Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 19:08, курсовая работа
Басқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І. Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері
1.1.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару тұжырымдамасы..................5
1.2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі...................................................................................................................9
ІІ. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шартын болжау мен бағдарламалау...................................................................... 20
ІІІ. Мемлекеттік және жергілікті басқаруды жетілдіру жолдары........ .............24
Қорытынды........................................................................................................... 28
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................30
Алдағы уақытта орталық мемлекеттік органдардың негізгі міндеттеріне ел заңнамасын жақсарту тұрғысында жүйелі жұмыс істеу, бюджетті, оның жұмсалуын, жаңа технологиялардың енгізілуін, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, білім беруді, елдің қауіпсіздігін, сыртқы және ішкі сауданы басқару кіруі тиіс. Жолдауды іске асыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қазіргі уақытта Үкімет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалық стандарттарын дайындап, оны енгізуде, осыған байланысты республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет түрлерінің тізілімі әзірлену үстінде.
Осында көрсетілгендердің барлығының жүзеге асырылуы мемлекеттік қызметшілердің санының қысқаруына әкеледі, оның есебінен қалған мемлекеттік қызметшілердің жалақысы артады. Тек осылай ғана шын мәніндегі жинақы және кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшілер жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ олардың жұмысқа деген ықыласын нығайтуға бағытталған неғұрлым қатаң талаптар енгізген дұрыс болады.
Аталған реформаларды жүзеге асыруда ҚР Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарына өте жауапты міндеттер жүктелген. Әділет министрлігінің негізгі функцияларының біріне ұлттық заңнаманы қалыптастыру және заң жобалау жұмысын жүргізу кіретіндіктен, Министрлікке әкімшілік реформаны жүргізу үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу арқылы жүргізіліп жатқан құқықтық өзгерістерді заңи қамтамасыз ету жүктелген.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
жөніндегі мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты - Қазақстан азаматтары үшін мемлекеттік
органдармен көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің ресімделуін барынша оңайлату,
төрешілдік пен сыбайлас жемқорлықты
жою.
Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік басқару заң шығарушы, атқарушы, және бақылаушы түріндегі шаралар жүйесі арқылы сипатталады. Бұл әлеуметтік – экономикалық жүйені тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жүргізетін іс – шаралары арқылы көрінеді.
Республика экономикасын
Тұжырымдамада анықталғандай
Қазақстан экономикасы
Қазақстан
Республикасы Конституциясының құрамында
экономиканы басқаруды
Бұл қағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты енуін қамтамасыз етеді.
Басқару
обьектілерінде жүргізіліп жатқан
терең де сапалы өзгерістер ұйымдастырушылық
құрылымдар мен басқару органдарын қайта
құруға әкеп соғады. Әрдайым даму мен жетілу
үстінде болатын басқару обьектісін бұрынғы
қалыптағы әдіске салуға болмайды. Әдістер
өзгертіліп отырған экономикалық міндеттерге
сәйкестендірілуі тиіс. Ол бір жағынан
нарыққа өтпелі кезеңде аймақ басқару
субьектісі ретінде, екінші жағынан нақтылы
елдегі әлеуметтік экономикалық процестер
әсерінен біріккен жергілікті қызығушылығы
бар адамдар қауымдастығы әсерінен дамиды.
Пайдаланылған
әдебиеттер
Информация о работе Қазақстан Республикасын мемлекеттік басқарудың теориялық аспектілері