Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 19:50, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста қазіргі таңдағы қазақстандық заңнамада, әрқайсысы белгілі бір дәрежеде тиісті заң актілерімен реттелетін және осыған байланысты тиісті процестердің ерекшелігін көрсететін бірнеше түрлері реттеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуден басқа әкімшілік процесс және оның іс жүргізу түрлері әлі күнге дейін тиісті құқықтық реттелумен қамтамасыз етілмей отыр.
КІРІСПЕ 4
1 ӘКІМШІЛІК–ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 12
1.1 Заң процесінің түсінігі, мазмұны және белгілері 12
1.1.1 Заң процесінің түсінігі 12
1.1.2 Заң категориялары ретіндегі процестің ерекшеліктері 15
1.2 Заң процесінің құрылымы: іс жүргізу, сатылары, кезеңдері 18
1.3 Заң процестерінің түрлері. Әкімшілік іс-жүргізу 19
1.3.1 Процестердің құрылымы және олардың классификациясының принциптері 19
1.3.2 Заң процестерінің түрлерін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 20
1.3.3 Процестің әкімшілік іс жүргізу түрі 21
1.4 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының мәні, нормалары, институттары 33
1.4.1 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының заңды мәні 33
1.4.2 Әкімшілік-іс жүргізу құқығының нормалары 34
1.4.3 Әкімшілік процесс құрылымы 35
1.4.4 Әкімшілік процестегі іс жүргізу 37
2 ӘКІМШІЛІК-ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 43
2.1 Әкімшілік-құқықтық даулар: жалпы мәселелері 43
2.1.1 Әкімшілік-құқықтық даулар түсінігі 43
2.1.2 Әкімшілік-құқықтық даулардың мазмұны 45
2.1.3 Әкімшілік-құқықтық даулардың түрлері және оларды жіктеудің
тәсілдері 48
2.1.4 Әкімшілік даудың негізгі белгілері 52
2.2 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік соттар: теория және
тәжірибе мәселелері 53
2.3 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік процестің мазмұны, түрлері, негізгі институттары және жүзеге асырылу принциптері 60
2.4 Әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының қайнар көздері (теориялық аспекті) және даму болашағы65
2.5 Әкімшілік – іс жүргізу қатынастары 78
2.6. Қазақстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік
институтының даму мәселелері 82
3 ӘКІМШІЛІК ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ 91
3.1 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-юрисдикциялық қызмет:әкімшілік юрисдикция түсінігі мен негізгі принциптері3.1.1 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысты әкімшілік юрисдикцияның түсінігі мен мазмұны
3.1.2 Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикция принциптері 101
3.2 Әкімшілік-юрисдикциялық іс жүргізу түрлері 114
3.3 Әкімшілік-юрисдикциялық процесс сатылары 124
4 ӘКІМШІЛІК-ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
ШЕТ ЕЛДІК ҮЛГІСІ130
4.1 Англо-саксондық құқықтық жүйесіндегі әкімшілік процесс 130
4.2 Француз әкімшілік процесс үлгісінің ерекшеліктері 137
4.3 Германиядағы әкімшілік процесс дамуының тенденциялары 147
4.4 Ресей Федерациясы және постсоциалистік мемлекеттердегі әкімшілік процесс дамуының қазіргі кезеңі
4.4.1 Ресей Федерациясындағы әкімшілік процестің жалпы принциптері 159
4.4.2 Салық органдарының нормативті емес актілерін шағымдау үлгісіндегі жекелеген әкімшілік процесс түрлерінің ерекшеліктері
4.4.3 Әкімшілік-іс жүргізу қызметі саласындағы ресей заңнамасының
Новеллалары 168
4.4.4 РФ әкімшілік дауларды азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде шешудің принциптері, тәсілдері, нормативті –құқықтық базасы
4.4.4.1 РФ әкімшілік дауларды азаматтық процесс шеңберінде шешудің жалпы принциптері
4.4.4.2 Нормативті емес актілерді жарамсыз деп тану бойынша салық дауларының үлгісінде, Ресей Федерациясының азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде әкімшілік дауларды сот тәртібінде шешудің ерекшеліктері 172
4.4.4.3 РФ мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне шағымды қарастырудың іс жүргізу ерекшеліктері
4.4.4.4 Ресей Федерациясында әкімшілік-құқықтық дауларды сот тәртібінде шешудің мәселелері
4.4.4.5 Посткеңестік мемлекеттердегі әкімшілік - іс жүргізу заңнамасының дамуы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Заңның басқа да салаларын зерттеп жүрген заңтанушы ғалымдар әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процеске де назарын аударуда. Ғалымдардың осы тобының ішінен Е.Н. Губанов, Г.Н. Кирько, Г.П. Евгеньев, Ш.Ш. Алимов, К.Тулеевтерді ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, зерттеу тақырыбына қатысты бірқатар мәселелер әлі күнге дейін пікірталастар тудырып келеді және толық зерттеле қоймаған. Әкімшілік процесті жетілдірудің жаңа жолдарын қарастырып, оны қазіргі тарихи жағдайларға және жаңа заңнамаға бейімдеу аса қажет дүние.
