А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2011 в 22:44, реферат

Описание работы

Топырақтану – топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Топырақ туралы түсінік
Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы
Топырақтың құнарлылығы
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Топырақтың құнарлылығы.doc

— 88.00 Кб (Скачать)

     Бұл өнім топырақтардың табиғи немесе мүмкіндік  құнарлылығы жағдайында алынған  өнімдер. Топырақтың табиғи күйіндегі  құнарлылығымен қатар оның тиімділік  немесе экономикалық құнарлығы болады. Топырақ құнарлылығы адам қоғамының белсенді араласуының нәтижесінде іске асады. Адам қоғамының топырақты егістікке пайдалануы бірнеше ғасырларғы созылып келеді. Егіншілік өнімін арттыру мақсатында топырақты өңдеп, тыңайтқыштар енгізіп, әр түрлі жақсарту шараларын қолданып, топырақтардың қажетті қасиеттерін өз мұқтаждығына қарай өзгерту адам қоғамының ғасырлар бойы келе жатқан іс әрекеттері. Игерілген топырақтар бұрынғы табиғи дене ғана емес, бұл енді адам қоғамының өндіргіш күші арқылы өзгерген денеге айналады. Осыған байланыста топырақтардың табиғи құнарлылығы деген түсінік орнына енді адам әрекетіне байланысты өзгерген тиімділік немесе экономикалық құнарлылық түсінігі пайда болады.

     Адам  қоғамының іс әрекеті нәтижесінде қоғамның табиғи тарихи әлеуметтік жағдайларында пайда болған топырақтың тиімділік құнарлылығы дәрежесі қоғамның дамуының өндірістік күштері мен оның өндірістік қатынастар дәрежесіне тікелей байланысты. Бұл салада адам қоғамының алғашқы дамыған қарапайым тіршіліктерінен бастап, қазіргі ғылыми техникалық прогреске жеткенше қаншама кезеңдер өткені белгілі. Бұл уақыттар ішінде топырақты егіншілікке пайдалану жүйелері де қоғамның даму құбылыстарына сай, агрономия ғылымының бірте бірте өрістеуіне жетеді. Алғашқы кезеңдерде, адам қоғамы топырақты тек өңдеу арқылы оның табиғи құнарын пайдаланып, бір жерлердің құнары азайса, оны тастап, басқа жерлерді игерді. Дегенмен келе келе бұл жағдайлардың тиімсіз екендігін түсінген адам қоғамы, өңдеген жерлерді оларға әр түрлі минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізу арқылы тұрақты пайдалану мүмкіндігін түсінді. Бұл салада әлемде агрохимия деген ғылым пайда болып, оның дамығанына да ғасырлар өтті.

     Адам  қоғамы дамып, халық санының әлемде өсуі топырақты тиімді пайдаланудың басқа жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Осы бағытта топырақты тек қоректік заттармен (минералды және органикалық тыңайтқыштар) қамтамасыз етумен қатар олардың топырақ құнарының бір негізі ылғал режимін реттеу жолын іздестіруге келтірді. Бұл салада құрғақ және шөлді топырақтарды қолдан суару әдістері қолданылса, ылғалы мол батпақты топырақтарды қолдан құрғату жолдары жүзеге асырылуда. Жалпы бұл бағыттағы іс әрекеттерді су мелиорациясы деп атайды.

     Топырақ құнарына олардың химиялық құрамы да көп әсер етеді. Мәселен, құрғақ, шөлді аудандар топырағында мөлшерден артық суға еритін тұздар қосындысы жиі кездеседі. Оларды сумен шайып, артық тұздарды бұл топырақтардан кетірмейінше, ол жерлерден жақсы өнім алынбайды. Сонымен қатар кейбір топырақтардың сіңіру комплекстері натрий катионына қаныққан (сортаң) топырақ ортасының реакциясы сілтілі, олардың физикалық қасиеттері өте нашар, ылғалы жоқ кезде қатып, ал ылғал болғанда батпаққа айналып құнарсыз болады. Керісінше, кейбір топырақтардың сіңіру комплексі, сіңірілген сутегі біршама алюминий катионына қаныққан (орманды зонаның күлгін топырақтары), олардың топырақ ортасының реакциясы қышқыл болып көптеген мәдени өсімдіктер үшін құнарсыз болады. Міне осы жағдайларды қолдан жақсартпайынша, бұл топырақтардан жақсы өнімдер алу мүмкін емес. Сондықтан осындай топырақтар кездесетін аймақтарда, олардың тұзын шайып немесе топырақ орталарының реакцияларын химиялық мелиорациялау (гипстеу, әктендіру) арқылы жақсарту шаралары әлемде көптен жүргізілуде. Топырақтанудың бұл саласын топырақты мелиорациялау деп, онымен шұғылданатын ғылым мелиоративтік топырақтану деп аталады. 
 

