.6% ) ауылдық жерде еңбек етеді.
2003 жылдың ІІІ – тоқсанында облыс бойынша жұмыссыздардың жалпы саны 74.9 мың адамды құрады, оның 63,8% -- қала, 36,2% -- ауыл халқы.
Осы уақыт ішінде облыстағы енжар халықтың саны 398,4 мың адам болды. Экономиколық енжар халықтың негізгі бөл ігін күндізгі оқу нысанындағы оқушылар ( 43,9% )және зейнеткерлер ( 39,6% ) құрады.
2003 жылдың ІІІ-тоқсанында 2001 жылмен салыстырғанда облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 16,6% артты. Жұмыс орындарының көбеюі, салық бағдарламаларын енгізу мен еңбек рыногындағы теңсіздікті түзету шаралары, оның ішінде орта және шағын бизнеске несие беру осындай мүмкіндік туғызды. Сараптама көрсеткендей, еңбек рыногындағы жағдайдың өзгеруінің негізгі бағыты – жұмыспен қамтылғандар санының артуы мен жұмыссыздар санының кемуі. Осы кезең ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 21,8%, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 18,8%, өз бетінше жұмыс қамтылғандар – 24,4% артты. Жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайыздық бірлікке төмендеді.
2003
жылдың желтоқсанында
2003 жылы (алдын ала деректер бойынша) экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 7,6 млн. адамды құрады және 2002 жылмен салыстрғанда 239,3 мың адамға немесе 3,2% өсті. 2003 жылдың төртінші тоқсанындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары 2 кестеде көрсетілген.
2004 жылы халықты жұмыспен қамту саясаты еңбек саласында пайда болған дисбаланстар мен диспропорцияларды жоюмен, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бәсекелкстік қабілетінің өсуімен байланысты міндеттерді шешуге бағытталған. Дисбаланс пен диспропорция туралы мәліметтер бойынша өткен жылы жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталықтарына 22,1 мың адам келіпті, олардың 11 мыңы ғана, яғни 50,6 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың басынан бері жұмыс іздеп келушілер санының өсуі есебінен 42 пайызға дейін жұмыссыз отырған бүгінгі жағдайда жаңадан ашылған жұмыс орындары мен бос орындары мен бос орындар еңбек рыногындағы сұраныстың 1/10 бірлігін, яғни 10 пайызын ғана қанағаттандырады.
Жалпы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халықты жұмыспен қамту дәрежесін көтеру туралы нұсқауын орындауда тыңғылықты істер атқарылмай жатқанын білдіреді. Бұл мәселе Елбасы биылғы жылғы Жолдауында атап өтті. Кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған облыстық бағдарлама халықты жұмыспен қамтуды жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, индустриалды-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде білікті мамандарды жұмыссыздар арасында дайындауды көбейту шаралары жүзеге асырылуда.
2004 жылдың I-жартжылдық қорытындысы тұтас алғанда оң нәтижеге қол жеткізілгенін көрсетеді, оны біз еңбек рыногының негізгі индикаторынан байқаймыз. Бағдарламада қарастырылған халықты жұмыспен қамтуды өсіруге ықпал ететін факторлар бойынша көрсеткіштер артығымен орындалған. Осы кезеңде 7363 жаңа жұмыс орындары ашылған, бұл жылдық бағдарламаның 120,8% құрайды. 5886 адам жұмысқа орналастырылған (138,4%), 5562 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданған (134,4%), кәсіби оқуға 271 жұмыссыз жіберілген (165%). Жаңа жұмыс орындарын ашу бағдарламасын артығымен орындаған Кентау қаласы, Түлкшбас, Сайрам, Мақтаарал аудандарының жұмыстарына оң баға беруге болады. Жартыжылдық қорытындысы бойынша Шымкент қаласы мен Төлеби ауданы осы мәселедегі артта қалуларын жоятындарына күмәніміз жоқ .
Облыста жаңа жұмыс орындарын ашу мен халықты жұмыспен қамту қызметінің көмегімен 11,6 мың жұмысыз жұмысқа орналасты. өткен жылмен салыстырғанда аудандық, қалалық халықтық жұмыспен қамту деңгейінің өсуін қамтамасыз етті, бұл жыл басымен салыстырғанда ресми тіркелген жұмыссыздар деңгейін төмендетугу әкелді. Бұған жұмыс берушілердің Қ.Р –ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарын уәкілетті органларға бос жұмыс орындар мен вакансиялар мәліметтерді беруді орындаулары тікелей әсер етті. Егер де 2003 жылы бос жұмыс орындары туралы орта есеппен айына 900 орын жөнінде мәлімет берілсе, 2004 жылдың маусым айында бұл көрсеткіш 1283 орынға дейін көтерілді.
