Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:45, реферат
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді. Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері
Кіріспе 3
1 Өнертабыс түсінігі мен объектілері 4
1.1 Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің талаптары 6
2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері 8
2.1 Өнертабысқа өтінім 9
Қорытынды
Мазмұны
Кіріспе
1 Өнертабыс түсінігі мен объектілері
1.1 Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің талаптары 6
2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
2.1 Өнертабысқа өтінім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді. Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кеңес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Өнертабыс – техникалық мәселені шешу мақсатында білімді жүйелеудің мүмкін болатын варианттарының бірі, алғы патент және патент түрінде жазбаша формада тіркеледі.
Қазақстан бір өнертабысқа екі қорғау құжаты – заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.
Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды
1 Өнертабыс түсінігі мен объектілері
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар көрсетілген:
жаңалығы;
өнертапқыштық деңгейдің болуы;
өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру заңды. «Техникалық шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету құралыретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы өнер; спорт көмекші құралдарын жасау арқылы спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада қолданылады. Осылай ауруды емдеу әдістері техниканың жалпы түсінігіне жатпайды. Бұған қарамастан, емдеудің терапиялық әдістері емдеу құралдарын нақты белгілеген мөлшерде,белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл арқылы емдеу техникасы анықталады. Бұл мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешімретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экғономикалық, әкімшілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді екендігі анықталады.
Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтары көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құққтық маңызы зор.
Құрылғы - өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар – мысалы, «Қар жинаушы машина»; құрылғылар – «Магниттік өріс көрсеткіші»; механизмдер – «Шарнир механизмы».
Жетілдірілген құрал, мысалы, «геологиялық балға», «қозғалатын пышақ» немесе қандай болмасын құрал, мысалы, «теміржол вагонының жедедіткіш құралы», «мотоцикл рамасына қатысты рульды ұстап тұратын гидравликалық құрал» объект – құрылғы санатына жатқызылуы мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады – мысалы, «әмбебаптық оқу партасы». Электр сызбалары да құрылғының бір түрі болып табылады. Патенттік қорғалуға құрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік белгілермен сипатталады:
Бұл олардың кең таралуын анықтайды.
Тәсіл өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету үрдістері жатады. Тәсіл – белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Материалдық объектілерге әрекет ету үрдістері ретінде тәсілдерді былай бөлуге болады:
- өнім (бұйымдар, заттар т.б.) өндіруге бағытталған әдістер, мысалы, «құрылыс материалын жасау тәсілі», «ацетилен алу әдісі»;
- белгілі бір өнім алмай материалдық заттардың жағдайының өзгеруіне бағытталған әдістер «тасымалдау, реттеу, өндеу т.б.). Мысалы, «жер өндеу тәсілі», «электромагниттік клапанды басқару әдісі»;
- нәтижесінде материалдық дүние заттарының жағдайы анықталатын әдістер (бақылау, өлшеу, болжамдау т.б.). Мысалы, «аса таза кварц шыққан жерін іздестіру әдісі».
Өнімдер алу әдісіне берілген қорғау құжаттарының күші тікелей осы әдіспен алынған өнімге де таралады.
Патенттер аурудың алдын алу, болжамдау және емдеу әдістеріне де беріледі мысалы, «тістер кариесін алдын алу әдісі», қан қысымын болжамдау әдісі».
Интеллектуалдық меншік нысандарын тауар деп тану, соның нәтижесінде коммерциялық нысанды жүзеге асыру Университеттің интеллектуалдық меншік – ғылыми ауқымды ерекше тауар «туындысы» ретіндегі ғылыми-зерттеу және зерттеушілік қызметінің жаңартылуына себепші болады. Жоғары оқу орындары арасындағы өндірістік серіктестіктің негізінде интеллектуалдық меншік жатыр, ол – аса құнды материалдық емес актив және олардың оқу-ғылыми және техникалық қызметтерінің нәтижесі болып табылады.
1.1 Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің талаптары
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес өнертабысқа, егер ол жаңа, оның өнертапқыштық деңгейі және өнеркәсіптік қолдануға жарамды болса, құқықтық қорғау беріледі. Өнертабыс патент қабілеттілігінің бұл талаптары әлемнің көптеген елдерінің патент заңдарында анықталған.
Жаңашылдық. Өнертабыстың жаңалығы оның патент қабілеттігінің негізгі және міндетті талабы болып табылады. Патент Заңының 6-бабына сәйкес, егер өнертабыс техника деңгейі туралы мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады. Техника деңгейі туралы мәліметтерге өнертабыс басымдық мерзіміне дейін әлемде жалпы қол жетерлік болған кез келген мәліметтер кіреді. Жалпыға қол жетерлік мәліметтер ретінде кез келген тұлға таныла алатын мазмұны заңды түрде хабарланған қайнар көздерде көрсетілген мәліметтер танылады. Қызметтік, жабық, құпия және т.с.с. ақпаратқа назар аударылмайды. Өнертабыс жаңалығы бітімгершілік сипатты фактіге ие болып табылады, яғни техника деңгейіне Қазақстан Республикасында ғана емес, шетелдерде де жалпы қол жетімді болған мәліметтер жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Патент Заңының 6-бабының 4-тармағы на сәйкес өтінім берушіге жаңашылдық бойынша жеңілдік беріледі. Бұл автордың, өтініш берушінің немесе осы ақпаратты тікелей немесе жанама түрде алған кез келген тұлғаның өнертабысқа жататын ақпаратты жария түрде ашу, сонымен бірге , Париж конвенциясына қатысушы мемлекеттің аймағында ұйымдастырылған ресми немесе ресми деп танылған халықаралық көрмеде экспонат ретінде өнертабысты куөрсету өнертабысқа өтінім патент ведомствосына ол ашылған күннен немесе көрмеге орналасуы күнінен 6 ай кешіктермей берілген болса, өнертабыс патент қабілеттілігін тануға жол бермейтін жағдай деп танылмайды. Мұндай жеңілдік өтініш бергенге дейін мәні ашылған өнертабысты қорғауғамүмкіндік береді. Бірегейлік прототипіне қарағанда өтінім берілген үлгіге енгізілген өзгерістердің шығармашылық сипаты патентке қабілеттігінің маңызды талабы болып табылады.
2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері
Өнеркәсіптік меншік объектілерінің маңызының артуына байланысты оларды қорғаудың ролі өсе түсуде. Өнертабысты қорғаудың құқықтық жүйесінің мақсаты оларға тиісті қорғауды ұсыну және патент иеленушілер мен авторлардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар олардың заңсыз қолданылуына жол бермеу болып табылады. Біздің елімізде өнертабысты құру, құқықтық қорғау және оны қолдану - Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент заңымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Төрағасының 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 52-н.қ. Бұйрығымен бекітілген Өнертабысқа инновациялық патентке немесе патентке өтінімді жасау, рәсімдеу және қарау жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.
ҚР Патент заңына сәйкес, өнертабысқа деген құқық инновациялық патентпен және патентпен куәландырылады. Инновациялық патент және патент өнертабысқа ұсынылған айрықша құқықты білдіреді, яғни патент иесі өзінің қалауы бойынша өнертабысты қолдануға құқылы.
Өнертабыс жаңашылдыққа, өнертабыстық деңгейге ие және өнеркәсіптік жарамды болса, оған құқықтық қорғау көрсетіледі. Өнертабыс бұрын белгісіз болған бұйымды көрсетуі керек. Жаңашылдық ұғымы белгілі бір саладағы алға жылжуды білдіреді. Өнертабыс өнертабыстық деңгейге ие болуы керек, яғни белгілі немесе таныс болмауы керек. Өнеркәсіптік жарамдылық ұғымы өнертабысты өнеркәсіптік өндірісте және басқа салаларда қолдану мүмкіндігін көрсетеді.
Өнертабысқа инновациялық патентті және патентті алу үшін Сараптама ұйымына өтінім беру құқығы, оның шығармашылық еңбегімен жасалған авторға тиесілі.
Инновациялық патентті және патентті алуға деген өтінімдер олардың патенттік қабілеттілігін анықтау үшін сараптамадан өтеді.
Өнертабысқа инновациялық патентті беруге арналған өтінім сараптамадан өткеннен кейін өнертабысқа деген инновациялық патент беріледі. Аталған сараптамада барысында талап етілетін құжаттар тізімі тексеріледі, басымдылық күні белгіленеді және ұсынылған шешімнің Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға қатысты локальды жаңалығы тексеріледі. Сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін инновациялық патентке формуласы өтінім берушімен келісілген оң қорытынды беріледі.
Патентті беруге деген өтінім сараптамасы екі бөлімнен тұрады: ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама. Ресми сараптама жүргізу барысында құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келуі тексерiледi. Ресми сараптама өткізілгеннен кейін, мәні бойынша сараптама жүргізіледі. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлімделген ұсынысты өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi білдіреді.
Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкін, бірақ ол екі жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.
Патентті өнертабысты қорғау саласындағы құзыретті орган береді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ондай орган ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті танылады.
Патент иеленуші қорғалу мерзімі аралығында өнертабысты кім қолдана алады немесе қолдана алмайтыны жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар. Патент иеленуші өзара тиімді шарттарда өнертабысқа рұқсатты немесе оны қолдануға деген лицензияны басқа тұлғаларға бере алады. Сонымен қатар патент иесі өнертабысқа деген құқықты сата алады. Бұл жағдайда құқықты сатып алған адам өнертабыстың иесі болады.
Өнертабысты қорғау, атап айтқанда оған патент беру кейбір жеке тұлғалардың шығармашылық талантының мойындалғанын көрсетеді және олардың өнертабыстарын коммерциялық сипатта өзге адамдар қолданғаны үшін сыйақы алуға ынталандырады.
2.1 Өнертабысқа өтінім