Сыр бойы батырлары тәуелсіздік жолында

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 15:39, реферат

Описание работы

Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды.

Работа содержит 1 файл

Қазақ тарихындағы көтерілістер реферат [www.topreferat.com].doc

— 64.50 Кб (Скачать)

 

Отарлық кезең

 

1852 жылдың күзi мен 1853 жылдың көктемi аралығында Қыпшақ, Табын, Шөмекей рулары орыс  иелiгiндегi жерлерге көштi. 1853 жылдың  шiлдесiнде орыс әскерлерi Ақмешiт  қамалын шабуыл жасап алды, қоқандықтарды Жөлектен асырып тастады. Сонымен, Сырдың төменгi ағысы орыс отаршыларының иелiгiне қарады. Арал, Қазалы, Қармақшы, Перовск порттары жүйесiнде Сырдария әскери желiсi (линиясы) құрылды. Ұзақ жылдарға созылған отарлық кезең басталды. 

 

Қазақ ауылдарын орыс өкiметiне құлақ қақтырмай бағындыру мақсатында түрлi әкiмшiлiк реформалары жүргiзiлдi. 1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылды. Перовск уезi осы губернаторлықтың Сырдария облысына қарады. 

 

Қазақ даласын басқару  туралы уақытша Ережелер қабылданып, отар аймақтар, орыс капиталының дамуына барынша қолайлы жағдай жасайтын шикiзат аймақтарына айналдырылды. Жергiлiктi тұрғындардың құқықтары шектелдi. Уездер болыстарға бөлiнiп, қазақ пен қазақты бақталас ететiн болыс сайлауы осы кезде шықты. Жер реформасы бойынша қазақ даласы мемлекеттiк меншiкке алынды. Түтiн салық әр шаңырақтан бұрынғы 1,5 сомның орнына 3 сомға дейiн көбейтiлдi.  

 

1867-1868 жылдардағы әкiмшiлiк  реформасы бойынша ауыл, болыс,  рулық жанындағы есепке алынбай  құрылды. Мал шаруашылығы қазақтардың басты тiршiлiк көзi болып қала бердi. Сонымен қатар, егiншiлiк бiршама кең өрiс алды. Нәлiбай, Бұқарбай батырлар, Мырзабай ахундар, Сәтбай сияқты ел қамын ойлайтын адамдардың ұйымдастыруымен арықтар қазылды. Суды бөгет салып көтеру тәжiрибесi кең тарады. Жаңадария бойындағы, тiптi Қарақұм бағытындағы көшкен қар, жаңбыр суын бөгеп егiн егу соның дәлелi. 

 

Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысы нығая бастады. Бұрындары  не қажетiн өзi өндiрiп, өзi жасап алатын болса, ендi тұтыну бұйымдарына Ресей фабрикалары өнiмдерi араласты. ХIХ ғасырдың аяқ шенiнде сауданы кәсiп еткен қазақтар көрiндi. 

 

Оқу-бiлiм, мәдениет жағынан  жекелеген азаматтардың бастамасымен жасалған жұмыстар болды. Мырзабай ахун, Шаймағанбет ишан, тағы да басқа  дiни сауатты ғұлама кiсiлер мешiттерде бала оқытып, елдi сауаттандыруда, имандылық тәрбиесiн беруде елеулi iстер тындырды. Қазақ әдебиетiндегi өзiндiк орны бар Нысанбайдың «Кенесары-Наурызбай» тарихи жыры ел арасына кешегi тәуелсiздiк үшiн күрескен ерлердiң бейнесiн насихаттады. Ақын Жарылқасын қожа осы ХIХ ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрдi. Машай күйшi, Қоқыбай, Еспан, Құжымбай сияқты елге белгiлi кiсiлер болды.  

 

...Ғасырлар бойы тәуелсiздiк  үшiн күрескен бабалар арманы  бүгiн орындалған. Қазақстанның желбiреген көк байрағы жасампаздық жаңа iстерге жiгерлендiре түсуде. Ел бостандығы үшiн қан төккен қаһармандарға арналып қала орталығынан Сыр бойы батырлары деген алып монумент тұрғызылу үстiнде. Жастарымыз сол ескерткiш арқылы бабалар ерлiгiне тағзым ететiн болады.

 

Қызылорда

 
 
Авторы: Ахмет  ТIЛЕУЛИЕВ, журналист, Бейбiтбек БҮРКIТБАЙҰЛЫ, өз тiлшiмiз


Информация о работе Сыр бойы батырлары тәуелсіздік жолында