2006
жылы жалдамалы жұмысшылар
саны 4,8 млн. адам,
яғни алдыңғы жылдың
осы айымен салыстырғанда
185,7 адам жоғары (4%).
Осының ішінен мемлекеттік
және мемлекеттік емес кәсіпорындарда
81,4% жұмыс істеді, жеке
тұлғаларда 11,6 %, ал
ауыл шаруашылығында 7% құрады.
Кесте -2
Жұмыспен
қамту органдарының жәрдемімен
жұмысқа
қаңтар-наурыз 2005ж | қаңтар-наурыз 2006ж | |
Облыс бойынша | 2418 | 2339 |
Қалалық елді мекен | 1373 | 1187 |
Ауылдық жер | 1045 | 1152 |
Шымкент | 556 | 430 |
Арыс | 80 | 69 |
Кентау | 189 | 233 |
Түркістан | 235 | 212 |
Бәйдібек ауданы | 108 | 87 |
Қазығұрт | 173 | 68 |
Мақтаарал | 187 | 229 |
Ордабасы | 62 | 101 |
Отырар | 32 | 32 |
Сайрам | 154 | 152 |
Сарыағаш | 232 | 214 |
Созақ | 1 29 | 98 |
Төлеби | 131 | 125 |
Түлкібас | 66 | 193 |
Шардара | 84 | 65 |
Ірі және орта кәсіпорындарда 2006 жылдың 2—тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адам немесе жалпы жалдамалы жұмысшылар 56,4%-ды құрады. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 120,7 мың адам артық (4,7%).
2006 жылдың шілде айында жастар арасындағы , яғни 15 жастан бастап, ары қарай 8 млн. адам, оның экономикада жұмыспен қамтылғандары—7,4 млн., ал жұмыссыздары--613,5 мың адам болды.
Республика халқының 15 жас және одан жоғары 2—тоқсанда жұмыспен қамтылғаны 7,4 млн. немесе 64,4% адам. Соның ішінде қалада 4,2 млн. немесе 56,5%, ауыл шаруашылығында 3,2 млн., яғни 43,5%.
2006 жылдың 2—тоқсанында жұмыссыздарсаны 623,3 мың адам, жұмыссыздық деңгейі—7,7%. Орта есеппен қалалық елді мекендерде 388,5 мың адам немесе 62,3 % (жұмыссыздық деңгейі 8,5%), ауылдарда—234,8 мың адам немесе 37,7% (6,8% ) жұмыссыздар тіркелген. Жастардың жұмыссыздық деңгейі 11,9%-ды құрады. Әйелдердің жұмыссыздығы бірқалыпты—361,3 мың (58 %) , ал ерлер 262 мың адам құрады.
Жас ерекшеліктеріне келетін
Бір жылдан аса жұмыссыз отырғандар—203 мың адам немесе 34,8% , 1—6 айға дейін –148 мың немесе 25,4% , 6—12 ай аралығы—99 мың адам немесе 17%.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Минмстрлігінің еңбекпен қамту органдарының хабарлауы бойынша 2006 жылдың қаңтар—шілде айларында 175 мың адам тіркелген, ал ауыл елді мекендерінен—71,9 мың адам. Қаңтар—маусым айларында еңбекпен қамтылғандар 117,6 мың адам. 2005 жылдың ІІІ тоқсанында облыстағы экономикалық белсенді халықтың саны 1017,2 мың адамды құрады, оның 92,6 пайызы экономикамен айналысса, 7,2 пайызы жұмыс болғанымен, егер табыла қалса, кірісіп кетуге дайын тұрды. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 69,5 пайызды құрады.
Облыс экономикасында жұмыспен қамтылғандар санының 47,6 пайызын жалдамалы жұмысшылар, 52,4 пайызын өз бетінше жұмыс істейтіндер құрады. Еңбек рыногындағы жұмыспен қамтылған халықтың өсуі тұрғындардың өз бетінше жұмыс істеу есебінен, әсіресе, ауылдық жерлерде қосалқы шаруашылықты дамытқан немесе жеке бау- бақшамен айналысқан адамдардың есебінен жүзеге асып отырды.
Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары