Сүйінбай Аронұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 14:01, реферат

Описание работы

Белгілі қазақ ақындарының бірі - Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі - Арон Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Сүйенбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі - Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қатысты Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайлы және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.

Содержание

Работа содержит 1 файл

Белгілі қазақ ақындарының бірі.docx

— 14.90 Кб (Скачать)

  Белгілі қазақ ақындарының бірі - Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі - Арон Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Сүйенбайдың аталарының көбірек тұрған ежелгі - Қапал ауданындағы Көксу, Қараталға қатысты Екейқұм деген жерлер. Ол кедей отбасыдан шыққан. Әкесі Аронның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайлы және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.

Cүйінбайдың Тезек төремен кездесуі - кейінірек, кейінірек ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Сұлтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалында сөзінің күшімен бөгеп отырды. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерінде батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауғы түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

Ақынның бұлайша ел ісіне арласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен - Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсекен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасындағы әкесінің шағын шаруашылығымен  айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шараға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.

Болашақ талант иесінің ізденуі басталады, Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, Түбек, Шөжеремен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.                  

Сүйінбайдаң соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі. Онда ақының ата-бабасы мен ағайындары:Аран, Күсеп, Жиенқұл, жақын туыстары Жұмық, Оспан, Жаманшалар, әйелі Еңіліктіңұпан деген бәйіпшесі өлгеннен кейін алған) есімдері мәлім болады.

Бұл сөзге қарағанда, Сүйенбай 1827 жылы емес, 1822 жылы туып, 1895 жылы қайтыс болған. Сүйенбайдың сүйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы  саласында шағын обаның үстіне, көне бейтке қойылған.

Сүйенбай - халқымыздың поэтикалық жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақының «Кәрілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да адамның бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шешендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

    Сүйінбай Аронұлы 1827 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген. Ол он төрт-он бес жасынан бастап ақындық өнерін машық ете бастаған. Алғашқы бетте ел аузынан естіген аңыз-ертегілерді, қисса-жырларды жаттап алып, жиын-тойларда айтып жүрген. Кейінірек, өзінің замандас ақындары ішінен озық ойы, өткір тілімен қазақ пен қырғыз елдеріне аты тарап, әйгілі болған.

Сүйінбай ең алдымен айтыстың асқан шебері, ешкімге жүлде бермеген ерен ақын. Сонымен бірге ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерелеп отырған батыл да, әділ сыншы. Сондықтан да, Мұхтар Әуезов Сүйінбайға баға бергенде оны «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» деп атаған.

Информация о работе Сүйінбай Аронұлы