Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:43, доклад
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).
Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.
Білім берудің 7 модуль білім беруде ажырамас бөлік екендігіне аз уақыт аралығында санамызда, әрі тәжірибемізде қажеттілігін анықтадық. Тек теория жүзінде танысып қана қоймадық, психолог маман ретінде көріп, санамызбен сезіндік.
Бүгінгі ұрпақ ертеңгі ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Олардың ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да, парасатты болып өсуінің жауапкершілігі ұстаздың арқалаған жүгі.
Осы орайда, білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі әрі сапалылығы көзделуде. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай,пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады деген.
Ұстаз алдындағы шәкіртіне қызықты, оңай, логикалық ойлануға, танымдық қабілетін ашатындай, алған білімін өмірде қолдана алатындай сапалы болуы шарт.
Осы Бағдарламаныңда
негізгі міндеті-қазақстандық мұғалімдерге
педагогикалық тәжірибесін
Мәселен, сабағымда Ұйқыдан оянған Ермекке қалай көмектесер едіңдер? деген сауалға бірнеше оқушының атаң саған ауруханадан шыққан соң бауырсақ әкеледі деп жұбатар едім десе, енді бірі ауылға апарып сені жылқыға мінгізетін болады, атаң міндетті түрде келеді деді. Талантты оқушым болса, оянған Ермекті сабырға шақырып, атасын бақилық болғанын айтар едім. Өйткені, өмір бойы атасын күтіп жүрмеу керек деген жауап айтты. 5- сынып оқушысының осындай ой айтуға жетелеген не десеңізші. Сонда мұғалім тек тыңдап қана қоймай, зерттеу арқылы берілетін тапсырмадан не күтетінін білу қажет екен. Себебі, бір ғана тапсырма аясында ой қозғап, нәтижеге жетуге болатындығын түсіндім. Осындай оқушыларымыз жағдаяттан шығуына септігімізді тигізу үшін тәжірибемізде сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін оқу үрдісін қалыптастыру маңызды.
Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Егер осындай қажеттіліктерімізді игерген жағдайда ғана білім беру үшін бағалау және оқуды бағалауға қол жеткізгеніміз. «Бірлесіп пішкен тон, келте болмас » деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бағалау- одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын тәсіл. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады делінген. (Нұсқаулықта 55 бетте, Александер,2001) Себебі, бала дамуындағы бағалау шешуші роль атқарады.Баланың әр нәрсені танып білуінен бастап, оны сараптай алуына, ажыратуына, терең бойлауына, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда аса маңызды.
Біз күнделікті дағды мен сабақ барысында міне, жарайсың! Нені білдің? Сенің ойыңша? деген сұрақтар арқылы пікірін тыңдап, оң бағасын беріп cенімділік білдіріп отырсақ, дамуына қозғау саламыз әрі бағалауға үйретеміз. Сонда ғана бала ешнәрсеге бейжай қарамайды.
Міне, мен
мына сатыға шықтым, келесі сатыға
шығуым қажет, келесі сатыға
жетем деген сауалды алдымен
өзіне қойғызып үйретуіміз
Ал егерде, баланың даму кезеңдерінде бағалау дұрыс болмаса, оның өзіндік пікірін, көзқарасын қалыптастырмаған болар едік. Ынжық, сенімсіз, жалтаң тұлға осындай селқостықтан қалыптасады.
Қабдеш Жұмаділовтің «
Топта кім жақсы түсіндіре алды? Белсенділік болды ма? Топта түсіндірген жақсы ма? Өз ойын айта алмай қалдым немесе топта жұмыстану қиын болды ма? Тыңдалмай қалған оқушы бар ма? деген сауалдар барысында бағаладым. Менде неге дұрыс болмады, келесі сабақтарымда қалай ұйымдастыруға болады ?деген сауал туындады
Бағаның соңынан қойылуын
Сонымен қатар,сабақ
беруде мұғалім алдымен сынып
деңгейін, жас ерекшелігін ескеріп,
таланттылық және дарындылықты
анықтап көшбасшылық ете
Мәселен, сабақ
жоспарын құруда
Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың жаңа
Себебі, осы кезге дейін мен дарынды балалармен жұмыстанғандықтан, жинақтау, талдау, қорытындылау сұрақтарынан бір түсіп, білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтарды қоймайды екенмін. Сұрақ қоя білу жауапкершілігін сезіндім. АКТ пайдасы зор болды.
Деңгейлік тапсырма берілген суреттерге қарап әңгіме құрастыру кезеңінде интерактивті арқылы топтық жұмыста 1- суретте Қарияның үйіндегі орны қандай? 2- суретте Тәрбие тал бесіктен, 3- суретте Жайлы жанұя бейнеленген суреттер беріп,диалогтік зерттеушілік- әңгіме жүргіздім. Түрлі-түсті, анық суреттер оқушының назарын бірден аударды және қызығушылығы оянды. Уақытты ұтымды пайдаландым. Мұғалім тек нұсқау беруші ғана болды.
Қорытынды:
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі десе, әр сабағымда қолданған әдіс-тәсілім оқушыға еркін көзқарас қалыптастырумен қатар, серіктестерімен үнемі ой бөлісіп, өзгенің пікірімен санасуға үйретті. (Нұсқаулық 6 бет) Сабақтарымда үнемі кері байланыс орнатумен, шынайы бағалауға қол жеткіздім.
Егер әр ұстаз сабағы қызықты, нәтижелі өткізу мен үшін тиімді әрі маңызды десе, модулдерді пайдалану қажет-ақ.
«Қазақстан Республикасының жаңа формат педагогінің үздіксіз білім беру тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімін «Рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, ақпараттық және біліктіліктің басқа да түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман» деп сипаттайды.