Султанмахмут Торайгыров

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 21:44, научная работа

Описание работы

Жизнь и биография выдающегося поэта-просветителя казахского народа С. Торайгырова. Пути становления просветитльского и поэтического становления поэта. Темы и жанры творчество поэта.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сұлтанмахмұт мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі
2.2. Cұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда
2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы 40 - жылдарда
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сұлтанмахмұттану.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

     Қорыта  айтқанда, сұлтанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда тұрпайы социологизм тұрғысынан  яғни, таптық мәні, партиялық беделі,  күрескерлік қабілеті,  әлеуметтік  мотиві сынды жайлар деңгейінде  ғана қарастырылып, мүлдем теріс баға берушілік те көрініс таппай қалған жоқ.  Алайда, осы кезеңдегі зерттеулер жайы   сұлтанмахмұттану ғылымының өрістеу ісіне алғышарт болып, ендігі даму бағыт-бағдарын айқындауға  жаңа  мүмкіндіктер  ашып берді. 

 

      2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы  40 - жылдарда 

     40 жылдардағы сұлтанмахмұттану ғылымы  зерттеу әдісі ортақ әрі ақынды  тану  мұраттары мен міндеттері  бір болғандықтан осы кезең  ақынды танудың алғашқы дәуірі ретінде тұтасып, кейінгі зерттелу бағыттарына  таным баспалдағы болуымен сипатталады. Отызыншы жылдардағы суреткерді тану мәселесінде орын алған  қайшылықтар өзгермей, қайта қат-қабаттанып кеңестік идеология  үстемдігі тұрғысындағы соцреализм негізінде бағалау күшейе түсті.  Қырқыншы жылдардағы ақынды тану турасындағы  пікірталастар өрбіп,  ақын мұраларының келер шақта  зерттелу, насихатталу ісіне түбегейлі тежеу салып, қазақ әдебиеті  тарихынан біржолата алып тастау сынды сорақылық деңгейіндегі мәселе  көтеруге  дейін ушықты. Бұның барлығы дерлік  Сұлтанмахмұттай  сұңқар ақынның  ұлт тағдыры  турасындағы сұңғылалығын «ұлтшыл буржуаз» деп  бағалаған  себептің  салдарынан туындаған болатын. Біртуар алашжанды ақынның шығармашылық еңбектерін кеңестік идеологиялық  қысымнан эманципациялаудың бірден бір жолы суреткер мұратын төңкерісшіл, тапшыл  шеңберде яғни  сол кездегі  кеңістік пен  уақыттың билігіне сай таныту болды.

     Осы  тұста Сұлтанмахмұт мұраларын әділетті  бағалау  дегеніміз  ұлттық мәдени, әдеби  құндылықтарды соцэкспанациялаудан  құтқару деген  ұғыммен пара - пар болды. Сұлтанмахмұт  руханиятын халықтық негізін ашу және көркемдік  шығармашылық  құбылыс  ретінде таныту көкейкестілігі әдебиет майданына шын мағынасындағы сұлтанмахмұттанушылардың  жаңа сапын әкелді. Торайғыровтанушылардың жас буыны  бұл  саладағы қалыптасқан догмалық аһуалдың көбесін сөгіп, зерттеу бағытын жаңа  арнаға түсірді әрі  тұлғатанудың  тұғырнамалық бағдарламасын айқындап, суреткердің халықтық сипатын ашуға сарқа күш  жұмсады.

     Бұл кезеңдегі  сұлтанмахмұттану турасындағы  зерттеу-пайымдаулар  ақынның  қайтыс болуына  20 жыл толуына байланысты өрбіді. Ғалым Б.Кенжебаев «Сұлтанмахмұт  Торайғыров» деген мақаласында  ақынның  өмір жолы мен шығармашылық жалпы шолу жасап, асыл мұраға  аса жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сонымен қатар, 30-жылдардағы  солақай сын, теріс бағалаудан арылуға үндеді. [1:..]

     Ақын  мұраларын  жинақтау, тарату жаңаша қарқын алып, әрі шығармаларын кітап  қылып бастыру ісі оның зерттелу үдерісіне зор ықпал жасады. Мәселен, Б.Кенжебаевтың  ақын өмірі мен шығармашылығына  түсінік берумен Алматыда  Қазақтың мемлекеттік біріккен баспасы 1942 жылы «Кедей» поэмасын, ал 1944 жылы  ақының  «Адасқан өмір»  поэмасын бөлек  кітап етіп бастырып шығаруы ақын мұраларының насихатталу ісінде айырықша мәнге ие болды. Осы поэманың жазылуына 50 жыл толуына орай ғалым Б.Кенжебаевтың  «Адасқан өмір» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада осы поэманың шығу, жазылу  тарихын қамтый отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының шоқтығы биік  шығармасы екендігін атап көрсетілді. [2:39]

     40 жылдардағы сұлтанмахмұттану  ғылымының  кең қанат  жаюуына зор үлес  қосқан ғалымдардың бірі Есмағамбет  Ысмайылов болды.  1943 жылы С.Торайғыровтың  туғанына 50 жыл  толуына орай  зерттеушінің «Қазақ халқының сүйікті ақыны», «Қазақ халқының аса  көрнекті ақыны» атты мақалалары жарияланып, онда тұңғыш рет ақынды шынайы  халық  ақыны  ретінде танытқан батыл  тұжырым жасалынды. Бұл пікір-тұжырымдар бұған дейінгі зерттеу мақалаларында ұлтшыл ретінде бағаланған Сұлтанмахмұт шығармашылығы  тану бағытындағы жаңа белес,  эволюциялық төңкеріс ретінде қабылданды. [3:59]

     Осы  жылдарда қаламгер  мұрасын насихаттау ісіндегі  және бір толайым табысы мектеп оқулықтарына ақын шығармаларының енуі болды. Абайға  дейінгі  әдебиетімізді жоққа шығарып, қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі қазан төңкерісінен басталды деген посткеңестік түсінік шеңберінде қалған мектеп бағдарламасына ақын  шығармашылығының енуі ғалымдарымыздың өз басын қатерге байлаған қаһармандық әрі  жанқиярлық ерлігінің арқасында жүзеге асты. 1946 жылы орта мектептің ІХ класына арналған «ХІХ ғасырдың  ақыры мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың жаңа жазба әдебиеті» атты оқу құралының 2-бөлімінде ақынның өмірінен аздаған мәліметтер беріліп, «Қараңғы қазақ көгіне», «Шәкірт ойы» т.б. ағартушышылық тақырыбындағы өлеңдер топтамасы қамтылды. Оқулықтың авторлары көрнекті  ғалымдарымыз Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар болды. Сонымен қатар, Қ.Жұмалиев пен С.Мұқановтың авторылығымен шыққан «ХІХ ғасырдың  екініші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы әдебиет» ІХ класқа арналған  оқу құралында да  ақынның лирикалық шығармалары берілді. Әсіресе, Х класқа арналған «Қазақ совет әдебиеті» оқулығында С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы мен «Кедей», «Кім жазықты» поэмаларынан қысқаша мәліметтер ұсынылды. Оқулық зерттеуші-ғалым  Е.Ысмайыловтың авторлық құрастыруымен жарық көрді. Бұл оқулықта автор: «Сұлтанмахмұттың социализмді арман етіп жырлауы, еңбекші бұқараның келешек бақытын болжап жырлауы –бұл біздегі советтік әдебиеттің  алғашқы туа бастаған дәуірін көрсетеді» -деп, Сұлтанмахмұтты советтік әдебиеттің авангарды деп таныды. [5.92] Сондай-ақ, келешек буын оқулықтарындағы С.Торайғыров мұраларының алар орны айырықша боларын көрсетіп берді. Ақын мұрасын мектеп бағдарламасы көлемінде насихаттаудағы ілгерілеулер ақын мұраларының өміршеңдігін танытты.

     Сұлтанмахмұт  шығармаларын жинақтау, бастыру ісі  бұл тұстада өз арнасын тауып, тың материалдармен толығып, өмір жайлы  жаңа  деректермен молыға түсті. Осы бағыттағы елеулі еңбек ретінде  ақының інісі Шәймәрден Торайғыровтың «Сұлтанмахмұт жөніндегі материалдар» атты еңбегін атауға лайық. Ақын аға турасындағы түрлі деректер, Мәликемен қосылуы жайындағы естеліктер, т.б. қолжазбалар қамтылған. Ш.Торайғыровтың ақын ағаның қайтыс болғанына 25 жыл толуына байланысты жарық  көрген «Сұлтанмахмұт» атты естелік-әңгімесі ақын турасындағы деректі ғұмырнамалық шығармалардың  алғашқысы деп бағалау орынды. [6]

     Ақын  өмірі мен шығармашылығы зерттеу  өзектілігі осы  жылдарда да қазақ  әдебиеттану  ғылымының күн тәртібінен берік орын алды. Бұл тұстағы әдебиет тарихындағы  зертеулер ақын-жазушы мұраларының қазақ әдебиетіндегі жанрларды дамытудағы ролін айқындауға  арналды. Атап айтар болсақ, Белгібай Шалабаевтың «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы роман жанры» атты  кандидаттық диссертациясында қаламгердің осынау  үлкен жанрды  игерудегі тәжірибелері мен жаңашылдығы уақыт тынысына сай сараланды. Онда зерттеуші Торайғыров  творчествосының идеялық-көркемдік дамуын күрделі тарихи 3 кезеңге бөліп қарастырады. Біріншісі – 1912-1917 жылдардағы ақпан төңкерісіне дейінгі демократ әрі ағартушы болып қалыптасқан кезең. Екіншісі – 1917-1918 жылдардағы әрі –сәрі күй кешкен интелигент, ал үшіншісі –социализм  позициясын берік ұстанған 1919-1920 жылдар. Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» романның тақырыбы мен идеясын, қаһармандардың азаттық үшін күресін саралай отырып, С.Көбеевтің «Қалың мал» романынмен  компаративистік әдісте қарастырады. Және де «Қалың малдан» айырмашылығы мен ерекшелігі Сұлтанмахмұттың бұл романда дүмше дінбасыларымен мен шариғатқа ашық қарсылық танытуы, феодалдық әдет –ғұрыптарды әшкерелеуі, патша режимін сынауында деп біледі.

     Романда тұңғыш типтік характерлердің жасалғандығын, қаһармандардың іс-әрекеттері мен сезім  иірімдерін шыншылдықпен суреттелгенін, көркем образдардың тереңдеп ашылуын шығарманың құндылығы ретінде көрсеткен. Бұл ғылыми жұмыста  Сұлтанмахмұттың өлеңмен жазылған «Кім жазықты» романы да зерттеу  нысанасына алынып,  әлеуметті-тұрмыстық шығарма ретінде бағаланған. Ғалым шығармадағы  басты тұлға Әжібай бейнесін жан-жақты талдай отырып, кейіпкер бойындағы барлық қырсық мінездің түп себебін қоғамдық құрылыстан яғни феодальдық-патриархалдық сатыдан іздейді.[7:39] Біздіңше, Сұлтанмахмұттың «Кім жазықты» романындағы Әжібай тәрбиесінің келеңсіздігі қазақ ауылының қоғамдық құрылыстан алған мешеулігінен емес, қазақы дәстүр, хандық билікті, дала заңын құлатып, ұлтымыздың ұсақталуына әкеп соғар болыстық басқаруды енгізген  «ұлыорыстық – империялық» саясаттан. Ішкілікке салыну, карта ойнау, зинақорлық жасау сынды түрлі зиянкестік амалдарда қазақ аулында ХІХ ғасырдың соңына дейін болмаған жат әрі жаманат құбылыс. Аңқылдаған, періште  көңіл  қазақ баласының бұзылып, бодандық санаға құл бола бастауы, билік  жүйесі бұзылып, парақорлық, жемқорлықтың белең алуы империялық Ресейдің жымысқы саясаты романға конспиративті идея болып телінеді. Профессор Б.Шалабаев: «С.Торайғыров романдары – Октябрь революциясы қарсаңында қазақ прозасы  жеткен ең жоғары деңгей. С.Көбеевтің «Қалың малымен» қатар олар роман жанрының қазақ әдебиетінде тамыр жаюына  жасалған талапты қадамдар деп санауына  әбден болады» - деп, жазба әдебиеттің маңдайалды жәдігері ретінде  сипаттайды. Кеңестік  кезеңдегі таптық, партиялық шеңберінде қарастырылғанмен, сұлтанмахмұттан турасындағы алғашқы ғылыми еңбектердің маңдайалдысы сондай-ақ, Сұлтанмахмұттың образ жасау шеберлігі, тіл айшықтығы туралы ғалым пікірілері бүгінде  өз маңызын жойған жоқ.

     40-жылдарда  да торайғыровтану  турасындағы  түрлі  пікір-қайшылықтары  толас  таппай, көп жағдайда ақындық  позиция, саяси көзқарасы, ұстанған бағыты сынды әлеуметтік белгілерін тізбектеуден ары  аса аламады. Ақын шығармалары партиялық әдебиет тұрғысынан пайымдалып, көркемдік-эстетикалық табиғатын мүлдемге ашылмады. Мәселен С.Мұқанов: «Қазақтың совет үкіметі  алғаш орнаған кезде өлген демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылдағы тап қайшылықтарын көрсетуде Абайдан асып кетті. Бірақ ол шеберлік  жағынан әлі  жетілмеген еді», -деп Сұлтанмахмұтты белгілі бір таптың өкілі ретінде дәріптеді. [8:..]  Шын мәнінде ХХ ғасыр басындағы қазақ көркем  ойының алыбы саналған Сұлтанмахмұт  жалпы адамзаттың ақыны болатын. Бірақ бұл пікірді айту «ұлтшыл ақынның  құйыршығы, ұсақ буржуй сынды жазықсыз жала жабылып, қуғынға ұшырайтын еді.

     Ақынның әділ бағасын беріп, араша түспесе, оның  рухани мұрасы қазақ әдебиеті тарихынан біржолата сызылып, бүгінде ақтаңдақтар қатарынан орын алар еді. Туындыгердің  өмірі мен шығармашылығын халықтың тарихымен, танымымен  тұтастықта  қарап зерделеуге алғаш  батыл  қадам  жасаған әрі сол жолда бар саналы  ғұмырын арнап ғалымдық қаһармандық көрсеткен сұлтанмахмұттанушы Бейсембай Кенжебаев есімі осы тұлғатану  ғылымының негізін салушы ретінде ерекшеленері даусыз ақиқат. Қырқыншы жылдардағы сұлтанмахмұттану ғылымының  жаңа белестерге көтерілуі де Бейсембай Кенжебаевтың жанқиярлық істерімен тығыз байланысты. «Қазақ әдебиеті  тарихындағы  ең бір  күрделі кезең  дау –дамай мен айтыс – тартысты  көбірек  туғызған уақыт – ХХ ғасырдың бас кезіндегі сөз  өнерін  қажымай-талмай  зерттеу  объектісіне айналдырған Бейсембай Кенжебаев екендігі белгілі. Әсіресе, осы дүрбелең шақтағы  біртуар тұлға  Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өмірі мен шығармашылығын  шағын мақалалардан  ірі  ғылыми концепциялар деңгейіне көтеруі  мойындауды  қажетсінетін  шындық.» [9, 121]

     Сұлтанмахмұттың туралы  ақиқатты жасқанбай айтып,  ақын мұрасын  үйірілген қауіптен  аман сақтауда ғалым Б.Кенжебаев рухани ерлік танытты. Ол өзінің «Сұлтанмахмұт туралы» атты мақаласында: «Сұлтанмахмұт қазақ халқының ашынған ойын, мұңын, тілегін, аңсаған арманын, асыл сана-сезімін бойына  сіңірген, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, әлеуметтік және  рухани бейнесін түгел қамтып жырлаған талантты ақын. Қазақ халқының Абайдан кейінгі реалист үлкен ақыны. Ол халықтың тұрмысын, салтын, мінезін, мүддесін, дәл толық, шебер көрсетті» - деп Сұлтанмахмұтты шынжыр балақ шұбар төс үстем таптың да, қара сирақ кедей таптың да ақыны емес, шынайы  халық ақыны ретінде саралады. [10:158]

Міне, ақынның:

    Сөзімен баға бермес бұл халыққа,

    Іліндім он екімде бұғалыққа.

    Елімнің мен шын ұлы екеніме

    Тағдырдың  өзі  берер  куәлікті, - деген асыл сөзі  анық жүзеге асты.

[11:86] Сұлтанмахмұттың «халық ақыны» деген төл куәлігін өзіне қайтарып, кеңестік  цензурадан қаймықпаған ғалым Бейсенбай Кенжебайұлы тарихи ақиқатты қалпына келтірді. 

     Ғалым сөзінің астарында үңіліп қараған адамға талай сыр жатқаны анық. Бұл жердегі «Қазақ халқының ашынған ойы» дегеніміз еліміздің отаршылдық  езгі мен бодандыққа қарсы ыза-кегі болса, «аңсаған арманы» - ұлттың егемендікке, азаттықа деген құштарлығы болмағы сөзсіз.

     Бұл жылдардағы жазылған оқулық, мақала, ғылыми еңбек, зерттеулердің баршасын  жиып келгендегі  ортақ өзегі отызыншы жылдарда  қалыптасқан  сұлтанмахмұттану  турасындағы жағымсыз стеротипті бұзу әрі ақын дүние, қоғамды неопозитивистік пиғылда таныды деген жаңсақ пікірден арылту еді. Сұлтанмахмұттану ғылымындағы бұндай прогресивті ықпал  әсіресоциалист сыншылардың  қарсылығын тудырды. Бұл қарсылық әдеби полемикадан гөрі, айыптау, қаралау түрінде көрініс берді. Нақтылап айтар болсақ, Жұмағали Сәрсеков ашық жаулық танытқандай: «Сұлтанмахмұт – Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, тағы басқалардың үлгі  дәстүрінен тіпті аулақ, реакцияшыл ақын», -деп, ал оны зерттеуші  Б.Кенжебайұлына да ұсақ байшыл ақынның жоқшысы ретінде әділетсіз шүйлікті. [12, 152] Әдеби провакация осы тұста мүлдем күшейіп, Сұлтанмахмұт дүниетанымы турасындағы дау-дамай асқынып, Қ.Бекхожиннің «Буржуазияшыл –ұлтшылдардың адвокаттары» деген мақаласының жарық көруі мүлдем ымырасыздық сипат ала бастады. [13, 125] Бұл турасында профессор Б.Кенжебаевтың пікіріне кезек берсек: «Бұлар бізді сынап, өздері екінші қиырға соқты – қатаға ұрынды: С.Торайғыровты реакцияшыл, буржуазияшыл –ұлтшыл деп бағалады.» (Біздер –Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Б.Шалабаев. өздері – Ж.Сәрсеков, Қ.Бекқожин. - Қ.А.) [14:24]  ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жауһарлары танылған С.Торайғыров, М.Ж.Көпеев, Н.Орманбетов поэзиясын ұлтшыл ниетте, буржузаиялық әдебиет  өкілдері деп таныған қарсы топ сыншылары қазақ совет әдебиеті  тарихынан аластатылсын, ал оларды дәріптеушілер қуғынға ұшырасын деп шешті.

     1947 жылы Б.Кенжебаевтың  «Сұлтанмахмұттың  ақындығы» атты кандидаттық диссертациясын  қорғар тұсы сұлтанмахмұттану  ғылымында орын алған бұл   полемиканың апогейі болды. Бұл  ғылыми зерттеу жұмысында: «...Халқымыз  тап ретімен ұйымдасып үлгермегені былай тұрсын, тапқа айқын жіктеліп те жеткен жоқ еді. Сондықтан да біздің ол кездегі әдебиетімізде таптық бағыт,  таптық  көзқарас  күңгірт жатады. Бізде айқын таза тап ақыны, тап жазушысы жоқ», - дей келе  С.Торайғыровты таптың емес, ұлттың ақыны деп таныйды әрі оның суреткерлік мұратына объективті қарауға ұмтылады. Абайдың ақын дәстүрінен үлгі алған өз заманының ұлы, қазақтың  классик ақыны-жазушысы екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, ақынның шығармаларының халықтық таным бигінен орын алғанын мазмұнды ойларымен мәлімдейді. Бұл ғылыми жұмыстың  ерекшелігі Сұлтанмахмұт мұраларын сол заманның ұраншылдығынан, партияшыл ағымынан бөлек, шынайы әдеби зерттеу тұрғысына көтереді.

Информация о работе Султанмахмут Торайгыров