Аймақтық инновацияның дамуындағы бизнес пен білімнің әріптестігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:00, статья

Описание работы

Аймақтың инновациялық дамуының негіздері туралы бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру барысында инновацияның маңызына бас назар аударылуда. Арнайы экономикалық аймақтар және технопарктер түріндегі инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев елімізде аймақтық инновациялық дамуды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы маңызды шараны үнемі бақылауда ұстап келеді.Инновация – жаңарту, жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді.

Работа содержит 1 файл

мақала.docx

— 15.89 Кб (Скачать)

«Аймақтың инновациялық дамуы мен білім пен бизнестің әріптестігі»

Әбжан Эльмира  Ержанқызы, студент

Амренова  Ғалия Қапбарқызы, аға оқытушы

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Аймақтың  инновациялық дамуының негіздері туралы  бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік экономикалық саясатты іске асыру барысында инновацияның маңызына бас назар аударылуда. Арнайы экономикалық аймақтар және технопарктер түріндегі инновациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев елімізде аймақтық инновациялық дамуды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, осы маңызды шараны үнемі бақылауда ұстап келеді.Инновация – жаңарту, жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Елбасының осы бағыттағы идеясы негізсіз деп айту мүмкін емес.Қазақстан соңғы жылдары экономикалық тұрғыдан қарағанда айтарлықтай дамып, қомақты әлеуетімен жаңа онжылдыққа нақ қадам басты. Бұл жетістіктер Дүниежүзілік банктің өткен жылғы есебінде атап көрсетіліп, ол еліміздің бизнес мүдделерін қолдау тұрғысындағы реформалардың көшбасшысы болғанын мойындаған болатын.

Сонымен қатар, Президентіміз «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел дамуының алдағы он жылдығындағы стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын анық көрсеткен болатын. Тек үдемелі аймақтық  индустриялық- инновациялар мен еңбек өндірісінің қарқындап өсуі Қазақстанның көшбасшылық жолындағы берік негізі бола алады. 
Үкімет деңгейіндегі  инновациялық жүйенің міндеттері жеткілікті зерттеліп, анық болғандықтан, аймақтық инновациялық жүйенің міндеттерін қарастырамыз, олар:

– аймақтық деңгейде инновациялық жүйені қалыптастыру;

– ұлттық басымдылықтарды есепке ала  отырып, аймақтағы ғылым мен инновациялардың дамуының басымдылықтарын анықтау;

– аймақтық өсу нүктелерін, аймақтық инновациялық кластерлердің қалыптасу  бағыттарын анықтау;

– аймақтық өкімет құзыреті шеңберінде түрлі шаралармен инновациялық іс-әрекетшілікті ынталандыру;

– аймақтық инновация нарығының қалыптасуын ынталандыру, инновациялық жобалар мен инновациялық өнімге аймақтық тапсырысты қалыптастыру.

Жалпы Аймақтық инновацияның дамуының бірде-бір кепілі ол Білім – Ғылым Бизнес пен Инновация» сынды талапшыл үштаған билік құратын жаңа постиндустрия кеңістігін құру.

–бизнес пен білімнің дамуында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Биылғы жылы бизнеспен бірлесіп атқаратын шаралар жеткілікті болмақ. Менің тапсырмам бойынша әзірленген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының барлық жоспарлары бизнестің қатысуымен жүзеге асады. Бұл бағытта арнайы қаражаттар қарастырылған. Ендеше, бизнес те мұндай қомақты қаржы игеруге атсалысуы тиіс. Бағдарламаға қатыса отырып, бизнес мемлекетке ғана көмектесіп қоймайды, халыққа да пайдасын тигізеді, өздерінің де жағдайын жақсартады»-Деп айтқан болатын. Мемлекеттік органдар мен және жекеменшік секторының бірлесіп іске асыратын атқарымдары – инновацияларды қаржыландыру. Инновацияларды қаржыландырудың түрлі кезеңдерінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, инновациялық процестің алғашқы кезеңдерінде мемлекеттік қаржыландыру көздерінің, венчурлық қорлардың, ал кейінгі кезеңдерде – кәсіпорындардың жеке қаражаты мен несиелік ресурстардың маңызы зор.  

Бүгінгі күнде  қазіргі экономиканы тереңінен  талдау қажеттігі, оның бүтіндей сипаттамасы, тұрақтылығы, әлсіз жағдайларын  анықтау қажеттілігі өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық экономика ие болып отыр. 
Қазіргі кезде негізгі шаруашылық ету қызметі аймақтарда жүзеге асырылады. Оларға өздігінен әлеуметтік -экономикалық мәселелерді шешуге және аймақаралық байланыстар жасауға мүмкіндік берілген. Әр аймақ еліміздегі шаруашылық кешенді белгілі бір орынды алады, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, ұлттық және тарихи белгілері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар.Осы байлықты тиімді пайдаланып жүзеге асыру үшін білімді кадрлар дайындау қажет. Егер елімізде білімді кадрлар дайындайтын болсақ,Соңғы жылдары нарықтық қатынастарға өту барысында аймақтық экономиканың мәні ерекше. Аймақтың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін проблемалардың бірі болып отыр.Аймақтық инновацияның дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтарға экономикалық өсуге жету арқылы бүкіл республикалық экономиканы жақсартуды қамтамасыз ету.Бұл жұмыстың мақсаты - аймақтың инновацияның экономикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік реттеуді тиімді жүргізу жолдарын анықтау, аймақ экономикасын дамыту болып табылады. Осы мақсаттарға жету мен Аймақтық инновацияны дамыту үшін ең алдымен білім, ғылым, бизнестің ұштасып дамуына көңіл бөліну керек. Еліміздің әрбір азаматына тек нарықтық экономикада өз орнын табудың ауқымды мүмкіндіктері ғана ұсынылып қоймай, сонымен бірге мемлекет оның бастамаларын іске асыруға ат салысатын болса еліміз жоғарғы мәртебелі мемлекеттер қатарында болатыны сөзсіз.Егер бизнес орынды дамитын болса «Қазақстанда жасалған» маркасын әлем танып, мойындайтын болады. Еліміз тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал және қазіргі заман технологияларының әлемдік нарығының ажырамас серпінді бөлігіне айналады.Бұл әрине аймақтық инновациямен бірге экономикамыздың дамуына үлкен септігін тигізеді.

Бизнестің дамуының


Информация о работе Аймақтық инновацияның дамуындағы бизнес пен білімнің әріптестігі