Алеуметтик баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 22:02, реферат

Описание работы

Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару органдарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай-ақ өзін-өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

Алеуметтик баскару .doc

— 34.00 Кб (Скачать)

Кіріспе 

Еңбек ұйымдарының тыныс-тіршілігінің ең басты, әрі өзекті мәселелерінің бірі - басқару. Басқаруға әлеуметтану тұрғысынан қарасақ, онда мән-мағынасы жөнінен оның үш компонентерінің бір-бірінен ажырата бөліп көрсетуге болады. Олардың біріншісі - мақсатқа бағытталған басқару ықпалы, бұл басқарудың негізін, яғни өзегін құрайды. Мұндай ықпал жасау сырттан (басқару органдарының объектілерден тыс жерде болуы) әсер ету, сондай-ақ өзін-өзі басқару (объектінің құрамына енген бөлімнің немесе субъектінің ықпалымен іске асады) арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметтік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжым ішіндегі реттеудің спонтанды процестері (лидерлік, «мәртебе шкаласы» әлеуметтік нормалар, формальды емес топтар құру) аталған екі компонент үшінші компоненті - ұйымдық тәртіпті құрайды. Бұл «өткен» басқару еңбегінің жемісін (шешім, әкімшілік тәртіп) және ұжымда стихиялы қалыптасқан жүйені өз құзырына алады. Индивид, топ, ұйым, басқа да әлеуметтік түзілімдер мен процестер басқарудың объектісі болып табылады. 

Басқарудың өзіндік әдістері бар. Басқару әдістері - бұл қыжметкерлерге, топтарға және ұжымдарға мақсатты ықпал жасаудың әлеуметтік кешені. 

Көрсетілген деңгейдің әрқайсысында басқару бір-бірен ұқсамайтын, өзіндік ерекшеліктері бар проблемаларға кезігеді, демек, соған сәйкес әдістер жасалады; олардың кейбіреулері аталған үш жағдайдың әрқайсысында да қолданылады, басқаларының қолданылуы бір ғана оқиға барысымен шектеледі. Жеке қызметкерге қатысты сөз етер болсақ, сол адамның жүріс-тұрысына ықпал етудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданады: 

а) тікелей (бұйрық, тапсырма); 

б) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру); 

в) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім, т.б.); 

г) қоршаған әлеуметтік орта арқылы емес ұйымдар статустарының өзгеруі, т.б.). 

Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қолданатын әлеуметтік басқарудың әдістері төмендегідей болып бөлінеді: 

а) алдағы мақсатқа қарай бағыттай отырып, топтың құрамын қалыптастыру (біліктілігі, демографиялық, психологиялық белгілері, жұмыс орындарының саны, орналасуы және т.б. бойынша); 

б) топтарды ұйымдастыру (жарыс ұйымдастыру, басшылық стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды қолдану арқылы және т.б. тәсілдермен ұйымдастыру). 

Әлеуметтік ұйым деңгейінде кәсіпорын мынандай әдістерді қолданады: 

а) формальды және формальды емес құрылымдардың ұйғарымы (жоспарланған және нақты айқын байланыстар мен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтар жою); 

б) басқаруда демократияландыру (қоғамдық ұйымдардың рөлін арттыру, қызметкерлерді ортақ шешімдер дайындауға кеңінен қатыстыру, өндірісте кейбір басшыларды сайлау, еңбек белсенділігін дамыту арқылы және т.с.с.); 

в) әлеуметтік жоспарлау (қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру, ұжымның әлеуметтік құрылымын жітілдіру, хал-ахуалын жақсарту және басқа да шаралар). 

Басқаруға қатысы бар тағы бір ұғым-«әлеуметтік тұрғыда өзінен-өзі ұйымдасу ұғымы». Бұл ұғым қоғамдағы, ұжымдардағы, топтардағы кездейсоқ, ойламаған жерде пайда болатын процестердің, яғни әлеуметтік реттеудің өзінен-өзі қозғалысқа түсіп кететін процестерінің байқалып қалатын кездері болатынын білдіреді. Әлеуметтік өзінен-өзі ұйымдасудың айрықша белгісі- спонтандық, өздігінен пайда болушылық, субъективті түрдегі негізгі бір басталу процесінің болмауы. Көп жағдайда мақсатқа бағындырылған жеке әрекеттер үлкен әлеуметтік жүйелер мен процестер шеңберінде спонтанды процестерді құрайды. Демографиялық салада өзінен-өзі ұйымдасу- халықтың ұдайы өсуі, некеге отыруы, көші-қон түрінде, экономикада- тұтынушылар сұранысының ауытқуы, нарықтық механизм түрінде байқалады.

Информация о работе Алеуметтик баскару