Қазақстандық зерттеушілер қатарында соңғы жылдары әкімшілік құқық саласындағы қарқынды зерттеулерімен танылып жүрген, әкімшілік құқықтық мәжбүрлеудің теориялық мәселелерін зерттеген Б.А. Жетпісбаев [2], әкімшілік құқықтағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеген А.Е. Жатқанбаева [3], кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігінің ерекшеліктерін зерттеген А.С. Бахралинов [4], ҚР ішкі істер қолданатын әкімшілік- процессуалдық шараларға қатысты зерттеу жүргізген Қ.К. Шағатаев [5] сияқты зерттеушілердің тұжырымдамалық пікірлері мен қорытындылары басшылыққа алынды.
Зерттеу объектісі - әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс деңгейінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің пәні. Тақырыпқа байланысты әкімшілік-іс жүргізу құқығының теориясын, тәжірибелері мен әкімшілік процестің ҚР заңнамасындағы алатын орны.
Жұмыстың
мақсаты мен міндеті –
Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес келетін мынандай міндеттер алға қойылды:
· әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының генезисіне талдау жасау, осыған орай зерттеу жұмысында заң процесінің түсінігі, мәні және сипаттары, заң санаты ретіндегі процестің ерекшелігі жан-жақты қарастырылды;
· заң процесінің құрылымын, іс жүргізу түрлерін, кезеңдерін, сатыларын айқындау;
· процестердің түрлік құрамын және оларды жіктеудің принциптерін анықтау;
· заң процестерінің түрлерін құқықтық реттеу ерекшеліктерін қарастыру;
· процестің дербес түрі ретіндегі әкімшілік процестің орнын анықтау;
· әкімшілік–іс жүргізу құқығының мәнін, нормаларын және институттарын ашып көрсету;
· әкімшілік –іс жүргізу құқығының заңды мәні туралы жаңа мағлұматтар алу;
· әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының әдіснамалық және теориялық негіздеріне талдау жасау;
· әкімшілік-құқықтық даулар санатындағы жалпы мәселелерді қарастыру;
· Қазақстан Республикасындағы әкімшілік соттардың теория және тәжірибелері мәселесін анықтау;
· әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлерін ашып көрсету және талдау жасау;
· әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының шет елдік үлгісіне шолу жасау.
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Кешенді, терең сараланатын ғылыми жұмыс әрдайым әрбір мәселені зерттеуде міндетті түрде ғылыми-тәжірибелік әдістерді пайдаланады. Сол себепті біз диссертацияның мазмұнында айқындалған мәселелерді қарастырғанда төмендегі зерттеу әдістерін қолдандық:
1. ҚР әкімшілік процесті жетілдіруге байланысты жиналған теория мен
тәжірибені ғылыми талдау.
2. Жүйелі – құрылымдық әдіс әкімшілік – құқықтық нормаларды басқа да өзара байланысқан құқықтық элементтердің бір құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
3. Тарихи
және салыстырмалы құқықтық
4. Логикалық синтездеу, қисындылық әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстандық ғылымда алғаш рет әкімшілік –құқықтық қатынастар мәселелерін кешенді және жүйелі түрде талдау отандық заң ғылымының жаңа бетін ашады.
Автордың алғаш рет әкімшілік-іс жүргізу мәселелерін кешенді зерттеуі өзіндік ғылыми жаңалық болып және оны ғылыми айналымға алғаш рет енгізу де жаңалық болып табылады. Зерттеу жұмысында, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңын және оны қолдану тәжірибесін жетілдіруге бағытталған жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде автор қорғауға өзінің төмендегі ғылыми тұжырымдарды ұсынады:
1. Қазіргі таңдағы әкімшілік-құқықтық қатынастардың, құқықтық нормалармен бекітілген және қамтамасыз етілген, құқық пен міндеттердің жеткізушісі ретінде өзара байланысты бірнеше жақтары бар. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әрқашанда мемлекеттің мүддесін білдіретін болғандықтан, мемлекеттің даму жолындағы өзгерістерге байланысты әкімшілік-құқықтық реттеу нормалары да өзгереді. Біздің көзқарасымыз тұрғысынан, шынайы әкімшілік тәжірибесіндегі осы түрдегі реттеу әкімшілік-құқықтық даулар түрінде іске асырылады.
2. Әкімшілік процесті заңды іс жүргізу түрі теориясы тұрғысынан қарастыра және Қазақстан Республикасындағы құқықтың басқа да іс жүргізу салаларындағы қалыптасқан түсініктерді ескере отыра, іс жүргізу түрін қолдана отырып, әкімшілік іс жүргізу түрін сот ісін жүргізу сипаттамасымен қатар, мемлекеттік-билік қызметінің әдістері сипаттамасымен байланыстыру керектігі туралы қорытынды жасауға болады.
3. Әкімшілік
процесс - бұл ең алдымен, құқықпен
реттелген, мемлекеттік-
4. Көптеген
авторлар, барлық мағынада әкімшілік–
5. Әкімшілік әділеттің барлық жүйесіне, бір жағынан азаматтар мен заңды тұлғалар және екінші жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы әкімшілік басқару саласындағы дауларды қарастыру тән. Кейбір жағдайларда әкімшілік-құқықтық дауларды шешу функциясын, әкімшілік даулардан басқасын да шеше алатын, әкімшіліктен тәуелсіз жалпы соттар атқарады. Келесі бір жағдайларда юрисдикциялық функциялар, жалпы соттар жүйесінен және әкімшілік органдардан тыс құрылатын арнайы әкімшілік соттарына жүктеледі. Қазақстан Республикасында осы екінші үлгі әкімшілік реформалар шеңберінде іске асырылған. Алайда, әкімшілік соттар жүйесін қалыптастырудың толық аяқталмауына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінен тыс әкімшілік құқықтың іс жүргізу нормаларының кодификацияланған құқық көздерінің болмауына байланысты, берілген жүйенің тиімділігі туралы сөз қозғау ерте болып отыр.
6. Әкімшілік
құқық ғылымында, әкімшілік
7. Қазақстан
Республикасындағы әкімшілік
8. Біздің ойымызша, әкімшілік-құқықтық даулардың басым бөлігі соттан тыс тәртіпте шешіле алады және шешілуі тиіс. Ең алдымен бұл биліктік (субординациялық) қатынастар шеңберіндегі, сонымен қатар бірқатар жағдайларда өзара іс әрекет қатынастары шеңберіндегі әкімшілік-құқықтық дауларға қатысты. Маңыздысы, мұндай дауларды шешу механизмдерін таңдауда басымдық императивтікке қарағанда консенсуалды тәсілге беріліп, әкімшілік келісім-шарттар және соттан тыс әкімшілік процедуралардың бірыңғайлылығы негізінде іске асырылуы керек.
9. Соңғы жылдары
әкімшілік соттар Қазақстан
10. Әкімшілік
процесс - бұл ведомстволық
11. Әкімшілік
– іс жүргізу қызметінің және
Қазақстан Республикасындағы
12. Қазақстан Республикасы және көпшілік посткеңестік республикалардағы барлық деңгейдегі басқару жүйесінің ортақ мәселелерінің бірі, Германия, Франция және басқа да континенталдық құқық елдерінің құқықтық жүйесінде заң түрінде бекітілгендей, әкімшілік – құқықтық дауларды шешудің бірыңғай механизмінің болмауы болып табылады. Осы түрдегі даулар үлесінің артуы әкімшілік соттар жүйесін қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Мұнда, Қазақстан Республикасы және Украинаның осы саладағы тәжірибесін қолдана отырып, осы дауларды шешудің соттан тыс тәртібін нақтылап, әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде биліктік өкілеттіліктерді асыра пайдалану мүмкіндіктерін жоққа шығаратын, әкімшілік – құқықтық даулардың түрлерін реттейтін тәртіпті нормативтік - құқықтық негізде бекіту қажет.
Осы мәселе бойынша Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы құқықтық ынтымақтастық өзара тиімді және жемісті болмақ. Өйткені, бұрыннан қалыптасқан және теориялық негізі жетілдірілген әкімшілік құқықтың ресейлік бағытын және әкімшілік соттарды қалыптастырудың қазақстандық тәжірибесін ұштастыру арқылы, екі елдің мемлекеттік құрылымын ескере отыра, бірлескен әкімшілік – іс жүргізу және сонымен қатар әмбебап соттық кодексін қалыптастыруға жағдай жасар еді.
Зерттеудің теориялық маңызы. Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кезеңдегі жиі қолданылып жүрген диалектикалық, жүйелік, тарихи салыстырмалы, логикалық ұлттық ерекшеліктерді үйлестіру, т.б әдістерді кеңінен пайдаландық. Тұжырымдардың Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-іс жүргізу құқығы және әкімшілік процесс салаларындағы ғылыми танымдарды кеңейтуіне және дамытуына байланысты. Ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша норма шығармашылық қызметінде, ведомстволық бағыныстағы нормативті актілер және әкімшілік процесс саласындағы әдістемелік нұсқауларды дайындауда пайдалы болуы мүмкін.