Жамбыл Жабаев

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 14:05, реферат

Описание работы

ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ. Ақын 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде көшпелі кедей отбасында туды. “Менің өмірім” деген өлең-әңгімесінде Жамбыл көптеген нақтылы деректер келтірді.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей,- көк найзалыжау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

Работа содержит 1 файл

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ.doc

— 42.00 Кб (Скачать)


ЖАМБЫЛ  ЖАБАЕВ

(1846-1945)

ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ. Ақын 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде көшпелі кедей отбасында туды. “Менің өмірім” деген өлең-әңгімесінде Жамбыл көптеген нақтылы деректер келтірді.

            Қақаған қар аралас соғып боран,

            Ел үрей,- көк найзалыжау торыған.

            Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

            Жамбыл деп қойылыпты атым содан.

 

ОЛ КЕЗДЕ Қазақстанның оңтүстік өлкесі, соның ішінде, Жетісу өңірі Қоқан билеушілерінің қол астына бағынышты еді. Зорлық қыспаққа шыдамай, азаттыққа ұмтылғандарды ханның қарулы әскері күшпен басып-жаншып отырған. Күштілердің тізесі батып, таяғы тиіп жүрген елдің аянышты жағдайы болашақ ақынның санасында өшпес із қалдырады. Қараңғы кедей ортада өскен Жамбыл жасында оқи алмай, сауатсыз қалса да, ел өміріндегі көп құбылысты зерек көңілмен көріп, біліп отырады. Алдымен Қоқан хандығының, соңынан Ресей патшалығының отаршылдық саясатының қыспағында,жергілікті бай-манаптардың қанауында қасірет шеккен халықтың жай-күйін жақсы сезеді. Ұлттық әрі әлеуметтік,таптық езгінің зардабын тартқан еңбекші қауымнің көңіл түкпіріндегі үміт, арманды түсінгісі келеді. “Ел бейне бір көл бетінде толқыннан тұрған көбік тәрізді                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               сырғып, жөңкіліп қашып жүретін. Улы тырнағын салған қалмақ ханының, Қоқан ханы Құдиярдың, аш бүйірден қадалған орыс патшасының елге тиген лаңы аз болмаған еді.Қоқан ханының ел басқаруға қойған  датқасы жалпақ елді жаялыққа айналдырған. Жынның ойнағы көше алмаған жоқ – жұқаның үстінде болатын” , - дейді ақын.

       Өлеңдерінің әлеуметтік бағытын айқындаған жағдайды ақын өзі баяндап берген:

 

            Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,

            Қамыққан қанды жасты жанды көрдім.

            Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,

            Қойнында Алатаудың зарды көрдім.

 

     Ақын шығармалары мазмұнның халықтық, демократиялық арнада қалыптасуына ел басындағы осындай ахуал себеп болады. Жамбыл еңбекші бұқараның мұңшысы болуға бел байлайды. Ақынның жас кезіндегі өлеңдерінен әлеуметтік сарын мол аңғарылады. Өмір қайшылықтарын ерте танып ойлауы – оның сөздеріне салмақ, ерекше нәр дарытады. Алғашқы шығармасының бірінде ( « Шағым» ) бала Жамбылдың ескіше мектепте оқығысы келмей, молданың үстінен әкесіне жасаған шағымы айтылған:

 

Оқымаймын молдадан,                                     Жем аңдыған дорбадан.

Екі иығын қомдаған.                                            Қайтіп сабақ береді,

Бала келсе сабаққа,                                             Айтқаны ішке қонбаған ....

 

     Жамбыл өзінің алдындағы аға ақындар – Сүйінбай, Майлықожа, Құлыншақ үлгісімен елгдегі жадағай пысықтардың, халық үшін қызмет етпейтін мақтаншақ, екіжүзділердің қылығын өткір әшкерелейді ( « Біреулер қара сөзді қамшы қылып, қуды мініп, құланды құрықтап жүр» ) . Еңбек адамының аянышты, ауыр тіршілігіне ақынның  қабырғасы қайысып жаны ашиды. Мәселен, « Жылқышыға» деген өлеңде байдың малын баққан кедейдің баянсыз қаракеті көрсетіледі.

 

          Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,

          Салқын күзде бір жылы үйді білмей.

          Сахарада салақтап күндіз – түні,

          Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.

 

« Кедей күйі» өлеңінде жарып киім кимейтін, тойып тамақ жемейтін кедей балаларының аянышты халі бейнеленген. Шығармада төңкеріске дейінгі кедей басындағы жоқшылық, шарасыздық, панасыздық тақсіреті сипатталған.

 

           Қайтіп жаның ашымас,

           Неткен заман қатыбас.

           Еткен еңбек, төккен тер,

           Қалай түкке татымас...

 

        Ақынның бұл дәуірдегі өлеңдерінің бірсыпырасында елді жеген пысық би, болыстың жағымсыз қылықтары шенеледі. Ақын ұлықтары алдында боранды күнгі қамысша жапырылатындарды өткір тілмен мысқылдайды, « бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегенді қағида тұтады. Еңбекші көпшіліктің өмірлік мүддесін жақсы түсініп, шығармаларын ел мақсатымен ұштастыруы Жамбылдың өміршең өнер жолын таңдай алғандығын көрсетеді.

Жамбылдың төңкеріске дейінге өлең – жырларының  көбі дер кезінде жазылып қалмағандықтан ұмыт болған. Кейін, кеңестік дәуірде, ақынның есіне түсіргендері әр кезде түрлі жағдайға байланысты шығарылған өлеңдердің жұрнағы ғана. Соның өзінде де ол шығармалардан Жамбылдың алғыр ойы, шалымды тілі, әлеуметтік маңызды мәселелерге үн қатып отырған әр ақын болғаны анық байқалады. Сондай туындылардың бірқатары 1916 жылы қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алу туралы патша жарлығы шыққан аласапыран кезде айтылған ( «Патша әмірі тарылды»,        «Зілді бұйрық», « Халықтың еркі кетті баласынан», «Халық кегі»).

Ауыз әдебиетінің көркемдік дәстүрінен үлгі алған бұрынғы сөз суреткерлері  әрі ақын, әрі жыршы қызметін қатар алып жүрген. Өз дәуірінің перзенті Жамбыл да бұл дәстүрден сырт тұрған жоқ. Ол шығыс халықтарының әйгілі дастан, аңыздарын (“Шаһнаиа”, “Көрұғлы”, “Манас”,т.б.) ел арасында көп жрлаған, “Көрұғлы” жырының көркем нұсқаларының бірін жасаған. Сондай-ақ ол “Қыз Жібек”, “Мұңлық - Зарлық”, “Ерназар-Бекет” дастандарын толғаған. Демек, жыршылық – Жамбылдың өнер қырларының бірі. Тыңдаушылардың ыңғайына, жағдайға қарай ақын кейде заман мәселелерін суреттейтін өлеңдер шығарса, енді бірде өткен күннің, тарихтың, шежіренің желісіне түсіп жыр айтқан. Ескі аңыз, ертегіні тек қайталап, жаттап айтумен шектелмей, дамытып, көркейтіп, уақыт талабына орайластырып, құлпырта өңдеген. Жетісу жерінің ел қорғаған батырлары Өтеген, Саурық, Сұраншы туралы бұрыннан айтылып келе жатқан аңыздар негізінде жаңа дастандар туғызған. Сөйтіп туған елінің рухани қажетін өтеу үшін, өз кезінің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік сұрақтарға көңіл бөлген, халық өмірінің ғасырлар бойындағы елеулі оқиғаларын сөз еткен.

          «Жамбыл және халық поэзиясы» деген ұғым егіз. Ақынның сөз өрнегін, суреткерлік келбетін оның жекелеген шығармаларынан ғана іздеу шындыққа жеткізбейді. Жамбыл мұрасын тану, білу – халықтың ғасырлар бойында жасаған өлең мұхитына тереңдеп бару деген сөз. Ал мұхиттың ол шетінен бұл шетіне дейін «жүзіп» өту – ұзақ сапар.... Жамбыл поэзиясында қаһармандық эпосқа тән кең құлаштылық та, тарихи жыр нақтылығы да,ауыз әдебиетінің негізгі тәсілі - әсірелеу де, ертегілік қиял – ғажайып та, төкпе айтысқа тән тапқырлық та, адам өмірінің туғаннан өлгенге дейінгі халін баяндайтын тұрмыс – салттық жыр мен шер де кездеседі.

Ғасыр жасаған сөз саңлағы әрі ақын, әрі жырау, әрі жыршы жүгін көтерген. Ол – тіршіліктің мұңы мен мұқтажына, сауалына, әлеуметтік құбылыстарға талдау берген ақын; халықтың арманы мен үмітін заманалар мұнарасынан қарап толғаған жырау; елдің бастан кешкен тарихи оқиғаларын көркем сомдаған эпикалық аңыздауларды айтушы – жыршы.

Ақынның «Жамбыл менің жай атым, халық менің шын атым» деген сөздері – терең анықтама. Бұдан ақын шығармашылығының халық даналығымен астасып кеткені аңғарылады.

Ежелгі ақындық, жыраулық дәстүрде қалыптасқан, не нәрсеге де биік халық мұраты тұрғысынан қарайтын Жамбылдың кеңестік дәуірдегі шығармаларында көне көркемдік тәсіл жүруі табиғи. Ақын өз елінде болып жатқан өзгерістерді орындалған арман деп түсінді.

Ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясының тамыры, терең байланысы, бұрынғыдан кейінгіге ауысып отыратын « көшпелі жолдар» - формулалар арқылы да жүзеге асады. Жамбыл өлеңдері мен толғау, дастандарында, айтыстарында осындай сөз маржандары алтын тізбектей көрініс береді. Кейінгі ақындардың аузына түсе бермейтін кестелі теңеу қабаттары Жамбыл шығармаларын қазақтың замандар бойындағы өлең – назым мүлкімен туыстастырып тұрған жанды, нәрлі дәнекер. Мәселен « шүйгініңе сонылап, шынарыңа түнедім», «күн қиядан батқанша, ай қиядан асқанша», « қайымады түйелер, қысырады биелер», « түн қараңғы дүниенің ататұғын таңы бар», « елдің кегін ер қуар, дауыл тұрса бұлт қуар», « қияға шауып, қырды алған, қиынға шауып жол салған», « қабағына қар қатқан, кірпіген мұз қатқан», « әуеден Иса түскен жоқ, жерде Мәди жүрген жоқ». Бұрынғы үлгілерді жалаң қайталау жаңалық әкелмейді, ал Жамбыл жырау ежелден таныс тіркестердің өзін жаңа қырынан ашады, өзіне ғана көркемдік соқпағын салады.                      Жамбылдың тарихи еңбегі халық поэзисында ықылым дәуірлер бойыда жасалған жауһар сөз бен бейнелерді біздің заманымызға құлпыртып, амнаттай тапсыруында. Оның даңққа бөлеген халықтың сом алтындай екшелген, сансыз жырау мен ақын суреткерлікпен « қашаған» ата сөздің асылдығын дәлелдей алуында.

 

 

 

 

 



Информация о работе Жамбыл Жабаев