     Қорытынды  

     Топырақ құнарлылығына әсер ететін жағдайдың  бірі оның эрозияға ұшырауы. Бұл ғасырлар бойы түзіліп, жиналған топырақтың құнарлы  беткі қабатының қатты соққан желдауылдың әсерлерінен немесе қатты нөсерлетіп жауған жаңбырдан, тез еріген қардан, кей жағдайларда суармалы егістік жерлерді суару кезінде суды мөлшерден артық жіберудің нәтижелерінде жуылып шайылуынан болады. Әлемде топырақтың жел эрозиясына да, су эрозиясына да ұшыраған алқаптар аз емес. Сондықтан да табиғаттың бұл апатымен күресу жолдары топырақтанудың бір саласы.

     Әлемдегі  ғылыми техникалық прогрестің нәтижесінде, әсіресе өндірістің қарышты дамуынан табиғатқа, оның ішінде топырақ құнарына зиянды әсері де толып жатыр. Соның ішіндегі ең негізгілері жер қойнауының әр түрлі тереңдігінде жатқан қазба байлықтарды барлап, қазып алу және оларды байыту кезінде құнарлы топырақ қабаттары бұзылып, жер бетіне жер астындағы құнарсыз тау жыныстары шығып көптеген жерлер құнарсызданады. Оған қоса көптеген зауыт фабрикалар мен жылу электростанциялардан шығатын күл қоқыстармен ластанып, құнарларынан айырылатын жерлер баршылық. Осындай жерлеріміздің құнарын қайта қалпына келтіруді қайта культивациялау деп атайды. Мұндай жағдайларда, шын мәнінде, топырақтар адам қолынан жасалған антропогенді топырақтар түзіледі. Топырақтанудың бұл саласы әлемде соңғы жылдары қолға алына бастады.

     Сонымен топырақ құнарын тиімді пайдалану, оны арттыру жолдары жалпы  ауылшаруашылық ғылымдар жетістіктеріне агрономия, агрохимия сонымен қатар топырақтану ғылымының салаларына (топырақ мелиорациясы, топырақ эрозиясы және одан қорғау, топырақты қайта құнарландыру) тиесілі. Бұл мәселелердің қоғамның дамуымен маңызы арта түспек. Табиғат қорларының барлық салаларын, оның ішінде жер қорларын сақтау, оны тиімді пайдалану сияқты мәселелер көптеген елдердің ата заңдары мен табиғатты және оның барлық салаларын қорғау туралы арнайы заңдарында қарастырылған. Республикамыздың табиғатын қорғап, оның экологиялық жағдайларын жақсарту, жер қорларын сақтап тиімді пайдалану туралы арнайы заңдар қабылданған. Мәселе – осы заңдарды бұлжытпай орындау. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тест  сұрақтары

 

  1. Топырақтану ғылымын ашқан кім?
    1. Либих
    1. В.Р.Вильямс
    2. Докучаев
  1. Докучаев баяндамасын қай жылы, қай қалада жасады?
    1. 1879 ж. Санк – Петербург
    2. 1765 ж. Петровск
    3. 1897 ж. Ленинск
  1. Қалыңдығы 20см жыртылатын топырақ қабаты түзілуі үшін қанша жыл уақыт керек?
    1. 3 – 5 мың
    2. 3 – 7 мың
    3. 3 – 8 мың
  1. Топырақтың ерекшелігі ...
    1. Қоректігі
    2. Құнарлылығы
    3. Қасиеті
  1. Гумус теориясы дамыған кезде, Либих топырақ құнарлылығы туралы қандай пікір айтты?
    1. Минералдық элементтермен қамтамасыз ету деген
    2. Топырақ құнарлылығы деген
    3. Топырақтың өсімдіктерді қара шіріндімен қамтамасыз ету деген
 
 
 
 
 
 
 
 

Бақылау сұрақтары

 

  1. Топырақ қандай дене? Жауабы: әрі тірі, әрі өлі дене
  2. Топырақ құнарлылығының категориялары қанша? Жауабы: 3: табиғи құнарлылық, жасанды немесе эффективті, экономикалық.
  3. Докучаев «топырақ патшасы» деп қандай топырақты айтты? Жауабы: қаратопырақ
  4. Мелиоративтік топырақ деп ... Жауабы: топырақтың мелиорациялауымен шұғылданатын ғылым
  5. Жердің құнарын қайта қалпына келтіруі қалай аталады? Жаубы: культивациялау

Информация о работе А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы