Жаяу Мұса Байжанұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2011 в 14:19, реферат

Описание работы

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны, әнші-сазгері Мұса Байжанұлы 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келкеді.Мұсаның әкесі Байжан тұрмыс тауқыметін көрген кедейлйеу жан болғанымен, ұсақ-түйек кәсіппен айналысқан еті тірі, өжет мінезді, сөзге де шебер адам болған. Сол өжеттігінің арқасында ол кезіндегі қолында билігі бар Шорман әулеті тәрізді әлділермен де жиі-жиі қақтығысыпта қалып жүреді.

Работа содержит 1 файл

Жаяу Мұса Байжанұлы.doc

— 36.00 Кб (Скачать)

Павлодар  қаласының № 25   жалпы орта білім беру мектебі. 
 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 РЕФЕРАТ 

   Тақырыбы: Жаяу Мұса Байжанұлы

  

      

 

  

 Орындаған: 10«А» сынып оқушысы 

   Саттарова Ырымгүл

                                                                Тексерген: Текжанова Ажар Төкенқызы

  
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 
 

                                         Павлодар 2010 жыл

 

Жаяу  Мұса Байжанұлы

(1835-1929) 

    ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың белгілі  ақыны, әнші-сазгері Мұса Байжанұлы 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келкеді.Мұсаның әкесі Байжан тұрмыс тауқыметін көрген кедейлйеу жан болғанымен, ұсақ-түйек кәсіппен айналысқан еті тірі, өжет мінезді, сөзге де шебер адам болған. Сол өжеттігінің арқасында ол кезіндегі қолында билігі бар Шорман әулеті тәрізді әлділермен де жиі-жиі қақтығысыпта қалып жүреді.

    Мұса  жасынан өнерге бейім болып өседі. Әкесінің көмегімен ескіше сауатын  да ертелеу ашады. Молдадан бес-алты жыл оқып хат таныған бала Мұса кейін оқуын жалғастыруды ойлайды. Көп қиындықтарға кездескеніне қарамастан, он бес жасында Қызылжар қаласына келіп, үш жылдай байларға жалданып әртүрлі жұмыс істейді. Сонда жүріп орысша үйренеді. Кейінірек қаржы жинап, Омбыға барып оқуға түседі. Бірнеше жыл сол қалада білім алады.

    Бір жазғы демалысында елге келгенде, Шорман балаларының озбырлығын әшкерелеп  газетке мақала жазады. Бұған ерегіскен  Шорманның Мұстафасы болашақ  ақынның үстінен генерал-губернаторға арыз жазып, оны он екі жылға жер аудартады. Бірақ бұл жаза әскери қызметпен алмастырылып, Мұса генерал Черняевтің отрядында біраз уақыт арбакеш болып жүріп Петербург қаласында, Польшада, Литвада, Латвияда болады. Черняевтің Жетісу өңіріне жасаған жорықтары кезінде Шоқан Уәлихановпен танысып, пікірлеседі.

    Жазасын өтеп, елге оралғаннан кейін де Мұса бірнеше рет қудалауға, қысымшылыққа душар болады. Алайда ол қиындыққа  мойымай, әділетсіздік пен қиянатқа деген қарсылығын барған сайын арттыра  береді. Өзі өлеңдерінде айтатынындай, зорлықтың, әділетсіздіктің салдарынан атынан айырылған Мұса келе-келе ел ішінде Жаяу Мұса деп атанып кетеді. Ол 1929 жылы өзінің атақонысында қайтыс болады.

    Шығармашылығына келетін болсақ, Жаяу Мұсаның шығармашылық мұрасы мол. Оның әртүрлі мазмұндағы көркем лирикалық өлеңдерімен қатар «Олжабай батыр» атты көлемді дастаны, «Данышпан қыз» поэмасы және бірқатар мысал өлеңдері бар. Бұл жағынан Жаяу Мұса Арқа өңіріндегі Біржан сал, Ақан сері бастаған әнші-ақындар тобының әріден келе жатқан әдеби дәстүрін жалғастырды. Ал, екінші жағынан, ол қазақ музыка өнерінің мазмұны мен түріне, орындаушылық шеберлігіне көптеген жаңа өрнектер қосқан өнерпаз, әнші-сазгер болды.

    Жаяу  Мұса шығармаларының тақырыптық ауқымы кең. Бір қарағанда, ол көбінесе өз басынан  өткен жайларды жырлайтындай болып көрінгенімен, ақын өлеңдерінде заман шындығы молынан ашылады. Өмір бойы үстемдікке, зорлық пен қиянатқа қарсы күресіп өткен ол өз өлеңдерінде халық өмірін жаңа ырғақпен жырлайды. Жаяу Мұса жүрегінен шыққан «Көкаршын», «Ақсиса», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», «Хаулау», «Сапар», «Саулем қыздар», тәрізді көптеген ән, өлеңдері осындай жаңашылдығымен ерекшеленеді.

    Жаяу  Мұсаның бозбала кезінде жазған өлеңдері, негізінен, махаббат, жастық шақ, сүйіспеншілік мәселелеріне арналады. Осы тақырыпқа жазылған «Сәулем  қыздар», «Сұрша қыз», «Ләйлім» сияқты өлеңдерінде жастық шақтың әсерлі суркті, махаббаттың алаулы лебі бар. Бұл өлеңдеріндн Мұса өзінің шынайы суреткер ретіндегі шеберлігін танытты.

    Махаббат, ғашықтық өлеңдерінде өзгеге ұқсамайтын ерекшелік танытады. Оның өлеңдерінде адам сезімі жалаң суреттелмейді, қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен қосақтаса, қабаттаса бейнеленеді. Бұған дәлел-ақынның «Сұрша қыз» өлеңі. Өлеңде Сұрша қызбен жүздесуге асыққан ақын өмірі елес береді. Шағын өлеңнің өне бойында Жаяу Мұса өз айналасындағы өмірдің ащы шындығын барынша көрсетеді.

    Жаяу  Мұсаның осы тақырыптағы ән-өлеңдерінде  халықтық әдебиет үлгілерінде мол кездесетін сарындар да бой көтереді. Оның өлеңдерінде сүйгеніне қосыла алмаған ғашықтардың арман-күйігімен қатар, өмірдің мәнін ойын-күлкімен жандандыру дейтін халықтық философия да молынан кездеседі.

    «Саулем қыздар» деп аталатын өлеңі- Жаяу Мұсаның суреткерлік шеберлігін айқын танытарлық шығарма. Жастардың ыстық сезімдерін жетік суреттеп жеткізеді. Ақын, негізінен, әнші-ақын ретінде танылған талант. Аталған шығармалар бәрі де әнге салынып арналған. Ән-өлеңдері тек қана тақырыптық, көркемдік ерекшелігімен емес, сонымен қатар әсем ырғағымен, сұлу сыршылдығымен де көзге түседі. Сондай туындыларының бірі- «Көкаршын». Бұл- Мұсаның әнге, өнеріне деген эстетикалық көзқарасын танытатын шығарма. «Көкаршында» ақын өзінің сұлу ырғаққа аса құштар екенін танытады. Мұнда ақын жанының соншалықты нәзіктігі байқалады. Өзі «ән еркесі» деп бағалаған дүниесін автор ештеңеге теңгермейді.

    Жаяу  Мұсаның шығармашылығында ең көп  қозғалған мәселе- әлеуметтік теңсіздік, заман шындығы. Өмірінде қуғынды  көп көрген, жазықсыз жапа шеккен ақын өз шығармаларында осы жайларды ашына жырлайды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің бір көрінісі ақынның «Ақ сиса» атты әйгілі өлеңінде мейлінше айқын бейнеленген.

    Ел  ішіндегі жуан ата Шорманның баласы өзін сынай берген ақын Мұсаны соққыға жығып, атын тартып алады, сөйтіп жаяу қалдырады. Оның бір себебі, өжет ақынға күш көрсетіп, қорқыту болса, екінші себеп- оның өзімен тайталасқанын намыстанады. Алайда ақын Мұса Шорманның баласынан тайсалмайды, одан сайын өршеленіп, шонжардың бар қылығын әшкерелей түседі, парақорлығын бетіне басады. Шорманның Мұстафасының кесірінен өзі он екі жыл  Тобыл жақта айдауда жүргенін айтып, түптің түбінде қиянатшылдың да жаза тартатынын ескертеді. Әділ басшы болу керектігін, дуанбасы деп кеудк көтеруге болмайтынын батыра айтады.

    Өз  басынан өткен қорлықты баяндау  арқылы үстем күш иелеріне, қиянатшыл  жандарға, әділетсіздік атаулыға қарсы  айтылатын өткір сын ақынның  «Хаулау» өлеңінде де жалғасады. Онда бейнетті күндерінің соңы азапқа ұласқанын  айтады. Ақын қанша қысым көрсе де, күресін, қарсылығын бір сәтке дн тоқтатпайды. Көптеген ән-өлеңдері ақын табиғатындағы ерекше өжеттілік пен өршілдікті танытады.  
 
 
 
 
 
 

                    

                                                                                                                                                                                                                                                    

Информация о работе Жаяу Мұса Байжанұлы