Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:53, доклад
Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Жүсіпбек Аймауытов, «Ақбілек» романы
Жүсіпбек Аймауытов (1889 — 1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911 — 1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.
Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).
Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).
Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады.
1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы – міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 жылы атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан
туған мұралардың қай қайсысы да оның
кесек дарын иесі екендігінің, гуманист
суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының
жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр
кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның
мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға
арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің
қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы,
сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының
өміршеңдігіне кепіл болмақ.
«Ақбілек» романындағы оқиғалар өмірден алынды. Ақбілек әлемі, Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Маңыздысы – жазушының жан әлемін жаулап алған, қазақ қызының тағдыры. Автор оқиға өміріне сай Алтай өңірі, Марқакөл, Күршім маңайын, табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, сосын жекелеген бейнелер Ақбілек, Бекболат, Офицер, Мұқаш сияқты кейіпкерлерді сөйлетеді. Жазушы Ақбілекті өмір-тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек-аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолықтыруы – кеңестік кезеңнің талабы. Қазақ әйелінің еркіндік алу салтанаты, жемісті сәті. Сондай-ақ, Төлегеннің үйінде қонақта болған зиялы қауым өкілдерінің өзара әңгіме-сұхбаттарынан қазақы қалжың, пәтер, темекі төңірегінде өріс алған әңгіме арнасы – бай-кедей, тап мәселесіне алып келеді. Ақбілектің, Балташтың, Жорғабектің арасындағы әңгіме қазақ даласындағы қайнап жатқан саяси өмірді көруге болады.
Ж. Аймауытов роман оқиғасын тарата, көркем, келісті баяндайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға – Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес.
Бұл – бай қызының ес білгелі кезікпеген кедергісі, жат адамдардың сойқан жәбірі еді. Он екі дебір гүлі ашылмаған – Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды...
Ақбілек трагедиясы сол кездегі ұлттық мәселелермен байланысты. Ақ орыс солдаттарының ұрлап әкетуі, Ақбілекті қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің қашқақтауы, атастырған күйеуінің тайсақтауы, ел-жұрттың оған бір түрлі аяушылықпен қарауы өлімнен де ауыр. Оның үстіне орыс – кәпір, мұсұлман емес. «Кәпірдің қолына түсіп, соған қатын болған» сөзді тіпті көпіртіп әкетеді. Өйткені кәпір атаулы жау, онымен араласқан, шатасқан елдің бәрі харам және діннен безген.
Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты, Міне « Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы – қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығарма.